Материалдар / Ашық сабақ "Жауын-шашын" 3сынып

Ашық сабақ "Жауын-шашын" 3сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажет. Өз сабақтарында жауын -шашын туралы, бұлттардың түрлері туралы мәліметтер алады. Сонымен бірге тәжірибе жасау арқылы оқушылар өздері қардың кристалдардан тұратынын көзбен көреді
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Жауын - шашын. Суды қорғау.
Сабақтың мақсаты: Жауын-шашынның пайда болуын түсіндіру, түрлерімен таныстыру.
Міндеттері: а) білімділік: Жауын - шашын және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; жауын-шашынның пайда болуы туралы түсіндіру.
ә) дамытушылық: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) білімділігі: Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын туғызу және оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Пән аралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу, математика
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, тесттік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Слайд, суреттер. (тәжірибе құралдары)
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Балалар, бүгін біздің сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ халқымыз ежелден қонақжайлылығымен танылған, бізде өз қонақжайлылығымызды көрсетіп, қонақтарымызды жақсы қарсы алып, тамаша көңіл - күй сыйлайық. Бүгінгі ауа райын кім тақтаға белгілейді? Бүгінгі ауа райын бақылай отырып бұлттың түрін анықтайық. Аспанда қандай бұлттар бар?

- Оқушылар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?
"Табиғаттағы су. Бұлт және тұман".
Сиқырлы сандық сұрақтары:
1-топ1. Табиғатта су қай жерлерде, қандай күйде кездеседі? (Жер шарының төрттен үш бөлігі, адам денесінің жартысынан көбі су құрайды. Өзен көлдер, мұхиттар, жауын - шашын.)
2. Жел дегеніміз не? (Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуы)
3. Күн сәулесі нені қыздырады? (ауа түссіз, мөлдір болғандықтан жер бетін қыздырады.)
2-топ 1. Бұлт қалай құралады? (Жер бетінен жоғары көтерілгенде ауа салқындайды. Оның құрамындағы бу ұсақ су тамшыларына немесе мұз түйіршіктеріне айналады. Олар шоғырланып бұлт түзеді.)
2. Бұлттың түрлері? (Шарбы, будақ, қабат).
3. Табиғатта су өте көп мөлшерде қайда кездеседі? (өзен, көл, мұхит).

3-топ 1. Тұман дегеніміз не? Олар қалай пайда болады?

2. Нөсер жаңбыр мен қыста қар қандай бұлттан жауады?

3. Қабат бұлттардың пішіні қандай болады?

4-топ 1. Ұзаққа созылатын ақ жауын қандай бұлттан жауады?

2. Шарбы  бұлт қандай болады?

3.Біздің жерімізде бұлттың қандай түрі болады? /Бүгін аспаннан қандай бұлтты көріп тұрсыңдар?

  • «Ақылдың алты шляпасы»







Қазақстан өзен, көлдерін картадан көрсету, мәлімет беру.Әр топ оқушылары 1 көл немесе теңізді қорғайды.
Балқаш — тұйық көл, ұзындығы 600 км-ден астам.Ауланатын балықтар (жылына 9 – 10 мың т) – сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран

Зайсан көлі тұщы көл. бБекіре, ақбалық, таймен, көксерке, табан, ақ қайран, сазан, т.б. көптеп ауланады

Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын тұз алынады.

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ —мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км. Каспий теңізінде балық аулау көсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады.

ІІ. Жаңа сабақ.
1.Тәжірибе көрсету. Қайнаған суды шыны ыдысқа құйып, үстіне салқын тәрелкемен жауып қоямыз. Сонда, су буланып, тәрелке бетіне су тамшылары түзіледі.

2.Қыстағы сабын көпіршігі
Қыс кезіндегі сабын көпіршігі – бұл ерекше әсер қалдыратын таңғажайып көрініс.  Мүмкін, сондықтан болар сабын көпіршігі үлкендерге де, балаларға да ұнайды.
Көпшілігіміз сабын көпіршігін тек жылы мезгілдерде ғана жасауға үйренгенбіз. Ал оны ешқашан қыста жасап көремегенбіз, тіпті жасауға да тырыспағанбыз. Алайда, қыста жасалған сабын көпіршігі бұл – өте әдемі, нәзік хрустальді шарлар.
Мұндай қызық тәжірибені жасап көру үшін су, глицерин, сусабын және пластмасс түтікше жеткілікті. Барлық қоспаларды араластырып, ерітінді жасаймыз. Енді жылы киініп, далаға шығу ғана қалды.
Далада 15ºС-тан 25ºС-қа дейінгі аяз болғанда ғана әдемі сабын көпіршіктерін жасауға болады. Көпіршікті үрлегеннен 10 секунд өткен соң, оның төменгі жағында ұсақ кристалдар түзіле бастайды. Олар өте тез жылдамдықпен көбейіп, соңында бірігіп күміс тәрізді мұз шарын құрайды.
Ендеше бүгінгі жаңа сабағамыздың тақырыбымыз қандай? /Слайд көрсету/

Оқулықпен жұмыс. үнсіз оқу

Тапсырмалар

І топ

Географиялық диктант.

