Материалдар / Ашық сабақ "Жақсылық - жан жадыратады " 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Жақсылық - жан жадыратады " 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сүйіспеншілік құндылығының маңыздылығын өмірде ізгілік, қамқорлық сияқты қасиеттері арқылы жарыққа шығара білуге тәрбиелеу. Сабақ барысындағы шығармашылық жұмыстар арқылы олардың қаблеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп Мерзiм 09./11 2017 ж.

Мұғалiм Аксатиева К.Т. Сынып – 9 «Б» Оқушылар саны- 20

Тақырып № 9 Жақсылық -жан жадыратады.

Құндылық Сүйіспеншілік. Қасиеттер: ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік

Мақсаты: оқушыларға ізгілік, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерінің маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Оқушыларға көңілдің тазалығы арқылы риясыз сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру;

  • Оқушылардың бойындағы ізгілік, қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды өмірде мейірімді болуға тәрбиелеу.


Ресурстар:(түрлі-түсті бояулар, плакат, әуен)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» сақталуы

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтаңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көздеріміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Осы нұрды бүкіл әлемге бағыттаңыз.





Үй тапсырмасын тексеру Мәтінмен жұмыс. 48-49 беттегі А.Құнанбаевтың «Жиырма үшінші» қарасөзін оқып талқылау.

- Жаманға салысып жақсы бола ма? - дегенді қалай түсінесіңдер?

- Жамандықты қандай жақсы қасиеттер арқылы жақсартуға болады?

- Өздерің жақсы қасиеттеріңді қалай дамытып жүрсіңдер?


Ескерту


4мин






























10 мин



4.Жаңа тақырып

Дәйексөз

Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңлің ашылады.

М. Әлімбаев


Берілген дәйексөзді оқушылар бәрі бірігіп оқиды.

    Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдап, қорытындылау.


3 мин

5.Мұғалімнің сыйы «Жақсылыққа сенім» (өсиет әңгіме)

Қарт кісінің үйіне жас жігіт қонаққа келеді. Олар өмір жайында, жақсылық пен жамандық жайында ұзақ әңгімелесе келе, қария жігітке:

- Бөлме ішіне мұқият зер салып, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, - дейді.

Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді. Бірақ жігіт бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Сонда қарт оған:

- Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, - дейді.

Жігіт сасып қалып:

- Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті еш нәрсе байқамадым, - дейді.

Қарт:

- Енді көзіңді ашып, айналаңдағы көк түсті заттарға қара. Олар сен ойлағаннан да көп, - дейді.

Бұл шындық еді. Жігіт қатты таңырқаған сәтте қарт сөзін жалғап:

- Бөлмеден қоңыр түсті заттарды тапқандай, өмірден тек жамандықты іздей беретін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналады. Сол себепті, тек жақсылыққа сен!

Расымен де, әлем біздің санамызда өмір сүреді. Мәселе қиындықта емес, сол қиындықты қалай қабылдайтындығымызда. 

Талқылау сұрақтары: (үш топқа)

  • Қария мен жігіт не туралы әңгімелесті?

  • Жақсылық неден басталады деп ойлайсыңдар?

  • Риясыз жақсылық жасаған кездерің болды ма?


4 мин

6.Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

І-топ: «Жақсылыққа жету жолы» тақырыбына сахналық көрініс

ІІ-топ : «Жақсылыққа жету жолы» әңгіме құрастыру;

ІІІ-топ : «Жақсылыққа жету жолы» тақырыбына шығарма жазу.

12 мин








7.Үйге тапсырма: Дәптермен жұмыс. Тапсырма бойынша өз бойларыңдағы жақсы қасиеттердің бірін таңдап, сөйлемді аяқтаңдар.

2 мин



8. Топпен ән айту «Мейірімді болайықшы адамдар» әнін орындау.

Сөзі: С. Қали.

Әні: Қ. Махан.

1.Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!


Қайырмасы:


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


2.Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


3 мин


Балалар, бүгінгі сабақтан алған білімімізді ойға түйіп, жақсы қасиеттерді жүрегімізге сақтайық. Рахмет! Сау болыңдар.

2 мин

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!