Иманова Гаухар
Бердихановна
Шымкент
қaлaсы,
білім
басқармасының
«Білім - инновация» ер
балаларға
арналған № 1 лицей -
интернаты» КММ
Тәрбие сағатының
тақырыбы: Жақсы кітап - жақсы
дос.
Мақсаты:1) Оқушыларға білімнің
кітап арқылы берілетінін ұғындыру
2) Зейінін шоғырландыру,
шығармашылық қабілеттерін ,ой-өрісін дамыту,ой
қозғау.
3) Оқулықты құрметтей
білуге, таза ұстауға,ұқыптылыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі:ой қозғау, сұрақ-жауап ,ой
толғаныс
Сабақтың
түрі: аралас
сабақ
Көрнекілігі: интертақта, слайд, қима
қағаздар, плакаттар, шарлар, суреттер, кітап
көрмесі.
Сабақ
барысы:
1)Психологиялық
дайындық.
«Жүректен- жүрекке» жылы
лебіздерін білдіру.
Құрметті
ұстаздар,оқушылар!
«Жақсы кітап –жақсы дос» атты
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі тәрбие сағатымызды
күндегіден ерекше өткелі отыр , сендер кітап туралы не
білетіндеріңді ортаға көрсете білейік
.-балалар.
Кітап туралы не
білеміз?
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал
түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген
сөз.
«Папирус»
кітабы.
Мысырда жазуға папирус
қолданыла бастады .Кітап папирус деп аталатын су
өсімдігінен дайындалған материалға жазылып , жұмыр
таяқшаларға шиыршықтап оралады
.
Пергемент
кітабы:
Пергамент –жазуға арналған
,өңделген бұзау терісі .Кіші Азиядағы Пергама қаласының
атымен аталған
Еуропада кітап
шығарудың негізгі материалы
қағаз
XIII ғасырда пайда болған
.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды
артқа тастаған екен.
Кітап өмір айнасы, замана
сыры, тарих шежіресі,оқу, тәрбие құралы.
Кітап жасау үшін адам баласы
көп еңбек сіңіреді.Алдымен адам
орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады,одан қағаз
шығарады.Содан соң авторлар жазады,суретші сурет салады.Баспахана
суреттер мен жазуды басып шығарады. Кітап ғалым- тілсіз мұғалім деп
тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі тәрбие сағатында бәрімізді білімді,
өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға
көмектесетін ақылдың кені – кітапқа
арналады.
Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ.
Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап –
ақылдың кені. Кітап – бар білімнің бастауы, бар ғылымның бастауы.
Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз
бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты
ғалым болған адамдарда дүние жүзінде аз
емес.
Кітап – біздің рухани
құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз. Өткен замандардың тұңғиық
тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым
кереметтерін де кітапханадан табамыз. Талай оқиғалардың куәсі,
талай жаңалықтың көзі – осы
кітаптар.
Кітаптарды таза етіп
сақтаған,
Оқырманға бар білгенін
ақтарған.
Аянбайды әрқашанда ел
үшін,
Кітапханашы ел үмітін
ақтаған.
«Кітап – рухани қазынамыз», -
деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар
әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің
кітапханашысы Шарипа Махатаева апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз
сөйлейді)
Қорытынды:
Бүгінгі тәрбие сағатымызды қорыта келе
айтарымыз. Кітап туралы көп нәрсе меңгердіңдер, білдіңдер,
естідіңдер, ендігі жерде кітапты таза, ұқыпты
ұстаймыз.
Кітапхана - кітаптардың
ордасы,
Білсең кітап - нағыз жол
басшы.
Біздің ғасыр білімділер
ғасыры,
Деп айтқанды Нұрсұлтандай Елбасы
ағамыз.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің
кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен
ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай
әлемге паш ете білу керек»,- деген
еді.
Олай болса, құрметті қонақтар, ұстаздармен
бірге балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс
істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе
берсін!-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымыз
аяқталды.
Қатысқандарыңызға көп-көп
рақмет! Сау болыңыздар!