Ашық сабақ "Жаз шықты" 7-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жаз шықты" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға,тәжербие алмасу үшін керек және көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 13.09.2017 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Енжанова Г.Т.

Сыныбы: 7

Пәні: қазақ тілі

Бөлім атауы

Ауа райы және климаттық өзгерістер

Сабақтың тақырыбы

Жаз шықты

Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

7.4.2.1. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Шылау түрлерін ажырата біледі және орынды қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Шылау түрлерін қызметіне қарай ажыратып, анықтай алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Шылау түрлерін қатыстырып мәтін құрастыра алады.

Табыс критерийлері

Шылау түрлерін ажырата біледі және орынды қолдана алады.

Шылау түрлерін қызметіне қарай ажыратып, анықтай алады.

Шылау түрлерін қатыстырып мәтін құрастыра алады.

Тілдік мақсат


Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Шылау, сөз, сөйлем, септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Шылау ұғымын қалай түсінесіздер?

Шылаулар дегеніміз не?

Не себепті …. деп ойлайсыз?

Не себепті шылаулар қызметіне қарай септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді?

ишара:

Іс-қимыл арқылы

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ынтымақтастық ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих,информатика

Алдыңғы оқу:

Шылаудың сөз таптарының бірі екенін біледі.

ЖОСПАР

Жоспар-ланған

уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы (10 минут)

Ұйымдастыру. (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгелдеу.

  3. Сабақ тақырыбын, мақсатын, күтілетін нәтижелерді оқушылармен бірлесе отырып анықтау.

Ширату жаттығуы: «Қар кесегі» әдісі (3 минут)

  1. Алдарыңыздағы ақ қағаздарды барынша мыжғылап, оны бір-бірлеріңізге лақтырыңыздар.

  2. Өздеріңізге жақын тұстағы қар кесегін алып, ондағы септеулік шылау, жалғаулық шылау, демеулік шылау сөздері бойынша 3 топқа бөлініңіздер.


Шылау ұғымын қалай түсінесіздер? (5-минут)

А4 қағаздары,

интербел-сенді тақта

Ортасы (30 минут)

«Дұрыс-бұрыс» әдісі (15 минут)

( «Жаз шықты» тақырыбындағы мәтін аудиожазба тыңдатылады.)

  1. Мәтінді мұқият тыңдап , есіңізде сақтаңыз.

  2. Шылауларды анықтаңыз

  3. Сызбадағы өздеріңізге ұсынылған пікірлердің дұрыс не бұрыстығын «плюс, минус» белгісін қойып шығыңыз.


Аудио

тұжырымы

Шылаулар сөз бен сөзді байланысты-рып, сөзге үстеме мағына береді.

Сөйлем мүшесі бола алмайды, оларға жалғау жалғанбай-ды.

Шылаулар қызметіне қарай 3-ке бөлінеді.

Мен, және,әрі, да,біресе,

кейде,

сондықтан сөздері жалғаулық шылауға жатады.

Кейін, сайын, туралы, сияқты, арқылы септеулік шылау сөздер.

Ғана, қана, қой, ғой, -мыс, -міс, -ау демеулік шылау сөздер.


Оқушы

пікірі










  1. Тыңдалған мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін тауып, шылау сөздерге жататынын, жатпайтындығын айт.

Үлгі: 1. Біресе, ------- (бірде, кейде)

2.Туралы, ----------- (жайлы, жайында, жөнінде)

3. Арқылы, ----------------(бойынша, байланысты)

4. Сондықтан, -------- (себебі, өйткені, сол себепті, неге десеңіз)


Шылаулар дегеніміз не?


Дискриптор:

1.Мәтінді мұқият тыңдап, есінде сақтай алады. 2 балл

2.Сызбадағы автор тұжырымының дұрыс не бұрыстығын анықтай алады. 2 балл

3. Тыңдалған мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін тауып, шылау сөздерге жататынын, жатпайтындығын айта алады. 2 балл


«Суреттер сөйлейді» әдісі (15 минут)


  1. Берілген суреттерден өзіңе ұнаған біреуін таңда, суретке тақырып қой.

  2. Тыңдалған мәтіндегі септеулік, жалғаулық,демеулік шылауларды қатыстырып мәтін құраңыздар.

  3. Мәтіндегі шылау сөздерді қызметіне қарай қай түрге жататындығын айтыңыз.


Дискриптор:

1.Суретке тақырып қоя алады. 1 балл

2. Тыңдалған мәтіндегі септеулік, жалғаулық,демеулік шылауларды қатыстырып мәтін құраңыздар. 2 балл

3. Мәтіндегі шылау сөздерді қызметіне қарай қай түрге жататындығын айтыңыз. 3 балл


Не себепті шылаулар қызметіне қарай септеулік, жалғаулық, демеулік болып бөлінеді?


Аудиожазба, интербел-сенді тақта,үлес-тірме қағаздар, суреттер.


Соңы (5 минут)

Рефлексия «ҚАҚ» әдісі.

Қосу (+)

Алу (-)

Қызықты (!)




1.Осы сабақ барысында нені үйренгеніңізді жазыңыз.

2.Сабақта түсінбеген , қиындық тудырған ақпаратты атап көрсетіңіз.

3.Сабақтың өзіңізге ұнаған тұсын жазыңыз.


Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға

тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс –

денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

1.Қабілеті жоғары оқушылар тыңдалған мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін тауып, шылау сөздерге жататынын, жатпайтындығын, мәтіндегі шылау сөздерді қызметіне қарай қай түрге жататындығын айтыңыз.


2. Үлгерімі төмен оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, сызбадағы автор тұжырымының дұрыс не бұрыстығын анықтай алады, тыңдалған мәтіндегі септеулік, жалғаулық,демеулік шылауларды қатыстырып мәтін құрайды.

1.Мақтау , марапаттау сөздер арқылы қолдау көрсету


2.Дискрипторлар арқылы бағалау

1.Мәтінді тыңдату кезінде


2. Кесте,сызба, жаттығу тапсырмаларын көрсету үшін

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу

міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті,қандай

деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы

іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер

енгіздім және неге?

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылар мәтінді тыңдап, естігендерін есте сақтап, сызба бойынша дұрыс не бұрыстығын анықтай алады.

Шылау , оның қызметіне қарай түрлерін ажыратып, оларды қатыстырып, мәтін құрай алады.

Оқушылардың барлығы оқу мақсатына қол жеткізе алады.

Оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін алынған әдіс-тәсілдер оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алады.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталады.

Сабақ жоспарынан ешқандай ауытқулар болған жоқ.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1: Оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігінің артуы;

2: Ширату жаттығуының сәтті шығуы.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Бірлескен топтық жұмыстың өз дәрежесінде орындалуы;

2: Әдіс-тәсілдердің тиімді жүргізілуі.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1: Тапсырмаларды оқушының біліктілік дәрежесіне қарай жоспарлау;

2:Бағалау түрлерін орынды қолдану.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
2303
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі