Ашық сабақ "Жомарт өлкем" ересек тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жомарт өлкем" ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыканы тыңдау,сезіну,сипатын ажырату,динамикасын білу. Туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту. Балалардың жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.Триз технологиясы бойынша балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Балбұлақ» ересек тобы үшін

ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы.

Музыка жетекшісі: Бабаканова Ардақ Слямханқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Музыка

Тақырыбы: "ЖОМАРТ ӨЛКЕМ "

Мақсаты: Музыканы тыңдау,сезіну,сипатын ажырату,динамикасын білу. Туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту. Балалардың жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.Триз технологиясы бойынша балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай слайд, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, композитор И.Нүсіпбаевтің суреттері(слайд), жалаушалар, орамал, эмблемалар, Триз технологиясы(қасық,құмыраға салынған дәндер)

Тілдің үштұғырлылығы: Туған жер-Родная земля- native land


Іс-әрекет қызметі

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті






Мотивация-лық - қозғаушы - лық

Балаларды «Көк тудың желбірегені» әнімен қарсы алу. Жалаушалармен жаттығу жасату.











«Сәлем-Привет-Hello» (үш тілде сәлемдесу)


Балаларды екі топқа бөліп отырғызу.

  • «Домбыра» тобы

  • «Баян» тобы

Слайдтан Н.Ә.Назарбаевтің суретін көрсету.

Балалар, экранға қараңдаршы бұл кім? Біздің ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз бүгінгі мерекеге дәл келіп тұр.

1-желтоқсан президент күні.

Әнұранды орындайық.

Балалар қазір біз сендермен музыка тыңдап, бір-бірімізді бағалаймыз.

Бағалау критериі: дұрыс болса шапалақтап, ал орташа болса аяқтарын топылдату арқылы бағалайсыңдар.

Музыка тыңдау: «Елім менің» (Н.Ә.Назарбаев; Б.Тлеухан) әнін

тыңдайық. (үнтаспадан тыңдайды)

Бұл әнді орындаған Б.Тлеухан әнші-жыршы ағаларың, ал сөзін жазған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

  • Балалар ән сендерге ұнады ма?

  • Не жайында айтылды?

(Екі топ бір-бірін бағалайды)

Өзім балалардың берген жауаптарына байланысты бағалаймын.

Даусымыз жақсы шығу үшін дауыс жаттығуын жасап алайық.





Балалар екі қолына жалауша ұстап жүріп қимыл-қозғалыстар жасайды.






Сәлемдесу жаттығуын жасайды.











Орындарына отырады.

Н.Ә.Назарбаев




Әнұранды орындайды.







Музыканы мұқият тыңдап, дұрыс жауап беріп,бір-бірін бағалайды.











Ұйымдасты- ру-іздестіру

Дауыс жаттығуы: «Жоғары,төмен»

Әнді қайталау: «Жас дәуірдің түлегіміз»

(Әнді бағалау)

Ән үйрену: «Жомарт өлкем»

(И.Нүсіпбаев; Т.Молдағалиев)

Тілдің үштұғырлылығы:

Туған жер-Родная земля- native land

Слайдтан И.Нүсіпбаев композитор дың суретін шығарып, қысқаша айтып өту.

Ибрагим Нүсіпбаев (1922 - 1987) — Қазақстан мәдениет қайраткері, композитор. Республикамызда балалар әні, балалар хоры мен ансамбльдерінің негізін қалаушылардың бірі. Шығармашылығы жас ұрпақты Отанын, туған жерін сүюге, еңбекке, білімге деген ынта-жігерге тәрбиелейді. Оның "Екеуміз - әйбат баламыз", "Мектеп вальсі", "Жол жыры" т/б әндері бар.

Ойын: «Орамал тастамақ»

Шарты: Балалар дөңгеленіп шеңбер құрып отырады.

«Бір,екі,үш тамаша!

Бір,екі,үш тамаша!»-деп әнді бастаған кезде бастаушы орамалды қолына ұстап,шеңберді айнала жүріп, қалаған баланың иығына орамалды тастайды. Орамалды алған бала шеңберді айнала бастаушыны қуып жетуі керек. Бастаушы сол баланың орынына отыруы керек.











Музыкалық аспапта ойнау: «Еркем-ай» халық әні

Триз технологиясын қолданып қолда бар затпен балалардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

(Балалардың қолында қасық, дәндер салынған құмыра, шот, кесе қасықпен, банкада салын тастар)

Дауыс жаттығуын жасайды.

Әнді нақышына келтіре орындайды.

Бағалайды.

Әннің сөздерін анық айтып дұрыс орын-дауға тырысады.

Үштұғырлылықты қайталайды.


И.Нүсіпбаев туралы мәлімет алады.









Ойынның шартын бұзбай. Қауіпсіздікті сақтап көңілдене ойнайды.





























Қолда бар заттарға қызыға қарап әуенге сай ойнауға тырысады.

Рефлексивті түзетушілік

Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде не істедік?

Қандай үлкен мерекені қарсы алып отырмыз?

«Менің елім» әнінің сөзін жазған кім?

Бүгінгі үйренген әніміз қалай аталады?

Балаларды марапаттап,қоштасу.


Балалардың жауаптары.





Қоштасады




Біледі: музыканы тыңдауды, сипатын ажыратуды.


Түсінеді: композитор туралы, әнді мәнерлі орындауды.


Қолданады: музыка әуенімен қимыл-қозғалысты жасауды, ойын шарттарын сақтауды, триз технологиясы арқылы аспапта ойнауды.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2018
1700
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі