Материалдар / Ашық сабақ "Жәндіктер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жәндіктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыру, олардың атауларын бекіту. Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасату. Сөйлеу арқылы лексико-грамматикалық тұлғаларын дамыту. Фонетико-фонематикалық есту қабілеттерін дамыту. Тілдерін ширату. Жәндіктерге деген сүйіспеншілікке, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тақырыбы: Жәндіктер.

Мақсаты:

  1. Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыру, олардың атауларын бекіту.

  2. Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс жасату.

  3. Сөйлеу арқылы лексико-грамматикалық тұлғаларын дамыту.

  4. Фонетико-фонематикалық есту қабілеттерін дамыту.

5. Тілдерін ширату. Жәндіктерге деген сүйіспеншілікке, қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жәндіктердің суреттері, мүсіндері, дидактикалық ойындар,орман бейнесі.

Әдіс -тәсіл: түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,ғажайып сәт,ойын,қайталау, сұрақ - жауап,жұмбақтар жасыру.

Билингвальды сыңары: жәндіктер-насекомые-insect, көбелек-бабочка-butterfly, инелік-стрекоза-dragonfly, қоңыз-жук-beetle, қанқыз- божья коровка-ladybird, шегіртке-кузнечик-grasshopper, құмырсқа-муравей-ant, маса-комар-mosguito, шыбын-муха-fly, ара-пчела-bee,өрмекші-паук-spider .

Сөздік жұмыс: жәндіктер, көбелек, инелік, қоңыз, қанқыз, шегіртке, құмырсқа, маса, шыбын, ара,өрмекші .

Әлеуметтік инклюзия:Ясмина, Әділет, Жәңгірхан


Ұйымдастырушы- қозғаушы қезеңі:

Логопед: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгін бізде ерекше күн, өйткені бізге қонақтар келді. Қонақтармен амандасайық!

Балалар:- Сәлеметсіздер ме!

Логопед:-Енді бәріміз шеңберге тұрып, шаттық шеңберін жасайық!

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң!

Ормандар мен далалар!

Қайырлы таң!

Достасқан бар балалар!

Қайырлы таң!

Бізідің балабақшамыз!

Қайырлы таң!

Жора-жолдас, ұл мен қыз!

(балалар қимылмен шаттық шеңберін жасайды)

Ұйымдастырушылық- ізденушілік кезеңі:

Логопед: -Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Сендер оның жауабын мына тақтадан тауып көрсетіңдер!

  1. Төрт қанаты бар,

Инедей денесі бар.

Үлкен бақырайған көзі бар,

Бұл не екен , кім табар? (инелік)

  1. Ызыңдап ән салады,

Жұп жұқа қанаты.

Тәттіге тамсанып,

Қоқысқа қонады. (шыбын)

  1. Шидиген ұзын сирағы,

Тастай керең құлағы.

Сөйтіп жүріп көп жерге,

Аспалы тор құрады.(өрмекші)

  1. Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен. (құмырсқа)

  1. Гүлдерді жақсы көретін,

Қызыл-жасыл реңді,

Гүлге жақын жүретін,

Ол не екен, балалар? (көбелек)

  1. Гүлдерге қонады,

Шырынын сорады.

Түр-түсі сары ала,

Бұл не? (ара)

(Балалардың жауаптары).

Логопед:- Балалар, суреттерді тағы бір рет атап шығайық.

Балалар:-Ара, көбелек, өрмекші, шыбын, маса,құмырсқа, қоңыз,инелік т.б.

Логопед: -Осыларды біз бір сөзбен қалай атаймыз?

Балалар: -Жәндіктер.

Логопед: -Дұрыс! Бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Жәндіктер».

(Осы кезде есікті тақылдатып,ызыңдап «Ара» ұшып кіреді).

Ара: -Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: -Сәлеметсіз бе!

Ара:- Балалар,жауыз қоңыз ормандағы жәндіктердің бәрін дуалап, торға отырғызып қойды. Соларды босатуға көмектесесіңдер ме?

Балалар: -Иә, көмектесеміз!

Ара: -Онда барлығымыз орманға қарай бірге ұшайық.

(Үнтаспадан орман шуылының дауысы естіледі. Балалар көздерін жұмып ашып, орманда болады).

(Осы уақытта жауыз қоңыз шығады.)

Қоңыз:-Менің иелігіме рұқсатсыз келген бұл кімдер?

Балалар:- Сәлеметсіз бе,қоңыз! Біз осы орманда дуаланған жәндіктерді босатуға келдік.

Қоңыз:- Жоқ, мен оларды босата алмаймын. Егерде сендер менің айтқанымды орындасаңдар, мен ойланып көремін. Келісесіңдер ме?

Балалар: -Иә, келісеміз!

Қоңыз:- Жарайды, олай болса әр тордың үстінде тапсырмалар бар, соларды орындаңдар.

Логопед:- Ара, біз балаларға тапсырмаларды орындауға көмектесейік.

1-ші тапсырма: «Фонетикалық жаттығу».

Лек –лек- лек- көбелек,

Лік- лік- лік- инелік,

Қыз -қыз -қанқыз

Қа –қа- қа -құмырсқа,

Са- са- са- маса,

Ра- ра- ра- ара,

Ын- ын- ын -шыбын,

Ші –ші- ші -өрмекші,

Тер –тер- тер- жәндіктер.

(Балалар логопедпен бірге жаттығуды орындайды).

Қоңыз:- Бірінші тапсырманы дұрыс орындадыңдар. Жәндіктердің атауларын жақсы біледі екенсіңдер. Ендеше, бірінші тордағы жәндікті босатайын.

2-ші тапсырма: «Артикуляциялық жаттығулар».

«Шегіртке» (ауызды кең ашып, күлімсірейміз. Тілдің ұшымен бірінші жоғарғы тістерімізді, содан кейін төменгі тістерімізді жалаймыз).

«Ара» (ауызды кең ашып, күлімсірейміз.Тілдің ұшын таңдайға тигізіп «Джжжжжж» деп айтамыз).

«Гүлдің айналасындағы көбелек» (ауызды аздап ашып, тілдің ұшымен жоғарғы және астыңғы ерінді сағат тілімен айналдыра жалаймыз).

(Балалар логопедпен бірге артикуляциялық жаттығуларды дұрыс орындайды).

Қоңыз:- Екінші тапсырманы да жақсы орындап шықтыңдар. Тағы да бір жәндікті босатайын.

3-тапсырма: Тыныс алу жаттығуы: «Кімнің көбелегі алысқа ұшады?»

Логопед: -Шеңбердегі ілініп тұрған көбелектерді үрлеп орнынан қозғалту керек.

-Дұрыс тыныс алу үшін аузымыз жабық, мұрынмен демімізді ішке тартып,аузымызбен ауаны сыртқа қатты шығарамыз.

Ара:- Көрдің бе, қоңыз, біздің балалар қандай ақылды.

Қоңыз:-Иә мен келісемін. Менімен бір ойын ойнайсыңдар ма?

Балалар: -Иә, ойнаймыз.

Дидактикалық ойын: «Көбелек пен гүл».

Шарты: Түрлі-түсті гүлдердің үстіне түстеріне сәйкес көбелектерді отырғызу керек.

(Балалар ойынды қызыға ойнайды.)

Балалар:- Қызыл көбелек қызыл гүлдің үстіне отырды.

Балалар:- Сары көбелек сары гүлдің үстіне отырды.т.б.

Қоңыз: -Жарайсыңдар, сендер түстерді дұрыс ажырата білесіңдер.

Логопед:-Балалар барлығымыз бірге сергіту жаттығуын жасап, бірге дем алайық.

Сергіту жаттығуы: (Балалар әуеннің ырғағымен экранға қарап, жаттығуды жасайды.)

Қоңыз: -Ой балалар сендермен бірге жаттығу жасап, көңілім көтеріліп қалды ғой.

Қоңыз:-Келесі тапсырманы орындаңдар.

4 тапсырма: жаттығу: «Сөйлемді аяқта».

Логопед: - Мен сендерге сөйлемдерді оқимын, сендер оны аяқтап, қимылмен көрсетіңдер.

Құрт жорғалайды,ал шегіртке не істейді?

Балалар: -Секіреді.

Өрмекші жорғалайды, инелік.............(ұшады)

Құмырсқа жорғалайды, көбелек............(ұшады)

Көбелек ұшады, шегіртке.......(секіреді).

Ара ұшады, құмырсқа........(жорғалайды) .

Шегіртке секіреді,қоңыз......(ұшады).

Қанқыз ұшады, инелік.....(ұшады).

(Балалар қимылмен көрсетіп, жауап береді).

Логопед: -Жарайсыңдар,балалар!

Қоңыз: -Енді соңғы тапсырма қалды.

5-ші тапсырма: «Суреттерді құра».

Логопед: -Мен сендерге суреттердің жарты бөлігін беремін, сендер солардың екінші бөлігін тауып құрастыруларың керек. Алдымен біз саусақ жаттығуын жасап алайық.


Саусақ жаттығуы: «Жәндіктер»

Саусақтарды ашайық,

Жәндіктерді санайық.

Маса, шыбын, инелік

Қоңыз, қанқыз, көбелек.

Ара және өрмекші,

Құмырсқа мен шегіртке

Болады бәрі неше?

(Балалар саусақтарын бүгіп, жәндіктерді санайды.)

Логопед: -Енді суреттерді құрастырайық.

(Балалар тапсырманы орындайды.)

Логопед: -Тамаша, біз нелердің суреттерін құрастырдық?

Балалар: -Жәндіктерді құрастырдық.

Қоңыз: -Балалар мен сендерге ризамын.

Логопед: -Балалар, осы жәндіктердің бізге пайдасы бар ма?

Балалар: -Иә, әрине пайдасы бар.

Логопед: -Қай жәндік бізге бал береді?

Балалар: -Ара бізге бал береді.

Логопед: -Қандай жәндік ең еңбекқор?

Балалар: -Құмырсқа еңбекқор жәндік.

Логопед: -Олардың бізге зияны да бар. Мысалы, шыбын өте қауіпті. Ол тағамдарға қонып өзінің микробтарын қалдырады. Ал маса, кене адамдарды шағып, ауру таратады.Шегірке болса өсімдіктердің, ағаштардың жапырақтарын жейді.

Қоңыз:-Балалар, мен сендердің арқаларыңда жәндіктер туралы көп нәрсе білдім.Енді мен жәндіктермен тату- тәтті тұратын боламын.Сендерге көп рахмет! Сендердің еңбектеріне риза болып, барлығыңа тәтті сыйлық бергім келіп тұр!

Балалар:-Рахмет!

Логопед: -Ендеше бізде балабақшаға қайтайық.Сау болыңыз!

Қоңыз:-Сау болыңдар!

Балалар:-Сау болыңыз!

(Әуеннің ырғағымен балалар көздерін жұмып, балабақшаға қайтады).

Қорытыңды:

Логопед:-Балалар біз бүгін не туралы айттық?

-Қайда бардық?

-Нені көрдік?

-Ол жер сендерге ұнады ма?

-Біз қандай жәндіктерді көрдік?

( Балалардың жауаптары)

-Жарайсыңдар ,балалар!

-Бүгін бәрің де сабаққа жақсы қатыстыңдар. Сендерге өте ризамын.Сау болыңдар!

Балалар:-Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: әрбір бала жәндіктердің атауларын, пайдасын, қажеттілігін.

Нені меңгерді: жәндіктерге деген қамқорлық сезімдері қалыптасты; жәндіктерді ажыратады,

тақырыпқа байланысты жаттығуларды меңгерді.

Жасай алуы: оқу іс -әрекетінде берілген тапсырмаларды орындай алады.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!