Сөйлемді аяқта.

1. Қыста аязда тартылған сымға тұрып қалатын мұз қиыршықтары...

2. Күзде жанасқан заттарға ауадан бөлінетін су тамшылары...

3. Бұлттан температура 0 градустан төмен болғанда түсетін жауын-шашын түрі...

4. Күзде, қыста ауа температурасы төмендеп кеткен кезде, заттарға тұрып қалатын кристалды мұз...

5. Бұлттан сұйық күйінде түсетін жауын- шашын түрі...

Жауаптары:

1. Қар

2. Жаңбыр

3. Қырау

4. Шық

5. Қылау

ІІ топ

Семантикалық карта стратегиясы

 

Қар

Бұршақ

Атмосфера

Жаңбыр

Сынап- барометрі

Жауын- шашын өлшеуіш

Ауа қабаты

 

 

 +

 

 


Бұлттан түсетін жауын- шашын түрлері

 +

 +

 

 +

 


Жауын- шашынды өлшейтін құрал

 

 

 

 

 

+

Атмосфералық  қысымды өлшейтін құрал

 

 

 

 

 +


 

ІІІ топ. Кестені толтыр.

Жауын-шашын түрлері

Қандай ауа- райында түседі?

Жылдың қандай мезгілінде түседі?

Қандай бұлттардан түседі?

Жаңбыр

 

 

 

Қар

 

 

 

Бұршақ

 

 

 

 IV топ. Тақтамен жұмыс. Сызба картамен жұмыс



«Сен білесің бе?»
1-топ

1.1 кг картоп өндіруге 300 л су жұмсалса, 1 қап картопқа неше литр су жұмсалады?

2.Қар неге сықырлайды?

Қар тек аязда ғана сықырлайды. Оның сықырының үндестілігі ауа температурасына байланысты.  Аяз қатты болған сайын, сықырлаудың үні басым болады. Қар сықыры – бұл қардың сынған ұсақ кристалдарының  дыбысы. Олардың жеке дыбыстары адам құлағына естілмейді, ал бәрінің жиынтығы бізге естіледі.

2-топ

    1. кг бидай өсіруге 1200 л су кетсе,1центнер бидай өсіруге неше литр су қажет?

2. Кімнің шашына жауын жауғанда мүлдем су тимейді? Шашы жоқ


3-топ

1.Бір бөлке нан болатын бидайды өсіруге 200 л су қажет болса, бір күнде неше бөлке нан желінетінін анықтап, неше литр су кететінін тап?

2. Қай кезде аспан жерден төмен бола алады? Судағы бейнесінде
4-топ

1.Бір тонна көмір өндіру үшін 6 тонна су,15 тонна көмірге неше тонна су керек?

2.Көл бетінде 6 үйрек жүзіп жүрді. Аңшы біреуін мылтықпен атып тастады. Көл бетінде неше үйрек қалды? 0, қалғандары ұшып кетті

Сабақты қорытындылау Постер қорғау

1-топ Суды қорғау үшін адамдар қандай әрекеттер жасауы керек?

2-топ Суды ластаудың басты себебін анықта

3-топ Суды үнемдеу жолдарын көрсет

4-топ Қар мен жаңбырдың жаууы неге байланысты?


Тест тапсырмаларын орындау.


1.Судың сұйық, қатты, газ тәрізді 3 күйі бар /ия, жоқ/
2. Жаңбыр, қар, бұршақ – бұл жауын - шашын түрлері /ия, жоқ/
3. Өзеннің көлге, теңізге барып құятын жерін сағасы деп атайды /ия, жоқ/
4. Ұзаққа созылған ақ жауын жауатын бұлт түрі - қабат бұлт /ия, жоқ/
5. Жер шарының 3/4 бөлігін бөлігін су алып жатыр /ия, жоқ/
6.
Күн суытқанда су мұзға айналады /ия, жоқ/

7. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды /ия, жоқ/

8. Өте биікте, жауын-шашын жаумайтын бұлт- шарбы /ия, жоқ/

9. Ауаның  құрамындағыең көп кездесетін газ-оттегі /ия, жоқ/

10. Ауаның жер бетіне түсіретін салмағы Атмосфералық қысым /ия, жоқ/

Қорытындылау

1.Су анасы – бұлақ
2.Сусыз жер - нусыз жер
3.Су жүрген жер береке
4.Су ішкен құдыққа түкірме
5.Судың да сұрауы бар

6.Отсыз темір жоқ.
Сусыз өмір жоқ, демекші суды қорғайық, үнемдейік.Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздыр!















«Теміртау қаласы № 9 мектеп-лицейі»КММ



















Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жауын - шашын. Суды қорғау.



Өткізгендер

Анарбаева Г.С

Искендерова Т.А



07 Ақпан 2018
785
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі