Ашық сабақ "Жұлдыздар туралы аңыз-әңгімелер" 5 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Жұлдыздар туралы аңыз-әңгімелер" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Жұлдыздар туралы аңыз-әңгімелер

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 5


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

ТБ2. Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру.


Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Көркем шығарма


Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу


Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут



Берілген суреттер арқылы сабақ тақырыбын болжату. Санау арқылы сыныпты 4/5 топқа бөлу.

http://www.kazmuz.kz/index.php?lang=ka&id=27038

Оқушылар топқа бөлініп жатқанда Н.Өнербаевтің «Ай да күн де жақсы ғой...» әні қосылады.


Оқылымалды тапсырма. ТЖ.

Миға шабуыл

Әр топқа зымыран сұрақтар оқу. (сұрақтар жеңіл болады, ашық сұрақ болуы тиіс)

  1. Ай планета ма? (жоқ, жер серігі)

  2. Күнді қандай ғаламшар деп атайды?(отты ғаламшар)

  3. Қазақ халқында қандай жұлдыздардың аталуын білесің? (Жеті қарақшы, Темірқазық, Шолпан)

  4. Қазақ халқы ай мен жұлдыздарға қарап нені болжай білген? (ауа райын)


1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.

Жаңа білім

10 минут






Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.





Оқулық,

мәтіндер.

Ортасы

10 минут












Қ1-тапсырма. Оқылым тапсырмасы ТЖ

Әр топқа оқылым мәтіндері таратылып беріледі. Сол мәтіндерді оқып болған соң, топ мүшелері тұрғызылып, мәтін туралы өз көзқарастарын білдіреді, топ мүшелерінің әрқайсы 2-3 сөйлеммен бірін-бірі жалғастырады, оларға келесі топтардан сұрақтар қойылады, соған жауап беруі керек.


1-топ мәтіні

Қазақта Жетіқарақшыға байланысты екі аңыз бар. Біріншісі: Темірқазыққа Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз – Тәңірдің ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы – Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып, аттар қозғалмай, қағулы тұрған қазықты айналып, күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады. 
Екіншісі: Жетіқарақшы Үркердің (олда жұлдыз) Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып ұрлап кетеді. Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Ең жарқырап тұрғанын қарақшылардың бастығы, жанындағы көмескіленіп көрініп тұрған сол Үлпілдек дейді аңыз. Шындығында да Жетіқарақшы Темірқазықты айналып Үркер екеуі жақындағанда таң бозара бастайды.

2-топ мәтіні

Қазақ халқы шаруашылық жағдайы түнде көп жүруді қажет етті. Түннің қаншасы өткенін, таңның қашан атуын білу үшін, жер тараптарын айыру үшін малшылар жұлдыздар жүйесін бақылаған. Әлем бейнесінің шеңберінде аспан денелері атауларының берер ұлттық дүниетанымдық ақпараты мол. Мысалы, Жетіқарақшы туралы этимология қалай қалыптасқан екен? Жетіқарақшы. Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы (Большая Медведица). Жетіқарақшы Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет  айналып өтеді. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде пайдалаған. «Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді. http://massaget.kz/mangilik_el/tup_tamyir/asyil_soz/34411/

3-топ мәтіні

Аңыздардың бірінің сөйлеуінше, күн мен ай - сұлулығы бір-бірі­мен таласқан екі қыз екен. Десек де, Ай күннен көріктірек болса керек, онысын қызғанған күн бауырының бетін тырнап алады. Ай бетіндегі тыртық дақ содан қалған деседі.

Ертеде күн мен ай бір-бірін қатты сүйіпті.Екеуінен туған жұлдыздар олардың балалары болыпты.Олардың бақытын көре алмаған жын-перілер олардың сыртынан өсек айтып, екеуін айырылстырып жіберіпті.Сол күннен бастап ай шұбырған балаларын ертіп күннің сонынан жүреді екен.Бірақ күн оған қарамай кетіп қалады.Сөйтіп үміт оты сөнген ай батып кетеді де, қайттан уміті оянып толады екен.Осы күнге дейін ай шықса күн батып, күн шықса ай батып кетеді екен.

4-топ мәтіні

Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.

Дескрипторлар

Мәтінді түсініп оқи алады;

Мәтін жөніндегі өз көзқарастарын білдіре алады.







Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер



Топтық жұмысқа арналған ресурстар


Сергіту сәті

2 минут

«Қыдырып қайтайық!»

би билеу

Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

Кері байланыс: Топтар алдын-ала таратылған жұлдызша жапсырмаларын қай топтың жауабына көңілі толса, сол топтың тақтадағы аспан әлеміне жапсырып кетеді. Егер уақыт жетіп жатса, комментарий бере отырып, жапсыруға да болады(әр топқа алдын--ала тапсырмалар санына орай 2 жұлдызша жапсырмадан беріледі).


2-тапсырма. «Кинометафора» әдісі. ТЖ.

Барлық топтарға «Хранитель луны» мультфильмі дыбыссыз режимде көрсетіледі. http://kinoprofi.org/3610-hranitel-luny-2015.html Осы мультфильмнің фрагментіне балалар қазақша дубляж жасауы тиіс. Дубляждың басты мақсаты - топ оқушыларының әрбірінің белсенді қатысуын қамтамасыз ету әрі тілдік бағдар мақсаты бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолдана отырып, дыбыстау жасау. (яғни кейіпкерлердің эмоциясы мен көңіл күйін дыбыстау арқылы жеткізу)


Дескрипторлар

Рольді сенімді дыбыстай алады;

Сөз қолданысында сұраулы, лепті, бұйрықты, хабарлы сөйлемдерді қолданады.


Кері байланыс: топтар ЖК бойынша дубляжы ұнаған топтың «аспан әлеміне» жұлдызшасын жапсырады. Комментарий білдіруге болады.


Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі арқылы жүзеге асады. (Парақшада оқушының не жазуы тиіс екені толығымен көрсетілген). Рефлексия парақшасын жеке оқушыға да, топқа бойынша да толтыртуға болады.

Таақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау



5 минут










«Білім қоржыны» кері байланыс



Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?





Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
04.01.2018
2335
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі