Ашық сабақ "Желтоқсан жаңғырығы" 9 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Желтоқсан жаңғырығы" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы!
Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасына қатысқан құрбандарды еске алу. Оқушыларды Отанын сүюге, қорғай білуге және ұлттық рух пен қазақы мәдениетті жоғары деңгейде көрсететін азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тәуелсіздік монументі, нақыл сөздер, желтоқсан құрбандарының суреттері, Қазақстан рәміздері, слайдтар
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, интерактивті әдіс, түсіндіру
Сабақтың интеграциялық мүмкіндігі: тарих, саясаттану
Сабақтың барысы: 1. Балаларды сабаққа бейімдеу;
2. Сыныппен амандасу, кезекшімен сөйлесім;
3. Сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын сұрау: ҚР Тәуелсіздігінің белгілері туралы мәлімет жинау;

Жаңа тақырыпқа кіріспе:
Мұғалім: Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қас дұшпанмен арыстандай алысқан батыр бабалардан кімдерді білесіңдер?
Оқушылар: Абылай хан, Қабанбай батыр, Қарасай батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, ер Махамбет, Әлихан Бөкейханов, т. б.

Мұғалім: 16 желтоқсанда тәуелсіздік үшін күрескен азаматтар мен құрбандарын білесіңдер ме?
Балалардың мүмкіндік жауаптары: Тәуелсіздік жолында күрескен жандар: Ж. Молдағалиев, Х. Қожахмет, Н. Сабильянов, т. б. Ал құрбандары: Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сынды ағаларымыз бен апаларымыз.
(слайд көрсету арқылы балаларға желтоқсан оқиғасы туралы айту, Тәуелсіздіктің біз үшін оңай тимегенін әңгіме ету)

Мұғалім: Балалар, Алматы қаласында 1986 жылы Желтоқсанның отты оқиғасы туралы естулерің бар ма? Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттың намыс құдіретін әлемге паш етті.

1 - оқушы:
Қанды қырғын – қалған іс,
Бейне теңіз сең соққан.
Жарқылдайды ар – намыс,
Алматы. Аяз. Желтоқсан!
Дүрсілдейді жүректер,
Сесі күшті қарудың
Жүзіне мұң түнетті,
Үлбіреген арудың.

2 – оқушы:
Арманы алда сенім көп,
Оранды отқа үміттер.
Мұрты жаңа тебіндеп,
Келе жатты жігіттер.
Жүрегінен қан жылап,
Улады дерт ұлыны
Ақ махаббат сан құлап,
Қырқылды ерте бұрымы.

3 – оқушы:
Әлі де бостандық деп атар таңдар,
Ұшқыннан бар әлемге апарғандар.
Қайрат, Ләззат, Ербол, мен Сәбиралар.
Осылар – Желтоқсанда Қаһармандар
Халықтың қабырғасы сөгілмесін,
Аналар ұлын жоқтап егілмесін.
Алладан ақ ниетпен тілейік біз,
Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.

«Желтоқсан желі» әні орындалады.

4 – оқушы:
Күллі әлемге Қайрат боп,
Тарап кеткен атағы.
Желтоқсанның жарысы,
Мәңгі жанға батады.
Батыр болған Тұрардай,
Бауыржандай атағы.
Қайраты жоқ халықтың,
Таңы қалай атады?!

5 – оқушы:
Желтоқсанда соққан жел,
Қайратты еске сала ма?
Қайраты жоқ халықтың
Болашағы бола ма?!
Қазағыма Қайрат боп,
Туса екен ұлдарым,
Қалың елге байрақ боп!

6 – оқушы:
Қазағым мөлдір судай тазалансын,
Есіне Қайрат деген қазаны алсын.
Ел болып, халық болып қолға алайық,
Сол кезде кінәлілер жазалансын!

7 – оқушы:
Ойлан, қазақ!
Таптамасаң қызғалдақ солар ма еді?
Арасына тасқындар толар ма еді?
Туады тағы Қайрат, қадірлейік,
Еліңе солар тұтқа болар енді

8 – оқушы:
Осындай еркіндікті ел тілесін,
Бақыт құсы бағымызға еркін келсін.
Ал енді Тәуелсіздік құтты болып,
Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!

9 – оқушы:
Намысты от – жалынға шыңдайық біз,
Қайраттың ерлігіне лайықпыз.
20 жыл толған екен Желтоқсанға,
Әумин, қабыл болсын, жыр – әніміз!

Желтоқсан оқиғасы туралы қара сөздер оқылады. Желтоқсан құрбандары туралы оқушылар мәлімет беріп өтеді.
Мұғалім: Қазіргі таңда, балалар, 20 жыл бойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел атанып келеді, бұл Тәуелсіздік - қыршын кеткен жастардың қанымен келген тәуелсіздік! 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ мемлекеті егемендікке қол жеткізді, содан бері де талай оқиғалар өтті.
(ҚР туралы слайд көрсету)
Мәтінмен жұмыс: Астана
Астананың іргетасы 1830 жылы қаланған. Астана бұрын Қараөткел, Акмолинск, Целиноград, Ақмола деп аталған. Астана Сарыарқаның солтүстік аумағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана 1932 жылы Акмолинск деп аталды. Ал 1961 жылы Целиноград деп өзгертілді. 1992 жылы Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмоладан Астана болып ауысты. Ол - қазір еліміздің астанасы. Астанада Президент Ақордасы, «Бәйтерек» монументі бар.
Еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласы. Онда Тәуелсіздік монументі орналасқан, оның биіктігі – 28 метр.

Үй тапсырмасы: Осы бүгінгі Желтоқсан оқиғасына байланысты қосымша материал іздестіру;


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2021
768
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі