Ашық сабақ "Иррационал өрнектерді түрлендіру: бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату" 11 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Иррационал өрнектерді түрлендіру: бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату" 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныпта берілген тақырып бойынша алгебра пәнінен ашық сабақ өткізуге көмек болар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» кмм



«Бекітемін»

директорының оқу

ісі жөніндегі орынбасары

________ С.Қ.Бекбатыр









АШЫҚ САБАҚ

«ИРРАЦИОНАЛ ӨРНЕКТЕРДІ ТҮРЛЕНДІРУ:

БӨЛШЕКТІҢ БӨЛІМІН ИРРАЦИОНАЛДЫҚТАН БОСАТУ»



Пәні: Алгебра

Сыныбы: 11 «Б»

Пән мұғалімі: Жактаева Динара Омиртаевна















2017-2018 оқу жылы



Қысқа мерзімді жоспарлау

Сабақ Алгебра

Иррационал өрнектерді түрлендіру: Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату.

«Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ

Күні 15.11.2017ж

Жактаева Динара Омиртаевна

Сынып 11 «Б»

Қатысқандар саны- Қатыспағандар саны-

Сабақ негізделген оқу мақсаттары.

Иррационал өрнектерді түрлендіру біліктілігін қалыптастыру.

Сабақ мақсаттары.

Барлық оқушылар:

Иррационал өрнектерге амалдарды қолдана алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Иррационал өрнектерді түрлендіре алады.

Кейбір оқушылар:

Тақырып бойынша берілген есептердің барлығын орындай алады.

Тілдік мақсат.

Оқушылар: ( не істей алады?)

Өткен тақырып бойынша алған білімдерін пайдаланып жаңа тақырыпты өз беттерінше ашады, бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босата алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Рационал өрнек, иррационал өрнек, арифметикалық өрнек.

Өрнек, айнымалының мүмкін болатын мәндер жиыны, өрнектерді тепе-тең түрлендіру, толық квадрат, тепе-теңдікті дәлелдеу, п-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері, рационал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар

Рационал өрнектерді және иррационал өрнектерді түрлендіруде айырмашылық бар ма?

Сіз неліктен.....екенін айта аласыз ба?

Дәреженің негізі теріс сан бола алмайтындығын

Жазылым бойынша ұсыныстар.

Санның дәрежесін, түбір таңбасын дұрыс салу.

Алдыңғы оқу.

Иррационал өрнектерді түрлендіру:

  1. Көбейтіндіні көпмүше түрінде жазу;

  2. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар.

Басталуы


Үй тапсырмасын тексеру:

109

Қайталау сұрақтары:

  1. а санының п-ші дәрежелі түбірі деп нені айтады?

  2. а санының п-ші дәрежелі арифметикалық түбірі деп нені айтамыз?

  3. Рационал көрсеткішті дәреже дегеніміз не?

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныс болайық:

Өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, өздігінен жаңа тақырыпты ашу; бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату әдісін үйреніп, оларды есеп шығаруда қолдану.


Топқа бөлу

/нақты сандар, рационал сандар, иррационал сандар арқылы/

Бүгінгі сабақта «Төл теңгеміздің 25 жылдығына» орай 25 есеп шығаратын боламыз. Әр орындаған тапсырмаларың бүгінгі мерекеге қосқан үлестерің болып саналады. Олай болса іске сәт!

Презентация







Плакат







Сандар

Электронды оқулық


Плакат

Ортасы


Өздігінен білім алу

-Оқушылар, бүгін сендер жаңа тақырыпты өз беттеріңше меңгеретін боласыңдар. Ол үшін алдарыңа берілген «көмекші бағытты» пайдаланыңдар.

  1. 8-сыныптың электронды оқулығын пайдалан.

  2. Қысқаша көбейту формуласын пайдалан.

  3. Оқулықтың 51-бетін қара.

  4. Өздеріңе берілген мысалды шығарып көр.

  5. Тақтаға жаз.

  6. Шығарылуын түсіндір.

3 топқа жаңа тақырып бойынша 3 есеп беріледі.

Топ мүшелері алдарындағы ақпарат алу көздерінен өз беттерінше ізденіп, жаңа тақырып бойынша ой түйіндеу керек. Өздеріне берілген есептердің шешімін тауып, шығару жолдарын түсіндіру қажет.

Есеп:



Мысалдарды дәптерімізге жазып алайық.


Сонымен бүгінгі сабаққа бірлесе отырып табыс критерилерін құрып алайық:

  1. Қысқаша көбейту формуласын біледі және қолданады (2 ұпай)

  2. Көбейткіштерге жіктей алады (2 ұпай)

  3. Бөлшектерді қысқарта алады (2 ұпай)

  4. п-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін біледі, қолданады (2 ұпай)

  5. Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босата алады (2 ұпай)

Бағалау шкаласы:

0-3 ұпай – қанағаттанарлықсыз

4-5 ұпай – қанағаттандырылған

6-8 ұпай – жақсы

9-10 ұпай – үздік

Келесі кезекте

«Айналмақ» әдісі

(оқулықпен жұмыс):

1-топ: №110 (1,5), №113 (1) - 3 есеп

2-топ: №110(2,6), №113 (2) - 3 есеп

3-топ: №110(3,7), №113 (3) - 3 есеп


«Сергіту сәті»

Бүгінгі семинардың «Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде» деген тақырыбына орай

Математикалық сауаттылыққа 1 есеп (барлық оқушыларға)

Диаграммада «Сұлу» киім дүкенінде бір аптада сатылған киім түрлері мен саны көрсетілген.

Shape1

Сұрақ:

  1. Егер жалпы 1260 дана киім сатылған болса, онда неше дана шалбар сатылған? Ж: 441

  2. Егер 140 көйлек сатылған болса, онда неше дана жемпір сатылған? Ж: 210


ҰБТ-ға дайындық

11-сыныптың электронды оқулығынан тест есебін шығару (топпен)

Әр топқа 4 есептен (12 есеп)

1-топ: 1-5 есептер

2-топ: 6-10 есептер

3-топ: 11-15 есептер

«Не білдім?»

(бекіту сұрақтары)

Рационал өрнектерді және иррационал өрнектерді түрлендіруде айырмашылық бар ма?

Үйге тапсырма: №108 есеп






Ақпарат көздері (оқулық, әдістемелік, электронды оқулық 8-сынып, интернет, формулалар)

А4 бет, фломастерлер















Плакат

Маркерлер

Кесте












Оқулық

Тақта





Видео

Презентация



















Ноутбук

Эл оқулық 11-сынып




Конверт

Аяқталуы


Критерийлер арқылы бағалау


Дискрипторлар

Ұпай

Оқушының аты-жөні

1

Қысқаша көбейту формуласын біледі және қолданады

2


2

Көбейткіштерге жіктей алады

2


3

Бөлшектерді қысқарта алады

2


4

п-ші дәрежелі түбірдің қасиеттерін біледі, қолданады

2


5

Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босата алады

2



Кері байланыс

(тақтаға ілінеді)

Оқушының аты-жөні: ______________________________________ Күні:

Талап

Игердім

Жарты-лай игердім

Игерме дім

Игеру үшін не істеймін?

Бүгінгі тақырып бойынша есеп шығару жолдарын








Бағалау кестесі (плакатта)









Кеспе қағаздар




Қ осымша ақпарат

Рене Декарт (1596-1650) француз математигі, әрі философы.  1637 жылы арифметикалық  квадрат түбір ұғымын ғылымға енгізген.

Рационал, иррационал сандардың шығу тарихы (эл.оқулық 8-сынып)

Саралау

(сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?)

Бағалау

(оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?)

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

Тақырыпты өз бетінше ашуға тапсырма беру.

Тақырыптық тест жұмысын орындату.

Деңгейлік тапсырмалар беру.

Эл. оқулық

Ағылшын тілі

Орыс тілі

Рефлексия

  1. (Сабақ /оқу мақсаттары шынайы болды ма?

  2. Бүгін оқушылар не білді?

  3. Сыныптағы ахуал қандай болды?

  4. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

  5. Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

  6. Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?)


Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды?

1

2

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта білді?

1

2

Cабақ барысында мен сынып немесе жеке оқушылардың жұмысын жандандыруда келесі сабақта көмектесетін не білдім?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
2532
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі