Ашық сабақ Жақшаларды ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Жақшаларды ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына

Материал туралы қысқаша түсінік
Біліктілік санат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жақшаларды ашу. Ортақ көбиткішті жақша сыртына

шығару.


Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: оқушыларға жақшаларды ашу, ортақ көбиткішті жақша сыртына шығару туралы түсінік беру.

Б) Дамытушылық: жақша алдында «+» және «-» таңбалары болса, қосылғыштардың таңбалары қалай өзгеретінін ұғындыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін аттыру.

В) Тәрбиелік: орындаушылық, көңіл аударуушылық, қызығушылық, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.


Сабақтын түрі: Жаңа материалды меңгерту.


Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, топтық, шінара өздік жұмыс.


Сабақ құрамы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй жұмысын тексеру бөлімі.

  3. «Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)

  4. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» жаңа материалды меңгеру бөлімі

  5. Жасырын санды тап! (сандарды толықтыру)

  6. Тез есептей білеміз бе? (жаңа сабақты бекіту)

  7. «Кім жылдам?» (бекіту сұрақтары)

  8. Оқушыларды бағалау.

  9. Үйге тапсырма беру.

  10. Қорытынды.


І. Ұйымдастыру бөлімі:

А)Амандасу Б) Түгелдеу

ІІ. Үй жұмысын тексеру бөлімі: № 734, 740


ІІІ. «Миға шабуыл» (деңгейлік сұрақтар)

І деңгей:

1. Оң сандар дегеніміз қандай сандар?

2. Кез келген санды нөлге бөлсек не шығады?

3. Кез келген санның нөлге көбейтіндісі неге тең?

4. Теріс сандар дегеніміз қандай сандар?

5. Кез келген санның таңбасы қандай болады?

ІІ деңгей:

1.-4 пен -1 сандарының қайсысы үлкен?

2. Қарама-қарсы сандар дегеніміз?

3. Алгебралық өрнектер дегеніміз?

4. Рационал сандар дегеніміз?

5. Таза және аралас период дегеніміз?

ІІІ деңгей:

1.Рационал сандарды көбейту ережесі?

2.Координаталық түзу дегеніміз?

3.Алгебралық өрнектің мәні

4.Таңбаларды әр түрлі сандарды қосу ережесі?

5.Теріс саңдарды қосу ережесі?


ІV. «Ел ертеңі білімді ұрпақ» жаңа материалды меңгеру бөлімі

І. Жақшаларды ашу.

Жақша ішінде алгебралық қосынды жазылған өрнектерді оған тең жақшасыз өрнектермен алмастыруға болады. Мұндай жағдайды «жақшаларды ашу» дейміз.


Фариза:

І жағдай: «+» а+(-в+с-d)

1-мысал: 7+(-9а+4в-с) = 7 +(-9а)+(+4в)+(-с)= 7-9а+4в-с.

7+(-9а+4в-с) = 7-9а+4в-с.

Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштар өз таңбаларымен жазылады.

а+(-в+с-d) = a-в+с-d.


ІІ жағдай: «-» а-(в-с+d)

2-мысал: 5-(2а-3в+7с) = 5 + (-2а) + (+3в) +(-7с) = 5-2а+3в-7с.

5-(2а-3в+7с) = 5-2а+3в-7с.

Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама-қарсы таңбамен жазылады.

а-(в-с+d) = a-в+с-d.

Ботагөз:

ІІІ жағдай: а(в+с) = ав+ас; а,в,с – рационал сандар.

3-мысал: 7(3а-в) = 7*3а+7*(-в) = 21а-7в.

7(3а-в) = 21а-7в

а(в+с+d) = ав+ас+аd

4-мысал: 2+5(4а-7в+6с) = 2+20а-35в+30с.


Әсем:

ІІ. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

ас+вс = с(а+в); с - ортақ көбейткіш.

5-мысал: 12х+15у-21z = 3(4х+5у-7z); 3 – ортақ көбейткіш.


V. Жасырын санды тап! (сандарды толықтыру).

1) 1,2 (а+3) = 1,2а+3,6

2) ах-3вх-сх = х(а-3в-с)

3) 4а-(3в-с) = 4а-

4) m+(9n-k-p) = m+9n-k-p


VІ. Тез есептей білеміз бе? (жаңа сабақты бекіту).


750

1) а+(в-с) = а+в-с; 3) m-(-n-k) = m+n+k; 5) x-(-3+y-z) = x+3-y+z;

7) a-(b-c+d) = a-b+c-d; 9) m-(-2+n+k) = m+2-n-k.

751

1) 1,9(a+2) = 1,9a+3,8; 3) -2(x-0,9) = -2x+1,8; 5) 1,3(a-b) = 1,3a-1,3b.


752

1) 2m-2n = 2(m-n); 3) 6x+10y = 2(3x+5y);

3x+3y = 3(x+y); 15a-12b = 3(5a-4b);

-4m-4n = -4(m+n). 20c-24d = 4(5c-6d).


753, 754.


VII. «Кім жылдам?» бекіту сұрақтары.

1) Жақшаны ашу дегеніміз не?

2) І жағдайы, ІІ жағдайы, ІІІ жағдайы.

3) Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

4) Көбейтудің үлестірімділік қасиеті.


VIII. Үйге тапсырма беру: №750(2,4,6,8), №752(2), №753(2,3)


IX. Оқушыларды бағалау:


X.Қорытынды. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
511
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі