400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Жалаң және жайылма сөйлемдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Қазақ тілі

Тақырыбы:

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Сыныбы:

4 «Б»

Уақыты:


Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

а) ақпараттық құзыреттілік:



Ақпарат көздері арқылы сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.

ә) коммуникативтік құзыреттілік:

Жалаң және жайылма сөйлемдерді ажырата білуге, сауатты жазуға, іздену дағдыларын қалыптастыру.

б) проблеманы шешу құзыреттілігі:

Алған білім дағдылары негізінде өз бетімен жұмыстана білуге дағдыландыру.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

Сөздік, көрнекілік, практикалық

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту, дамыта оқыту.

Оқыту құралдары:

Интерактивті тақта, суреттер.

Күтілетін нәтиже:

Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды.Оқушылар сабаққа зейін аударады.

Өткізілген тақырып бойынша сабақ мақсатына жетеді.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру бөлімі:


Амандасу;түгендеу; оқушылардың назарын сабаққа аудару; оқу құралдарының дайындығын тексеру.


Психологиялық дайындық:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

-Амандасады,

-Кезекшілік міндеттерін атқару,

-Сабаққа дайындалады.


Психологиялық дайындық:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?









-Үй тапсырмасына барлығымыз дайынбызба?


Үй жұмысын топтарға бөліп орындау;



-14-жаттығу. «Кім келіспейді?» ойыны.Ойынның шарты: ойын бастаушы төмендегі сөйлемдерді тақтаға жазып, оны сөйлем мүшесіне талдап беруді талап етеді. Талдауға шыққан баланың пікіріне «Кім келіспейді?»деген сұрақ қояды.

1.Көкек өз атын өзі шақырады.

2. Ол таңертең Баянауылға соқты.

3.Талапты ерге нұр жауар.

4.Атам қамшы өрді.

5.Лезде су сарқылды.

-иә, дайынбыз.


- Барлығы үй тапсырмасына дайындалып келеді.


ІІІ.Қызығушылықты ояту:

Кім көп біледі? Ережелер әлемі


Өткен тақырыптар бойынша ережелерді қайталау.

ІҮ.Жаңа материалды меңгерту.



Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын жазайық.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. Боран соқты.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем деп атайды. Кеше боран соқты. Кеше қатты боран соқты.


Оқулықпен жұмыс.

15-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.

Тау мұнартады. Өсімдік көктейді. Жел тұрды. Шық түсті. Бұлт қаптады.

-Құраған сөйлемдеріңе синтаксистік талдау жаса.



16-жаттығу. Сызбаны толықтыр.



...


Мағынасына қарай өзара байланысады.


Олардың байланысы сұрақ қою арқылы анықталады.









Оқушылар дәптерге күннің жадын жазады.

Тек қана тұрлаулы мүшелерден құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. Боран соқты.

Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем деп атайды. Кеше боран соқты. Кеше қатты боран соқты.


Оқулықпен жұмыс.

15-жаттығу.


- Қоңыр тау мұнартады.

-Өсімдіктер жазда көктейді.

-Қатты жел тұрды

- Күзде шық түсті.

- Аспанда бұлт қаптады.



16-жаттығу.


- Сөйлем.


























17-жаттығу. Жайылма сөйлемдерді оқы.

1.Депутат сайлаушылармен кездесті.2. Ар алтынмен өлшенбейді.3. Күзгі суық өңменінен өтті. 4.Дулат ертең ауылға жүрмекші.5.Аңшы қақпан құрды. 6. Құсбегі бүркіт салды.

-Жайылма сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талда.



Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз.


18-жаттығу.Сөзжұмбақты шеш.Қарамен жазылған торкөздерден шыққан сан қанша болса, сонша сөзден тұратын жалаң сөйлем құрап жаз.

1. Табиғи дарын, ерекше қабілет.

2. Тор құратын жәндік

3.Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жылжып жүретін болат білеу жол.

4. Сан .


Құраған сөйлеміңе графикалық түрдегі талдау жаса.




19-жаттығу.Екі бағандағы жайылма сөйлемдерді оқы.Жайылма сөйлемдерді салыстырып, айырмашылығы неде екенін айт.

1. Атам қыстауға кетті. Атам бүгін қыстауға кетті.

2. Ақан мектептен келді. Ақан мектептен қазір келді.

3. Хамит Болатпен сөйлесті. Хамит Болатпен бүгін сөйлесті.

4.Қонақтар көрмеде болды. Қонақтар көрмеде кеше болды.

-Берілген графикалық модель қай бағандағы жайылма сөйлемдерге тиесілі?


21-жаттығу. «Мақал ішінде мақал» ойыны.Төменде берілген мақалдардағы қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, олармен сөйлем құра.Сонда тағы бір мақал шығады.

1. Аузында сөзі тұрмастың бір жерде өзі тұрмас. 2. Сөз асылы- кітапта. 3. Көп сөз- көмір, аз сөз-алтын.4. Оқуын тапса, білім қонар.








17-жаттығу.

1.Депутат сайлаушылармен кездесті.2. Ар алтынмен өлшенбейді.3. Күзгі суық өңменінен өтті. 4.Дулат ертең ауылға жүрмекші.5.Аңшы қақпан құрды. 6. Құсбегі бүркіт салды.





Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Біздер тату баламыз.


18-жаттығу.


- Табиғи дарын, ерекше қабілет.

- Тор құратын жәндік

- Үстінен пойыз, трамвай доңғалағы жылжып жүретін болат білеу жол.

- Сан .




Т

а

л

а

н

т


ө

р

м

е

к

ш

і

р

е

л

ь

с



т

ө

р

т











19-жаттығуды ауызша орындайды.





Т







Ө







р







т





















21-жаттығу.






- жерде, кітапта, алтын, білім


- Білім-кітапта, алтын-жерде.

Ү. Жаңа білімді бекіту:


а) Семантикалық  картамен жұмыс.



ә) «Кім жылдам?» ойыны

Берілген зат есімдердің бәріне ортақ әріпті тауып айт.

Шыққан сөздерден жалаң және жайылма сөйлем құрастырып жаз.


а) Семантикалық  картамен жұмыс.





ә) «Кім жылдам?» ойыны






- «Ж» әріпі. Жел соқты. Қатты жел соғып тұр.Жаңғақ берді. Фарида құрбысына жаңғақ берді.Жапырақ терді. Балалар сыртта жапырақтар теріп жүр.Жұлдыз көрінеді. Аспанда жұлдыздар жарқырайды.


ҮІ. Үйге тапсырма:

Оқулықтың 47-іншы бетіндегі

20-жаттығуды орындау. Суретке қарап әңгіме құра.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
336
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі