Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ. "Индустриядандыру" 9 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Барқытбел орта мектеп-бақша КММ»
Бекітемін: Тексерілді:
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:
Серикбаева Д.О. ДанияроваР.А.
Ашық сабақ
Тақырыбы: «Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы»
Кудабаева АС.
9- сынып.
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақстандағы 1920-1930 жылдардағы индустрияландыру
Мақсаты: Қазақстандағы индустрияландыру саясаты туралы тұтас түсінік қалыптастыру.
а/ Тақырыпты түсіндіре отырып, бірінші және екінші бесжылдықтағы жетістіктермен қазақ халқының ерен еңбегі туралы білімдерін толықтыру
ә/ Елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып ұлтжанды азамат тәрбиелеу
б/ Ойлау қабілеттері мен тіл мәдениеттерін қалыптастыру
Сабақтың түрі:Қорытындылау
Әдісі: Сұрақ-жауап, тест, баяндау, слайд, пікірлесу т,б.
Көрнекілігі: тірек сызба, кесте, қажет материалдар,электрондық тақта.слайд,презентация,бейне баян.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру: Амандасу, назарларын аудару
ІІ. Тақырыпты толық меңгерту.Қайталау. Ой шақыру (сурет көрсету арқылы сабақтың мақсатын анықтау)
Жоспары:
-
Елді индустрияландыруға бағыт алу және оны қиыншылықтары.
-
Қазақстан индустриясының жетекші объектерін жүзеге асыру.
-
Қазақстандағы индустрияланырудың ерекшеліктері.
Жетстіктері мен Кемшіліктері.
Қаралатын термин сөздер,ұғымдар:
-
Интеллигенция (Зиялы қауым өкілі)
-
Бюрократия (Қоғам мүшелерінің белгілі бір артықшылығы бар өкімет аппаратының көмегімен асырылатын басқару жүйесі)
-
Шовинизм ( Ұлтшылдықтың шеттен шыққан түрі)
-
Инвестиция (Шетелден қарыз алу)
-
«Кші Қазан»
-
Жұмысшы табы
-
Түрксіб.
-
Урбанизация
1. 1925 ж жетекші билеуші партияның ХІV съезі өтіп елді индустрияланыру бағытын жолға қойды. Бұл бағыт бойынша ел аграрлық даму бағытынан өнеркәсіптің дамуы бағытына ой тастады.
Ол кезде халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталмаған еді. Өнеркәсіп өндірісі тұтас алғанда соғысқа дейінгі деңгейінің 61% - ына ғана жетті .
Қазақстан экономикасында бұрынғышынша ауыл шаруашылығы басым болатын, оның үлесіне бүкіл жалпы өнімнің 84, 4 % тиетін, халықтың 90% - і ауылды жерлерде тұратын. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдығымен қатар келіп, қиыншылықтармен жүзеге асты. Осыған қарамастан 1925 жылы желтоқсан айында Партияның ХІҮ сьезі болып индустрияландыру бағыты жарияланды.
Индустрияландыру - халық шаруашылығының барлық салаларын техникамен жабдықтау, инфраструктураның дамуы.
Оның жер қайнауының әлі де толық зерттел-
мегендігі мен түсіндіруге болады.
Байланыс және тасымал құралдары нашар дамыған.
Қазақстанның экономикасында ауыл шаруашылығының үлесі басым болғандықтан.
Жаңа экономикалық саясат жағдайындағы өзгерістердің әсері әлі сезіле қоймаған болатын.
Ұлттық инженер- техник саусақпен санарлықтай болды. Жұмысшы тобының саны аз еді.
шахталар мен кеніштерді толық іске қосуды.
Халақ шаруашылығының мұқтажына қажетті теміржолдар мен техникалық байланыс құралдарын орнықтыруды.
Бұған жергілікті халық өкілдерін кеңінен тарту арқылы жұмысшы тобы мен өндірістік- техникалық зиялы қауымды қалыптарстыру қажет болды.
«Кластер» әдісі» Мәлімет:Алғаш индустрияландыру шаралары,салынған объектілері,зауыт,фабрикалары. Ақпараттарды жинақтау ,тұжырымдау. Картаны пайдалану.
-
Жезқазған,Ұлытау, Байқоңыр аудандарында іздеу- барлау жұмыстары жүргізіле бастады.Нәтижесінде Жезқазған, Қарсақбай, Қияқты, Қорғасын кен орындарын зерттеу ісі басталды.
-
Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев Теміртаудан ең ірі зауыт салу қажеттігін дәлелдеді.Сонымен қатар Жезқазған мыс кен орны ашылды.
-
Слайд «Түрксіб» көрсету.
-
1931 жылы Түркісіб теміржол құрылысы аяқталды. Мерзімінен бұрын аяқталуына Т.Рысқұлов түрткі болды.
- 1927 жылы Петропавл – Көкшетау теміржолы салынды.
- 1934 жылы Ащысай полиметалл кенбайыту фабрикасы, Семейде ет, Гурьевте балық-консерві,Меркі мен Талдықорғанда қант зауыттары іске қосылды.
-
1939 жылы Ақмола – Қарағанды, Ильецк-Орал, Рубцовск- Риддер темір жолы салынды.
-
1940 жылы Қарағанды- Жезқазған жолы салынды.
Елді
индустрияландыру туралы
жаңа саясатты жүргізу үшін темір жол салу ісін жалғастыру қолға
алынды.
220 мың кв.км –
аумақты алып жаткан Жетісу өлкесінде бірде-бір темір жол болмады.
Мұның өзі ауыл шаруашылыкты,өнеркәсіпті дамытуға
тежеді.
Қазақстан
индустриясының жетекші объектілері. 1927 жылы Түркістан – сібір
теміржол магистралі саласына бастады. Бұл теміржол құрылысы
еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі ретінде
енді.
Түрксіб теміржол құрылысының басшылары:
В. С. Шатов – құрылыс бастығы,
Н. Нұрмақов – құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы,
Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы.
Теміржол құрылысында 100000 адам жұмыс істеді– орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар , татарлар, башқұрттар еңбек етті. Он мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы , құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.
1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті.
1931 жылы қаңтарда Түрксіб теміржолы пайдалануға берілді.
Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды.
«Сергіту сәті» Барлық оқушы демалып отырады.Екі топтан екі оқушы шығып оқығандарын,өз білгендерін оқушыларға түсіндіреді.
Фишбоун әдісі:
I топқа «Зиялылар» тобына «Қазақтар қазан лебін сезінген жоқ»
Қазақстанда социализмнің былайша бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Ф.И.Голощекиннің есімімен және қызметімен тікелей байланысты .
Ол капиталистік емес даму жағдайындағы социализмнің жетекші рөлін атқаруға тырысты. Сталиннің қатаң бағытын жақтап соның идеясын жақтады. Голощекин ауыл « Қазан лебін сезінген жоқ ». «1925 жылдың кезіне дейін бізде Қазақстан мен оның партия ұйымы болған да жоқ » деп дәлелдеп, сөйтіп « кіші Қазан » төңкерісін өткізу идеясын ұсынды .
Бірақ жергілікті халық қарсылық білдірді сол кезде Голощекин сталинге хат жазды.Сталин Голощекиннің ұсынысын « бірден –бір дұрыс саясат» деп қысқа әрі айқын жауап қайтарады.
« Кіші Қазан » бағытына қарсы жетекшілерінің бірі С. Сәдуақасов өнеркәсіптің шикізат көзіне жақындату идеясын қорғады.
II топқа « Екпінділер» тобы«Түйеден социализмге өту мүмкін емес»
Қазақстандағы индустрияландыру жолдары туралы түрлі көзқарастар болды. Бірулер « түйеден социализмге » өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен завоттар салу шамадан тыс нәрсе болып табылды, « Қазақтармен өнеркәсіп – қаржы жоспарын орындай алмайсың » және т.с.с. түрлі айтыстар болды. Ірі саяси қайраткерлер С.Сәдуақасов, Ж. Мыңбаев және т.б бұған қарсы шықты. Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден бастауы КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы- 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспидициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды.
«Үштік әдіс» (Ойлан жұптас,бөліс) Индустрияландыруға қатысты сөздерді , идеяларды барынша көп жазу арқылы ерекшелену.Өз идеяларымен бөлісу.Ақ қағазға жазып түсіндіреді.
«Дауыстап оқу,ойлау әдісі» тақырыпты бір бала дауыстап оқиды.Екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір біріне түсіндіреді.
Тақырыпша. Елді
индустрияландыру туралы жаңа саясатты жүргізу үшін темір
жол салу ісін жалғастыру қолға
алынды.
220 мың кв.км – аумақты алып жаткан Жетісу
өлкесінде бірде-бір темір жол болмады. Мұның өзі ауыл
шаруашылыкты,өнеркәсіпті дамытуға
тежеді.
Қазақстан индустриясының жетекші объектілері.
1927 жылы Түркістан – сібір теміржол магистралі салына бастады. Бұл
теміржол құрылысы еліміздің тарихына еңбек ерлігінің үздік үлгісі
ретінде енді.
Түрксіб теміржол құрылысының басшылары:
В. С. Шатов – құрылыс бастығы,
Н. Нұрмақов – құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы,
Т. Рысқұлов – РКФСР үкіметі жанындағы құрылысқа жәрдемдесу комиссиясының басшысы.
Теміржол құрылысында 100000 адам жұмыс істеді– орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар , татарлар, башқұрттар еңбек етті. Он мыңдай қазақ жұмысшылары теміржолшы , құрылысшы, техник, жол ісінің шебері мамандықтарын меңгерді. Түркістан-Сібір теміржолы 3 жылдың ішінде салынып бітті.
1930 жылы 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында жолдың екі жағы түйісті.
1931 жылы қаңтарда Түрксіб теміржолы пайдалануға берілді.
Түркістан-Сібір теміржолы Орта Азияны сібірдің экономикалық өңірімен байланыстырды
Венн диаграммасы .Орындарында отырып
Зиянды жағы,кемшілігі
16 - халық дәстүрі бұзылды; - қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады; - лагерьлер жүйесі орнықты; - Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды; - Жергілікті мамандар дайындауға көңіл бөлінбеді.
Жетістігі,ерекшелігі.
17 Аграрлық республиканың индустриялды – аграрлық аймаққа айналуы. Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағының өсуі. Ұлттық жұмысшы табының құрылуы. Инженер – техникалық зиялылардың қалыптаса бастауы. Қысқа мерзімде орасан зор материалдық қазыналар, өнеркәсіп мүмкіншілігі жасалды. Көп ұлтты ұжымдар пайда болып, адамдардың туысқандығы нығайды. Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.
Индустрияландыру бірінші жағынан Кеңес халықтары күшімен жүзеге асса, екінші жағынан орталықтың әкімшіл-әміршіл жүйесі негізінде жүргізілді.
Соғысқа дейін Қазақстанда ембі мұнай өндіру орындары, Қарағанды көмір кен орындары, Жезқазған, Балқаш мыс комбинаттары, Шымкент қорғасын зауыты т. б. ірі кәсіпорындар салынды.
Жалпы, Қазақстан Орал мен Сібірдің ірі өнеркәсіп орындарын шикізатпен, пайдалы қазбалармен қамтамасыз етті.
Қазақстанды индустрияландырудың басты міндеттері орындалмады. Себебі Қазақстанда көбінесе өндіруші өнеркәсіптер салынғанымен, өңдеуші өнеркәсіп дамытылған жоқ.
Индустрияландыру Қазақстанда, негізінен, жоғарыдан жүргізілді.
Қазақстанда салынған өнеркәсіптер дайын өнім шығармады. Шикізатты, негізінен, Ресей мен Украина өнеркәсіптеріне тасыды.
Урбанизация күшейіп, 1930 жылы қала халқының үлесі 29,8% болды.
1935 жылы республикадағы жұмысшылардың 43%-ы қазақтар болды.
Тарихи сынақхат
-
Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті ....... зерттеуден басталады.
-
Түрксіб темір жолы ........ жылдан бастап салына бастады.
-
Оның құрылысында ....... еңбек етті.
-
Түрксіб темір жолы белгіленген бес жылдың орнына .... салынып бітті.
«Зерттеушілік конференциясы»
Төмендегі сөздерді кімдер айтқан?
Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деп тұжырым жасаған кім?. (Академик Н.С. Курнаков)
Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп айтқан . (Академик И. М. Губкин)
Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді. (Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев
«Ыстық орындық»
әдісі
1.Қазақстандағы индустрияландыру ісі
басталды:
2.Индустрияландыру кезінде Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеген
академик:
3.И.М. Губкиннің «Бұл кен орын елдегі мұнайға аса бай облыстардың
бірі» деп меңзеген өңірі:
4.Орталық Қазақстанның минералдық шикізат байлықтарын зерттеген
геологтар тобының жетекшісі:
5..Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, өңірдің
болашағы зор екенін дәлелдеп берген:
6.Түрксіб темір жол құрылысында еңбек еткен адамдар саны:
7.Қатардағы жұмысшыдан,Түрксіб темір жолының бастығына дейін
көтерілген басшы:
10.Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдың орнына
салынып бітті:
«Бір минуттық әңгіме»
тәсілі. Әр
топ балалары бір біріне қарама
қарсы отырып өз білгендерін ортаға салып әңгіме
жүргізеді.
Қорытындылау.
-
Презентация. Индустрияландыруға қатысты суреттер көру
-
Бейнебаян көру.
Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Түрксіб темір жолының жетекшілері Т Рысқұлов, М.Тынышбаев жөнінде мәлімет жинау, реферат жазу.
Бағалау: