жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Жануарлардың асқорту жүйесі 8 сынып
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену |
Мектеп: Түймекент орта мектебі |
||||
|
Күні: 9.10.2020 |
Мұғалімнің аты-жөні: Жақсанова Шынар |
||||
|
Сынып: 8 Б |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы |
Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйелері. (жаңа тақырыпты меңгерту, моделдеу) |
||||
|
Оқу мақсаттары |
Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру |
||||
|
Сабақтың мақсаты |
Омыртқасыздар (жауын құрт) мен күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстыру; Жануарлардың асқорыту жүйелеріндегі ерекшеліктердің себептерін түсіндіру. |
||||
|
Бағалау критерийлері |
Омыртқасыздар (жауын құрт), күйіс қайыратын малдар (сиыр) және адамның ас қорыту жүйесінің құрылысын салыстырады. Жауын құрты, сиыр мен адамның асқорыту жүйелерінің әртүрлі болуының себептерін түсіндіре алады. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Асқорыту мүшелерін атайды Пәнге қатысты лексика мен терминология Тазқарын, қарын, жемсау, ұлтабар, жұмыршақ, қатпаршақ, аш ішек, тоқ ішек, тік ішек, жұтқыншақ, өңеш,. . |
||||
|
Пәнаралық байланыс |
Асқорыту мүшелерінде жүрілетін процесстер арқылы химия пәнімен байланысады. |
||||
|
Алдыңғы білім |
Тірі ағзаларға тән ортақ қасиеттері- 6 сынып, қоректену типтері, органикалық заттар -7 сынып. |
||||
|
Сабақ барысы |
|||||
|
|
Оқушыларға асқорыту жүйесі мүшелерін атау тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар өздеріне таныс мүшелерді атаған соң, не себептен осындай әртүрлі мүшелер бар? сұрағы талқыланады. Оқушылардың жауаптарын қоректің құрамының әртүрлі болуына байланысты әртүрлі қызмет атқаратын мүшелер болады деген жауапқа қарай бағыттау дұрыс. Сонымен бүгінгі сабағымыз не туралы деген сұрақ арқылы сабақтың тақырыбы ашылады. Сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау үшін осы жүйелер жөнінде қандай білім қажет деп талқылау жүргізіледі. Бағалау критерийлері таныстырылады. |
1 – 2 слайд
|
|||
|
|
Оқушылар әртүрлі жануарлардың асқорыту жүйелерін зерттейді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар асқорыту жүйелерінің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен танысады. Оқушылар 3 аялдамада суреттер ұсынылады. 1- аялдама. Шұбалшаңның асқорыту жүйесі 2- аялдама. Сиырдың асқорыту жүйесі 3- аялдама. Адамның асқорыту жүйесі Әрбір асқорыту жүйелерін сипаттау критерийлері ұсынылады. Олар: - асқорыту жүйесінде орналасқан мүшелерді атау; -әр мүшеде жүрілетін процессті атау; - мүшенің құрылыс ерекшеліктерінің жануардың қорек түрімен байланысын түсіндіру. |
4-6 слайд
|
|||
|
|
Оқушыларға алған білімді бекіту үшін тапсырмалар ұсынылады Бірінші тапсырмада оқушыларға асқорту мүшелері мен асқорту бездері жайлы тапсырма беріледі. Бірінші бағанға асқорту мүшелерін ретімен жазып шығу керек. Екінші бағанға асқорту бездерін жазуға тиіс. Екінші тапсырмада оқушыларға сәйкестендіру тесті беріледі. Бірінші қатарда асқорту мүшелерінің атаулары, екінші қатарда олардың қызметі берілген. Оқушылар осыларды сәйкестендіруі қажет.
Үшінші тапсырмада тест сұрақтары берілген. Асқорту жүйелеріне байланысты тест сұрақтарының дұрыс жауабын табуы қажет. Оқушылар асқорыту жүйелерін салыстыру үшін 3түрлі ағзаның асқорыту жүйелерін үлгілеу тапсырмасы ұсынылады. Моделдеу арқылы әр оқушы бір ас қорту жүйесінің суретін салып, ас қорту мүшелерін атайды. . |
7-слайд
8-слайд
9-слайд
А4 қағазы, түрлі түсті қалам. |
|||
|
|
Кері байланыс «Қызық, құнды, қиын»
|
Тақырып мазмұнына қатысты жүргізіледі, мысалы, шұбалшаңның асқорыту жүйесінің ішектер түрінде болуы қызықты болды, немесе сиырдың қарынының көп бөлікті болуы, оның күйіс қайыруының себебін білу құнды болды т.б. |
|||
|
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Оқушыларға ресурстың әртүрлі түрлері ұсынылады Оқушылар тақырыптың мазмұның өздері қалаған ақпарат түрімен жұмыс жасау арқылы меңгереді Кейбір көмекті қажет ететін оқушылар үлгілеу кезінде дайын сызбаларды пайдаланады. |
||||
|
Бағалау |
Оқушылардың ауызша жауаптары, үлгілеу жұмыстары, оларды қорғауы, тапсырмаларды орындаулары арқылы, ауызша жауаптары мен сұрақтар қоюы арқылы бағаланады. |
||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген