Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Жүсіпбек Аймауытов « Ақбілек» романы

Материал туралы қысқаша түсінік
ақбілек романы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов  « Ақбілек» романы

Сабақтың мақсаты: 1.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылы- нан мағлұмат беру

2. «Ақбілек»   романын  өмірмен байланыстыра отырып,мазмұнын ашу          3.Оқушылардың ой өрісін кеңейту,тіл байлығын жетілдіру,ойлау қабілетін арттыру.

Сабақтың өту әдісі: БиС  технологиясы,топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:  тірек сөздер, топтастыру әдісі,т.б

Пәнаралық байланыс:  тарихтіл

Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі



  1. Оқушы санын түгендеу

  2. Сабақтың мақсатымен таныстыру

2.Үй тапсырмасын сұрау

Үйге «Қамар сұлу»романы берілген. Сол романды оқи отырып ,біздің бойымызда бір сезім туады. Ол психологиялық сезімдер. Атап айтсақ, елестету,сүйсіну,жек көру,жаны ашу,өкініш,таңдану. Осыларды негізге ала отырып мына тірек сөздер бойынша жауап береді.

Тірек сөздер

  1. Елестету

  2. Сүйсіну

  3. Жек көру

  4. Жаны ашу

  5. Өкініш

  6. Таңдану

1.Романды оқи отырып қандай оқиғаны елестете аламыз?

2.Кімге , неге сүйсінеміз?

3.Кімді,нені жек көреміз?

4.Кімге жанымыз ашиды?

5.Қандай оқиғаға,неге  өкінеміз?

6.Романның қандай ерекшеліктері бар? Неге таңданасың?

Міне, балалар романды оқи отырып,қазақ халқының ХХ – ғасыр басындағы  тыныс тіршілігінен мағлұмат алдық. Адам тағдыры кез-келген уақытта да басты мәселенің бірі екендігін ұқтық,түйсіндік. Олай болса Сұлтанмахмұт Торайғыров- адам құқын қорғаушы, азат өмірді аңсаушы десек те болады.

Жаңа сабақты түсіндіру

1.Ж.Аймауытов кім? (топтастыру әдісін оқушылар сызады)

2.Ж.Аймауытов қай жылы қай жерде дүниеге келді?

3.Ж.Аймауытовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Ақбілек» романы шоқтығы биік шығармасы.Ол сол кездегі қазақ  прозасының романының асқан биігі іспеттес.Бұл роман Алтай аймағына,дәлірек айтқанда Күршім мен Марқакөл аудандарын  жалғастырған Қалғұты бойына сапарға шыққанда жазылған.

Тірек сөздер бойынша жаңа сабақты түсіндіру

1.Ақбілектің анасының оққа ұшуы

2.Мұқаш

 3.Мамырбайдың баласы

4.Қасықтай қанымды қи!

5.Алды қараңғы түн.

6.Аман қалды

7.Өмір тасқыны

Сұрақ қою жүйесі бойынша  талдау.Топтық жұмыс жүргізу

1.Осы шығарманың басты кейіпкері Ақбілек өз бақытына жете алды ма?

2.Ақбілек өміріндегі Бекболат пен Балташтың рөлі қандай?

3.Романның бас кейіпкері Ақбілек қандай мінез,іс – әрекеттерімен көрінеді? Оған ұқсас қандай кейіпкерлерді білесің бе?

Венн диаграммасы

Ақбілек                                 ұқсастығы                          Қамар

Деңгейлік тапсырма

  1. Ақбілек пен Қамардың аналарының бейнелерін суреттеу, мінездеме беру Венн диаграммасын сызу

Ақбілектің анасы                                                     Қамардың анасы

  1. Ана қандай болу керек? Топтастыру әдісін сызу

  2. Шығармадан жағымды , жағымсыз кейіпкерлерді табу

Қарама – қарсы элементтерді пайдалану

Пікірталас ұйымдастыру

1.Ақбілекке қарап бұрынғы қазақ қыздары қандай болды деп ойлайсыңдар?

2.Қазіргі қазақ қыздары қандай?

3.Романда ақын қандай мәселені көтереді?

Үйге тапсырма  «Ақбілек» романын  оқу.

Қорытынды , бағалау:  Оқушыларды өз еңбектеріне қарай баға



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.10.2018
1339
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12