Материалдар / Ашық сабақ Жапырақтың құрылысы мен қызметі. 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жапырақтың құрылысы мен қызметі. 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.2.1 жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2021
612
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Джумабаева Анаргуль Айдангалиевна

«Биология » пәні мұғалімі

БҚО Ақсай қаласы №4 ЖББОМ


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлім: Тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері

Бөлімше: Қоректену

Күні:

Сынып: 7

Мектеп : БҚО Ақсай қаласы №4 ЖОББМ

Мұғалімнің аты – жөні : Джумабаева Анаргуль Айдангалиевна

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы : Жапырақтың құрылысы мен қызметі.

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары

7.1.2.1 жапырақтың ішкі құрылысын сипаттау, құрылысы мен оның қызметі арасындағы өзара байланысты түсіндіру.

Сабақтың мақсаты

- Жапырақтың ішкі құрылысының ерекшелігін сипаттау

- Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметін анықтау

- Өсімдіктердегі қоректік заттарды тасымалдаудағы жапырақтың маңызын түсіндіру

Бағалау критерийі

- Жапырақтың ішкі құрылысының ерекшелігін сипаттайды

- Жапырақтың негізгі құрылысы мен қызметін анықтайды

- Өсімдіктердегі қоректік заттарды тасымалдаудағы жапырақтың қызметінің маңызын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолданады:

- Жапырақтың негізгі ішкі құрылысын анықтай отырып,

фотосинтез үдерісі үшін қажетті жағдайларды топ ішінде, топаралық байланыста талдау арқылы ауызша академиялық тілі дамиды.

- Кестені қолдана отырып , жапырақтың ішкі құрылысын жұпта анықтайды.

- Тірі ағзалардағы қоректік заттардың тасымалының маңызды екеніне қорытынды жасайды.

Пәнге қатысты терминдер мен негізгі сөз тіркестері: Минералды қоректену ;

ауа арқылы қоректену ; паренхима ; Бағаналы паренхима ; кеуекті паренхима;

трансперация ; лептесік ; өткізгіш ұлпалар ; електәрізді түтікшелер , механикалық ұлпалар.

Талқылауға арналған тармақтар:Топырақтан заттарды сіңіру - ... ... деп аталады. Ол ... арқылы жүзеге асады.; Ауадан жарық және заттарды сіңіру- ... ... деп аталады. Бұл үдеріс негізінен ... жүреді. Фотосинтездеуші ұлпа жасушалары-... . Жапырақтың қабықшасы қорғаныш қызметін атқаратын ... ... болып табылады. Жапырақтың төменгі жағында маңызды құрылым ... болады .


Кілт сөздер : минералды қоректену ; тамыр ; ауа арқылы қоректену ; жапырақтарда ;

паренхима ; жабын ұлпасы ; лептесік .

Құндылықтарға баулу

Топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен әрекеттің өнімін дайындауға , жұптық жұмыста бір-бірінің ойын тыңдай білуге, жеке жұмыста жауапкершілікпен тапсырманы тиянақты орындауға үйренеді.

Пәнаралық байланыс

Химия – «Судың булануы»

Физика – «Судың агрегаттық күйі.»

Алдыңғы білім

5 – 6 сынып , жаратылыстанудан:

5.4.2.5. Фотосинтез үдерісін түсіндіру.

6.4.2.6. Ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

12- минут





І.Ұйымдастыру

Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

«Таза тақта» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру

Тірек сөздерді тақтаға іліп, оқушылардан анықтамасын еске түсіруді сұраймын . Оқушылардың жауабынан кейін тірек сөздер тақтадан алынып , тақта тазарып отырады .

Тірек сөздер : Қанайналым жүйесі, жүрек, қантамырлар, тұйық және ашық жүйелер, үлкен қанайналым шеңбері, кіші қанайналым шеңбері .

ҚБ: «От шашу»

Саралау : Қарым - қатынас арқылы диалог негізінде саралау.

« Стоп кадр » әдісі арқылы

«Жапырақ» бейне-ролигін көрсетіп, оқушыларды жаңа тақырыпқа қызығушылығын ояту.

Бейне - роликті қарап болғаннан кейін оқушыларға сұрақтар қойылады.

-Жапырақтың түсі не себепті жасыл болады?

Себебі, хлоропластарға бай , іші жұмсақ жасыл шырынға толы , фотосинтездеуші ұлпа жасушалары бар .

-Фотосинтез процесі қайда жүреді?

Жапырақ жасушаларында жүреді.

Қ .б : Мадақтау.

Саралау : Ресурс , диалог бойынша саралау.

А4 форматына жазылған тірек сөздер










https://youtu.

be/6PJ-iTAVFwk








Сабақтың ортасы

20 минут





































































Мұғалім оқушыларға « Жапырақтың ішкі құрылысы » таныстырылымын ұсыну арқылы тақырыпты түсіндіреді.


Жапырақ - өсімдіктің қоректенетін басты мүшесі.

Өсімдіктің негізі екі әдіспен қоректенуін еске түсірейік.

1.Минералды қоректену - топырақтан заттарды сіңіру.

Ол тамыр арқылы жүзеге асырылады.

2.Ауа арқылы қоректену - ауадан жарық және заттарды сіңіру.Бұл үдеріс негізінен жапырақтарда жүреді.

Жапырақ басты үш қызмет атқарады:

Фотосинтез

Судың булануы

Фотосинтезге де , тыныс алуға да қажет газ алмасу.


Мұғалім оқушыларға сабақ тақырыбын таныстырады, Оқушылар сабақ мақсатын анықтайды.


Жаңа тақырыпты түсіну үшін жұптық тапсырмалар беріледі.

Жұптық жұмыс « Жұптық әңгіме» әдісі

Мақсаты : Идеяларды құрастырып , белсенді тыңдап,бар ойын талқылауға шоғырландыруға көмектеседі . Жұптарды қолдану, оқушыларға сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін оқушыларға көмектесуге мүмкіндік береді. Жұптық жұмыста бір-бірінің ойын тыңдай білуге, жеке жұмыста жауапкершілікпен тапсырманы тиянақты орындауға үйренеді.

Жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметін сәйкестендіру

Жапырақ құрылысы

Қызметі

a)борпылдақ

1.фотосинтез үдерісі жүреді

b)лептесік

2.қоректік заттарды өткізеді

c) бағаналы жасушалар

3.жасушаішілік бөлігін күн сәулесінен қорғайды

d) өткізгіш шоқтар

4.өткізгіштік қызмет атқарады

e) мезофилл

5.суды қорғайды.


1. Суретте жапырақтың ішкі құрылысы берілген.

(а) Жапырақтың ішкі құрылысын анықтайтын құрылымдарды атаңыз және атқаратын қызметін сипаттаңыз.



Оқушылар жапырақтың ішкі құрылысын атайды және тұсына жазып көрсетеді.


Дескриптор:

-жапырақтың ішкі құрылысының ерекшелігін анықтайды.

-жапырақтың ішкі құрылысы мен қызметін ажырата алады.

- лептесік , жапырақ фотосинтездеуші , суды буландырушы және газ алмастырушы арнайы мүшелердің қызметінің маңызын түсіндіреді.


ҚБ: «Екі керемет , бір әттеген-ай »

Саралау: Ресурс бойынша берілген мәтінді саралайды.


Қолдарына берілген түрлі түске боялған жапырақ суретінің қиындыларын біріктіру бойынша топқа бөлу.


Топтық жұмыс

Берілген ұғымдарды пайдаланып, жапырақтың қызметіне байланысты «Үш сұрақ » әдісін ұйымдастыру.

Тапсырма :

Жапырақтың қызметі үшін заттар тасымалының маңызын анықтау мақсатында жазылған сөздер парақ қиындыларға бөлініп , оқушыларға ұсынылады. Оқушылар толық сөйлем құрастырулары қажет.

Мақсаты : Топтық жұмыс жасау арқылы бірлескен әрекеттің өнімін дайындауға үйренеді.


1 - топ : Тамыр сіңіретін су жапырақ жасушаларының тіршілігіне және фотосинтез үшін қажет.

2 - топ : Су буланған кезде өсімдік температурасын төмендетеді де , жазда ағзаның қызып кетуінен сақтайды.

3 - топ : Су буланған кезде тамырдан жапыраққа тартылады да, онымен бірге барлық тірі жасушаларға қажет еріген заттар да өсімдікке таралады.

Дескриптор :

- Өсімдіктердегі қоректік заттарды тасымалдаудағы жапырақтың маңызын сипаттайды

- Фотосинтез процесінің маңызын анықтайды

ҚБ : «Қол шапалақтау» Дайын жауап негізінде өзара топ аралық қол шапалақтау арқылы бағаланады.

Саралау : Тапсырманы орындау барысында қарым-қатынас арқылы оқушының дербестігі мен жауапкершілігі қарқынды сараланады.



Слаид арқылы


Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбына арналған оқулық. А.Соловьева, Б.Ибраимов, Ж.Алина.

Алматы «Атамұра»,2017

82 - 85 б.



















А4 форматына жасалған

тапсырмалар



































Түрлі түсті жапырақ қиындылары.

Сабақтың соңы

8 минут





Жеке жұмыс

Эссе немесе «Еркін әңгіме» әдісі арқылы өсімдіктердегі қоректік заттарды тасымалдаудағы жапырақтың маңызын түсіндіру.

Қолданылуы : Мәліметті әр оқушы өз ойымен 10-15 сөйлеммен қағаз бетіне түсіреді . Эссе жазар алдында міндетті түрде нақты критерийлер беріледі.

Критерийлері :

Жапырақтың ішкі құрылысының ерекшелігін сипаттап жазу.

- Жапырақтың негізгі құрылымы туралы түсінігін жазу.

- Өсімдіктердегі қоректік заттарды тасымалдаудағы жапырақтың маңызын түсіндіру.

Дескриптор :

<

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!