Материалдар / Ашық сабақ Жақындарымызға және достарымызға ашық хат жолдаймыз 4 сынып

Ашық сабақ Жақындарымызға және достарымызға ашық хат жолдаймыз 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге ашық сабақ бергенде көмегі тиеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
879
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні. Наркенова А.Қ

Сабақтың тақырыбы:  Жақындарымыз бен достарымызға ашық хат жасаймыз.

Сынып: 4Ә

Қатысқан оқушылар саны

Қатыспағандар

Оқу мақсаттары

Қаріп түрлерімен танысып, ашықхат жасау арқылы адамгершіліктік-құндылықтық қасиеттерін қалыптастыру. Өз идеялары мен сезімдерін көрсете отырып, әртүрлі қаріптермен жұмыс істеп, оларды қабылдауды дамыту.

Бағдарламалық міндеті

4.1.3.1

4.2.2.1

4.3.2.1

4.2.3.2

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: қаріп (шрифт) түсінігімен, өз идеясы мен сезімдерін көрсете отырып, әртүрлі қаріптермен жұмыс істеп үйрету. Ашықхат жасау өнерін айтып беріп, оқушыларды өз бетінше шығармашылық ашықхат жасауға ынталандыру.

Оқушылардың шығармашылық міндеті: №1 жұмыс дәптеріндегі қанық және қанық емес түс, түс үйлесімі, ерекше мәтін мен композиция ойлап тауып, ашықхат жасау тапсырмаларын орындау. Әсерлі қаріптерді қолдана отырып, мәтін жазу.

Оқушылардың міндеті

Кейбір әріптердің жазылу ерекшелігін сипаттау. Ерекше қаріптермен жазылған белгілі бір сөздерді суреттеп, талдау. Ашықхатқа ізгі ниетті тілек жазу. Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

Тірек сөздер: қанық түстер, сезімді білдіру, қаріптер, сиқырлы әріптер, көркем ашықхат,  ізгі тілектер.

Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

1. Қанық емес ашық түстермен қандай сезім мен әуенді беруге болады?

  1. Жауап. Қанық емес ашық түс үйлесімімен нәзік, тыныштықты білдіруге болады.

  2. Қанық емес қою түспен қандай көңіл күй мен әуенді беруге болады?

Жауап. Қанық емес қою түстер үрей мен сағынышты білдіреді. Адамның жабырқаңқы, жұмбақ күйін білдіреді.

  1. Қанық түстермен қандай сезім мен әуенді көрсетуге болады?

Жауап. Қанық түстер мерекелік, көтеріңкі көңіл күйді білдіреді. Егер сен мерекені, адамдардың бір шаруа үстіндегі бейнесін, көңілді әуенді бергің келсе, қанық түстерді пайдаланғаның дұрыс.

  1. Ашықхаттарды қандай мерекелер мен күндерге арнауға болады?

Жауап. Ашықхаттарды әртүрлі мерекелерге арнап беруге болады: Жаңа жыл, туған күн, Наурыз, Халықаралық әйелдер күні. Алайда ашықхатты өзіңе қымбат адамға себепсіз де беруге болады. Ол жерге өз ниет-тілегіңді білдіресің.

  1. Қаріп дегеніміз не?

Жауап. Қаріп – кітап графикасындағы, плакат, жарнамадағы графикалық сурет.

  1. Қаріппен нені білдіруге болады?

Жауап. Қаріптің көмегімен әр алуан сезімдерді, сөздің жалпы мәнін беруге болады.

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар: қаріп деген не екенін, қаріп және қанық, қанық емес түстердің көмегімен сезімімізді қалай беруге болатынын біледі.

Әртүрлі түстермен орындалған жұмыстар мен әртүрлі әріп, сөздердің жазылуын талқылай алады. Тақтада әріптер мен сөздерді жазып көрсете алады.

1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың көпшілігі: жұмыс дәптеріндегі ашықхатты безендіру тапсырмасын орындайды.

Кейбір оқушылар: алған білім, білік-дағдыларын пайдаланып, өз бетінше шығармашылық ашықхатын жасайды.

Бұрын алған білімдері

Түстердің әсерлі мүмкіндіктері мен сипаты, (1, 2, 3-сыныптар).

Суреттің өлшем және пішіммен байланысы, (1, 2-сыныптар).

Қағазбен жұмыс істеу ерекшелігі (2-сынып).

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта әдебиеттік оқу, музыка пәндерімен байланыс орнайды. Оқушылар ашықхат жасауға мәтіндерді тақпақ түрінде дайындайды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрлері

Дереккөздер

Сабаққа кіріспе

Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай туғызу. Сабақтың басында әртүрлі музыка мен балаларға арналған әндерді қосып қоюға болады.

Музыкалық үзінділер.

Әртүрлі мерекелерге арналған ашықхат.

Алған білімнің өмірмен байланысы.

Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Бұл сабақ арқылы қабырға газетін, ашықхат, жалпы әртүрлі жазбаларды безендіруге ерекше назар аударып үйренеді. Бұл оқушыларға өз бетінше әдемі плакат, ашықхат, постер жасауға көмектеседі.


Материалды түсіндіру

Сабақтың басында оқушылар қанық және қанық емес түстерді еске түсіріп, олардың адамның сезімін берудегі рөліне тоқталады.

Мұғалім балалармен бірге оқулықтағы суретшілердің туындыларына назар аударып, олардың түс үйлесіміне, ол нені үндейтініне, туындының идеясы мен көңіл күйінің байланысына, көрерменді қандай сезімге бөлейтініне көңіл бөліп, талқылайды. Одан соң оқушылар материалдарды бекіту үшін №1 жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды. Одан әрі мұғалім қаріп түрлері туралы айтады: «Суретші – жай қарапайым заттардың өзінен ерекше, қызықты дүниелерді көріп, оны басқалардың да көруіне көмектесетін адам. Біз бүгін әріптер әлеміне сапар шегеміз. Сендер таңғалып отырсыңдар ма?

Қарапайым әріптер бізді несімен қызықтыруы мүмкін? Біз суретші емеспіз бе? Кәне, қарапайым әріптерге қарап, олардан ерекше нәрселерді байқап үйренейікші. Мысалы, «Я» әрпін алайық. Ол неге ұқсайды?» ( мұғалім тақтаға бұл әріпті әртүрлі етіп салады, сонда оқушылар олардан өздеріне таныс бейнелерді көреді). Балалар оны бір қырынан қарап тұрған қарны томпақ адамға, балыққа, ілмекке және т.б. ұқсатады. Тіпті ерекше жауаптарды да естуге болады.

Балаларға әріптер туралы қызықты оқиғаларды айтып беруге болады. Мысалы, «К» әрпі өзін хас сұлумын деп санап, айнаның алдынан шыр айналып шықпай қойды. Айналып-айналып «Ж»-ға өзгеріп, енді хас сұлудан жапалаққа айналды. Мүмкін, жапалақ емес, тырна шығар. Ал көңілді «Р» әрпінің тісі ауырып, беті ісіп, ол ... әріпке айналды. Балалар бәрі бірге «Ф» деп жауап береді.

Одан соң балалардың назарын бір әріптің өзі әртүрлі бола алатынына аудару керек. Алдымен бір әріппен жұмыс істейді. Сыныпта бір әріптің кім көп нұсқасын жасайтыны бойынша байқау өткізуге болады.

Оқулықтағы иллюстрациялар баланың ой ұшқырлығын дамытуға көмектеседі. Алдымен бір әріптің әртүрлі таңбаларын барынша көп қып жасайды. Одан кейін кішкене күрделендіріп, көңіл күйі өзгерген әріптің суретін салуды тапсырады.

Балалар ондаған қызықты нұсқаларын табады. Ең дұрысы, балаларға үйден 10х10 см қағаздан жасалған шаршыларды әкелуді тапсырады, сонда әрбір әріп белгілі бір өнер туындысы болып, олармен әдістемелік плакатты әшекейлеуге болады. Әріптерді түсті фломастерлермен салып, тек сызық пен пішіннің әсерлілігіне ғана емес, түсіне де назар аудару керек.

Оқулық.

4-сыныпқа арналған

1 жұмыс дәптері.

Әртүрлі ашықхаттар, көркем жазылған сөздер.

Өздік жұмысты орындау

Оқушылар жұмысқа кіріспес бұрын ашықхат жасау идеяларымен бөліседі. Материалдар мен тәсілдерді таңдауға ерік беріледі. Жасанды материалдарды да, табиғи материалдарды да қолдана береді (кепкен гүлдер, жапырақ, қауырсын, ағаш қабығы). Сонымен қатар әртүрлі ашықхаттардың кейбір бөліктерін де қолдана алады. Мұғалім де, оқушы да бұл жұмысты орындаудағы басты мақсат – көркем безендірілген ашықхат жасау екенін есте сақтау керек.

Түрлі түсті қалың қағаз, ашықхат жасайтын жұқа қатырма қағаз, табиғи материалдар (кепкен өсімдіктер, қауырсын, ағаш қабығы), мата қиындысы, фломастер, гуашь және акварель бояулары, қылқалам, түсті қарындаштар, желім, қайшы.

Сабақтың қорытындысы

Оқушылар бояу түстерімен, ерекше қаріп түрлерімен танысады. Ашықхатты әртүрлі тәсілмен және әр алуан материалдармен орындау барысында түс пен қаріпті қолдана біледі. Сабақтың соңында жұмыстарын таныстырып, талқылайды.


Қосымша ақпарат

Дифференциациялау Оқушылардың бәрі қаріп дегеніміз не екенін, қаріп және қанық, қанық емес түстердің көмегімен сезімдерін қалай көрсетуге болатынын білді.

Әр алуан түстермен орындалған жұмыстар мен әртүрлі әріп, сөздерді анықтай алды. Тақтаның алдында жұмыс істеп, әріптер мен сөздерді қызықты түрде жазды. №1 жұмыс дәптеріндегі материалды бекітуге арналған тапсырманы орындады.

Оқушылардың көпшілігі

жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындады.

Кейбір оқушылар меңгергендерін пайдаланып, өз беттерінше шығармашылық жұмыс жасады.

Оқушылардың тақы- рыпты меңгергенін қалай тексересіз?

1)    Оқушылардың мұға- лімге берген жауабы- нан (оқулықтағы);

2)    жасаған жұмыстары- нан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз);

3)    жасаған жұмысты талқылауларынан.

АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интербелсенді тақтаны да қолдана алады.


Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қайшымен жұмыс істеу ережесін салады.

Оқушыларға қалай қолдау көрсетесіз?

Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б.

Бағалау

Сабақта оқушыларды бағалау:

1)    оқушылардың мұға- лімнің және оқулықта- ғы сұрақтарға жауабы;

2)    жұмысты талдап, талқылауға қатысуы;

3)    жұмыс дәптерінде орындалған тапсырма- лар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз).

Құндылықтармен байланыс

Сабақта мейірімділік, зейінділік, сыйластық, достары мен жақындарына деген сүйіспеншілік сынды қасиеттер айтылады.

Оқушылар бұл сөздерге көңіл бөліп, кәдесый жасайды. Осылайша олардың адамгершіліктік- құндылықтық қасиеттері қалыптасады.

Менің ... қолымнан келді. Мен ... жасап көремін.

Мен ... таңғалдым.

Бұл сабақ маған өмірде ... көмектеседі.

Мен ... жасағым келді.

Рефлексия баланың эмоционалды ахуалын (сабақтың басында не соңында өткізуге болады, оған символдық форманы таңдаған дұрыс); сабақтағы іс-әрекетін (бала өзінің іс-әрекетін бағамдай алатын ауызша  және жазбаша формалар сәйкес келеді), сабақ мазмұнына қатынасын ( мұны да ауызша не жазбаша өткізу керек, бала өзіне не қызықты, түсінікті, қиын, таныс болғанын айтады) көрсетеді.

Рефлексияны ұжымда, топта және жеке өткізуге болады. Оны мұғалім сабақ түріне қарай өзі шешеді.

Рефлексия формаларының үлгілерін мына сайттардан таба аласыздар:































Қазыбек би атындағы №36 жалпы білім беретін орта мектеп







АШЫҚ САБАҚ




Тақырыбы: Жақындарымызға және достарымызға

ашық хат жасау







Сыныбы: 4 «Ә»

Пән мұғалімі: Наркенова А.Қ.

















Шымкент-2021ж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