Бекітемін:
Оқу ісінің
меңгерушісі
------------------------
2
«А»-сыныбына арналған қазақ
тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ
жоспары
3-апта
|
3-күн
|
3-сабақ
|
Сабақтың
атауы
|
Жұрнақ пен
жалғау
|
Сілтеме
|
Оқулық; «жұрнақ пен жалғау»плакат, слайд,
ЭО
|
Жалпы
мақсаттар
|
Диалогтік оқытуды қолдану арқылы негізгі
идеяны түсіну,сөз туарлы ұғымды пысықтау; Өткен сабақта алған
түсініктерін кеңейту, оларға жаңа сөз жасайтын қосымшалар мен
сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшалардың арасындағы
айырмашылықты меңгерту.
|
Оқыту
нәтижесі
|
Топтық жұмыс арқылы
сын тұрғысынан ойлана отырып, жаңа сабақты
меңгереді?
Не білдім? Не істей
аламын?
|
Негізгі
идеялар
|
Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана
береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнаұтан соң
жалғанады.
|
Тапсырмалар
|
«Капитан» ойыны арқылы «Түбір» «Жұрнақ».
«Жалғау» деп топқа бөлу.
ОмОЖТ
1.Үй тапсырмасын
бекіту Ой
қозғау:“Топтың атын қорға”
(5мин)
Топ басшысын сайлау
(ЖЕСОжО)
2. «Мағынаны таны» Оқулықпен
жұмыс.
297-жатт.(7мин)
ауызша ЖЕСОжО, СТОҮ
3.Ой сергіту.
«Жұмбақ» (3 мин)
|
4.299-жатт.
«Дөңгелек үстел» әдісі .Топтық жұмыс. (5мин)
ТжДБО
5. Электронды
оқулық. АКТ (2мин)
6. Сергіту сәті
(2мин)
7. Өздік жұмыс
(2мин)
8. «Венн
диаграммасы» арқылы бекіту, қорыту
(5мин)
|
Кейінгі
тапсырмалар
|
298-жаттығу. Көп
нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жаз.Ережені есте
сақтау
|
Кері
байланыс
|
«Венн диаграммасы»
арқылы бекіту, қорыту
|
Бағалау
|
«Жұлдызды сәт» әдісі
арқылы бағалау. «Білім ағашы» арқылы өздерін
бағалайды.
|
Мұғалімнің
жазбасы:ОмОЖТ, АКТ,СТОҮ,ТжДБО, ЖЕСОжО,
ОүБжОБ.
Әдіс – тәсілдері:
түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу , топтық тапсырмалар,
бағалау.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру:
«Капитан» ойыны
арқылы «Түбір». «Жұрнақ». «Жалғау» деп топқа
бөлу
ІІ. Ой
қозғау:
Оқушылардың назарын
сабаққа аудару. Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты бекіту
мақсатында әр топқа «Топтың атын қорға» ойынын жүргізу. Әр топтан
нақты жауап берген оқушы топ басшысы болады. Топ басшысының және
топ ережесін еске түсіру.
-ендеше, бүгінгі
сабағымыз не туралы болмақ?
ІІI. «Мағынаны таны»:
Оқулықпен жұмыс.
-
297-жаттығу ауызша
орындалады. Мысалды оқы. Қарамен жазылған сөздердің
жалғауын тап. Ол сөздерді жалғаусыз айтып
көр. Сонда сөздер дұрыс байланыса
ма?
-
«Ой сергіту»: «
Кемелер» ойыны
-
«Дөңгелек үстел»
әдісі арқылы 299- жаттығуды орындату. Берілген сөздерге
жұрнақ пен жалғауды қатарынан жалғап айт. Әр топ бір түбір сөзден
бастап жазып, жұрнақ жалғауға екінші топқа береді, олар жалғау
жалғату үшін келесі топқа береді. Осылайша айналып келіп, әр топтың
бастаған сөзі жаңа сөз болып, өз тобына келеді. Енді әр топ сол
жаңарған сөзді сөз құрамына талдап, қорғайды.
Мал,
біл, жаңа, ұш.
Сөздерге
жұрнақ пен жалғаудың қайсысын бұрын жалғадың? Осыдан өзің қандай
қорытынды жасай аласың?
-
Электронды оқулық
арқылы ережемен танысады.
-
Сергіту
сәті.
-
Өздік жұмыс. Сызбаға
сөз тауып айт.
ІҮ.Бекіту:
«Венн
диаграммасы»

V. Сабақты
қорытындылау.
-Сонымен, бүгінгі
сабағымыз бойынша қандай қорытындыға келдік?
Не
білдік?
Нені
меңгердік?
Не істей
алдық?
VI. Үйге
тапсырма: 298-жаттығу. Көп
нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып көшіріп жаз. Ережені есте
сақтау
VII.Бағалау. «Жұлдызды сәт» әдісі
арқылы бағалау. «Мен бүгін қай
деңгейдемін?» Білім ағашын белгілеу