Материалдар / Ашық сабақ: Жас өрт сөндірушілер

Ашық сабақ: Жас өрт сөндірушілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоршаған ортамен таныстыру арқылы, балалардың қоғамдағы қауіпсіздік негізі туралы білімін қалыптастыру. Өрт сөндірушінің кәсібі туралы балалардың білімін кеңейту. Балаларды от және оның қасиеттерімен таныстыру. Өрт кезіндегі тәртіп ережесі және өрттің шығу себебі,қауіпті жағдайлар туралы балалардың білімін бекіту. Балалардың тіл байлығын дамыту. Абай болуға, сақтанып жүруге тәрбиелеу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Тобы: № 1 ересек тобы

Білім саласы: Әлеумет

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Жас өрт сөндірушілер»

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыру арқылы, балалардың қоғамдағы қауіпсіздік негізі туралы білімін қалыптастыру. Өрт сөндірушінің кәсібі туралы балалардың білімін кеңейту. Балаларды от және оның қасиеттерімен таныстыру. Өрт кезіндегі тәртіп ережесі және өрттің шығу себебі,қауіпті жағдайлар туралы балалардың білімін бекіту. Балалардың тіл байлығын дамыту. Абай болуға, сақтанып жүруге тәрбиелеу.

Алдын ала жұмыс:өрт сөндірушілер туралы әңгіме жүргізу

Полилингвальды компонент: сіріңке-спичка-match , өрт сөндіруші-пожарный- fireman, өрт-пожар- fire

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті



Шаттық шеңбері.

Қол алысып, қәне, біз

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

(Телефон шырылдайды).

-Сәлеметсіз бе,сіз кімсіз?

-Сәлеметсіз бе,бұл өрт сөндіру бөлімінің инспекторы. Бұл №30 «Жұмбақ» бақшасының

1 ересек тобы ма екен?

-Иә ересек тобымыз.

-Балалар, мен сендерге «Жас өрт сөндіруші»болуды ұсынамын.Ол үшін сендер менің сіздерге электронды поштаға жіберген тапсырмаларымды орындауларың қажет. Ал егер менің жіберген тапсырмаларымды дұрыс орындасандар сендерді «Жас өрт сөндіруші» етіп тағайындаймын.

-Сендер келісесіңдер ме?

-Ендеше кездескенше, егер тапсырмаларды дұрыс орындасандар мен өзім сендерге келемін.

(осы кезде электронды поштаға хат келеді, тәрбиеші хатты ашады)


Шаттық шеңберін орындайды.








Телефон дауысын естиді.

Балалар мұқият тыңдап тұрады.



Қызығушылық танытады.


Сұрақтарға жауап береді





Мотивациялық-

қозғаушы кезең

Тәрбиеші: Балалар хатта көптеген тапсырмалар бар екен.

Сендер қалай ойлайсыңдар, кез келген адам өрт сөндіруші бола ала ма?

Мен сіздерге уақытты босқа кетірмей жас өрт сөндірушілерге арналған тапсырмаларды орындауды ұсынамын

Біз сіздермен өрт кезіндегі тәртіп ережелерін қайталаймыз.Зертханада жұмыс жасаймыз.Оттың қасиеттерін ұғынамыз,отты қалай сөндіруді білетін боламыз.

1.Отпен күресетін адамдардың кәсібі қалай аталады?

2.Сіздер қалай ойлайсыздар өрт сөндірушінің машинасы неге қызыл?

3.Өрт сөндірушіні шақыру үшін телефон бойынша біз қандай нөмерді теруіміз керек?

(слайдта суреттер көрсетіледі)

От өмірімізге қуат беріп,бойымызды жылытады.От-өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса,тамағымызда піспейді,үйімізде жылымайды.

Отсыз тоңып,жаураған адам ешқандай еңбек те істей алмайды.

Сонымен  от-өміріміз десек те, оның әлемі жайлаған алапаттың бірі -өрт қаупін шығаратынын да естен шығармағанымыз жөн. Өзіміздің ұқыпсыздығымыздан немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенін де байқамай қаламыз.

1 тапсырма

Өрт сөндіру бөлімінің инспекторы сіздерге «Тентек сіріңке» туралы ертегі жіберген екен. Соны тыңдайық.

(Ертегі слайдта көрсетіледі)

«Тентек сіріңке»

Бір шағын қалада сіріңке тұрыпты. Ол өте көңілді,бұзық қыз болады. Билегеңді қатты ұнататын. Ол билегенде әлемде бәрін ұмытып кететін. Жалындап және сол сәтте жанатын. Билегенде ол үйдегі,ас үйдегі заттарды, далаға шыққанда ағаштарды , үйлерді, жапырақтарды және оның жолында кездесетін барлық заттарға














Балалар сұрақтарға жауап береді.


























1 тапсырма бойынша ертегі тыңдайды.

Ұйымдастырушы ізденуші бөлім

тиіп кететін. Оның бәрі жанатын. Адамдар одан қорқа бастады .Ол адамдарға пайда әкелгісі келетінін айтады. Ол оған қатты ұнамады. Сөйтіп ол бір күні сіріңке жасайтын шеберге келіп,одан көмек сұрады.

Ал оның орнына тек зиян әкеліп жүрмін деп шағымданады. Шебер ойланып сіріңкіге көмек көрсетуді шешті. Оған демалатын үй ойластырды. Ол сіріңке қорабы еді. Сіріңке ол үйде жалғыссырамасын деп бауырларымен бірге орналастырды. Содан бері теңтек сіріңке өзінің сіріңке қорабында өмір сүріп жатыр.

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі не жайлы?

-Сіріңке қандай болған?

- Шебер сіріңкеге не жасап берді?

-Ал сіріңкені сендерге пайдалануға бола ма?

сіріңке-спичка-match

2 тапсырма

Келесі жіберген тапсырма «Суреттер галереясы» деп аталады екен.

Суретпен жұмыс слайд арқылы:

(әр суретке тоқталу, қай сурет дұрыс сол суретті таңдап көрсету қажет)

Балаларға слайдттан өрт қауіпсіздігі туралы суреттер көрсетіледі балалар дұрыс суретті анықтау қажет.

Егер балалар біз осы ережелерді сақтайтын болсақ,бізде жазатайым оқиғалар болмайды.

Өрт сөндіруші-пожарный- fireman

Ендеше шаршап қалған секілдіміз, сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

Өрт пен түтін айнала

Қарап тұрма жай ғана

Тез хабар бер 101-ге

Уақытты сен байлама

-Әрі қарай келесі тапсырманы орындауды ұсынамын.

3 тапсырма

Сендерге «өрт қауіпті», «өрт болғанда не қажет»ойындары берілген екен.






Ертегі желісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.



















Үш тілде атайды




Слайдтағы берілген суреттер бойынша жұмыс.












Қимыл-қозғалыс жасайды.







Карточкамен тапсырманы орындайды.



Ұйымдастырушы ізденуші

бөлім

Қаланың шетінде үй өртеніп жатыр оны сөндіру керек. Сендер өз беттеріңмен өртті сөндіруге қажетті құралдарды таңдап отты сөндірулерің керек. Абай болыңдар,өртті сөндірудегі құралдарды таңдауда қателесіп кетпеңдер. Естеріңе саламын құралдардың барлығы отты сөндіруге жарамды емес.

Өрт-пожар- fire

4 тапсырма

«Тәжірибе зертханасы»

Біз бұл жерде отпен бірнеше тәжірибе жасаймыз.

Балаларды отпен оның қасиеттерімен таныстырады. Балалар өздерін жаңа айтқандай отты құммен, сумен сөндіруге болады дедіңдер. Ендеше осыны тәжірибе жүзінде жасап қарайық. Тәжірибе кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаймыз. Яғни отқа жақындамаймыз, қолымызды, бетімізді тақамаймыз, тек тәрбиешінің нұсқаулығымен орындаймыз.

(тәжірибе жасауға арнайы дайындалған үстел үстіне жақындайды)

Тәжірибе: Жанып тұрған оттың үстіне су құяды немесе құм салады, немесе шыны ыдыс жабады.

-Балалар от не істеді?

-Демек отты не сөндіре алады екен?

Осымен зерханадағы тәжірибеміз аяқталды.

(Есік соғылып, ішке инспектор ағай кіреді)

-Балалар сендер жарадыңдар, менің берген барлық тапсырмамды жақсы орындадындар, сендер «Жас өрт сөндіруші» болуға лайықсыңдар.

Мен сендерді «Жас өрт сөндіреушілері» деген арнайы төсбелгімен марапаттағым келеді.

(балаларды төсбелгімен марапаттау)











Үш тілде атайды





Тапсырманы тыңдап, тәжірибе жасауға кіріседі.













Сұрақтарға жауап береді.









Таңғалады




Төсбелгіге қуанады.








Балалар естеріңде болсын, отпен ойнауға болмайды.

(Инспектор ағай балалармен қоштасып кетеді).

қоштасады

Рефлексивті Коррекциялаушы бөлім

-Балалар сендерге «Жас өрт сөндіруші»болған ұнады ма?

-Өрт сөндіргіш машинасынын түсі қандай?

-Ал өрт болған жағдайда қандай нөмірге телефон шалуымыз қажет?

-Ал оттын бізге берер пайдасы қандай?

Тақпақтар:

1.От жақпа күйерсің

Өртеніп жү

25 Қазан 2021
3240
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі