Ашық сабақ "Жаңа жыл келді"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жаңа жыл келді"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құжат үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Сабақтың тақырыбы: Жаңа жыл келді.

Сабақтың мақсаты: Балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін

арттыру. Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіру.

Қыс мезгіліндегі мерекелер туралы әңгімелеу. Жаңа жыл туралы түсінік беру.

Көрнекілігі: Қыс көрінісі, шырша, Аяз ата, Ақшақар суреттері.

Әрекет кезең Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық Балалардың сабаққа дайындықтарын Балалардың сабаққа

қозғаушы бақылап өтемін. дайындығы

Психологиялық дайындық:

Кіп-кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Әлемдегі бар адамға,

Тек жақсылық тілейміз,

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Ұйымдастыру Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілі.

іздестіру Қыс мезгілінде не жауады, не қатады? Қар жауады,

мұз қатады

Дұрыс айтасыңдар, өзен-көлдерде

мұз қатады.

Қардың түсі қандай? Ақ түсті.

Аспанды қандай бұлт қаптайды? Қара бұлт

Қыс айларын атайықшы: Желтоқсан,

қаңтар, ақпан

Басқа мезгілдерге қарағанда қыс мезгілінің

ерекшелігі күн суық болады, қар жауады.

Күннің суық болуына қарамастан балалар Шана, шаңғы,

қар лақтырып, түрлі ойындар ойнайды. коньки тебу

Қыста көп еңбек етеміз, аулада қар күрейміз.

Балалар өткен сабағымызда «Тәуелсіз Қазақстан»

тақырыбында түсінік алған болатынбыз.

Еліміздің тәуелсіз ел екендігін түсінген едік.

Енді бүгінгі сабағымызда балалар «Жаңа жыл келді»

тақырыбында түсінік алатын боламыз. Балалар

алдымызда қандай мерекелер келе жатыр екен? Тәуелсіздік,

Жаңа жыл

Ал, Жаңа жыл біздің жыл басындағы

мерекелеріміздің бірі болып есептеледі.

Олай болса, оқулықтарымызға көз салайық.

Әліппе-дәптермен

жұмыс «Сырғанақ» өлең қатарын оқимыз.

Қар жамылады күллі алап,

Жүрмедік біз құр қарап.

Бір топ бала бірлесіп, Балалар да айтады

Жасап алдық сырғанақ.

Ақ кернеген он қабат

Тастағандай дөңді орап.

Ауырмайды еш жерім,

Аунап түссем домалап.

Демек қар жауған соң, біздер сырғанақ

жасап, онда сырғанайды екенбіз. Қыста көп

қызықты ойындар ойнауға болады екен.

Сондай-ақ шанада жүреміз, қардан Аққала

жасаймыз.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Ал сендер ойланып жауабын табыңдар.


Жұмбақ

Жапырақсыз сидиып

Жабырқаулы бар ағаш. Балалар шешуі:

Жасыл шапан жамылып, Шырша

Құлпырады қай ағаш?

Дұрыс жауап бердіңдер.

Ал онда балалар мынау қандай ағаш екен? Шырша ағашы

Шырша ағашын жаңа жыл мерекесінде

айнала ән айтамыз, өз өнерлерімізді көрсетеміз.

Жаңа жыл үлкен мерекелеріміздің бірі.

Және де жаңа жылда бізге кімдер келеді? Аяз ата

мен

Ақшақар

Олар шаршап келіп, демала отырып біздің

өнерлерімізді тамашалап тыңдайды және де

сыйлықтарын береді.

Сергіту сәті:

Қанатымызды жаяйық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз серігіп алайық.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Рефлексивті Жақсы серігіп алған болсақ, балалар

түзетушілік мен қазір сендерге сұрақтар беремін.

Бұл сұрақтар мына шырша ойыншықтарында

жасырынған. Дұрыс жауап берген балалар

шыршаны безендіреді.

Сұрақ-жауап:

  1. Қазір қандай мезгіл?

Қыс (қызыл төртбұрышты ойыншық) Сұрақтарға

  1. Қыс мезгілдерін ата жауап береді

Желтоқсан, қаңтар, ақпан (қызыл, көк ойыншық)

  1. Қыс мезгілінде күн қандай болады?

Суық, аяз (қызыл дөңгелек ойыншық)

  1. Қыста шыны боп қатады,

Жылы да су боп жатады. Мұз (күлгін ойыншық)

  1. Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз?

Шаңғы, хоккей (сары ойыншық)

  1. Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?

Президент, тәуелсіздік, жаңа жыл (жасыл ойыншық)

  1. Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. Аяз (көк ойыншық)

  1. Жыл басында қандай мереке болады?

Жаңа жыл мерекесі (қызыл сыйлық)

  1. Жаңа жыл мерекесіне кім келеді?

Аязата мен Ақшақар (жасыл сыйлық)

  1. Тікен-тікен тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте

Шырша (қызыл жұлдыз)

Күтілетін нәтиже: Қыс мезгілі туралы түсінгендерін бақылау

Білуі керек: Қыс мезгілі, жаңа жыл туралы үғынуы

Болуы керек: Сабаққа ұқыпты, белсенділік танытуы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2018
1998
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі