Ашық сабақ "Жарық" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жарық" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар: Жарық жайлы біледі Көптеген оқушылар: Табиғи жарық пен жасанды жарықты ажырата алады Кейбір оқушылар: Табиғи және жасанды жарық көздерін зерттеу жүзеге асады Алған білімдерін өмірде қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық

Мұғалімі: Амирова М.

Мектеп: Мыңбұлақ жалпы орта мектебі

Сынып: 1

Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғи жарық көздері дегеніміз не?


Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме

1.5.2.2. Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату


Ойлау дағдысының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Оқу дағдылары

Тыңдалым, жазылым, айтылым

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Жарық жайлы біледі

Көптеген оқушылар:

Табиғи жарық пен жасанды жарықты ажырата алады

Кейбір оқушылар:

Табиғи және жасанды жарық көздерін зерттеу жүзеге асады Алған білімдерін өмірде қолданады.


Бағалау критериі

1.Табиғи және жасанды жарық көздері туралы біледі және ажыратады

2.Жарық көздеріне зерттеу жүргізе алады

Тілдік мақсатта

Пәнге тән лексика мен терминология:

Табиғат-природа-Nature

Жарық-светло-light

Қараңғы- темно-Dark

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1.Сіздің ойыңызша жарық қайдан пайда болады?

2.Жарықтың қандай түрлері бар?

3.Біз жасанды жарық көзінің қай түрін қолданамыз?

4.Қараңғы жерде өзіңізді қалай сезінесіз?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, ынтымақтастығын арттыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, бейнелеу

АКТ қолдану

Интернет желісі. слайдттар Ноутбук.


Бастапқы білім

Жарық туралы түсініктері бар.

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы















2мин













3мин





















2мин

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару. Психологиялық ахуалды қалыптастыру.

Шаттық шеңбер «Жүректен жүрекке» Оқушылар жүрекше шарды бір-біріне ұсыну арқылы жақсы тілектер айтады. Мысалы: Бүгінгі сабақта саған сәттілік тілеймін ....... . Үй тапсырмасы: «Таза тақта» әдісі арқылы пысықтау. (Қалыптастырушы бағалау)



Топқа біріктіру.

1 топ: Табиғи жарық

2-топ: Жасанды жарық



Миға шабуыл. «Жұмбақ жасыру»

Күн сайын таң ата терезеден кіреді,

Жаңа күн туғанын содан-ақ біледі.

Бұл не? (Күн).

1.Күн дегеніміз не?(оқушы жауабы)

2.Ай дегеніміз не?(оқушы жауабы)

3.Жұлдыз дегеніміз не?(оқушы жауабы)

4.Бұлар бізге не береді?(оқушы жауабы)

Олай болса балалар бүгінгі сабақ не туралы болмақ, тақырыбын айтыңдаршы кәнекей.(оқушы жауабы)

Жарықты адам қолдан жасаған ба?(оқушы жауабы)

Жарайсыңдар балалар,бүгін сіздер:

1.Жарықтың не екенін білетін боласыздар.

2.Табиғи жарық көздерімен танысасыздар.







Жүрекше шар







стикер

смайликтер







Түрлі -түсті стикер.






Сабақтың ортасы



Дағды: Оқылым Жазылым

































































































10мин



































5мин













































Дағды

Айтылым

Тыңдалым











Дереккөздер

8 мин






Жаңа сабақ:

Слайдпен жұмыс «Сен білесің бе?»





1. Балалар слайдта не көрдіңіздер?

(оқушы жауабы)

2. Қай кездегі жарық көздерін көрдіңіздер?

(оқушы жауабы)

Бұл тапсырманы орындатудағы мақсатым, оқушылар табиғи жарық көздері мен жасанды жарық көздерін ажыратады және түсінеді. Оқушылар бір-бірімен ынтымақтаса отырып қарым-қатынас жасау арқылы берілген тапсырманы орындайды.

Сонымен бірге белсенді оқудың «Түсіндіру және сипаттау» кезеңі іске асады.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Табиғи және жасанды жарық көздері туралы біледі және ажыратады.

Жеке өзіндік көзқарасы бар.


1.Жарық көздері туралы біледі.

2. Табиғи және жасанды жарық көздері туралы біледі және ажырата алады.

3. Табиғи және жасанды жарық көздері туралы өз пікір-ұсыныстарын айта алады.



Ойын: «Қараңғы үңгір»

Бұл ойында, бір оқушы көзін байлап, кез-келген оқушыны ұстайды да сұрағын қояды. Егерде оқушы жауап берсе әлгі оқушыны қараңғы үңгірден құтқарады. Сұрақтар бүгінгі сабаққа сай болу керек.

Бұл ойынды ойнатқандағы мақсатым, оқушылар қараңғылықты сезінеді, әрі бір-бірінің қойған сұрағына жауап береді.



Жеке жұмыс. «Көргеніңді айт»

Терезеден түскен күн сәулесінен жарықпен бірге тағы не байқап тұрғандарын сұраймын. Күннің сәулесінен жылу да бөлінеді. Қолшамды жағу арқылы бөлмеге түскен жарықты қолдарымен ұстатып көрсетемін. Сонымен қатар жарықты қолмен ұстауға бала ма, болмай ма?-деген сұрақтар қою арқылы жарықты қолмен ұстауға болмайтындығын анықтатамын. Сонан соң жарықты тек көзбен көруге ғана болатындығын түсіндіремін.

Бұл тапсырманы орындатудағы мақсатым, Көзбен көрген нәрсесін оймен түйіндей алуға және өз ойын еркін анықтап айта білуге машықтандыру. Сонымен бірге белсенді оқудың зерделеу және зерттеу, есте сақтау кезеңдері орындалады

(Қалыптастырушы бағалау)

Сергіту сәті: Түн мен күн



Топтық жұмыс. «Балықтың қаңқасы» әдісі арқылы оқушыларға табиғи және жасанды жарық көздерін ажыраттыру. Балықтың қаңқасының бір жағына табиғи екінші жағына жасанды жарық түрлерін жазады.



Бағалау критерийі

Дескриптор

Жарық көздерін зерттеуді жүзеге асырады.

1.Жарықты қолмен ұстауға болмайтынын тек көзбен көруге ғана болатынын біледі.

2.Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қоя алады.

Қосымша материал:

Табиғаттағы жарықты қолмен ұстай алмаймыз.

Күнге қатты тіке қарауға болмайды (күн жанып тұрған газды шар)













Қолшам, майшам, электр шамдары









Слайдтар













































Сұрақтар





















































Орамал, сұрақтар.

















































Смайликтер

Сабақтың соңы









10 мин

Кері байланыс: Рефлексия

«Желкенді кеме»

Бұл тапсырманы берудегі мақсатым – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтай білуге дағдыландыру.



Үйге тапсырма: Табиғи жарық көздері дегеніміз не? Дәптермен жұмыс.





























Оқулық

Дәптер









Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қаблеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және АКТ қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау кезінде

А. Табиғи және жасанды жарықты біледі,түсінеді.

В. Табиғи және жасанды жарықтарды ажырата алады.

С. Табиғи және жасанды жарықтарды қолдануылуына өз пікірін айта алады.


«Смайликтер» арқылы бағалау

Мадақтау: «Жарайсың!Керемет!»






АКТ-мен байланыс:

Слайд, смайликтер



Денсаулық сақтау техналогиялары:

Табиғаттағы жарықты қолмен ұстай алмаймыз.

Күнге қатты тіке қарауға болмайды (күн жанып тұрған газды шар)



Қорытынды бағалау

1.Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты ) .

  • «Қараңғы үңгір» әдісі

  • «Көргеніңді айт» әдісі

2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді ?(оқыту мен оқуға қатысты.)

  • Оқушыларды оқылым, тыңдалым, дағдыларын қалыптастыру.

  • Әдістерді тиімді пайдалану.

3. Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін.

  • Пәнеге қатысты сөздік қор мен терминді тиімді пайдалану.

  • Әр деңгейлі оқушыға лайықты тапсырма беру.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.06.2018
1105
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі