Ашық сабақ "Жеңіс күні"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жеңіс күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
жеңіс күні
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы

Жеңіс күні

Сабақтың мақсаты

Балалардың «жеңіс күні», «бейбітшілік» туралы түсініктерін бекіту. Патриоттық сезімге, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Соғысқа қатысқан ардагерлерге құрмет көрсету.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Сөздік жұмыс: отшашу, соғыс ардагері.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Соғысқа қатысқан ардагерлер суреттері. Мәңгілік алау, оның қасында күзетте тұрған балалар. Жеңіс мерекесінің суреті.


Көрнекіліктер

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

       

 Психологиялық ахуалды қалыптастыру

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

- Аспанымыз ашық болсын!

- Еліміз тыныш болсын!

- Бейбітшілік болсын!

Педагог: 9 мамыр - жеңіс күні! Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр ағаларымыз бен апаларымыз бар. Оларды атап айтсақ: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, т.б.

Еліміз өз батырларын ешқашанда ұмытпайды. Батырлар ескерткішіне гүл шоғын қоямыз!

Еске алу: 1 минуттық үнсіздік.

Дәптермен жұмыс: Қайрат Жұмағалиевтың «Жеңіс күні» өлеңін жаттау.

Ойлап тұрдым көп,

Сауал бердім білгім кеп:

 — Қуанышты мереке –

Жеңіс күні қай күн? - деп.

Бейбіт күннің бәрі де –

Жеңіс күні, шырағым!

Дидактикалық ойын: «Сөз ойла, тез ойла».

Ойын шарты: Бастаушы бір сөз айтады, балалар жалғасын тез ойлап табуы керек.

Мен әншімін ... (ән айтамын)

Мен дәрігермін ... (адамдарды емдеймін)

Мен ғарышкермін ... (ғарышқа ұшамын)

Ойын осылай жалғасады.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру       

 Жаңа сабақ

 

 

 

 


Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

Оқушылар ойын ойнайды

 Рефлексивті — түзетушілік 

Қиынсынып қашпаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Көңілді әуен сазымен

Жаттығуды бастаймыз.

Иілеміз оңға бір,

Иілеміз солға бір,

Қолды жоғары көтеріп,

Қолды төмен түсіріп,

Терең тыныс аламыз. (Қимылмен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс:

«Ерлер есімі мәңгі өшпейді!» - жоғары дауыста

орта дауыста

төмен дауыста айтылады.

Қорытынды:

- «Жеңіс күні» деп неліктен айтамыз?

- «Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсінесің?

- Соғысқа қатысқан ардагерлерге қандай көмек көрсету керек?

- Соғысқа қатысқан батырларды ата.


Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2018
1017
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі