Материалдар / Ашық сабақ жоспары "Жоғары молекулалы қосылыстар" 1курс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ жоспары "Жоғары молекулалы қосылыстар" 1курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж студенттерінің 1 курсына химия пәнінен ашық сабақ жоспраы. Бұл сабақ тарауды қорытындылау, бекіту үшін жүргізіледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Сәуір 2022
953
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Жабинова Анара Жинмуханбетовна

Нұр-сұлтан қ. ЖШС “Басқару Колледжі” Химия пәнінің оқытушысы


Сабақ тақырыбы: Жоғары молекулалық қосылыстар


Сабақ мақсаты:

Білімділік:Жоғары молекулалық қосылыстар тарауынан алған теориялық білімдерін нақтылау, ізденіс, өздік жұмыстар арқылы тексеру, бекіту.

Дамытушылық: Осы тақырыпқа байланысты дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, өзара пікірлесуге баулу.

Көрмекті құрал: Интерактивті тақта, мұнай, пластмасса, талшық жинақтары, оқулық, молекула моделдері.

Сабақтың түрі: Қайталау, қорытындылау сабағы.

Пәнаралық байланыс: Қазақ, орыс әдебиеті, география, физика .

Сабақтың өтілу өрісі мен тәсілдері. Топпен, ойын элементтерін қолдану.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыу кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеру. Екі топқа бөлу(2 минут)

Мінекей біз өте үлкен және маңызы тарауды аяқтадық Бұл жоғары молекулалы қосылыстар тарауы. Көмірсутегіден алынатын жоғары молекулалы қосылыстарға көксағыз( каучук), пластмасса, талшықтар жатады. Соның ішінде бүгін қарастыратынымыз синтетикалық полимерлер. Біз олардың құрамын, құрылысын, химиялық қасиеттерін, алу жолдарын, қолданылуын қарастырдық. Полимерлерсіз біз өмірімізді елестете алмаймыз. Себебі: полимерлерден тұрмыста қолданатын заттар, байланыс құралдарын,соның ішінде телефон, теледидар, спутниктіктер,радио, киім-кешек, ыдыс-аяқ т.б. заттарды аламыз. Енді бүгін осы тақырыптардан алған білімдеріңді бекітеміз. Сабақ ойын түрінде өтеді. Әр дұрыс жауап бір балл болады.енді бүгін сабақ бойы ұстанатын ұранымыз: Іздесен-табасың, талаптансаң-жетесің, зейін салсаң-ұғасың». Ал, енді, іске сәт, балалар! 

I-тур . Таныс болайық

Үй тапсырмасы бойынша 2 топ өздерін таныстырады.

2- Қызығушылықты ояту.

II- тур. Білім шыңы.

Ой қозғау «Білім шыңы» (Мұнда екі топқа бірдей сұрақтар қойылады қайсысы

бұрын жауап берсе, сол білім шыңының бір баспалдағына көтеріледі. )

  1. Полимер дегеніміз не?

  2. Мономер дегеніміз не?

  3. Поликонденсация реакциясы дегеніміз не?

  4. Полимерлену реакциясы дегеніміз не?

  5. Сополимерлер дегеніміз не?

  6. Олигамерлер дегеніміз не?

  7. Вулканизация процесі дегеніміз не?

  8. Алыну процесіне байланысты талшықттар неше топқа бөлінеді?

  9. Мынау қай заттың молекуласының моделі? (этан)

  10. Мына химиялық реакция қай заттың сапалық реакциясы болып табылады?

(алкен) ( әр дұрыс жауапқа бір бал беріледі)

III -тур Ұяшықтар кезеңі

Оқушылар назарына 6 ұяшық шығады. Әр ұяшықта көмірсутектепрдің формулалары берілген. Оқушылар формулалардың атттарын табу қиын.

1-ші полиэтилен

2-ші винилхлорид

3-ші пропилен

4-ші пентен

5-ші капрон

6-шы циклобутан.

( әр дұрыс жауапқа бір бал беріледі)

IV- тур. Топтастыру. Полимерден жасалған радиобайланыс саласында қолданатын заттарды тап.

Кәбіл, капрон бау, ажыратқыш, ПЭЛ тартылымы.

V-тур. Шеберлер жарысы . 2 минут беріледі.

1 мин. ішінде қаныққан және қанықпағани көмірсутектердің шарөзекті модельін

жасап, қорғау. ( Екі топқа молекула модельдері таратылады. Сол берілген уақытт

алкан және алкендердің шарөзекті моделдері құрастырып, оны дәлелдейді)

Келесі 1 минут ішінде компьютермен полиэтиленнің моделін құрастырып көрсету керек.

V I-тур. Кім жылдам. (кітаппен жұмыс)

42 бет.№ 3 есеп. Екі топ бірдей дәптерлеріне тапсырманы орындайды. Сосын кезекпен тақтаға шығып оны жазады. Берілген химиялық теңдеулерді аяқта. 1мин. беріледі.( Екі топқа бір химиялық тізбек беріледі)

С – СН4 – СН3Cl – СН3ОН

Жауабы:

С – СН4 – СН3Cl – С2Н6 – С2Н4

С +2Н2 → СН4

СН4+ CI2→ СН3 CI +Н CI

2СН3 CI + NaОН→ СН3 ОН+ 2Na CI

Екі топ жарысып шығарады. Яғни топ мүшелері бірінің артынан бірі шығып бір реакциядан жазады. Қай топ бірінші және дұрыс жазады сол топ жеңеді.

VII-тур. Құпия қорапша

Эранға заттар жасырылған екі қара қорапша шығады. Сол заттар жайлы қысқаша мағұлмат беріледі. Оқушылар топпен ойланып, жасырынған затты табу керек.

  1. Қазақстан мемлекетінде құрамында көксағызы бар өсімдік өседі . Сол өсімдік қалай аталады?( таусағыз немесе көксағыз)

  2. Резеңкені алғаш ойлап шығарған адам кім? (С.В.Лебедев)



VIII - тур. Тапқыштар сайысы.

1.Бұл кезде эранға қазақ, орыс әдебиетінен мақал мателдер беріледі, бірақ бір сөзі жетіспейді. Соларды дұрыс тауып, бас әріптерін құрастырса алғаш радионы ойлап тапқан адамның тегі шығады.Пасық. Отансыз. Пышақ. Отан. Всюду.

(ПОПОВ)

2. Қазақстан мемлекетінің картасынан полимерлер шығаратын жерлерді көрсетіп, ата. (Ақтау, Атырау, Шымкент, Қостанай, Қарағанды, ОҚО)

Ақтау пластмасса зауыты.

Атырау металл- пластик құбыр зауыты.

Шымкент пластик-құбыр зауыты.

Қостанай синтетикалық талшық зауыты.

Қарағанды синтетикалық талшық зауыты.

Қарағанды облысы, Саран қаласында Талшық- сым шығаратын зауыт.

ОҚО 21 мақта талшық өндіретін зауцыт бар.

Бағалау:

Бүгін балалар, өз білімдеріңді, тапқырлықтарыңды, ұйымшылдықтарыңды көрсетіңдер деп ойлаймын. Енді топ мүшелерін сабақ бойы көрсеткен білімдеріне сай бағалайық. бағалайық Балл саны қай топта көп сол жеңгені.Сабақ бойы белсенді қатысқан балаларға 5 бағасы қойылады.

Үй тапсырмасы: Үйде «Келешек отыны » атты шығарма жазып келу. .


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!