Материалдар / Ашық сабақ "К нам приходить Наурыз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "К нам приходить Наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз келді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Мамыр 2018
332
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен қазіргі заман педагогімін!»

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ десек,жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе-білім беру,ғылымды дамыту,өркениет біткеннің өзегі-білім, тәрбие екеніне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп болса,ал мектептің жаны-мұғалім екендігі баршаға мәлім.

Ұстаз-киелі мамандық.Адам тәрбиелеу,оған ғылыми негіздерінен мәлімет беру,баланы өмір сүруге үйрету өте қиын шаруа.Бір рет отыз баламен сабақ өткізіп көрген адам ғана оны түсінеді.Мұғалім күн сайын ерлікке пара-пар жасайды.

Аяулы ұстаз, сенің алдыңнан өтпеген жан бар ма? Адам өмірде кім болып шықса да – олардың әрқайсысы өзінің алғашқы ұстазымен, өзінің мектебін алғыс сезіммен еске алары сөзсіз.Ұстаз да диқан сияқты.Ол адамзаттың жанына білім нәрін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып, баулып ұшырады.Дәлірек айтсақ,адамзатты оқыған білімін өмірде қолдана өмір сүруге тәрбиелейді.Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерді шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.Ұстаз еңбегі– ұлы еңбек.Ұлы ақын Абайдың:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»,–

деп бағалап айтуында терең мағына жатыр.Әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса,ол – мұғалімнің еңбегі.Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін, білім нәрін беру үшін қаншама тер төгілді десеңізші!Дүниеде адамды тәрбиелеп,адамзат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар ,сірә?!

Ал мен осы қиыны мен қиыншылығы көп ұстаз жолын таңдадым.

Қоңыр күздің басталған кез күзеуі.

Алғашқы рет аштым сынып есігін,

Бұл - өмірде мәңгі қалған із еді.

Гулзи ұстаз қолға ұстатқан қаламды

Ұсындым мен ұстазы боп баланың.

Өзімнің бар саналы ғұмырымды бала тәрбиесіне арнадым. Жоғары санатты ұстазбын. Бар мақсатым бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім,жан- жақты тәрбие беру болды.

К.Д.Ушинскийдің: "Мұғалім өмір сүреді, ол оқығанда ғана. Егер ол оқуын тоқтатқанда, онда мұғалім өмірден озады", - деген сөздерін келтіргім келеді.

Біз бүгін заманауи дамыған ашық қоғамда өмір сүреміз. Қазіргі қоғам балалары жылдамдықты, ұтымдылықты,тиянақтылықты,дәлдікті талап етеді.Яғни аз ғана уақытта ауқымды білім бөлшектерін игертуіміз қажет.Өйткені уақыт талабы, заман желі солай. Әр ұстаздың өз ұстанымы бар. Менің еңбек етудегі басты ұстанымым:

1.Сауаттылық – саналы жазу мен оқудың баспалдағы екенін ескеру;

2. Шығармашылық қабілет – әр оқушының зейініне байланысты жұмыс жасау;

3.Өсу кезеңінің қалыптасуы – оқушыларды уақыт деңгейіне сай зейіндері арқылы орналастыру және алға басу мақсаты.

Бұл үш қағида – менің ұстаздық жолымдағы шамшырақ тәрізді.Оның ұзақ жануы,жарығының мол болуы,шәкірттерімнің биік белестерді бағындыруларына байланысты.Осылай білім шырағы өз сәулесін шашып, үздіксіз жанумен келеді.Барлық дәлдіктер мен дәйекті нәтижелер, оң ойластырылған озық ой елегінде жатпақ. «Шәкіртсіз– ұстаз тұл» деген халық нақылы осыған кеп саяды.Себебі, шырақсыз көкіректі түнек басса ,шәкірт түгілі ұстаздың өзі қара аспанға айналары анық.Шыныққан білім еңбегінің сәулесі бір-бірін толықтырып,бір-бірін жеңіске жетелейді.Қанатты қос пырақ тәрізді. Оның бірі – шәкірті, бірі – ұстаз.

Көп жылғы тәжірибеден байқағаным: егер сабақтан тыс, іс-шараларды белгілі бағытта әр түрлі бағдарлы өткізсе, тиімді ұйымдастырса оның нәтижелі болатындығы.Әр пәннен жылда өткізілетін апталықтар оқушыны шыңдайды, әркез білуге, белсенді болуға талпындырады, жеке тұлғаның дамуына ықпал әсерін тигізеді.


Мен"Өз болашағымды"оқыта отырып,әрбір оқушы сөздеріне құлақ асуды үйренемін.Өзгелерді оқыта отырып, біз өзіміз оқимыз! – бұл ұлы Сенека сөздері.

"Өз болашағым"ұғымын қолданана отырып, оқу қабілеті төмен оқушылармен әңгімелесу кезінде олардың өмірге деген қызығушылығын оятамын. Мен мұғаліммін, "Өз болашағымды" оқытамын, –болашақ дәрігерлер, мұғалімдер, аграном, аспазшы және барлық болашақ мамандарын даярлаймын.

Мектептегі ұстаз баланың екінші ата-анасы, болашаққа жөн сілтер ақылшысы,оның мейрімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі, білімі мен ақыл-ойының қуаты талай тентекті жуасытып, тәртіпке баулып, есейтіп ержеткізген

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!