Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Нейрон құрылысы. Рефлекстік доға". 8-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Үштілді оқыту қазіргі заман талабы. Үштілділік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтың бірі. Осы орайда биология пәні бойынша 8-ші сыныпта өткізілген " Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Нейрон құрылысы. Рефлекстік доға." тақырыбындағы ашық сабақтың жоспары ағылшын тілін пәнге енгізуге негізделген. Биология пәнін ағылшын тілінде бастап беретін мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып: 8 «Б». Күні: 17.10.2017.

Сабақ тақырыбы: Жүйке жүйесінің маңызы, оның құрылысы және қызметі. Нейрон құрылысы. Рефлекстік доға.


Сабақ мақсаты:

Білімділік: Жүйке жүйесінің, нейрондардың құрылысы мен қызметтері, рефлекс және рефлекс доғасы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ой еңбегіне үйрену дағдыларын дамытуды жалғастыру, салыстыру, талдау, қорытындылау, мәтінмен жұмыс істеу, өзін-өзі бақылау.

Тәрбиелік: Жүйке жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы денсаулық үшін маңызы зор болғандықтан жүйке жүйесінің гигиенасын сақтауға түрткі жасау.


Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, суреттер, тірек-сызбалар, презентация.


Сабақ түрі: жаңа сабақ.


Білім технологиялары:

- шет тілін оқытудағы коммуникативті технология;

-топтық технология;

- саралап оқыту технологиясы;

- денсаулықты сақтау технологиясы.


Әдіс-тәсілдер: сұхбат, баяндау, өзіндік жұмыс, сұрақ-жауап, сәйкестікті табу, салыстырмалы жұмыс, терминдермен жұмыс, экспресс тест, зертханалық жұмыс.


Сабақтың пәнаралық байланысы: эволюция, цитология, музыка, медицина, шет тілі.

  

 Күтілетін нәтиже:

   1.Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі, маңызы туралы түсінік қалыптасады.

   2. Оқушыларға жүйелі тапсырма беру арқылы салыстыруды, талдауды

    қорытындылауды үйренеді.

   3. Жүйке жүйесінің рефлекстік механизмін зерттеп, анықтай алады.

   4. Өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы оқушылар өз бетімен жұмыстанады,

   бұрынғы білетіндерін салыстырады, қорытынды жасай алады.


Сабақ барысы:

І .Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, даярлығын қадағалау. Сабаққа назарын аудару


ІІ. Ой қозғау. Проблемалық сұрақ. Stimulating question: Қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына ағза қалай бейімделеді? 


ІІІ. Әннен сабақтың тақырыбына қатысты жаңа сөздерді табу.


Each neuron has a cell body, a nucleus

Strands called nerve fibers

There are two types them

Carrying information out-in

When info's channeled to the cell body-Dendrites

When it is sent away from-axons

They pair up from one cell to a friend

To pass on the instructions


There are millions of nerves

They are called neurons

And there are just three types

Sensory is the first has receptors

They respond to stimuli

Association's in brain and spinal chord

Interpreting the info and passing on

To move the motor neurons carry to the body

Bring it to the glands

Bring it to the muscles...oh oh oh oh oh

Nervous System

Spinal chord, brain, and nerves... oh oh oh oh oh

The Nervous System


ІҮ. Terminology. Оқушылар жаңа терминдермен танысып, ағылшынша қайталайды. Мәтіннен анықтамаларын тауып, дәптерлеріне жазады.

(Write the terms in your copybook and define new words. Do you task in 5 min. Is it clear?)

1. Nervous system – жүйке жүйесі – нервная система

2. Neuron – нейрон - нейрон

3. Axon – аксон - аксон

4. Dendrite – дендрит - дендрит

5. Reflex – рефлекс - рефлекс

6. Synapse – синапс - синапс

7. Receptor – рецептор - рецептор

8. Brain – ми - мозг

9. Spinal cord – жұлын – спинной мозг

10. Nerve –жүйке – нерв

Ү. Жүйке жүйесінің құрылысы мен маңызы. Бейнефильм арқылы түсіндіру. Сызбанұсқа сызу.

Жүйке жүйесі: ОЖЖ: ми мен жұлын

Шеткі: жүйкелер, жүйке түйіндері, жүйке ұштары

Жүйке жүйесі: Сомалық: Қаңқа бұлшық еттері мен терінің жұмысын реттейді, организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырады

Вегетативті /автономды/ - симпатикалық - парасимпатикалық: алмасу процестерін, организмнің өсуін реттейді.


ҮІ. Сабақты бекітуге арналған жаттығулар.

1. Activity. Comparison.


2. Activity. Match terms to a definition.

1

nervous system

А

Омыртқа жотасының ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі

2

neuron

Б

сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары.

3

nerve

В

сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы ағзаның жауап қайтару әрекеті.

4

receptor

Г

Нейронның бұлшық ет талшықтарымен түйіскен жері.

5

axon

Д

Организм мен сыртқы орта байланысын қамтамасыз етеді.

6

dendrite

Ж

Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі

7

synapse

З

мінез-құлыққа жауапты орталық жүйке жүйесінің меңгеру торабы

8

reflex

И

Жүйке жасушасы

9

brain

К

Жүйке талшықтарынан құралған ұлпалар шоғырлары.

10

spinal cord

Л

Жүйке жасушасының қысқа өсіндісі


3. Экспресс-тест. Let’s have a rest! Let’s do some exercises. Психологиялық тест арқылы оқушылардың ми жарты шарларының жұмысын анықтау.

1.Weave your fingers in the lock.

2. Imagine aiming at a distant target.

3. Fold your arms around your chest.

4. Clap your hands.


4. Зертханалық жұмыс: «Тізе рефлексін зерттеу».

Мақсаты: Механикалық әсерден адамның тізесінде рефлекстің пайда болуын бақылау, шартсыз рефлекспен танысу.  

Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: резеңке балға, орындық 

Жұмыс барысы: бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қимыл-қозғалыс нейрондар есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады.

Қорытынды: Тізе рефлексінің орталығы жұлынның бас бөлігінде орналасқан. Тізе рефлексі шартсыз рефлекске жатады. Ол рефлекс доғасы арқылы жүзеге асады.


  • ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

  • Construct a sentence using terminology from this lesson.


ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. параграф 14 терминдерді жаттау.

2. Зертханалық жұмыстың қорытындысын жазу.

3. How many nerve cells does the human brain contain?

(Адамның миында қанша нейрондар бар?)


Nerve cells are not restored










Тест жұмысы:

1.Жүйке жүесінің атқаратын қызметі

А) адам ағзасындағы мүшелерінің қызметін бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді.

В) қорғаныш қызметін атқарады

С) сыртқы, ішкі ортамен байланысын жою

2. Тізе рефлексінің жұлындағы орналасатын орны

А) жұлынның сегізкөз бөлігінде

В) жұлынның жоғары кеуде сегментінде

С) жұлынның бел бөлігінде

3. Нейронның ұзын өсінділерінің атауы

А) аксон    В) дендрит       С) нейроглея

4. Ақ затты түзеді

А) қысқа өсінділер    В) ұзын өсінділер        С) нейрон денелері мен қысқа өсінділер

5. Орталыққа тепкіш нейрондар

А) қимыл-қозғалыс       В) сезімтал      С) аралас

6. Рефлекс доғасы дегеніміз

А) жүйке импульсі өтетін жол

В) тітіркенуді қабылдайтын рецепторлар

С) ішкі тітіркендіргіштерге жауап реакциясы 

7. Рефлекс доғасының бөлігіне жатпайды

 А) рецепторлар     В) жүйке орталығы        С) бұлшық ет синапсы

8. Жүйке жасушаларының қызметі

А) ақпаратты қабылдау      В) ақпаратты жою     С) ақпаратты алмастыру

9. Жүйке импульстерінің жылдамдығы

А) 1-100м/с         В) 0,5-120м/с         С) 1,5-150м/с

10. Жүйке жүйесінің жасушасы

А) нейрон        В) без          С) жұлын














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1714
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12