Тақырыбы:
«Интеллектуалды жекпе - жек» информатикалық - интеллектуалды
ойыны
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың информатика пәнінен алған
білімдерін жинақтау, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту,
шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын
қалыптастыру
Дамытушылық:
Өз
бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, интернетті
пайдалана білуге үйрету
Тәрбиелік:
Оқушылардың компьютерге деген қызығушылығын
арттыру, еңбекке тәрбиелеу, интернет арқылы ақпарат алмаса білуге
тәрбиелеу
Түзету:
Оқушыларға сергіту жаттығуын, көз жаттығуларын жасату және
тапсырмаларды орындау барысында көзге күш түсірмеуді ескере отырып,
қалдық көрулерін сақтау
Сабақтың
барысы:
1. Ұйымдастыру
кезеңі
Құрметті
ұстаздар, қонақтар және білім алушылар! Сіздердің компьютерді
қаншалықты меңгергендеріңізді білу мақсатында ұйымдастырылған
оқушылар арасында «Интеллектуалды жекпе - жек» атты информатикалық
- интеллектуалды ойынды сайысына қош
келдіңіздер!
Сайыс
кезеңдері:
1.
«Бәйге»
2.
«Полиглот»
3.
«Тапқырлық»
4. «Практикалық
жұмыс»
5.
«Жақсы сөз көңіл құлпын
ашатын кілт»
Сіздермен бірге ойынға қатысатын топтармен
таныс болайық.
1)ҒАЛАМТОР
2)WI FI
.
І – бөлім
«БӘЙГЕ»
Берілген түрлі
анықтамалардың шешімін шапшаң жауап берген топ әр сұраққа 1 ұпайдан
ие болады.
І - топтың
сұрақтары:
1. Алғашқы
есептеу құрылғысы. (саусақ)
2. Адам мен
компьютер арасындағы қарым - қатынас.
(интерфейс)
3. Монитор мен
көздің арақашықтығы қандай болу керек?
(60 -
70).
4. Принтер
түрлері. (лазерлік,
құйылмалы, матрицалық)
5. Өшірілген
файлдар қай папкада сақталады?
(корзина)
6Компьютер
миі? (жүйелік блок)
7 Интернетпен
байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
8. Мәлімет енгізу
құрылғысы? (пернетақта)
9. Ақпаратты
шығару құрылғысы (принтер)
10 Графикалық
редактор? (Paint)
ІІ - топтың
сұрақтары:
1. 8 биттен
тұратын өлшем бірлік. (байт)
2. Ең алғашқы
ЭЕМ қай жерде, қай жылы жасалды?
(1946 ж. АҚШ
- та)
3. ЭЕМ - нің
бірінші буынында компьютерлер немен жұмыс істеді?
(электрондық
шамдар)?
4. Компьютер
жанындағы өсімдік? (кактус)
5. Вирусқа
қарсы программа (антивирус)
6. Қарапайым
есептеулер жүргізетін
бағдарлама (калькулятор)
7. Дауыс жазуға
арналған құрылғы? (микрофон)
8. Ақпарат сөзі қай
тілден шыққан? (латын)
9. Графикалық
ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін
құрылғы (сканер)
10. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған
бағдарлама? (Word)
ІІ – бөлім
«ПОЛИГЛОТ»
Келді кезек
полиглотты шешуге,
Жауаптарды
аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс,
ағылшынды білсеңіз,
Бір ұпай,
шәкірт саған несібе.
Әр топ мүшесі слайдта көрсетілген құрылғыны
үш тілде атап айту керек. Үш тілдегі жауабын дұрыс айтса 1 ұпай ал,
бір дұрыс емес жауапқа 0 ұпай
беріледі
1 - топтың
сұрақтары:
1. Компьютердің
енгізу құрылғысы, манипулятор. (тышқан - мышка -
маус)
2. Жұмыс
үстелінің негізгі мәзірі. (Бастау - Пуск -
Start)
3. Терезені
жабу батырмасының аты. (Жабу - закрыть -
exit)
2 - топтың
сұрақтары:
1. Сурет салу
қаламы. (қарындаш - карандаш -
pensil)
2. Құжатты
сақтау батырмасының аты. (Сақтау - сохранить как - Save
as)
3. Қажет емес
символды алып тастау пернесі. (алып тастау - удалить -
delete)
.
ІІІ – бөлім
«ТАПҚЫРЛЫҚ»
Топ мүшесі дұрыс жауап берсе де, жауап бере алмаса да келесі ойыншы
ойынды жалғастырады.
1
топқа
1) Жануарға
ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер
затым бар
Кілемше үстінде
тұрамын,
Ең қажетті
құралмын (тышқан)
2) Қанша тетік
тізілген
Саусағыңды
сезінген
Барлық сенің
ойыңды
Компьютерге
енгізген (пернетақта)
3) Экранның
бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын
жыпылықтап тұрады. (меңзер –
курсор)
2
топқа
1) Барлық
сурет, мәтінді
Компьютерге
енгізген
Керек емес
жерін де
Компьютерден
өшірген (мәтіналғы –
сканер)
2) Компьютермен
енеді,
Қағазға басып
береді. (Басып шығарғыш)
3) Төрт бұрышты
әйнек,
Тұнып тұрған
әлек. (Монитор)
Кеспе қағаз /Брайль
тілімен/:
1
топқа
Қағаз бетінен
алады,
Бірден
компьютерге салады. (Мәтіналғы -
сканер)
2
топқа
Өзі темір, жаны
жоқ.
Ақпаратты
сақтап таратқан,
Жұртты өзіне
қаратқан. (Жүйелік блок)
ІV – бөлім
«Практикалық жұмыс»
Бұл бөлімнің шарты бойынша топ мүшелері компьютерде жұмыс істеу
керек. Берілген тапсырманы дұрыс орындаса 1 ұпай ал, бір дұрыс емес
жауапқа 0 ұпай беріледі.
1
топқа:
• INTERNET
EXPLORER браузері арқылы Қазақ хандығына 550 жыл толуына байланысты
ақпарат алыңдар Word мәтіндік программасына көшіріп реферат
дайындаңдар және сақтаңдар.
2
топқа:
• INTERNET
EXPLORER браузері арқылы Ұлы Жеңіске 70 жыл толуына байланысты
мәліметті туып Word мәтіндік программасына көшіріп реферат
дайындаңдар және сақтаңдар.
V-тарау Жақсы сөз- көңіл құлпын ашатын
кілт»
. Тақтаға бір сөз
ілінеді (Ақпараттандыру),сөзден 5 минут ішінде
мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша
сөз жазады, сонша ұпай
алады.
Қорыту:
Осымен бұл қызықты
тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз бажаман
болсақ?
Үйрендік білмегенді осы
жолы,
Тағыда үйренеміз аман
болсақ!-
дей келе сайысымызды қорыта ұпайларымызды
санап жеңімпазымызды
анықтайық.
Әділқазы мүшелері
топтардың ұпайларын есепке алғанша оқушылар сергіту жаттығуы
орындайды.
Әр топтың жиналған ұпайларына қарап жеңімпаз
топ анықталады. Жеңімпаз топ мақтау қағазымен
марапатталады.