Ашық сабақ "Жол" 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жол" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әр түрлі әдіс- тәсілдер қолданылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көлік және жол белгілері

Мектеп:№7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Г.Жексенбаева

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жол

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.5.1. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.4.4.4. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады; Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата біледі; Сан есімді зат есім орнына қолдана алады.

Тілдік мақсат

Барлық пәндер үшін

Пәнге тән лексика мен терминология: жол, қиылыс, сан есім, сан есімнің мағыналық түрлері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:


Бағалау критерийлері

  1. Негізгі ақпараттарды анықтайды ;

  2. Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады ;

  3. Ақпарат көздерінен қажетті материалдарды таңдайды;

  4. Сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады;

  5. Сан есімді зат есім орнына қолданады.

Құндылықтар-ды дарыту

Мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, өз жерін, өз тілін, өз отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Өмір қауіасіздік негіздері, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Жол, көлік, жол белгілері, қауіпсіздік және жол ережелері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс-тар








Сабақтың басы
















































Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі



































































































Сабақтың соңы


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2. Психологиялық ахуал: Шаттық шеңбері

3.Топқа біріктіру

4. Миға шабуыл: құрамында сан есімдері бар мақал- мәтел айту, жұмбақ шешу.

-Таңертең төрт аяқты,түсте екі аяқты,кешке үш аяқты (адамның сәби,жігіт,қарттық шағы).

- Бес ін,бес іннің аузы бір ін (қолғап).

- Бес жанды бір жансызға мінгеседі,үстінде ақ тақырдың із кеседі (қалам,адамның 5 саусағы).

«Алтын сандық» Берілген сұраққа нақты, дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызша беріледі.

1. Сан есім дегеніміз не?

2. Сан есімнің сұрақтарын ата?

3. Сан есімнің құрамына қарай түрлерін ата?

4. Дара сан есім дегеніміз не?

5. Күрделі сан есімдерге мысал келтір?

6. Сан есімнің мағынасына қарай түрлерін ата?

7. Есептік сан есім сұрақтары?

8. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтар?

9. – ау, - еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім?

10. Нешінші? Қай сан есімнің сұрағы?

11. Қай сан есімдерге - ау,- еу жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп қолданылады?

12. Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтарды ата?

13. Қаншадан? нешеден? сұрақтарына жауап беретін сан есім?

14. Оннан екі - қандай сан есім?

15. Мың, жүз құрамына қарай қандай сан есімдер?

16. Екеу, үшеу, төртеу - қандай сан есімдер?

Тапсырма №1

Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің негізгі ақпараттарын анықтауға бағытталған

сұрақтар құрастырыңыз (3 сұрақ).

Бағалау критерийі Білім алушы

Негізгі ақпараттарды анықтайды;

Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады.

Мәтін

Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүргіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.

Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан,мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.

Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі.

Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.

Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ересектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.

Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.

Дескриптор Білім алушы

- нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар

құрастырады (3 сұрақ).

«Ұшақ» әдісі арқылы топтар бір- бірінің сұрақтарына жауап береді.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.


Тапсырма №2

Бағалау критерийі Білім алушы

Тиісті сан есімдерді табады;

Сан есімнің мағыналық түрлерін анықтайды..

  1. топ

Берілген сөйлемдерден сан есімдерді тауып, сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтау.

• ……. атасын білмеген жетесіз.

2 Қызға …. үйден тию.

3…… жасар бала алыстан келсе,

Алпыстағы қария сәлем берер.

4. Екі елді жол қосады,

Екі адамды қол қосады.


  1. топ

1…ала болса, ауыздағы кетеді.

. түгел болса төбедегі келеді.

2 Білекті бірді жығар, білімді …жығар.

3 Ер жігіттің …. сөйлегені - өлгені.

4. Жолды кесіп өтуге мен қамдансам,

Қиылыста қарсы алады бағдаршам.

Менікіндей екеу емес, үш көзді,

Әр көзінің түсі бөлек, аңғарсаң.


  1. Топ

1….. сомың болғанша,…досың болсын.

2. Жеті рет өлшеп…. рет кес.

3. Бір жол бар жақын, жақын да болса алыс.

Бір жол бар алыс, алыс та болса жақын.

4. Әуелгі байлық — ден саулық,

Екінші байлық — он саулық,

Үшінші байлық — ақ жаулық.


Дескриптор Білім алушы

- Мақалдардағы сан есімдерді орнына қойып жазады;

- Сан есімдердің мағыналық түрлерін ажыратып жазады.

ҚБ: «Бір шапалақ» әдісі арқылы топтар өзін-өзі бағалайды.


Тапсырма №3

Суретпен жұмыс. Сурет бойынша 3 сөйлем құраңдар. Сөйлемде сан есімдер болуы шарт. Сан есімді зат есім орнына қолданыңдар.

Бағалау критерийі Білім алушы

Сурет желісі бойынша сөйлем құрады;

Сөйлемді сан есімдермен байланыстырады;

  • Сан есімдердің орнын зат есімдермен алмастырады.


Дескриптор Білім алушы

  • Сан есімдерді қатыстыра отырып, сурет желісі бойынша сөйлем құрады;

  • Сан есімдердің орнын зат есімдермен алмастырады.

ҚБ: «Марапат сөздер» әдісі арқылы мұғалім топтарды бағалайды.


Тапсырма №4

Бағалау критерийі Білім алушы

Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

Өз ойларын дәлелдейді.

Дескриптор Білім алушы

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді;

  • Өз ойларын дәлелдейді.

ҚБ: Топтық тексеру арқылы топтар бірін- бірі бағалайды.


Сан есімдердің орнын зат есімдермен алмастырады

1-топ

Семантикалық карта толтыру

Мысалдар


Есептік

Реттік

Топтау

Жинақтық

Бөлшектік

Болжалдық

Бесінші







Он алтыға жуық







Екі мың бірінші







Жетеу







Қырық жеті бүтін оннан алты







Мың шақты









2- топ

Сәйкестендіру тесті


Арманда

алтыншы сыныпта оқимын

Мен

бес кітап бар

Биыл

сабақты беске оқиды

Ол

Тәуелсіздікке 22 жыл

Қазақстанда

екі мың он үшінші жыл


3-топ

«Т » кестесін толтыру

  1. Сан есім дегеніміз – заттың санын, ретін білдіріп, қанша? неше? нешінші? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

  2. Сан есімдер қысқару арқылы жасалады.

  3. Сан есімнің 7 мағыналық түрлері бар.

  4. Топтау сан есімі –ау, -еу жұрнақтары арқылы жасалады.

  5. 5,9 – бөлшектік сан есім.

Кері байланыс. ҚҚҚ кестесі










Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
28.02.2018
1031
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі