Ашық сабақ «Ион алмасу реакциялары және олардың жүру шарттары»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ «Ион алмасу реакциялары және олардың жүру шарттары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ұстаздарға, оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп











Ашық сабақ тақырыбы:


«Ион алмасу реакциялары және олардың жүру шарттары»

















Химия пәні мұғалімі: Аманжанқызы Шолпан





2017-2018 оқу жылы


Күні: 03.10.17 Сыныбы: 9а

Сабақтың тақырыбы: Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайлары

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты: Бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылықтарын ояту

Білімділік: Иондардың қасиеттері ретінде электролиттердің қасиеттері туралы ұғымды тереңдету;молекулалық,толық және қысқартылған иондық теңдеулер құруды үйрету;реакция аяғына дейін жүретін жағдайлармен таныстыру;хлоридтерге,сульфаттарға сапалық реакцияны қайталау және бейтараптану реакциясы туралы оқушылардың білімдерін бекіту

Дамытушылық: Заттардың қасиеттері және сапалық жаңа деңгейіндегі олардың өзара әсер механизмі туралы білімді қайта қарастыру арқылы бекіту.

Тәрбиелік: Терең білім алуға ынтасын тудыру

Күтілетін нәтиже: Ион алмасу реакциялары және олардың жүру жағдайларын білуі керек. Істей алуы керек. Ион алмасу реакцияларының теңдеулерін жаза және олардың жүру жағдайлары түсіндіре біліуі керек

Көрнекі құралдар: Қышқылдардың, тұздардың және негіздердің ерігіштік кестесі.Зертханалық тәжірибе №1. Таратпа материалдар. Тақырыптық таратпа материалдары. Оқытудың техникалық құралдары. Электрондық оқулық,интерактивті тақта,магниттік тақта. Ақпараттық қор

Негізгі(әдебиеттер): Химия 9 сынып оқулығы, «Мектеп »2013ж, авторлары Н.Н. Нұрахметов,Қ.М. Жексембина, Н.А. Заграничная,Ә.К. Темірболатова, К.А. Сарманова

Қосымша әдебиеттер:

Химия 9 сынып оқулығы, Оспанова М.Қ., Аухадиева Қ.С., Белоусова Т.Г

Есептер мен жаттығулар жинағы, «Химия»-әдістемелік нұсқау Н.Н. Нұрахметов,Қ.М. Жексембина, К.А. Сарманова

Сабақтың барысы:

І.Мұғалімнің амандасуы.Жоқ оқушыларды түгендеу,оқу құралдарының дайындығын ,кезекшінің жұмысын тексеру

ІІ. Өткен сабақты қайталау.

  1. Берілген қосылыстарды электролиттерге және бейэлектролиттерге классификациялаңыздар:

NaCl (ерітінді),  NaOH, O, глюкоза, су, Na2CO3(ерітінді),  HNO3(ерітінді), N2 , H 2 , спирт.

электролиттер

бейэлектролиттер

  NaCl (ерітінді),  Na2CO3(ерітінді),  HNO3(ерітінді),

  O, глюкоза, су, N2 , H 2 , спирт, NaOH


 

  1.  


2.Берілген электролиттерді күшіне қарай классификациялаңыздар:

H2SO4,  NaOH,  HCl, H2SHNO3, H2CO3, CH3COOH, LiOH,  H2O, NH4 OH.

Күшті  электролиттер

Әлсіз  электролиттер

  H2SO4,  NaOH,  HCl, HNO3 LiOH,

H2S, H2CO3, CH3COOH, H2O, NH4 OH.


 




 3. Берілген иондарды катиондарға және аниондарға классификациялаңыздар:

H+, NH+4, OH-, K+, Cl-,  Na+, S2-, Ag+, SO42-, Ba2+CO32-

катиондар

аниондар

  H+, NH+4, K+, Na+,  Ag+, Ba2+

  OH-, Cl-,  S2-, SO42-, CO32-




ІІІ.Жаңа білім меңгеру

Ион алмасу реакцияларының үш белгісімен танысады және олардың толық,қысқартылған иондық теңдеулерін жазады,анықтайды,талдайды.

Көптеген химиялық реакциялар ерітінділерде яғни электролит ерітінділері арасында жүреді. Сулы ерітінділерде электролиттер иондарға ыдырайтын болғандықтан, реакцияға иондар қатысады.

Сұрақ: Ион алмасу реакциялары айрықша маңызды реакцияларға жатады. Ондай реакциялар қалай жүруі мүмкін?


Зертханалық тәжірибе №1

Электролит ерітінділері арасындағы алмасу реакциялары

1-тәжірибе: Сынауыққа натрий гидроксиді ерітіндісін құйып, үстіне фенолфталин ерітіндісін тамызыңдар.

Не байқадыңдар? Осы ерітіндінің үстіне күкірт қышқылынан біртіндеп қосыңдар. Реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Жүргізілген тәжірибеге түсініктеме.

Ерітінді таңқурай түске өзгереді, күкірт қышқылынан қосқанда түсі жойылады.




Нәтижесінде әлсіз электролит түзіледі.

NaOH + HCl = NaCl + H2O



Na+ + OH- +H++Cl- = Na+ + Cl- +H2O

OH- + H+ = H2O


2-тәжірибе. Сынауықтағы 2-3 мл натрий гидроксиді ерітіндісіне дәл сондай мыс (ІІ) сульфаты ерітіндісін ептеп құйыңдар.

Не байқадыңдар? Реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

CuSO4 + 2NaOH = Cu(OH)2 ↓ + Na2SO4 (молекулалық теңдеуі)


Cu2+ + SO42- + 2Na+ + 2 OH- = Cu(OH)2  + 2Na+ + SO42- (толық иондық теңдеуі)

Cu2+ + 2 OH-  = Cu(OH)2 ↓ қысқартылған иондық теңдеуі:

Көгілдір тұнба  Cu(OH)2 ↓. 

3-тәжірибе. Сынауыққа натрий карбонатынан (ас содасын алса да болады) түбін жауып тұратындай етіп салып, үстіне күкірт қышқылының 1 мл сұйылтылған ерітіндісін құйыңдар.

Na2 CO3 + H2SO4 = Na2SO4+ CO2 + H2O

2Na++ CO32- + 2H+ + SO42- = 2Na+ + SO4 2- + CO2+ H2O

CO32- + 2H+= CO2+ H2O


4-тәжірибе Екі сынауықтың біріншісіне натрий хлоридінің, екіншісіне натрий фосфатының ерітінділерін құйыңдар. Тамшуырмен екеуіне де күміс нитраты ерітіндісінен біртіндеп тамызыңдар.

  1. NaCl + AgNO3 = AgCl ↓ + NaNO3

Na+ + Cl- + Ag++NO3- = AgCl ↓ + Na++NO3-

Ag++ Cl- = AgCl ↓ Ірімшік тәрізді ақ тұнба


  1. Na3PO4 + 3AgNO3 = Ag3PO4 ↓+ 3NaNO3

3Na+ +PO43- + 3Ag++3NO3- = Ag3PO4 ↓ + 3Na+ +3NO3-

3Ag+ +PO43- = Ag3PO4 Ашық сары тұнба


Қышқылдар мен сілтілердің әрекеттесу реакциялары бейтараптану реакциясы деп аталады.

 Мынадай қызықты жайт бар: қандай қышқыл және қандай негіз алсақ та, бейтараптану реакцияларының жылу эффектісі әрқашан іс жүзінде бірдей 57 кДж-ға тең болады (егер 1 моль сілтіге қышқылдың мөлшері сәйкес келсе). Қышқыл мен сілті көп болғанымен, бейтараптану реакциясы біреу ғана. Әрине біреу, оны электролиттік диссоциация теориясы түсіндіріп берді.

Егер тәжірибені натрий гидроксиді мен күкірт қышқылы арасында жүргізсек, оның да қысқартылған иондық теңдеуі төмендегідей болады:

H+ + OH- = H2O+ Q

Бейтараптану реакциясы негіз катионы мен қышқыл анионының табиғатына байланысты емес, себебі, барлық жағдайларда H+ және OH- иондарының әрекеттесуіне келіп тіреледі. Сондықтан реакциялардың жылу эффектісі бәрінде бірдей.

Сонымен, электролит ерітінділерінде реакция иондар арасында жүреді. Тұнба, газ немесе аз диссоциацияланатын зат – су түзілсе, алмасу реакциялары соңына дейін жүреді.


Иондар арасында жүретін реакциялар ионды реакциялар, ал мұндай реакция теңдеулері – ионды теңдеулер деп аталады.

Ионды теңдеулерді құру үшін келесі ережелерге сүйену қажет:

1) Мұндай теңдеулерде электролиттердің формулалары ионды түрде жазылады (мысалы, К+и СО32-);

2. Аз диссоциацияланатын, ерімейтін, газ тәрізді заттардың формулалары молекулалық түрде жазылады (мысалы, Cu(OH)2, CO2, H2O);

3. Егер тұнбаға түзілетін болса, оның формуласының қасына (↓) белгісі қойылады (мысалы, СаСО3↓);

4. Егер газ түзілсе формуласының жанына (↑) белгісі қойылады (мысалы, СО2↑).

Сонымен, ерітінділер арасындағы реакциялар иондар арасында жүреді. Алмасу реакциясы – қайтымсыз реакция. Оның жүру жағдайлары: реакция нәтижесінде тұнба, газ немесе аз диссоциацияланатын зат – су түзілуі.



IV.Бекіту

Жеделдетпе сұрақтар қою

1. Ион алмасу реакциясы деген не? Олар қандай болады?

2. Алмасу реакциясы қандай жағдайда қайтымды және қайтымсыз болады?


А-2. Ерігіштік кестесін пайдаланып, мына гидроксидтерді алу реакцияларының теңдеуін жазыңдар: Fe(OH)3, Mn(OH)2 Al(OH)3, Cr(OH)3, Fe(OH)2 Cu(OH)2 , Pb(OH)


B-1. Көрсетілген иондарды тұнбаға түсіретін катиондарды анықтаңдар: S2-, SO42-, Cl-, PO43-, CO32-, Br-, I-.


B-2. Иондарды Ba2+, Pb2+, Ca2+, Cu2+, Ag+ тұнбаға түсіретін аниондарды анықтаңдар.


C-1. Реакцияларды қайсысы аяғына дейін жүреді:

А) BaCl2 + Na2SO4 ? Б) FeS + HCl?

Ә) MnSO4+KNO3? В) Cu(OH)2 + H2SO4 ?


С-2. Берілген қысқартылған иондық теңдеулер қандай заттардың әрекеттесуіне сәйкес келеді:

  1. Ag++Cl- AgCl Б) Ca2+ +2F- CaF2

Ә) Fe3+ + 3OH- Fe(OH)3 В) 3Zn2++PO43- Zn3(PO4 )2


С-3. Реакциялар қандай заттар арасында жүргенде мына заттар түзіледі:

А) …. Mg(OH)2↓ Б) …..BaSO4

Ә) …. CO2 + H2O В) …..H2S


Топтық жұмыс.Келесі заттардың ион алмасу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар:

1) HNO3 + NaOH→ NaNO3 + H2O;

2) CuCl2 + KOH → Cu(OH)2↓ + KCl;

3) K2CO3 + HCl → KCl + CO2↑ + H2O.



V.Білімді бақылау,бағалау

1.Топтардың берген жауаптарын тексеру

2.Бағалау

1.Бекіту сұрақтарын қою

2.Жазбаша жұмыстарын тексеру


VІ.Қорытынды

Рефлексия,қорытындылау

Қышқыл, сілті және тұздардың диссоциациялануы

Негізгі ұғымдарға қайталау жасау

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктері қалыптасады


VІІ. Үйге тапсырма §9














  1. Берілген қосылыстарды электролиттерге және бейэлектролиттерге классификациялаңыздар:

NaCl (ерітінді),  NaOH, O, глюкоза, су, Na2CO3(ерітінді),  HNO3(ерітінді), N2 , H 2 , спирт.

электролиттер

бейэлектролиттер




 

 

  1.  





2.Берілген электролиттерді күшіне қарай классификациялаңыздар:

H2SO4,  NaOH,  HCl, H2SHNO3, H2CO3, CH3COOH, LiOH,  H2O, NH4 OH.

Күшті  электролиттер

Әлсіз  электролиттер

 




 




 




3. Берілген иондарды катиондарға және аниондарға классификациялаңыздар:

H+, NH+4, OH-, K+, Cl-,  Na+, S2-, Ag+, SO42-, Ba2+CO32-

катиондар

аниондар

 

 











1.Берілген қосылыстарды электролиттерге және бейэлектролиттерге классификациялаңыздар:

NaCl (ерітінді),  NaOH, O, глюкоза, су, Na2CO3(ерітінді),  HNO3(ерітінді), N2 , H 2 , спирт.

электролиттер

бейэлектролиттер



 



 

  1.  






2.Берілген электролиттерді күшіне қарай классификациялаңыздар:

H2SO4,  NaOH,  HCl, H2SHNO3, H2CO3, CH3COOH, LiOH,  H2O, NH4 OH.

Күшті  электролиттер

Әлсіз  электролиттер

 




 




 




3. Берілген иондарды катиондарға және аниондарға классификациялаңыздар:

H+, NH+4, OH-, K+, Cl-,  Na+, S2-, Ag+, SO42-, Ba2+CO32-

катиондар

аниондар

 

 









Тапсырма А-2

Ерігіштік кестесін пайдаланып, мына гидроксидтерді алу реакцияларының теңдеуін жазыңдар: Fe(OH)3, Mn(OH)2




Тапсырма А-2

Ерігіштік кестесін пайдаланып, мына гидроксидтерді алу реакцияларының теңдеуін жазыңдар:

Al(OH)3, Cr(OH)3




Тапсырма А-2

Ерігіштік кестесін пайдаланып, мына гидроксидтерді алу реакцияларының теңдеуін жазыңдар:

Fe(OH)2 Cu(OH)2




Тапсырма А-2

Ерігіштік кестесін пайдаланып, мына гидроксидтерді алу реакцияларының теңдеуін жазыңдар:

Pb(OH)2



Тапсырма В-1

Көрсетілген иондарды тұнбаға түсіретін катиондарды анықтаңдар: S2-, SO42-




Тапсырма В-1

Көрсетілген иондарды тұнбаға түсіретін катиондарды анықтаңдар: Cl-, PO43-




Тапсырма В-1

Көрсетілген иондарды тұнбаға түсіретін катиондарды анықтаңдар: CO32-, Br-, I-




Тапсырма B-2

Иондарды Ba2+, Pb2+, Ca2+, Cu2+, Ag+ тұнбаға түсіретін аниондарды анықтаңдар.




Тапсырма B-2

Иондарды Ca2+, Cu2+, Ag+ тұнбаға түсіретін аниондарды анықтаңдар.



Ba2+ SO42-





2H+ S2-



OH- H+



Mg2+ 2OH-

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2018
2565
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі