Тілдік
мақсаттар
|
Дисперсия,
интерференция, дифракция, цуг, призма, когерентті толқындар,
интерференциялық максимум, интерференциялық
минимум.
|
Сабақтың
басы
....
мин
Сабақтың
ортасы
....
мин
....
мин
|
Оқушылармен амандасу, сабаққа
дайындығын тексеру.
Сабақты бастамас бұрын үй
тапсырмасын тексеру: «Таза
тақта» әдісі арқылы. 1. Жарық
жылдамдығы қандай шама? Оның мәні неге тең? Әлемдегі ең шектік
жылдамдықтың мәні неге тең? Жарық жылдамдығын қандай әдістермен
өлшеуге толады? Ең алғаш жарық жылдамдығын лабораториялық жолмен
анықтаған ғалым? Үйге берілген есептерді тақтаға шығып
орындайды. 1-
есеп. Егер толқынның таралу
жылдамдығы 340м/с болса, 440Гц жиілік кезіндегі толқын ұзындығын
анықтаңдар. 2-
есеп. Толқынның таралу жылдамдығы
5км/с, ал тербеліс жиілігі 100кГц болса, бір сәуледе жататын және
бірдей фазада тербелетін қума толқынның ең жақын екі нүктесінің
арақашықтығын анықтаңдар. 3-
есеп. Көлдің жағасында тыныштықта
тұрған баұылаушының жанынан 12с ішінде толқынның 8 өркеші өтеді.
Бірінші және үшінші өркештердің арақашықтықтары 12м. Су
бөлшектерінің тербеліс периодын, таралу жылдамдығын
анықтаңдар.
ҚБ: өзін-өзі
бағалау. Жаңа
сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
нақтыланады. Студенттерді екі топқа бөлемін: Юнг және
Френель. DW: Екі топ Ньютон тәжірибесін
өзара орындайды. «Ара
ұясы» әдісі арқылы түсінгендерін
талқылайды. 1. Ақ парақтағы түстерді ретпен орналастыр? 2.
Дисперсия құбылысын түсіндір? 3. Алғашқы және толықтауыш түстер
дегеніміз не? ҚБ: «Жапондық бағалау»
әдісі (бір-бірін
бағалау). DG: Толқындық ваннада су
толқындарының интерференция құбылысын көріп, топта
талқылайды.
«Киноматограф» әдісі арқылы видеоролик
көрсету (жаңа сабақ бойынша). Кітаппен
жұмыс. Кітаптағы 17.1 өз бетінше
шығаруға арналған есептерді шығарады және қай топ тірінші орындап
бітеді сол тақтаға шығып жазады. «Венн
диаграммасын» толтырады: механикалық
толқындар мен жарық толқындарының интерференциясын салыстыру.
Тақтада қорғайды. ҚБ: 2 жұлдыз 1 тілек.
«Сергіту сәті»: Белсенді
толқындар. Бейне
көрсетілім: Интерференция құбылысы және
оның максимум, минимум шарттары. Жұқа пленка
әдісі. Дәптермен
жұмыс: жұқа пленка әдісінің сызбасын
сызады, интерференциялық максимум, минимум шарттарының және жол
айырымының формулаларын жазады. «Жасырын
конверт» әдісі: Деңгейлік
тапсырма: 1.
Кеңістіктің қайсы бір
нүктесіне геометриялық жол айырымы1,2мкм, когерентті сәулелер
түседі, олардың вакуумдегі толқын ұзындығы 600нм. Интерференция
әсерінен осы нүктеде не байқалатынын анықтаңдар. Есепті ауа, су,
сыну көрсеткіші 1.5 болатын шыны үшін шығарыңдар. (күшею, әлсіреу,
күшею) 2.
Экран
S1
және
S2
когеренттік екі көзден шығатын
толқын ұзындығы 590нм жарықпен жарықталынады. Жарық көздерінің
арақашықтығы 200мкм әрі экранның О центрінен 15мм қашықтықта В
нүктесі арқылы О нүктесінен санағанда екінші қоңыр жолақтың центрі
өтеді. Жалған жарық көздеріне экранға дейінгі қашықтықты
анықтаңдар. 3.
Жұқа қабыршақты ақ жарықпен
жарықтандырып, оның бетіне перпендикуляр бойымен қараса, ол
шағылған жарықта жасыл болып көрінеді. Егер қабыршақты сәулелерге
қаысты көлбеу ұстасақ не байқалады?
ҚБ: Жазбаша
бағалау (Мұғалім)
«Кім жылдам»
әдісі: екі топ сұрақтарға жауап беріп
жарысады. 1. Интерферометр дегеніміз не? 2. Голография сөзінің
мағынасы қандай? Оны не үшін қолдаады? 3. Голограмма деген не? 4.
Огюстен Френель қай елдің ғалымы? 5. Когеренттік және когеренттік
емес электромагниттік толқындар дегеніміз не? 6. Қос шоқты
интерференцияны алу әдістерін атап өтіңдер. 7. Кемпірқосақтың
түстерін ата. 8. Жалған кескін деген не? 9. Томас Юнг қай жылы
өмірге келген? «Ғалымдар аты
өшпейді» әдісі: интерактивті тақтада
физиканың ұлы ғалымдарының суреттері шығады, сол суретке қарап
аты-жөнін тауып және ашқан жаңалығын баяндап
береді. Рефлексия: «Бес бармақ» әдісі: 1.Сабақта
өзіңді қалай сезіндің? 2.Нені түсіндің? 3.Не қиын болды? 4.Сұрағың
бар ма? Үйге
тапсырма:Бақылау сұрақтарға жауап беру,
17.1-жаттығудың қалған есептерін
шыару.
Олай болса, бүгінгі өткен
тақырыпты бекіту ретінде келесі жұмыстарды
жүргізейік.
А)Жаңа сабақ бойынша
тест тапсырмасы.
Б)Логикалық
сұрақтар.
В)Формулалардың
мағынасын ашу.
..........
|
|