Желтоқсан оқиғасы құрбандарының бірі, "Халық
қаһарманы" Қайрат Рысқұлбековтің өмірбаянын
Биыл КСРО-ның ыдырауын жеделдеткен Желтоқсан
оқиғасына 33 жыл толып отыр. 1986 жылдың 16 желтоқсанында
Алматыдағы бұрынғы Брежнев алаңына мыңдаған жас жиналып, "қазақты
қазақ басқарсын" деп, Колбиннің орнынан кетуін талап еткен болатын.
Кеңес билігі жастарды алаңнан күшпен қуып, асқан қатігездікпен
басып-жаныштады. Ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын
құрбан еткен атпал азаматтың бірі Қайрат Рысқұлбеков
болатын.
Бала Қайрат қандай еді?
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл
облысы Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік деген шағын ауылда дүниеге
келді. 1973-1981 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылындағы Сәду Шәкіров
атындағы мектеп-интернатта білім алған. Бала кезінде күреспен
шұғылданған.
Бауырмал, шындықты бетке тура айтатын тік
мінезді, көпшіл, шыншыл еді. Сабақтан қолы босай қалса, кітапханаға
асығып, кітап оқитын. Сөзге шешен болатын.
Желтоқсан құрбаны- Қайрат Рұсқұлбеков
Алматы
архитектура құрылыс институтының студенті. 1988
жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі оған берілген атужазасын 20 жыл бас
бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.
1988 жылғы мамырда-қайтыс
болды.
1996 жылғы 9 желтоқсан - «Халық қаһарманы» атағы
берілді.
Тәуелсіз
қазақстан
Ләззат Оразханқызы
Асанова (27.07.70, Алматы
облысы, Панфилов
ауданы, Ақжазық ауылы —
25.12.86, Алматы)
— Желтоқсан
көтерілісінің (1986) құрбаны. 1985 жылы Алматыда
П.Чайковский атындағы музыкалық училищеге оқуға түскен. Алматыда
1986 жылғы 17-18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық
және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан.
Ол Орталықтың билеп-төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы
Жаңа Алаңға (қазіргі Республика
алаңы)
алғашқы ереуілшілер қатарында “Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір
сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде
ғана азат бола аламыз!” деген ұранмен шықты. Көтеріліс
қатыгездікпен жанышталғаннан кейін басқа да ұсталған 87 адам
қатарында А-ға Қазақ КСР ҚК-нің 65-бабымен айып тағылып,
(Көтеріліске қатысып ұсталғандар жөніндегі Қазақ КСР ІІМ-нің
құжаты, (1211-177, 23.02.1990) қамауға алынды. 1986 жылғы 17-18
желтоқсанда Алматы қаласында болған оқиғаларға түпкілікті баға беру
жөнінде республика Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы құрған комиссия
мүшесі Ф.Игнатовтың мәліметтеріне қарағанда, Ләззаттың мәйіті
бірнеше күннен кейін музыкалық училище жатақханасынан табылған да,
ол туралы жатақхананың бесінші қабатынан құлап өлген деген қауесет
таратылған. Осыған қарамастан мәйітті Алматы облысы Панфилов
ауданындағы Ақжазық кентіне Ішкі істер министрлігі мен Мемлекеттік
қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері арнайы қарауылдап апарған.
Ләззатты жерлеудің алдында денесін ақ жуып, арулаған кезде оның екі
білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас
сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол
жазалаушылардың қолынан қаза тапқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан
соң ғана А. жөніндегі шындық қалпына келтіріле бастады. Ләззаттың
ерлігіне арналған ән (“Қаһарман қыз — Ләззат қыз”. Музыкасын
жазған Жоламан
Тұрсынбаев,
өлеңі — Абдрахман
Асылбектікі),
ол жөнінде баспасөз беттерінде ғалымдар мен мемлекет, қоғам
қайраткерлерінің пікірлері жарық көрді.
Желтоқсан желі
ызғарлы
Желтоқсан бірде,
Ел
тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.
Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңды із қалды.
Шайқалды күйім,
Шайқалды миым -
Бомбалар жиі жарылды.
Малым да
кеміп,
Әлім де
кеміп,
Қинады берік
жанымды.
Тоңдырды
мені,
Тоңдырды
сені
Желтоқсан желі
ызғарлы.
Солдырды
гүлді,
Оңдырды
нұрды,
Көңілде мұңды із
қалды.
Бабалар
өлер,
Балалар
келер,
Аналар берер
тіршілік.
Гүлденер
дала,
Түрленер
қала,
Бұтаққа жаңа бүр
шығып.
Тоңдырды
мені,
Тоңдырды
сені
Желтоқсан желі
ызғарлы.
Солдырды
гүлді,
Оңдырды
нұрды,
Көңілде мұңды із
қалды.
Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы, 1970 жылғы
қаңтардың 1-і Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақмектеп
ауылында дүниеге келген. 1977 жылы «Ленин жолы» сегіз жылдық
мектебінің 1-сыныбына оқуға қабылданған. 1984 жылдары осы мектепті
«өте жақсы» деген бағамен үздік бітіріп, Өскемен педагогикалық
училищесіне оқуға түседі…
1986 жылдың желтоқсанындағы оқиға Алматыда әскер
күшімен басылды. Бірақ, дүмпу бірден басылмай, Жезқазған,
Талдықорған, Шымкент, Қарағанды және Өскемен секілді қалаларға
жайыла түсті. Дүйім қазақ жастарының қозғалысына ұласты. Сондай
қаланың бірі Өскемен болатын. Барлық жоғары және орта оқу
орындарының студенттері желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында
Ленин атындағы орталық алаңға жиналып, өздерінің бейбіт мақсаттағы
тілек мүдделерін жеткізбек болған. Барлығы да алаңсыз
еді…
Бірақ, олар ойлағандай болған жоқ, арада жарты
сағаттай уақыт өткенде құқық қорғау қызметкерлері жастарды
ұрып-соға жөнелді. Айыпты деп танылған он беске тарта студент
қамауға алынды. Тергеу барысында жастардың пікірі мен сөзіне құлақ
түрген ешкім болмады. Тек біржақты қараланып, яғни ұлтшыл деген
жала жабылып, орынсыз қорлауға жол берілді. Тергеудің соңы
«ұлтшылдардың басын қосып, кеңестік қоғамға қарсы шығуды мақсат
тұтқан» Сәбира Мұхамеджанова деп танылады. Әрине, небәрі он алты
жастағы қыз мұндай жаланы көтере алған жоқ, ол өз ұлтына жасалған
қиянатты көтере алмады. 1986 жылғы желтоқсанның 26-ы күні Өскемен
қаласында жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, өзін-өзі мерт
етті.