Материалдар / Ашық сабақ Жарықшақты қол гранаталары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Жарықшақты қол гранаталары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарықшақты қол гранаталары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2024
93
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы

Жарықшақты қол гранаталары.

Модуль /пән атауы

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық

Дайындаған педагог

Алжанбаева Айгерим Серикбеккызы

Күні

12.11.24

Курс, топ

7/24 БОПТ

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Міндеттер

ОН 14.5. Атыс дайындығына қатысу

Қару, граната және оқ-дәрілермен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтайды.

Мақсаты

Атыс дайындығында гранаталардың қолданылуы және ұрыстық қасиеттерін, құрылысын, айырмашылықтар мен олардың әрекет ету механизмдерін игеру.

Күтілетін нәтижелер

жарықшақты қол гранаталарының (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) арналу мақсатын біледі

Жарықшақты қол гранаталарының арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері мен құрылымы туралы түсінеді..

Жарықшақты қол гранатаны лақтыру кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, гранатаны лақтыруға дайындау тәртібін біледі.

Қажетті ресурстар және АКТ

- Электронды оқулық

- Интерактивті тақта

- Бейнефильмдер, аудиожазбалар, презентациялар

Сабақтың барысы


Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік



А1.Түзел! Тік тұр! Взвод командирінің рапортын қабылдау Әскери амандасу,сырт келбетін тексеру.


Психологиялық ахуал (7 минут)

Психологиялық ахуал: жақсы «Көңіл-күй» сыйлай білу


Мақсаты мен міндетін хабарлау

Атыс дайындығында гранаталардың қолданылуы және ұрыстық қасиеттерін, құрылысын, айырмашылықтар мен олардың әрекет ету механизмдерін игеру.

Бөлімше командирлері өз бөлімшелерін бағалайды.


2. Теориялық және практикалық

2.1. Алдын ала білім

Жалпы қайталау

Атыс дайындығығына шолу жасау.


Үй тапсырмасын тексеру

(13 минут)

Өткен сабақты қайталап еске түсірейік

1-тапсырма

  1. Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған

  2. Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар?

  3. Сүңгі – пышақтың ерекшелігі туралы не білесіңдер?

  4. АК74 – салмағы?

  5. Атудың көздеу қашықтығы?

  6. Оқжатарға оқ сыйымдылығы?

https://wordwall.net/resource/69236156


2.2. Жаңа материалды зерттеу

Жаңа тақырыпқа дайындық

(5 минут)

Жарықшақты гранаталарды жеміс – жидектерді көрсету арқылы тақырыпты ашу.

І. Бейне материал арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу.

Функционалды сауаттылық

Презентация

Жаңа тақырыпты түсіндіру

(15 минут)

ҚР ҚК қару-жарағында РГД-5, РГ - 42, Ф -1, РКГ-3 , РГН және РГО жарықшақты қол гранаттары бар.Жарықшақты қол гранаттары қарсыластың адам күшін жарықшақтарымен жоюға арналған. Гранаттар жарылған кезде адам күшін жоюға жетерліктей энергиясы бар көптеген жарықшақтар жан-жаққа ұшады.

Жарықшақты қол гранаттары әсіресе жақынннан ұрысуға (шабуылда, окопта, орманда,тауда, паналарда) ұрыс жүргізгенде нәтиже береді.

Жарықшақтарының ұшуына байланысты гранаттар шабуылдық және қорғаныстық болып бөлінеді.

Гранат италян тілінен аударылғанда «түйіршікті» деген мағына береді. Қарсыластың адам күші мен техникасын 1000 м дейінгі қашықтықта жоюға арналған оқ-дәрі. Қолдануына қарай қол гранаттары және гранататқыштармен атылатын гранаттар (гранататқыштармен ату, винтовкалық гранаттар). Қолдану мақсатына қарай жаяу әскерге, танкіге қарсы қолданатын,өртегіш және арнайы (түтінді жарықтандырғыш сигналды және т.б.) түрлері бар. Гранататқыштық атыстар біріктірілген немесе бөлек оқталатын, калибрлік неме одан тыс,ұшуда айналуымен не қанатымен тұтандырылатын болып бөлінеді.

Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып, жеткізіледі. Жәшікке гранаттар,тұтқалар, тұтандырғыштар жеке мететалл қораптарға салынады. Қорапты ашу үшін арнайы пышақтар болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда:гранаттар саны, массасы,гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі,гранаттар кезегінің нөмірі,дайындалған жылы көрсетіледі. Жауынгерлер гранаттарды сөмкелерде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады,олар таза қағазға немесе таза матаға оралуы тиіс. Гранатты тек лақтыру алдында жарақтауға рұсат етіледі. Ұрыстық гранаттарды бөлшектеуге, олардың ақауларын жөндеуге, гранаттарды сөмкеге алмай жүруге және жарылмаған гранаттарды алып жүруге тыйым салынады.

Гранаттармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік ережелері:

1. Үйренуші болат дулыға кию керек.

2. Гранаттармен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек, ақаулықтар байқалса командирге хабарлау керек.

3. Бірнеше гранаттар лақтыру кезінде алдыңғы гранат жарылған соң кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек.

4. Қол гранаттар лақтыру аумағын кемінде 300 м жерді қоршау керек.

5. Гранатты лақтыруға арналған бастапқы орында ақ жалау, атыс шебінде қызыл жалау болуы тиіс.

6. Қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицердің жетекшілігімен бой тасалардан, оқпаналардан жүргізіледі.

7. Егер лақтырылмаған гранат болса онда оны командирдың тікелей бақылауымен  және тек пәрмен бойынша оқсыздандыруға болады.

8. Жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың орнын қызыл жалаумен белгілеу керек.

9. Гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге немесе бой тасаларға апару керек    (300 м).

10. Гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан кемінде 25 м қашықтыққа жабдықтау керек.

      Гранатты лақтыру алдында оны-сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек.

    Гранатты лақтыру үшін рның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрын қолға плу керек.

    Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысанаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан соң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылып, бірақ оған саусақтармен қыса ұсталынып, ағытқышиінтірекпен ұсталынып тұрылады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстық серіппе әсерінен капсюль-оталғышқа соққы беріп, оны тұтандырады. От жалыны капсюль –оталғыштан баяулатқышты тұтандырады, одан өтіп капсюль – детанаторға беріледі.

    Касюль – детанаторжарылып, гранаттыңзарядынжарады. Гранат корпусы жарылады да, корпус жәнетұтандырғышжарықшақтарыжан – жаққашашырайды.

Презентация









































Бейнебаян

https://youtu.be/XAla-TErlWA


Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру

(20 минут)

2-тапсырма.

РГД-5, Ф-1, РГН,РГО жарықты гранаталарына презентация жасап қорғау.




Жасанды интелектің көмегімен білім алушылар презентация жасап қорғап шығады.

(5 минут)

Сергіту сәті- cапқа тұру

Бөлімше көмандирі бұйрық беру арқылы іс – әрекеттер жасайды.

2.3. Жаңа білімді практикада қолдану

Пысықтау, бекіту

(15 минут)

1. РГД-5, РГН, РГО, Ф-1 қол жарықшақтық гранаталарының тағайындалуы, жауын герлік қасиеттері мен құрылысы қандай?

2. сендерге граната бөліктері мен тетік терінің жұмысы туралы не белгілі болды?

3. сендер тұтандырғыштың әрекеті туралы не айта аласыңдар?

4. Гранатаны лақтыруға дайындау үшін не істеу қажет?

«Ойын»

Гранаталарды жару.


3. Қорытынды

Үй тапсырмасы

(4 минут)


Жарықшақты қол гранаталарының шығу тарихы туралы презентация жасап келу.


Бағалау

(3 минут)

Бөлімше командирлері өз бөлімшесін бағалайды.

Сабақ барысын толық түсінген сабақтары бойынша іс әректерімен бағаланады


Бөлімше командирлері

4. Сабақ бойынша рефлексия


(3 минут)

Wooclap – флатформасы арқылы кері байланыс жасау.



Функционалды сауаттылық тапсырмасы


Тапсырма

Шешімі

1

Білім алушылар неге мен жарықшақты қол гранаталарын лимон,манго ананас жемістеріне ұқсаттым.

«Лимонка»

Кейбір мәліметтер бойынша граната мен жемістің пішінінің ұқсастығы десе, ал ағылшындар ЛЕМОН жүйесімен ұқсастығынан шыққан делінген



Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


1. Жарықшақты қол гранаталарының (РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) арналу мақсатын біледі

2.Жарықшақты қол гранаталарының арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері мен құрылымы туралы түсінеді..

3.Жарықшақты қол гранатаны лақтыру кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, гранатаны лақтыруға дайындау тәртібін біледі.

Баға

«Жақсы»

70-89


1.Жарықшақты қол гранаталарының арналу мақсаты, ұрыстық қасиеттері мен құрылымы туралы түсінеді..

2.Жарықшақты қол гранатаны лақтыру кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, гранатаны лақтыруға дайындау тәртібін біледі.

Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


1.Жарықшақты қол гранатаны лақтыру кезіндегі бөлшектері мен механизмдерінің жұмысы, гранатаны лақтыруға дайындау тәртібін біледі.



Оқытушы___________________ А.Алжанбаева







Н.03.2-08 Басылым 5

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!