Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ "Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8сынып . Биология пәні бойынша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

Өндіріс орта мектебі КММ

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Елеуова Бибигуль Токтагановна

Сынып 8

Барлығы -10 Қатысқандар – Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Жасушалық биология

Сабақтың тақырыбы:

Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі. Прокариот және эукариот жасушалардың құрылысы: ядроның болуы және орналасуы, жасуша қабырғасы, жасуша мембранасы, пластидтер, митохондрия, жасуша вакуолі, рибосомалар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.4.2.2 эукариот және прокариот жасушалардың құрылысын салыстыру

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: эукариот және прокариот жасушалардың құрылысын салыстыру

Оқушылардың басым бөлігі:эукариот және прокариот жасушаларының айырмашылығын түсіндіру

Кейбір оқушылар: Эукариот және прокариот жасушаларының өкілдерін талдау

Бағалау критерийі

Прокариоттық, эукариоттық жасушаларын сурет бойынша ажырата алады;

Прокариоттық, эукариоттық жасушалардың айырмашылықтарын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

Эукариот және прокариот жасушаларының оргоноидтарын жазады(оқылым);(жазылылым)

Эукариот және прокариот жасушаларына мысал келтіре алады(тыңдалым)

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері

Эукариот,прокариот,цитоплазма,ядро,рибосома,митохондрия,

Гольджи жиынтығы,хромосома,пластидтер,вакуоль,ЭПТ

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Жасуша тіршіліктің қызметтік бірлігі, өйткені барлық тірі ағзалар .............................

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сіз неліктен жасуша екіге бөлінетінін айта аласыз ба

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Өсу ,көбею,көректену,қоршаған ортамен зат және энергия алмасу үдерістері тек тірі жасуша ішінде ғана жүзеге асатынын................ анықтап дәлелдеңдер

Құндылықтарға баулу

Мәңгілік ел жалпыұлттық идеяның”Зайырлы қоғам және жоғары руханият” құндылығы арқылы оқушылардың өмір бойы білім алуына салауатты өмір салтын,денсаулық сақтауға баулу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану 6 сынып

Алдыңғы білім

7.4.2.1 - «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі»

ұғымдаран түсіндіру;

7.4.2.2 - өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 Минут


Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық ахуал

Алдарындағы смайликтерды көтеру арқылы өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.

Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма

А)Жасушаға анықтама беріңдер

Ә)Жасуша бөліктерін атаңдар

Б)Жасушаны ашқан ғалым

Г)Органоидтар дегеніміз не

Дескриптор

  1. Жасушаға анықтама жазады

  2. Жасуша бөліктерін сипаттайды

  3. Ғалымның атын жазады

  4. Органоидқа анықтама айтады

Әдіс-тәсіл:Сұрақты қағып ал тәсілі

Қалыптастыру бағалау:мұғалімнің бағалауы

Екі жұлдыз бір тілек

смайликтер

Сабақтың ортасы

минут

  1. Тапсырма

Сыныпты 2 топқа өсімдік жасушасының суреті және бактерияның суретінің қиындылары арқылы топқа бөлу

1-топ «эукариоттар» Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі тақырыбын «Инсерт»әдісімен оқып шығып суреттегі өсімдік жасушаның құрылысын жазыңдар.










2-топ «прокариоттар» Жасуша – тірі ағзалардың құрылымдық негізгі өлшем бірлігі тақырыбын Инсерт әдісімен оқып шығып суреттегі бактерия жасушасының құрылысын жазыңдар.







Дескриптор

1.эукариоттарға сипаттама жазады

2.прокариоттарға сипаттама жазады

3.жасуша органоидтарын жазады

Әдіс-тәсіл: «Инсерт» әдісі

Қалыптастыру бағалау:топ басшының бағалауы. Басбармақ

3-тапсырма.

Суреттен екі жасушаға ортақ 2 санымен белгіленген құрылымның қызметін жазыңыз; 1;5 және 6 cандарымен көрсетілген құрылымдардың қызметін жазыңыз.

Дескриптор

А жасушасын анықтайды;

- В жасушасын анықтайды;

- А және В жасушаларындағы ортақ құрылымды атайды;

- А жасушасы құрылымдарының қызметін сипаттайды;

- В жасушасы құрылымдарының қызметін

Әдіс-тәсіл: Суреттер сөйлейді

Қалыптастыру бағалау: өзін-өзі бағалауы.БББ кестесі


4-тапсырма

Мәтінді пайдаланып эукариоттар мен прокариоттарға Венн диаграммасын толтыру

Дескриптор

1.эукариот жасушасын анықтайды;

2.прокариот жасушасын анықтайды;

3.ортақ құрылымды атайды;

Әдіс-тәсіл: Венн диаграмасы

Қалыптастыру бағалау: мұғалімнің бағалауы.Білім баспалдағы

Қима қағаздарға салынған суреттер






Биология 8сынып

Сабақтың соңы

минут

5-тапсырма

Керекті сөздерді пайдаланып сөйлемді аяқтаңдар.

Керекті сөздер:кариоплазма,хлорофилл,жасуша, бактерия,хромосомалар

1.Тіршіліктің негізгі құрылымдық және қызметтік бірлігі..........

2.Хлоропластарда жасыл пигмент............болады.

3................жасушаның энергетикалық стансасы.

4.Ядроның ішінде..........мен ядрошық жүзіп жүретін ядро шырыны........болады.

5............жасушасында ядро жоқ,тек қабықшасы мен цитоплазмасы болады.

Әдіс-тәсіл: Биологиялық диктант

Қалыптастыру бағалау: өзін-өзі бағалауы.Бағдаршам

Үйге тапсырма:§1 терминдар бойынша сөзжұмбақ құрастыру.Жасушаның құрылысын ермексаздан моделдеу, жасушаның суретін салу.

Кері байланыс: «Баспалдақ»



Қосымша ақпарат



Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Саралау мені сабағымның өн бойында жүреді.Сабақты жоспарлаған кезде оқушылардың дағдыларын дамыту және сабақтың мақсатына жету үшін әдіс-тәсілдерді сараладым.Үй тапсырмасын сұрау кезінде

алдыңғы білімді еске түсіру мақсатында саралаудың тапсырма тәсіліне күрделігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмада қолданамын.

«Инсерт» әдісі саралаудың жіктеу тәсілі оқытудың болжалды міндетіне қарай негізделген.

Суреттер сөйлейді әдісі саралаудың тапсырма тәсіліне күрделігіне қарай алға ілгерлеп отыратын тапсырмалары бар .

Венн диаграмасы әдісі саралаудың қорытынды тәсілі барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?

  • -Үй тапсырманы бағалағанда «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін қолданамын

  • Жаңа тақырыпты меңгерген кезде топ басшылары топты «Бас бармақ» арқылы бағалайды.

  • Суретпен жұмыс кезінде өзін-өзі бағалауы БББ кестесі арқылы бағалайды.

  • Венн диаграммасын толтырған кезде мұғалімнің бағалауы «Білім баспалдағы»арқылы бағалайды.

  • Биологиялық диктант әдісі кезінде оқушылар өзін-өзі баспалдақ арқылы бағалайды.





Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Партада түзу отыруына назар аудару.

Моделдеу кезінде ермексазбен жұмыс жасау кезінде абай болу.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?










Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
651
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12