Материалдар / ашық сабақ жабайы жануарлар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ жабайы жануарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ жабайы жануарлар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2024
377
5 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Жабайы жануарлар»


Мақсаты: Жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Жабайы аңдарды бір – бірінен ажырата білуге, әрбір аңның аттарын, дұрыс айтуға үйрету және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін молайту. Аңдардың балаларын ажыратып атауын атауға үйрету, аңдарды сипаттауға жаттықтыру.

Білімділік: Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарларының айырмашылығын түсініп айта білуге үйрету.

Дамытушылық: Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып,балалардың ой-өрісін дамыту.Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау, қиялдау қабілеттерін арттыру, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру. Көріп есте сақтау қабілетін, қабылдау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, зейінің дамыту, ойын дағдыларын қалыптастыру және ойындар арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен  қарауға, табиғатты аялай білуге, адамгершілік ізгі қасиеттерге ұйымшылдыққа, мейірімділікке, кішіпейілдікке, ұқыптылыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: слайд жабайы аңдар мен үй жануарларының суреттері, орман көрінісі мен үй қорасының суреті, қыс мезгілінің суреттері, жабайы аңдар мен төлдерінің жеке суреттері.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап алу, көрсету, түсіндіру, жұмбақтар жасыру, бой сергіту, ойындар,қорытындылау және мадақтау.

Сабақтың барысы:

l. Мотивациялық-қозғаушылық

Балалармен амандасу. Көңіл-күйлерін сұрау.

Шаттық шеңбер:

Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып, қонақтармен амандастыру.

-Сәлеметсіңбе, бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл- күймен өткізу үшін сені шаттық шеңберіне шақырамын.

«Қайырлы күн!»

Жарқырап күн де ашылады,

Айналаға нұр шашылады.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

ll.Ұйымдастырушылық-ізденістік

 Ал, балалар қазір жылдың қай мезгілі еске түсіріп жіберейікші!

 - Қазір жылдың қыс мезгілі.

- Қыс айларын атап беріңдерші?

- Қыс мезгілінде үш ай бар желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Қыс мезгілінде қандай құбылыстар болады?

- Күн суытады, қар жауады, боран соғады, айналаның бәрін аппақ қар басады, аязды болады, мұз қатады.Балалар қыс мезгілінде қардан аққала жасайды, шанамен сырғанап ойнайды.

Сабақ ойыннан басталады. Ең айлакер аң... (түлкі)

Ең қорқақ ... (қоян)

Балды жақсы көретін... (аю)

Аң патшасы... (арыстан)

Мысыққа ұқсайтын аң...(жолбарыс),

Ең ірі жануар...(піл)

Үстінде тікенегі бар...(кірпі)

- Балалар, бұл жануарларды біз «Жабайы жануарлар» деп атаймыз. Олар орманда, таулы жерлерде, елсіз далада мекен етеді. Өз азықтарын өздері тауып жейді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі өте көп. Олардың ішіндегі қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы әрі сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктің иесін алыстан-ақ сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Ал аюға келетін болсақ, оның екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю – суда мекендейді. Суға сүңгіп балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю, тоғайды мекен етеді. Күзде жылы апанын дайындап қыста қалың ұйқыда болады. Қоян- ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды.Тиін күзде ағаш бастарына саңырауқұлақ, жаңғақтарды кептіріп ұясына жинап қыста соны азық етеді. (жабайы жануарларды көрсетіп әр біреуіне тоқталып, қысқа қалай дайындалатынын және немен қоректенетіні туралы көрнекілік арқылы толық мағлұмат беру).

Ендеше жабайы жануарлар жайлы жұмбақтар жасырамын бірге тауып көрейік.

1.Төрт түліктің қас жауы, түзде жүрген көк сері.

Аспанға қарап ұлиды,малды ауылды ториды.(қасқыр)

2. Өзі айлакер, өзі қу.
Жүрген жері айқай шу.
(түлкі)

Ш дыбысы, дыбыстың айтылуы, артикуляциясы:

-Балалар бәріміз бірге Ш деп айтайықшы
Балалар дыбысты айтады, ал мұғалім [Ш] дыбысының артикуляциясын түсіндіреді:
-Ерніміз алдыға шығып, домалақтанады;
-Тілдің ұшы алдыңғы таңдайға көтеріледі, бірақ тимейді;
-Тілдің шеттері жоғарғы түбір тістерге тіреледі;
- Тілдің арқасы көтеріледі, тілдің пішіні табақшаға ұқсайды.
-Тамағымыз жұмыс жасамайды, дауысымыз дем алады ( бақылау үшін балалар тамақтарын қолмен ұстау керек).
- Бәріміз бірге жел соққанда ағаш қандай дыбыс шығарады Ш-ш-ш-ш-ш... Жарайсыңдар!
- Ал жылан қандай дыбыс шығарады?
- Ол, да ш-ш-ш-ш –деп дауыс шағарады екен.
-Балалар бұл қандай дыбыс екен?
-Неге?
-Иә, дұрыс айтасындар, өйткені бұл дауыссыз дыбыс, оны созып айта алмаймыз (еріндер, тіл және тісіміз ауаның өтуіне кедергі жасап тұр), яғни ол көк түспен белгіленеді. 

1.Тілге арналған артикуляциялық жаттығулар:

Ал енді айнаға қарап «Көңілді тіл туралы ертегіні» есімізге түсіріп, артикуляциялық жаттығуларды орындайық.

«Көңілді тіл» өз үйшігінде тұрып жатады. Ол қандай үй?

Дұрыс, ол-ауыз. Ол үйдің есігі ашылып, жабылып тұрады.

Көрсетейік, қалай ашылып-жабылады?

«Тіл» үйінде отыра алмайды. Далаға шығады. Тілді есік алдына шығарайық.

Міне, ол күнге шығып, жылынып жатыр. («Күрекше» жалпақ тіл астыңғы ерінде)

Айналаға қарайды («Сағат»)

Аздап жел соқты. Тіл тоңып кетіп үйіне кірді. Үйіне кіріп үстіңгі және астыңғы тісін тазалады. Әжесінің тәтті тосабымен шай ішті кесеге құйып («Кесе»)

Шай ішіп болып, атасының қасына далаға барғысы келді. Ол үшін атқа мінді. («Ат шауып келеді»)

Келе жатып «Саңырауқұлақтарды терді». «Көңілді тіл» шаршап, үйіне келіп ұйықтады.

2.Тыныс алу жаттығуы: «Қолымызды жылыту».

Орындалуы:қолымызды жылту үшін мұрынмен тыныс алып, ауыздан демді шығарамыз. 3 рет қайталау.

Жарайсың, барлық жаттығуды дұрыс жасадың. Енді осы жабайы жануарлар орманнан адасып қалыпты оларды қайтадан үйіне апару үшін сен бірнеше тапсырмаларды орындап көмектесуің қажет жарайма?

 3.Тапсырма. Ш дыбысын дауысты дыбыстармен біріктіріп оқы. (әріптер жазылған кесте )
ША АШ
ШО ОШ
ШУ УШ
ШЫ ЫШ
ШҰ ҰШ

4.Тапсырма Буындарды, сөздерді қайталаңдар
Шә Шө Ше
Шәлі Шөп Шет
Шәй Шөл Шек
Шәйнек Шөлмек Шеге
Шәмші Шөмелей Шеке.

5.Ойын Ш дыбысын ұстап ал
Сөзде ш дыбысын естігенде, кубикті апайға лақтырамыз.
Сақа, мысық, шана, тышқан, қалам, сабын, қайшы, қас, жас, жол, шыбын.

6. Попкорнды жинау ойыны.

Попкорнда жасырылған ш дыбыстарына байланысты сөздерді тауып, дауыстап оқып жинау қажет. Шер, шөнжік, Шибөрі, міршәй,шоғал,шілбөрі.

Сергіту сәті «Ұшты-ұшты», «Аңдар биі»

Ұшты-ұшты құлын ұшты.
Ұшты-ұшты мұрын ұшты.
Ұшты-ұшты кептер ұшты.
Ұшты-ұшты дәптер ұшты.
Ұшты-ұшты қарға ұшты.
Ұшты-ұшты арба ұшты.

7. «Анасын тап?» ойыны.

Ойын шарты: Жабайы жануарлардың макеті беріледі. Сол макет бойынша анасын және баласын табамыз.

Арыстанның баласы - /абдан/

Жолбарыстың баласы - /жөнжік/

Қасқырдың баласы - /бөлтірік/

Түлкінің баласы – /міршәй/

Аюдың баласы - /қонжық/

Қоянның баласы - /көжек/

8.«Не жейді?» ойыны.

Ойын шарты:жабайы жануарлардың немен қоректенетінің тауып, әр жануардың қасына өз қорегін жапсыру.

қоңыр аю → бал, ақ аю →балық, қасқыр → ет, түлкі → ет, тышқан, арыстан → ет, қоян →шөп ,сәбіз, жолбарыс → ет жейді.

9. Ұсақ қол моторикасы:

Саусақ гимнастикасы «Жануарлар»

Үлкен аю апанда қыс бойы ұйықтайды,

Тиін ағаш қуысына жаңғақтарын жинайды.

Бақа болса батпақта тастан-тасқа секіреді.

Өзінің үйшігінде ит мысыққа үреді,

Мөлдір таза өзенде көп балықтар жүзеді

Дәндерді жинап-жинап тышқан інде жүреді.

10. Тілді жаттықтыру:

Тан-тан-тан бұл айбарлы арыстан

Ыс-ыс-ыс бұл жүйрік жолбарыс

қыр-қыр-қыр- бұл көкжал қасқыр

кі-кі-кі-бұл айлакер түлкі

ю-ю-ю-қорбаңдаған аю

ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян

ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян

11.«Жабайы жануарларға өз үйін табуға көмектес» ойыны.

Мақсат: Көсемшедегі зат есіммен жай сөйлемдер жасауға жаттығу.

Жануарлардың басқа адамдардың үйінде болатын суретін көрсету. Мысалы: ойпаңдағы түлкі, індегі тиін, шұңқырдағы аю т.б.

Жануарлар үйлерін ауыстырды. Оларға өз үйлерін табуға көмектесіңіз. Аю қайда тұрады?

Баланың жауабы. Аю ұяда тұрады. Осылайша түлкі, тиін, кірпі, қоян туралы сөйлем құраймыз.

12.Сабақты қорыту.

- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнадыма?

- Жабайы жануарларға қандай жануарлар жатады?

- Бүгінгі сабақтың ойындары қызықты болдыма?

- Балалар сендерге қайсы ойын ұнады?

Бағалау: сабаққа жақсы қатысқандары үшін мадақтау.

- Жарайсындар балалар бүгінгі сабаққа барлықтарын жақсы қатыстындар, ойындарға белсене қатысып, ойындарды қызығушылықпен ойнадындар.

Үйге тапсырма

Жаттау. Ш дыбысының артикуляциялық жаттығуын қайталап келу.

Сабақ соңында қоштасу.

- Сау болыңыздар, рахмет!



























«Бекітемін»

Шымкент қаласы білім басқармасы

«№3 Психологиялық – педагогикалық

түзету кабинеті» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі

__________________А.А.Саруарбекова



Ашық сабақ


Тақырыбы: «Жабайы жануарлар Ш дыбысын машықтандыру»


Орындаған : Қожаберген А.М.







Шымкент - 2023




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!