Ашық сабақ "Жалпыадамзаттық құндылықтар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жалпыадамзаттық құндылықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « СҮЙІСПЕНШІЛІК – ӨМІР НЕГІЗІ»

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: кешірімді болу, шыншылдық, аяушылдық сезімі

Мұғалім:

Сынып: 6 «Б»

Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: оқушыларға сүйіспеншілік құндылығын, мейірімділіктің мәнін үйрету арқылы ұғындыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға аяушылық сезімнің мейірімділік екенін түсіндіру.

  • Оқушылардың кешірімді болу қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың құрал‑жабдықтарын түгендеу. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тыныштық

  • Тазалық

  • Татулық


Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр меніңі шімде...Мен Нұрмын»

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


    1. Үй тапсырмасын тексеру:

Сара Назарбаева туралы өлең, ашық хат дайындау

Сабақ барысын талқылау:

    1. Дәйек сөз.

«Мейірімділікті анадан үйрен»

Халық даналығы

  • Неге мейірімділікті анадан үйрен дейді?

  • Ананың өмірдегі орны қандай?

  • Мейірімді болу маңызды ма?


    1. Әңгімелеу (сұхбат).

Мұғалім сыйы «Сүйіспеншілік» әңгімесі.

Мұғалім әңгімені баяндап болған соң, «Қалпақ» ойынын ойнатады. Қалпақ киген бала тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.


Базарға барайын деп сыртқа шыққан жас келіншек есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалды да, бар ниетімен үйіне шақырды. Сонда қарияның біреуі:

  • Біз шақырған жерге үшеуміз бірге бармаймыз, - дейді.

  • Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағым болса – Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік.

Өзін, жолдастарын таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қояды:

  • Қазір үйіңізге барып, жолдасыңызбен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреуімізді ғана шақыруға құқыларың бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтыңыздар, - деді.

Келіншек Сүйіспеншіліктің талабын күйеуіне айтқанда, қатты қуанған ол:

«Қандай жақсы, қандай жақсы», - деп қайталай береді. «Кімді шақыту еркін өзімізге берді емес пе? Біз байлықты шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Күйеуінің шешіміне көңілі толмаған әйел: «сәттілікті шақырғанға қалай қарайсың?» - деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келді. Негізінде ең асыл Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз.

Есікті ашқан келіншек үш ақсақалға «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық», - деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орындарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған келіншек Байлық пен Сәттілікке:

  • Тек біреуіміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер, - деді. Қариялар:

  • Егер тек қана Байлықты немесе Сәттілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ сіз сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін екеуміз де баруымыз керек. «Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз Байлық пен Сәттілік қашан да біргеміз» деді.

  • Әңгімеден не ұқтың?

  • Отбасының таңдауымен келісесің бе? Неге?

  • Сүйіспеншілік шуағына бөлену дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасы мүшелері қарияның басқа біреуін таңдаса не болады деп ойлайсыңдар?



    1. Сара Назарбаева туралы мәлімет. Слайд

    2. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Жеке жұмыс: «Менің анам» өз анасының жақсы қасиеттерін жазу.


І‑топ: Отанға деген сүйіспеншілік. ( сурет салу)



ІІ‑топ: Туған жерге деген сүйіспеншілік. (постер құру)




    1. Топпен ән айту



    1. Үй тапсырмасы.

  1. Оқулықтағы 95 беттегі «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» мәтінін оқып келу.


    1. Соңғы тыныштық сәті

- Ал енді балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар.





















Shape1 Shape2

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2020
433
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі