Ашық сабақ: Іңкәр көңіл,нәзік сезім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Іңкәр көңіл,нәзік сезім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: Іңкәр көңіл,нәзік сезім атты ашық сабақта барша шәкірттердің бойында жақсы адами қасиеттерге толы болуын ыбаяндайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Біржан Исадилов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ









10 сынып







Өткізген: Г.С.Исабекова











Семей - 2018


Өзін-өзі тану сабағының сабақ жоспары

Тақырыбы: Іңкәр көңіл, нәзік сезім

Сабақтың мақсаты: махаббаттың жалпыадамзаттық құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • адамның ең жоғары нәзік, қастерлі сезімі ретінде махаббаттың тұлғалық мәнін ұғындыру;

  • ұнату, алғашқы махаббат сезімдерін ажырата алу дағдыларын дамыту;

  • сүйіспеншілік сезім мәдениетіне тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: белсенді тақта, кітап, дәптер, слайд, интернет желісінен жаңа ақпараттар, шарлар, лента, степлер, қайшы, клей, түрлі-түсті қағаздар.


Сабақ барысы:


  1. Шаттық шеңбері «Шашу».

Барысы: бөлменің бір жақ шетіндегі төбесінде бала санына байланысты ішінде жылтырлар мен аяқталмаған сөйлемдер, сұрақтар жазылған шарлар ілініп тұрады. Оқушылар кезекпен шарды жарып, сұраққа жауап береді және сөйлемді аяқтайды.

Шардың ішінен шыққан белгілерге байланысты топқа бөлінеді.

Сөйлемдер:

  1. Мен сондай ...

  2. Шынымды айтсам, мен ...

  3. Мен бала күнімде ...

  4. Бала кездегі естен кетпес, қатты қуанған сәтім

  5. Өмірде сен үшін ең бағалы ...

  6. Менің лақап атым ...

  7. Шынымды айтсам, мен ...

  8. Мен ... ұнатпаймын

  9. Менің ең жақын сырласым

  10. Мен ... жақсы көремін

  11. Кімді өзіңе үлгі тұтасың

  12. Мен ...


  1. Үй тапсырмасын сұрау.

Қазақтың ұлттық дәстүрінде кіші адам үлкен адамды сыйлауға міндетті. Үлкен адам алдында әдеп сақтау, ибалық көрсету, үлкенді сыйлау, қайырымды-рақымды болу, кіші адамға сай мінез-құлық көрсету жас адамның адамгершілік қасиеттерінің көрінісі. Қазақ халқы «кішілік те кісілік» деп, кішілік әдептілікті, ізеттілікті, сыйласымдылықты көрсететін қасиет деп жоғары бағалайды.


«Жарасымды қарым-қатынас» тақырыбында жасы үлкен кісілермен түсірілген сұхбат (видео-ролик).


  1. Жаңа ақпарат.

Бүгінгі күн мен тақырыпты жазып қойыңыздар.


Жасөспірімдер арасындағы достық кейде үлкен сезімге ұласады. Ұл бала мен қыз баланың арасындағы осындай ізгілікті достық және жеке ықыласты қарым-қатынасынан балауса махаббат сезімі өрістейді. Жүрегіне балауса сезім, алғашқы махаббат ұялаған жан ерекше көңіл-күйге бөленеді. Ол ұнатқан адамына аса бір сүйіспеншілікпен іңкәр көңілмен қарап, нәзік сезімін білдіруге тырысады. Алғашқы махаббат, балауса сезім әр адамның жүрек қалауын қанағаттандыруға ғана емес, адамгершілік қадір-қасиеттерін өзара құрметтеуге негізделгенде ғана шынайы сезімге ұласады. 101 бет


  1. Тапсырма.

Мәтінді өз ойларыңызбен жалғастырыңыздар.

Адам біреуді сүйер болса, оны кәусәр суындай таза, гауһар тас сәулесіндей мөлдір ләззатпен сүюге тиісті. Сөйтсе ғана ол өзінің де, жақсы көрген адамның да арман мүддесін адал сақтайды, кір жұққызбайды.

Шын махаббат бар да, махаббатпен ойнау бар. Шын жақсы көру – өмір бақи сәулесін, сұлулығын жоғалтпайтын гауһар тас. Кімде-кім шын сүйсе, өз сезімін қадірлейді, өйткені оның ләззаты ыстық жүректен туған. Ал жүректі ауыстыра алмайсың. 101 бет

І.Есенберлин


  1. Ойланайық-пікірлесейік

Бүгінгі тақырыбымызға сай қазіргі қоғамдық көзқарас бойынша қызу талқылау жасап көруге тырысайық. Барлықтарыңыздың белсене қатысуларыңызды сұраймын. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен жастарымыздың қазіргі көзқарасы бүгінгі тақырыпты ашатынына сенімім мол. Яғни оқушылар өз пікірлерін айтып, аға буын ақыл-кеңестерін айта отырса деген ниеттемін.

Пікірлерімізді бастамас бұрын, экранға назар аударсақ. (Бірінші арнадағы «Қалаулым» бағдарламасынан үзінді).

  1. Бұл бағдарламаға қыздар мен ұлдар не себепті барады деп ойлайсыздар?

  2. Шынайы сезім үшін қандай сұлулық маңызды, бет келбеті ме, әлде жүрек сұлулығы ма?

  3. Барлығымыз да бала болсық, бала күнімізде қыздарға сөз айтқымыз кеп, айта алмай. Ал қыздар ұялып, тура қарай алмай жүрген сәттеріміз болған шығар? Сол бала махаббат жүректе қалды ма?

  4. Егер қалса, неге үлкен өмірге аяқ басқанда басқа біреуге тұрмысқа шығып, үйленіп кетіп жатады?

  5. Қыздардың қалауындағы ұл бала қандай болуы керек? Өз ойларыңызды айтсаңыздар.

  6. Ұлдардың қалауындағы қыздар қандай болуы керек? Ойларыңызбен бөлісе отырсаңыздар.

  7. Қыз бала әдебі, ар сақтау туралы ой қозғасақ.

Қыз бала ар-намысын аяққа таптатпауы керек. Яғни бір мезеттік сәт бүкіл өміріне сызат түсіретіні сөзсіз. Ер адамдардың алдап-арбауына түсіп, алданып қалмау керек.

  1. Және де қыз баланың жағымсыз әдеттерге әуестігі туралы да сөз қозғай кетсек. Мысалы, темекі тарту, ішімдікке әуестік және қазіргі таңда каляни тарту жастар арасында белең алып бара жатқан сияқты. Оны жаңағы көрген «Қалаулым» бағдарламасының қатысушыларының арасынан да кездестіруге болады.


«Отбасын құру қиын, бұзу оңай ...»

Ерлі-зайыптылардың ажырасу деңгейі бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа кіріп, яғни, «шаңырағы шайқалғыш» он елдің бірі болып отырмыз.



Басқа, басқа дәл осы көрсеткіштен алғашқы ондықтың қажеті жоқ еді. Әйтсе де «үйлену оңай, үй болу қиынды» жастарымыз ажырасумен байланыстырып алған секілді. Сондықтан статистикамыз да көңіл көншітпейді. Мәселен, мына статистикаға назар аударайық.

«Отбасы – шағын мемлекет» десек, мемлкеттің беріктігі үшін шағын мемлекеттердің, яғни отбасылардың мықтылығының маңызы зор.


  1. «Өлдім, күйдім, сүйдім» деп отбасы құрып алғаннан кейін, уақыт ұзамай неге ажырасып жатады? Осы статистикаға қарап, отбасы мүшелерінің ажырасуына не себеп болып жатыр деп ойлайсыздар?

  2. Қазіргі уақытта той жасау ол «престиж» болып жатыр. Кейбіреуінің жағдайы келсе, кейбіреуінің жағдайы келмейді. Бірақта «жұрттан қалмайын» деп, қарызданып, кредит алып, шамасы жетпесе де тырысады. Ал ол туралы сіздердің ойларыңыз қалай? Не істеу керек?

  3. Қыз баланың бірінші болып өз сезімін білдіруіне қалай қарайсыз?

  4. Егер біреуді ұнатсаңыз, сезіміңізді ашық айтуға дайынсыз ба?

  5. Ұнату мен алғашқы махаббаттың айырмашылығы қандай?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (топқа бөлу).

Вен диаграммасы. Ер бала мен қыз баланың іңкәр көңіл, нәзік сезімді қадірлеп, ұлықтаудағы айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

DrawObject2 DrawObject1











  1. Сырлы сұхбат «Ыстық сезім».

Ашық сабаққа қатысушы қонақтармен іңкәр көңілдері мен нәзік сезімдері туралы сұхбат алу.

1-тілші:

Құрметті қонақтар, біздің «Сырлы сұхбат» айдарына қош келдіңіздер. Бізге бүгін қонаққа келіп отырған _____________________________________ және _________________________________________.

2-тілші:

Бүгінгі басты тақырыбымыз «Ыстық сезім» жайлы болмақ. Яғни іңкәр көңіл мен нәзік сезімдеріңіз жайлы бізбен ой бөліссеңіздер дейміз.

1-тілші:

  1. Алғашқы сезім, балауса махаббат дегенді қалай түсінесіз?

2-тілші:

  1. Сезім әр кез екі жақты бола ма?

1-тілші:

  1. Сіздердің алғашқы махабаттарыңыз естеріңізде ме? Құпия болмаса сол кездегі сәттерді айтып бере аласыздар ма? Өзіңіздің іңкәр көңіліңіз, сезіміңіз, қуанышпен еске алатын сәттер туралы.

2-тілші:

  1. Отбасының беріктігін сақтап қалу үшін не істеу керек?

  1. Жағдаятты шешіңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Азамат біраз уақыттан бері бір сыныптасын ұнатады. Мөлтек сырын ішіне сақтап, сезімін достықпен жасырып жүр.

Олар сыныптағы түрлі мәселелер жайлы әңгімелескенімен, өз сезімі туралы сөз қозғамайды.

  • Азаматтың сезімін білдіре алмауының себебі не деп ойлайсыз?

  • Оған қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?


  1. Жүректен жүрекке.

Алдарында тұрған заттардан (шар, лента, фломастер, қайшы, степлер, жылтыр қағаз) өз шығармашылықтарымен бір зат жасап, қонақтарға жылы лебіздерін білдіреді.







  1. Топпен ән айту.

Нағыз махаббат

Айдарбек Рысбек

Саған арнап жаздым достық хат
Түрлі сезім толы жастық шақ
Бірде әкең жібермейді,
Бірде шешең жібермейді
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Үй жағыңның маңын жағалап
Терезеңе жаймен сығалап
Жүрем күнде сені тосып,
Үйден шыққан жаннан шошып
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Жүрегімнің сырын арқалап
Тосудамын жолыңа қарап
Ал сен болсаң менсінбейсін
Көлік мініп келсін дейсін
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Айтшы, оның несі махаббат?
Жақпадым-ау жаным саған-ақ
Қарамадың мені бағалап
Енді мен де қарамаймын
Жақсы қызды бағалаймын
Міне, осы нағыз махаббат!
Міне, осы нағыз махаббат!

Міне, осы нағыз махаббат!












8



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.11.2018
1033
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі