Материалдар / Ашық сабақ. Интервалдар әдісі 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Интервалдар әдісі 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар LS зерттеу сабағы бойынша жазылған. Тақырыпты меңгеруде тиімді әдіс-тәсілдер қолданылды. Әр тапсырмада бағалау критерийлері мен дескриптор көрсетілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
670
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ тақырыбы:

Жазық фигуралар

Мектеп: «№15 орта мектебі» КММ

Күні : 16.10.2018


Мұғалімнің есімі: Шомаева О.Б.

СЫНЫП: 1- В сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигура-ларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида), танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

А4 өлшемді қатты қағаз;

қарындаштар;

қайшылар;

кеңістік және жазық фигураларының топтамасы;

.

Тірек сөздер

үшбұрыш;

дөңгелек;

шаршы;

тіктөртбұрыш;


Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға “жазық фигуралар” ұғымын кеңіс-тік фигуралары жақтарының көмегімен түсіндіру. Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш секілді жазық фигуралармен танысу және бір-бірінен ажырата білу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш және шаршы секілді жазық фигуралармен мектепке дейінгі даярлық кезеңнен таныс. Бүгінгі сабақта жа-зық фигуралар туралы ұғым кеңістік фигуралары жақтары ұғымымен байланыстырып қарастырылады. Жазық фигуралар кеңістік фигуралардың баспа таңбасы сияқты.

Балалардың назарын тақтаға аударылып, ондағы таныс фигураларды атайды. Қалған фигураларды талдап, сол бойынша бейне таспа қарайды.

Оқушылардан сабақтың тақырбы сұралады. Содан соң сабақтың мақсаты қойылады.


Оқушыларға сабақта геометриялық фигуралар-мен әрі қарай танысатындарын айтыңыз. Оларға 4 баладан тұратын топпен тәжірибе жасауға қатысуды ұсыныңыз.

Тәжірибе жасау үшін А4 қатты қағазы, қарын-даштар, қайшы және кез келген көлемді фигура, (мысалы конустың моделі) қажет болады.


  1. Фигураның табанын қағазға қарындашпен бас-тырып сызғызыңыз.

  2. Фигураны алып тастап, қағазда салынған суретті көруге ұсыныс жасаңыз.

  3. Фигураны қиып алу қажеттігін айтыңыз.

  4. Қиып алынған фигураның қалай аталатынын сұ-раңыз.

  5. Қиып алынған фигураның “дөңгелек” деп ата-латынын айтыңыз.


Оқушылардан күнделікті өмірде дөңгелек пішін-ді қандай заттарды көріп жүргенін сұраңыз. Дөң-гелек пен конустың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыртып айтқызыңыз. Тәжірибені жалғасты-рыңыз. Оқушыларға мына іс-әрекеттерді жасауды ұсыныңыз:


  1. үстелге конус және оның қатарына қағаздан жасалған дөңгелекті қойғызыңыз;

  2. үстелдің беті көздерінің деңгейімен бірдей болатындай етіп отырғызып, фигураларға қа-ратыңыз.


Оқушылардан не байқағанын сұраңыз. Көрген-дері бойынша қорытынды жасатыңыз. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызыңыз. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтыңыз.


Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, сөзіңізді қорытындылаңыз.




Басқа фигураларды салыстыру мен оларды сызуды барлық оқушыларға бірдей көрсетіп, олар-ға тек өз топтамасынан қажетті фигураны тауып, көрсетіп отыруды ұсыныңыз. Оқушылардан “Бас-қа жазық фигураларды кеңістік фигуралардың табандарын бастырып сызу арқылы алуға бола ма?” деп сұрап, олардың ұсынысын тыңдаңыз.









Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушылар-ға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсыныңыз.


Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көр-сетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындау барысында оқу-шыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай білуге жетелеңіз.



1 топ – конустан дөңгелек

2 топ пирамидадан үшбұрыш

3 топ текшеден шаршы

4 топ қораптан тіктөртбұрыш жасайды.

Сергіту сәті

Барлығы орындарынан тұрып сергіп алады.

Жұптық жұмыс. Балаларға жұптық тапсырмалар беріледі.

Оқушылар тапсырманы жұппен орындап тексереді.

Дәптермен жұмыс. Балалар дәптерлеріндегі тапсырмаларды жеке оырндап шығады.

Балалар тапсырмаларды жеке орындап болған соң, көршілерімен алмасып тексереді.

Рефлексия

Алма себеттері әр топқа беріледі. Онда оқушылар сабақыт толық түсінсе, қызыл алманы қояды, егер түсініксіз болса жасыл алма қояды.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

жазық фигураларды;

әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды;

жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі.

Оқушыларға жазық фигураларды көрсете оты-рып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе?

цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

егер параллелепипедтің жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады?

шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!