Материалдар / ашық сабақ "Жж дыбысы мен әрпі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ашық сабақ "Жж дыбысы мен әрпі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қырқүйек 2018
643
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шалқар ауданы, Сарысай негізгі орта мектебі

мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Жубатканова Гулдана Кеулимжаевна

Сабақтың тақырыбы: Ж ж дыбысы және әрпі.
Сабақтың мақсаты: Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ шешу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе буындар, жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.
Сабақтың барысы:
1. Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері:

Армысың, Әлем!

Армысың ,Жарық күн!(Қолдарын көкке көтереді. )

Армысың ,абзал Адам!(қолдарын алға қарай созады.)

Армысың ,менің досым!
2. Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? Дыбысты естиміз, айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.Дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі? Сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.Ал жарайсындар балалар орнымызға отырайық өткен әріптерді еске түсірейік А Н О С Ө П Ә Г І Р Е Ш ал канекей балалар мына екі себет тұр , бірінші себет қызыл, ал екінші көк себет өткен әріптерімізді орналастырамыз дауысты дыбысты қызыл себетке ,дауыссыз дыбысты көк себетке орналастырамыз.
3. Жаңа сабақ. Балалар бізге «Жұмбақбай атамыз » сабағымызға жұмбағын ала келіпті, ал балалар жұмбақ шешуге дайынбыз ба? "Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
2. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)
3. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
4. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
- Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?
- Ж - дыбысынан.
- Дұрыс - ақ.бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі.

Ж - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Әліппе - дәптерімен жұмыс.Суреттерге қарап жұмбақ жауаптарын тап.
4. Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Бір отырып,бір тұрып

Бір дем алайық.

5.Кемпірқосақтың түсі нешеу?Сызбада қай түсі түсі белгіленген?ал қанекей балалар 7 түс деп санап береді.Кемпірқосақта жасыл түсі белгіленген екен,ал балалар қандай әріптен басталып тұр.Балалар Ж дыбысы деп жауап береді.

6. Ж әрпімен таныс болыңдар.

Ж-ның өзі – жұмбақ,

Жартысы жартысына

Тұрғандай ғой ұқсап.

Балалар Ж әрпі қай жәндікке қатты ұқсайды екен?Көбелекке ұқсайды деп жауап береді.

7.Суреттен ж әрпінен басталып жазылатын сөздерді тап.Көбелекті боя.

8.Ж әрпін әліппе дәптерімізге бастырып жазамыз.

9. Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос".
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.
Жа - ға, жу - ан, жаң - ғақ, жыл - дам, Жас - лан, жы - лан, жас - тық, жү - зім, жұл - дыз, же - міс, жұм – бақ.
10. «Тапқырбек»ойыны:

Жаңғақ

Хор

Жапалақ

Шана

Жылқы

Кітапхана
- Балалар, біз қөбелектің барлық тапсырмаларын орындадық.
11.Қорытындылау:

- Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Ж - дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
- Балалар, сіздер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.
- Балалар, сіздер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарысыңдар. Келешекте біздің Қазақстан еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!