Кешкі дөң басында. Кеш.
Жарияланды 19-04-2013, 22:06 Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Кешкі дөң басында. Кеш.
Мақсаты: М. Әуезовтің, Ә. Нұрпейісовтің шығармаларымен танысу,
табиғатты суреттеу, шығармаларды өзара салыстыру.
міндеті: табиғат ерекшелігімен танысу, суреттеу, шығармаларды өзара
салыстыра білу. Сөйлеу тілін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін
арттыру. Табиғатты сүюге, әдептілікке, мейірімділікке
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сөздер.
Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, БжС технологиясы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Көшбасшыға сөз беріледі.
Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. ООМ бойынша жұмыс.
2. Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру
Өткен сабақ тақырыбы бойынша ерсілі - қарсылы сұрақ қою.
ООМ бойынша материалды бекіту үшін тексеру жүргізіледі
1. Ө. Тұрманжанов кім?
2. қандай шығармасымен таныстық?
3. малсақ сөзі нені білдіреді?
4. Атасы немересіне не тапсырды?
5. Немересіне не айтты?
6. Қозыны қайда қамау керек?
7. кімге алғыс айту керек
8. Иттің атын ата.
9. жақсы жігір несімен жағады?
10. немересіне атасына не айтты?
11. қозылары қандай?
12. Несін қағады?
13. маңайдағы ағайын қалай мақтасын дейді?
14. атасы неге мәз болды?
15. бұл қай уақытта болды?
16. Өлеңде иттің пайдасы туралы не делінген.
17. мал шаруашылығына байланысты қандай еңбектер атқарасың?
18. Малды не үшін өсіреміз?
19. қойдың төлін ата.
20. Қойдың пайдасын айт
21. балаға мінездеме бер.
3 Қабылдауды ұйымдастыру. 2 сөзден тұратын түсінік екі сөз ретінде
саналады. Жады бойынша рұқсат: бір сөз шегеріледі
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта біз М. Әуезовтің және Ә. Нұрпейісовтің
шығармаларымен танысамыз. Екі әңгіме де кешкі мезгілге байланысты
екен."Кешкі дөң басында" және «Кеш» деп аталады.
Авторлар жайлы қысқаша мағлұмат беру.
Мәтін бойынша қысқаша түсінік беру.
Тірек сөздер: жаздың, сеңдей, күнбатысқа, шарлайды, қызуынан,
бақташылар, сауыншылар.
Тірек сөздерді есте сақтау 30 секунд.
Дәптерге жазу. Дәптер алмасу, тексеру.
ООМ бойынша бағалау. Екіншілік белгілеу. Есте сақтауға уақыт
нормативі 7 сөз – 30 сек.
4 Ұғынуды ұйымдасты - ру. Оқушылар оқулықтың бір бет парағындағы
мәтінді 4минут ішінде оқып шығуы тиіс. Мұғалім олардың материалды
оқыған білімдеріне қатысты сұрақ - жауап алатыны жайында ескертуі
тиіс.
3 - 4 сыныптар: мәтіннің бір бетіне 4 минут;.
5 Түсінудің біріншілік тексеруі Қарама - қарсы сұрақ қою.
1. Оқиға қай мезгілде болған
2. Қандай ауа біліне бастады?
3. Күн ұясына қалай кіріп барады? әлсізденіп
4. қандай бұлттар енлелеп тұр? Жұқалтақ, ұзынша
5. аспан қандай? Қара көк тұңғиық
6. кейбір жерлері қалай жайнайды? Қызулы өрттің жалынындай
7. тауларды қалай суреттейді? Көлеңке басқан қоңыр жердің алтын
шатырындай
8. дөң басы қандай? ерекше көңілді
9. кешке жақын қандай ауылдан шығамыз? У - шу көбейіп
10. биік сары дөңге көтерілгенде қандай сезімде боласың?
11. Кейбір жерде аспан қалай көрінеді? Төніп, жерге қонып,
жақындағандай
12. Көтерілген биік таулар қалай көрінді? Іріктеліп, аспанға
созылғандай
13. Самал жел қайдан еседі? Батыстан
14. Адамдар, жан – жануарлар туралы не айтады?
15. Кешкі самалға кімдер мән бермейді?
16. Бақташылар қалай келеді?
17. Күн ұзақ жайылған малдар қалай келеді?
18. аяқ астындағы шөпке неге қарамайды?
19. сиырлар неге асық?
20. сауыншылар қалай дайындалады?
21. ненің иісі мұрын жарады?
22. Күн адамға қандай болып көрінеді?
23. ұясына жақындаған сайын күн қандай болады?.
Үшіншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу
немесе алу белгілері қойылады.
6 Біріншілік бекітуді ұйымдастыру Сыни сұрақ.
24. Оқиға қыста болған жоқ
25. Бойды сергіткен салқын ауа біліне бастады ия
26. Күн ұясына әлсізденіп кіріп барады. ия
27. Жұқалтақ, ұзынша бұлттар енлелеп тұр ия
28. Қара көк тұңғиық аспан толқынданады. ия
29. кейбір жерлері қызулы өрттің жалынындай жайнайды. Ия.
30. таулар көрінбей қалды. жоқ
31. дөң басы көңілсіз. жоқ
32. кешке жақын у - шу көбейген ауылдан шығамыз?
33. биік сары дөңге көтерілгенде төмен түскендей боласың. жоқ
34. Кейбір жерде аспан төніп, жерге қонып, жақындағандай болады.
Ия
35. Көтерілген биік таулар Іріктеліп, аспанға созылғандай. Ия.
36. Самал жел солтүстіктен еседі. Жоқ батыстан
37. адамдар күйдірген күн көзінен біржола құтылғандай. ия
38. Кешкі самалға балалар мән бермейді. Ия.
39. Бақташылар малдарын ауылға беттеп келеді. Ия.
40. Күн ұзақ жайылған малдар ауылға асықпайды. Жоқ.
41. аяқ астындағы шөпті қалдырмай жеп келеді? Жоқ.
42. сиырлар сауғанша асық ия.
43. сауыншылар дайындалып жатыр. Ия.
44. гүлдердің иісі мұрын жарады. Ия.
45. Күн адамға доп сияқты көрінеді. Ия.
46. ұясына жақындаған сайын бүкіл шығысты қып – қызыл түске бояды.
Жоқ.
Төртінші белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша қосу
немесе алу белгілері қойылады.
7 Талдау. Уақыт 5 минут. Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық
сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі.
Бесінші белгілеу.
8 Түйсіну
1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады.
2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс
уақыты болжанады. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталуын болжап,
«Ауызша сабақ 3» картасындағы ойын ережелерінің мүмкіндіктерін
айтады.
9. 4 - 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. - 2 белгі – 3 ұпай. -
1 белгі – 2 ұпай.
Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс.
10. Үй тапсырмасы 4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма
алады.
Тақырыбы: «Қысқы кеш» А.С. Пушкин.
«Қысқы кеш» М. Иманжанов.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың оқу техникасы ( дауыстап, іштей
түсініп, дұрыс, шапшаң және мәнерлеп оқу) жетілдіре түсу.
Дамытушылық: Түсінгенін байланыстырып дұрыс баяндай
білуге , ой қорыта білуге төселдіру.
Тәрбиелік: Табиғат көрінісін бақылай отырып, эстетикалық
танымын, әдемілікке деген құштарлығын ояту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, СТО стратегиялары, талдау,
Салыстыру, жинақтау, дәлелдеу.
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, үнтаспа, сөзтізбек, компьютер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Дайынсың ба сабаққа?
Қарап алшы жан-жаққа
Бәрі бар ма орнында?
Қалам, дәптер, кітап та.
Сабағымыз сәтті өтсін деп, жылылықпен бір –бірімізге күліп, көңілді кейіп көрсетейік. Бар зейініміз сабақта болсын.

2. Үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасын белгілі жоспармен әңгімелейміз.Жоспарды сөзжұмбақ шешіп өздерің құрып ала қойыңдар.
Сөзжұмбақ.
Артық сөзді алып таста.
1. ұшты 2 . тәтті 3. құс
қонды суық аула
сөйледі қалың қуыс
жұмыртқалады омбы балапан
Олай болса осы сөздер бір мағына береді, сонда жоспарымыз осы ретпен болады екен.
-
Құс, шіл
-
Қыс, қар
-
Ін, ұялар (қар астындағы)
Осы жасалған жоспар ретімен үй тапсырмасын айтайық.
( Оқушылар жауабы: Әр оқушы жоспар бойынша шіл құсы туралы қысқы ормандағы қар туралы, қар астындағы ұялар туралы жүйелеп айтып шығады)
Нақтылау, қорыту сұрақтары.
-
Әңгімелеп отырған кім? (аңшы)
-
Аңшы деген кім? (аңдар, құс аулайтын адам)
-
Бұл қай кезде болған? (қыс мезгілінде)
Балалар, осы мәтін соңында күрделі түсінік берілген еді, кеше жазып алғанбыз, еске түсірейік.
-
Құр , шіл сияқты құстар тығылып , қорғаласа кешікпей –ақ боран болады.
3 . Жаңа сабақ.
Олай болса осы боран туралы, боранның ерекшелігі туралы орыстың ұлы ақыны Александр Сергеевич Пушкин «Қысқы кеш»атты өлеңін жазыпты. (А.С. Пушкин портретін көрсету)Сол кісінің аудармасын оқып танысамыз. Күннің жадын, тақырыпты дәптерге жазып алайық. Өлеңді мұқият тыңдап отырыңдар.
( үнтаспадағы жайлы әуен ырғағымен мәнерлеп оқу)
Балалар, осы шығармада бірнеше түсінуге қиын сөздер бар екен, соларға тоқталайық. ( тақтадағы сөздер)
-
сабан- кепкен шөп
-
лашық - кішкене аласа үйшік
-
кешеу - кеш қалған
-
сыңсуымен- жылаған дыбыс шығару
Сөздерге талдау жасау.
4.Оқулықпен жұмыс.
- балалар, енді өздерің оқып, өлеңде боранды неге теңеп тұрғанын тауып көріңдер. ( Бір шумақтан әр балаға оқыту)
/ Тақтаға боран сөзі ілінеді/
![]()
б
оран
![]()
Өлеңде тағы нелер жөнінде айтылған ?
-
Тозған үйдің төбесі
-
Лашық
-
Ұршық иірген кемпір
5.Сергіту сәті.
- Қане, боранның дыбысын салып көрейікші? / гуілдеген, ұлыған, ысқырған, жылаған бала дыбыстары/
О, керемет, керемет !
Бейне аппақ көбелек
Ақша қар жай көлбеңдеп
Қонып жатыр жерге кеп.
Енді осы боранның мінезін , ашуын Мұқан Иманжанов деген жазушы ағамыз мәтін түрінде жазыпты ( суреті көрсетіледі) Зейін қоя тыңдап , салыстырып, теңеу сөздерді дәптерлерімізге жазып отырамыз.
/ үнтаспа тыңдалады/
-
Дәптерлеріңнен жазғандарыңды оқи қояйық.
-
Жыландай сумаңдап - жыланның қимылы
«Сөзбен сурет саламыз» - мәтіннен тауып оқу.
/үйлер, электр шамы, қақпалар , терезеден адамдар көрінеді , іс тігіп отыр , темір соғып , машина жүргізді , қағаз жазды , электр станциясы , диірмен /
Сұрақтармен нақтылау жұмысы:
-
Қай шығарма бұрынырақ жазылған?
-
Қандай көңіл күймен жазылған?
Балалар, манадан бері сабағымызға қатысып отырған бейнелеу пәнінің мұғалімі Күнзира апайымыз сендермен бірге жұмыс жасап отырған сияқты. Сіздерге айтары бар екен .
/ бейнелеу пәнінің мұғалімі екі шығарма бойынша салған суреттерін іліп, әңгімелейді/
6.Қорыту , бекіту.
А. С .Пушкин М. Иманжанов.
Өлең қысқы мәтін
Бұрын кеш қазір
Мұңды боран сенімді
Аянышты сергек
Енді балалар, мына компьютерден біз өз ауылымыздың қысқы кешін тамашалай қояйық. (компьютерден бейнетаспа көрсетіледі)
-
Ауылдағы қысқы кеш
-
Ауыл адамдарының кешкі қарбаласы / қардың сықыры естіледі/
-Балалар , мына дыбыс не?
-
Қардың сықырлағаны , аязды күн
Олай болса қыстың негізгі белгісі қар бейнесін еңбек сабағында үйренген бүктеу әдісімен қиып көрсете қояйық. Бұл сендерге бүгінгі сабақтан естелік болсын. Қоңырауда терезеге қондырамыз.
7.Бағалау.
Сонымен балалар, жақсы жұмыс жасадыңдар. (Жеке бағалаулар)
8.Үй тапсырмасы.
Екі мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу. Осы шығармаларға сүйеніп , қысқы кеш суретін салып келу.
Сабақ аяқталады.
Сабақтың тақырыбы: Қысқы кеш
Сабақтың мақсаты: 1) орыс ақыны А.С.Пушкиннің және қазақ балалар
жазушысы М.Иманжановтың өмірі, шығармашы-
лығымен таныстыру, «Қысқы кеш» өлеңін және
«Қысқы кеш» әңгімесін оқып, олардағы негізгі
идеяны түсіндіру;
2) оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз бетімен
жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға
машықтандыру; олардың шығармашылық қабілет-
терін дамыту, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын
молайту;
3) еңбекқор, адамгершілігі мол, жақсылықты жаны
сүйетін, жас үлкенге құрмет көрсететін адам
болуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың формасы: ұжымдық, топтық, жекедара
Көрнекілігі: кесте, ақын-жазушылардың портреттері, тест сұрақтары, маркерлер, пла-
кат, шығармашылық тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс әдебиеті, дүниетану, бейнелеу
Әдіс-тәсілдері: оқу, түсіндіру, ойын, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, топпен
жұмыс жасау әдістері.
Сабақта қолданылған құралдар: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (психологиялық тренинг)
Шаттық шеңберін жасап бір-біріне сәттілік тілеу
Қыс айлары жазылған қағаздары таратып, екі топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын сұрау:
«Қар астындағы ұялар» әңгімесінің мазмұнын сұрау. 5-тапсырма бойынша берілген тәжірибенің қорытындысымен танысу.
ІІІ. Өткенді қайталау
Тест жұмысын орындау: 1. «Шытынайды тыста аяз –
. . . . . . үскірік».
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой.
А) ақ киімді Ә) қызыл шұнақ Б) ақ сақалды
-
«. . . баяу қалқып келеді де, сәл орала беріп, құсша қонады». Әңгіме не жайлы?
А) қар ұлпалары Ә) көбелек Б) инелік
-
Қар астындағы ұяларға кімдер жасырынды?
А) қояндар Ә) тышқандар Б) шілдер
-
«Шидем мен тон қабаттап киген . . . » кім?
А) жігіт Ә) бала Б) малшы
-
«Қызыл шұнақ» тіркесіне қатысты сөзді ата.
А) аяз Ә) қар Б) қыс
Тақтада көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы өзін-өзі тексеру.
ІҮ. Мағынаны тану.
Орыс ақыны А.Пушкин мен балалар жазушысы М.Иманжановтың өмірі және шығармашылығы туралы мәліметтер беру.
А.С.Пушкин 1799 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Оны Арина Родионовна атты тәрбиешісі тәрбиелеген. Тәрбиешісі өте мейірімді болған және ақынға ұйқыға жатар алдында ертегілер айтып беретін болған. А.Пушкин француз тілін жетік меңгерген. Ол лицейді тәмамдап, Петербургте тұрған. Пушкин патша үкіметіне қарсы еді және өз сезімін жасырмай, өлеңдерінде ашық айтқан. Сондықтан да оны Ресейдің оңтүстігіне жер аударып жібереді. Ол жерде ақын тәрбиешісімен бірге болады және өзінің “Қысқы кеш” өлеңін Арина Родионовнаға арнап жазады. 1837 жылы 29 қаңтарда ұлы ақын дуэльде алған жарақатынан қайтыс болады. Оның “Салтан патша”, “Балықшы және балық” туралы ертегілері, “Қысқы кеш”, “Анчар” атты өлеңдері т.б. шығармалары бар.
М.Иманжанов 1916 жылы Жезқазған облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Оның творчествосы туралы: “Көлемі шағын, айтары мен өнегесі айқын қызықты шығармаларымен қазақ әдебиеті тарихынан, балалар әдебиеті тарихынан өзіне тиісті орынды көркейтіп тұрары анық”- дейді Т.Кәкішев. Оның “Шал”, “Бала қаны”, “Ақша”, “Алғашқы айлар” атты шығармалары және де “Таныс қыз” атты жинағы бар. Жазушының балаларға арналған “Жол үстінде”, “Жас шебер”, “Ораз бен Боря”, “Талап”, “Бес” тағы да басқа көптеген шығармалары бар.
Ү. Жаңа сабақ
Пушкиннің «Буря мглою небо кроет» өлеңінен бір шумақ оқып беру. Осы өлеңнің қазақ тіліне аударылған нұсқасын мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру. М.Иманжановтың «Қысқы кеш» шығармасын оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту және мазмұнын түсіндіру. Оқушылардан осы екі шығарманың мазмұнын сұрау.
Сөздікпен жұмыс.
Бұғып – жасырынып
Қамыр – нан пісіру үшін иленген ұн ҮІ. Миға шабуыл
Кестені толтыр
|
А.Пушкин. «Қысқы кеш» өлеңінің мазмұны қандай? |
Екі шығарманың ұқсастығы неде? |
М.Иманжанов. «Қысқы кеш» әңнімесінің мазмұны қандай? |
|
|
|
|
Әрбір оқушының толтырған кестесін оқыту, жазғанын дәлелдету.
ҮІІ. Сергіту.
Суретте берілген қысқы ойындардың элементтерін қайталау.
ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма:
ІХ. Бекіту.
Топтық жұмыс.
Берілген сұрақтарға жауап беру:
І топ ІІ топ
– А.С.Пушкиннің шығармасы мәтіннің – Екі мәтінде жазушылар боранды қалай
қай түріне жатады? суреттеген (нелерге теңейді, кімдерге
ұқсатады)?
– Қай шығарма бұрынырақ жазылған? – Кешкі адам тіршілігі туралы шығармаларда
Оны неден аңғардың? не делінген?
– Жіп не үшін иіріледі? Оның қыс – Шығармаларды жазушылар қандай көңіл
мезгіліне қандай қатысы бар? күйде жазған?
– М.Иманжановтың шығармасындағы – М.Иманжановтың электр стансасының
«Сырттай мүлгіген ауыл іштей қа – жұмысын және балқыған темірді нелерге
занша қайнайды» деген сөйлемдегі теңейтініне мән бер және түсіндір.
жазушының ойын мәтінді пайдаланып
түсіндір.
Х. Қорытынды
І топ ІІ топ
– Шығармаларға сүйеніп, қысқы кешті Шығармаларға сүйеніп, қысқы кештің
сипаттап, әңгіме құра. көрінісін бейнеле.
ХІ. Үйге тапсырма:
«Қысқы кеш» өлеңінің екі шумағын жаттау. «Қысқы кеш» шығармасының мазмұнын айту. Берілген тірек сөздерді қолданып, өлең құрастыру.
Далада қар борайды,
. . . . . . орайды
. . . . . . қатады,
. . . . . . боп жатады.
ХІІ. Бағалау.
«Ашық журнал» әдісімен оқушылардың өзін-өзі бағалауы:
|
Оқушының аты-жөні |
Үй жұмысын орындау |
Тест жұмысын орындау |
Кесте толтыру |
5 жол өлең құрау |
Барлық ұпай |
|
|
|
|
|
|
|
Алып бала 2-сынып
Жарияланды 22-11-2014, 09:29 Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Алып бала»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін мазмұнын меңгерту. Қ.
Мұңайтпасов жайлы мәлімет беру, мәтіннің мазмұны арқылы қосымша
біліммен толықтыру.
Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың тілін,
сөздік қорын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Шыдамдылыққа, адал қиыншылықта көмек көрсетуге, бауырмалдылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қ. Мұңайтпасов пен автор портреттері, Мұқан жайлы
газет, журналдар, мәтінге байланысты суреттер.
Әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ - жауап, логикалық ойлау.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, математика.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- С. Мұқановтың «Батылдық» әңгімесі.
Мазмұнын сұрау. Жалпы сұрақ.
- С. Мұқанов кім екен?
- Балуан Шолақтың шын аты кім?
-
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
- Балалар, менің үстелім үстінде 8 карточка жатыр. Сыртында сандар
жазылған. Осы ондық сандарды өсу ретімен орналастыру керек, сонда
сөз шығады, бұл әрі сергіту кезеңі болсын.
10--- 20 --30 --40 ---50 ---60 ---70 ---80
А --- Л --- Ы --- П --- Б ----- А --- Л ---- А
«Ой шақыру»
Жаңа сабақ
Мақсатын хабарлау
Балалар бүгінгі өтетін әңгімеміз де, палуан туралы. «Алып бала» деп
аталады.
- Автор туралы түсінік беру
- Қажымұқан жайлы мәлімет беру
- Көрген киноларымен, оқыған, естігендерін сұрау.
Мағынаны тану.
1. Магнитофоннан мәтінді тыңдату.
2. Жұптасып оқу.
3. Сөздік жұмыс.
«Оқыра» - сиырдың үстінде тері мен еттің арасында бүркіттер болады.
Жаздың күні оқыра тиген сиырлар құйрығын тігіп алып, екі көзі
алақтап, бет - бетімен тыраңдап шаба жөнелетін. Мұндайда жолында
тұрмау керек.
Ұрғашы бөгелек маусым, шілде айларында ұрықтанады. Ұрықтанысымен 1
- 2 сағаттан кейін сиырдың арқасына қонып, ет пен терінің арасына
дамиды. Содан соң теріні тесіп, топыраққа түсіп 20 - 60 күн
аралығында сиыр қуатын оқыра болып ыңылдап ұша бастайды.
Құзар жар – биік жар
Торығып – түңіліп, ренжіген
Сұрақтар қою.
- Мұқан қозы бағып жүргенде қандай жағдайға душар болды?
- Бала жігіт неге тарығып жылады?
- Мұқанның қандай әрекеті ауылды таң қалдырды?
- Әңгіме неге «Алып бала» деп аталған?
Сергіту сәті:
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
Сурет бойынша жұмыс (тілін дамыту)
- Балалар суретте кімді көріп тұрмыз?
- Оның денесі қандай?
- Осы сиырды көтеру екінің қолынан келе бермейді, ендеше ол
қандай?
Венн диаграммасы:
Қажымұқан----- Бала жігіт
↓
малшы
кедей
сүйгіш
Балалар екі баланың бойынан қаншама қасиеттер көріп отырмыз
Батырлық, адалдық, мейірімділік туралы мақал - мәтелдер сұрау.
Спорт мектебі: Ермахан Ыбырайымов, Дәулет Тұрлыханов, Шәміл
Серіков, Ольга Шишигиналарға тоқталу.
Газет бойынша әңгіме.
Ақындықты қалады. Көріпкелдігі бар.
Қажымұқан айтқан сөзі бар. «Арқада Есіл жағасында туып - өстім.
Сырда Арыс жағасында дүниеден өтермін. Жөргекке ораған жер мен
кебінге оранған жердің арасы алыс болды, өкінбеймін, Қазақ жерінің
алыстығы жоқ» Қажымұқан барлық қазақ даласына ортақ.
1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданындағы «Ленин туы» колхозында
қайтыс болады.
Сабақты пысықтау:
« Білім бәйтерегін» көтеру
- Балалар алдымызда нені көріп тұрмыз?
Ағаш
Ағашымыз жапырақсыз әдемі емес, ағаш көркі жапырақ дегендей
ағашымызға не жетпей тұр?
- Ендеше бәріміз бірігіп ағашымызды жапырақпен гүлдендірейік.
- Ол үшін алған білімімізді ортаға салайық.
Жапырақта жазылған сұрақтар тарату. Оқушылар жауап беріп, жапырақты
бәйтерекке іледі.
Үйге тапсырма:
Бағалау.
Күлімде, күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегіндей бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Күлімде, күн күлімде,
Бүлдіршіндер қуансын.
Қырдың қызыл гүліндей,
Қолдарына ту алсын.
Күлімде, күн күлімде
Күлсін барлық бала шат.
Берекелі бүтіндей,
Бейбіт болсын болашақ.
Сабаққа әркез қатысып
Білімді шыңдап көрейік
Әрбір атқан таңменен
Бөленіп нұрға жүрейік.
Сәкен Cейфулин
Өрдеш төс, білеу дене, шойындай сом
…Күресте СССР - да жеке - дара –
Талай дәу қыла алмаған ешбір шара.
Еуропа, Азиядан асқандар да:
Поддубный, Ганс – Гауан, Қазбек Гара.
Ожар бет, қара мойын – бейне құлжа,
Қылар ед бір салса егер мылжа - мылжа.
Шалқиған жауырынды, бұжыр қара,
Еңгезер, үйелмен, дәу, тартқан – құжға.
Қалың бет, бура түсті қара нардай,
Жұп - жұмыр, жуан діңгек,
бойшаң дардай,
Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,
Айбынды жолбарысқа болар пардай.
Топшысы кере құлаш, бітім шалқақ,
Шалқиып балпаң басады, талтақ - талтақ.
Ұзақ жол керуеннің көшіндегі
Сияқты жампоз атан, басқан малтақ.
Сабақтың тақырыбы: Қалмақан Әбдіқадыров. «Алып бала»
Мақсаты: Оқушыларға әңгіме мазмұнын түсіндіру.
Міндеті: Б: Қажымұқан жайлы түсінік бере отырып, күш атасын таныстыру.
Д: Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу тілін, дүниетанымын,
танымдық ойлау қиялын дамыту. Белсенділіктерін арттыру. Өз
ойларын ашық, еркін жеткізуге дағдыландыру.
Т: Оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, бір – біріне
құрметпен қарауға және эстетикалық тәрбие бере отырып,
сауатты, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, іздену, ой қозғау.
Түрі: жаңа сабақ
Көрнекілігі: презентация, видеофильм.
І. Үйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысақ,
Негізі менде білімнің – дей келе ана тілі сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сағи Жиенбаевтың «Әлия» өлеңін жатқа мәнерлеп оқу.
ІІІ. Білімдерін тексеру.
а) Сұрақ – жауап.
- Балауса гүл – балғын қыз кім?
- Әлия Молдағұлова туралы біз не білдік?
- Өлеңнің 1 – ші шумағында не туралы айтылған?
- Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан – дегенде ақын не туралы айтады?
- Өлеңнің соңғы шумағында не туралы айтылған?
- Мәншүк пен Әлияның қандай ұқсастығы бар?
- Өте жақсы, Мәншүк пен Әлиядай апаларымыздың ерлігін біздер әрқашан ерлігін есте сақтаймыз. Мына ауға түсіп қалған балықты құтқарып мекеніне жіберейік.
ә) Дид – қ ойын: «Балық» ойыны
-
... есімі – ел есінде.
-
Еліңді сүйсең - ... істейсің.
-
Батыл болмай, ... болмайсың.
-
... адам өлімді жеңеді.
-
Тәуекелге бел буған адамды ... билемейді.
-
... қол бастамайды.
-
Біз балықты құтқарып мекеніне жіберіп, жеңіске жеттік. Олай болса мына ребусты шешіп көрелік.
IV. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың мақсатымен тақырыбын хабарлау.
,,
ып
а
-
өте дұрыс. Алып бала дегенде қандай адам көз алдыларыңа елестейді.
күшті мықты
Алып бала
дәу ірі
үлкен денелі
V. Жаңа сабақ. Қалмақан Әбдіқадыров. « Алып бала»
Әңгіме қазақты әлемге танытқан балуан Қажымұқан Мұңайтбасов туралы. Жазушы Қалмақан Әбдіқадыровты таныстыру.
а)
жазушы жоқшылықты көрген
Қ. Әбдіқадыров
аудармашы Қызылорда обл.
Шиелі ауд.
Қарғалы ауылы
ақын «Тәтті қауын»,
«Қажымұқан» әңгімелері
- Қалмақан Әбдіқадыров ақын жазушы. Ең алғашқы өлеңі «Сырдария» деген өлеңі «Еңбекші қазақ» газетінде басылып шықты. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Жалшы» деген атпен 1928 ж. жарық көрді. «Қажымұқан» повесі, «Тәтті қауын» кітаптары балалар әдебиетінен үлкен орын алды.
ә) Оқулықпен жұмыс: Ұлы Отан соғысы кезінде Қажымұқан Мұңайтпасов өзінің жеке қаржысына ұшақ жасатты. Оны Отан үшін от кеіп жүрген батыр жауынгерлерге жасаған қайырымдылығы болатын. Ұшақты Амангелді Иманов батырдың атымен аталуын өтінді. Қажымұқанның мұндай жомарттық ісіне Қызыл әскер жауынгерлері ризашылығын білдіріп хат жазды.
б) «Алып бала» мәтінін оқып таныстыру.
в) Қажымұқан Мұңайтпасов туралы қосымша мәлімет беру. (видеороликті көрсету), түсіндіру әңгімелеу.
Қ. Мұңайтпасов 1871 ж. 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында туған. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той – томалақтарда елге көрініп бала балуан деген атқа ие болған. Өзінің өмірін кәсіпқой күреске арнап әлемге күш атасын танытқан Қажымұқан атамыз екен. Әлемнің бірнеше мемлекеттерінде болып 48 медаль иеленді. Күрескенде Қажымұқаннан асқан ешкім болмаған.
г) Оқулықпен жұмыс: Тізбектей оқыту.
ғ) Сөздікпен жұмыс:
Оқыра тиіп – сона тәрізді жәндік шағып
Құзар жар – биік жар.
Торығып – түңіліп, ренжіп.
VІ. Сергіту жаттығуы:
Шынығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
а) Талдау, жинақтау.
- Мәтінде кім туралы әңгімеленген?
- Мұқан қандай жұмыс атқаруды ұнатушы еді?
- Ол қандай ерлік көрсетті?
- Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталды? Сен қалай атар едің?
- Мәтіннің 1 – ші бөлімі (1. Өгіздің өлімі, 2. Ауыл адамдарының таңқалуы), әр бөліктің жігін тауып оқы.
ә) Суретпен жұмыс:
- Суреттегі адамның күштілігін неден аңғардың?
- Ол не үшін өгізді арқалап алған деп ойлайсың?
- Суреттегі адамның ісіне өз көзқарасыңды білдір?
- Мұқанның орнында өздерің болсаңдар не істер едіңдер?
б) Дәптермен жұмыс: 5 жолды өлең стратегиясы.
- Біз қазақ тілінен сөз таптарын өтіп жатырмыз. Олай болса мына сөз таптарының сұрақтарына жауап бере отырып, мәтіннен түйгеніңді дәптерге өз ойыңды жаз.
1. Зат есім: Кім? Мыс: Мұқан
2. Сын есім: Қандай? Қай? Алып, батыр.
3. Етістік: Не істеді? Не қылды? Қайтті? Досына көмектесті.
4. Қорытынды ой. Өгізді ауылға жеткізді.
5. Зат есімге жуық мәндес сөз. Баланы жазаламас үшін.
- балалардың жазған жұмыстарын тексеру. 2 – 3 уін оқыту.
(Видеороликті аяқтап көру)
VІІ. Бекіту. « Алтын медаль» ойыны.
-
Мұқан қозы бағып жүргенде, оның серігі қандай жағдайға душар болды?
-
Бала жігіт неге тарығып жылады?
-
Әңгіменің басты кейіпкері кім?
-
Қажымұқан қандай адам болған?
-
Қандай қайырымдылық іс жасады?
VІІІ. Үйге тапсырма:
а) «Алып бала» мәтінін түсініп оқі, мазмұндау. «Күштілік» туралы екі
мақалдан жазып келу.
ә) Бағалау. Балалардың белсенділігін мақтау.
Сабақтың
тақырыбы: Жинақтық сан есім.
Сабақтың
көрнекілігі: карточкалар(киіз үй
сынды),қоржын,асықтар,сызбалар, интерактивті
тақта,«Бәйге»ойыны,маркер, ақ бет,
ребус,тест.
Сабақтың
түрі: Жаңа сабақ..
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларға жинақтық сан есім туралы
түсіндіріп,түрін ажыратуды үйрету.
Сабақтың
міндеті:
1. Оқушыларға жинақтық сан есім туралы мағлұматтар бере отырып,
жаттығу жұмыстары, ребус шешу, топтық сайыс арқылы жинақтық сан
есім түрін дұрыс ажыратуды үйрету.
2. Оқушылардың мәнерлеп оқуын, сауатты жазуын қамтамасыз етіп,өз
ойларын нақты да дұрыс,жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, бірлікке, татулыққа, ұлттық салт- дәстүрімізді
дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен
таныстыру.
Сыныптағы оқушыларды қатармен үш топқа бөлу. Сабақтың мақсатымен
таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. «Қоржын»ойынын жүргізу арқылы сан есім түрлерін
қайталату.Оқушылар топ бойынша кезекпен қоржыннан нөмірленген
асықтарды алып,сұрақтарға жауап береді.
Сан есім нені білдіреді?
Сан есімнің құрамына қарай неше түрі бар?
Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
Біз неше сан есім түрін өттік?
Есептік сан есім нені білдіреді, қандай сұрақтарға жауап
береді?
Реттік сан есім нені білдіреді, қандай сұрақтарға жауап береді?
4. Жаңа сабақ:
Балалар! бүгін біз сабақта жинақтық сан есім түрін өтеміз. Жинақтық
сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа
жауап береді.Қазақ тілінде жинақтық сан есімдердің саны
жетеу.Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі сандарға
-ау, -еу жұрнағы жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу.
Жинақтық сан есім кейде зат есімдермен тіркеспей жеке қолданылады
да, заттанып тұрады, яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны беріп
тұрады.
Интерактивтік тақтадан сан есімге байланысты мысалдар жазылады.
Оқушылар сан есімдерді тауып,қандай сан есім екенін ажыратады.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
Атадан алтау,анадан төртеу. Жалғыздық көрер жерім жоқ.(Абай)
Беретін мүлкің нешеу? Түйе біреу, ат екеу, қасқыр бесеу (І.
Жансүгіров)
5. Карточкалармен жұмыс.
Тақырып бойынша киіз үй негізінде құралған карточкалар
таратылады. (Шаңырақ,уық,кереге,есікке) жазылған сөйлемдер.
Мақаты: Сан есімдерді дұрыс тауып талдауға баулу ,
сөйлемдерді мәнерлеп оқуларын дамыту. Киіз үйдің құрылымын білуге
тәрбиелеу.
Әр топтан бір оқушы бір -бір сөйлемнен оқып талдайды.
Мысалы: Мені біреу оятқандай болды.
Талдау үлгісі: Сан есім біреу,бұл жинақтық сан есім, құрамына қарай
дара ,бұл сөйлемде әрі сандық, әрі заттық мағынаны беріп тұр.
6. «Бәйге»ойыны.
1. Топ Есептік сан есімдер тобы.
2. Топ Реттік сан есімдер тобы.
3. Топ Жинақтық сан есімдер тобы.
Ойынның шарты:Әр топқа ребус таратылады.Ребустан сан
есімдерді тауып,сөйлем құрастыру.. Есептік сан есімдер тобы есептік
сан есім түрінде, реттік сан есімдер тобы реттік сан есім түрінде,
ал жинақтық сан есімдер тобы жинақтық сан есім түрінде сандарды
тауып сөйлем құрастырады..
Мысалы: Есептік сан есімдер тобы: он, бес, екі, төрт, үш, бір.
Реттік сан есімдер тобы. Оныншы , бесінші, екінші, төртінші,
үшінші, бірінші.
Жинақтық сан есімдер тобы : бесеу, екеу, төртеу, үшеу, біреу
7. Топтық жұмыс.
Тақтаға үш сызба ілінеді. Топтар орындарымен ауыстырылады.
1. Топ Реттік сан есімдер тобы.
2. Топ Жинақтық сан есімдер тобы.
3. Топ Есептік сан есімдер тобы.
Әр топқа сандар жазылған дөңгелектер таратылады топтар сандар
арасынан өз топтарына қатысты сандарды тауып тақтаға
жабыстарады.
Тест Арнайы тақырыпқа бағытталып құрастырылған тест.Тест он
сұрақтан құралған. Мақсаты: сабақты бекіту, тақырып бойынша
оқушыларда туындаған қиыншыларды анықтау.
Оқушылар тест тапсырмасын орындап болған соң тақтаға дұрыс жауабы
ілінеді, оқушылар дәптерлерін ауыстырып бір — бірінін тапсырмасын
тексеріп бағалайды.
9. Бекіту: «Білім» сыны
ойыны
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата? (жеті, тоғыз)
3. Үш арсызда ата? (ұйқы, күлкі, тамақ)
4. Үш мақсатты ата? Сауда мақсаты – ұту. Жол мақсаты – жету. Дау мақсаты – біту.
5. Үш бәйтеректі
ата? (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
Әр топ бір-біріне өтілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы
сабақты қорытындылайды.
Бүгін біз сабақта сан есімнің қандай түрін өттік?
Жинақтық сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Жинақтық сан есімдер қалай жасалады?
Сөйлемде қандай мағынаға ие болады?
Қорытынды: Мұғалім сабақты қорытындылап,жеңімпаз топты
атап,бағалайды.
Үйге
тапсырма: Көркем әдебиеттен жинақтық сан есімге байланысты
төрт-бес сөйлем жазып келу,ереже оқу.
Бағалау.
Жинақтық сан есімнің сөзжасамы
Жинақтық сан есім жасаушы аффикс -ау, -еу. Бұл аффикс бірден жетіге дейінгі бірлік сан есімдерден жинақтық сан есім жасайды. Ол сандық ұғымды мүлдем өзгертпейді, бірақ есептік санға жинақтау мәнін қосып, оның мәнін абстракцияландырып, заттьтқ ұғым да қосады. Мысалы: Біреу де болса жетеді. Бес жыл өткен сол тойға енді өкініп жатыр екеуі. Үшеуі оңаша отыр. Ішінен мықты үшеуін таңдап алып, шұңқырға сал. Әлсіздеу біреуін үш көлікпен ауылға қайыр. Екеуі тракторға қалсын. Олар төртеу-ақ. Жетеудің кемтігін жаба ала ма? (Ғ. Мұстафин).
Қазіргі түркі тілдерінің көбінде жинақгық сан есім-нің -ау, -еу, -у дыбыстық варианты қолданылады. Мысалға татар, башқұрт, қарақалпақ тілдерін келгіруге болады. Сонымен бірге басқа түркі тілдершде ол қосымшаның -ав, -ов, -ев, -гу, -игу, -оо, -өө сияқты т. б. дыбыстық варианттары да кездеседі. Бірақ қандай дыбыстық вариангта қолданылмасын, олардың түп негізі бір.
Жинақтық сан есім де — көне туркі тілінен келе жатқан сан есімнін, семантикалық тобы. Оны академик А. Н. Қононовтың, мына сөзінен көруге болады: «Жинақтық сан есім — заттанған сан есімдер есептік сандардан жинақтық — көптік көрсеткіштер арқылы жасалады: 1) -ғун, -ғун/ -Г/-Р+-Н/ қосымшасы ескерткіште бір мысалда ғана кездеседі: учагун/ушеу «Құдатқу білікге» (XI ғ.) бұл форма анықтауыштық қызметте қолданылады. Әрі қарай бұл қосымшаның фонетикалық дамуы мына жолмен өткен: -ғун -гу, ~ві, -в, -у -ү.
2) -н қосымшасы -ғун қосымшасының кұрамындағы жинақтық, көптік мағыналы көрсеткіш, ескерткіште жалғыз екін ара (екеуінін, арасында) деген мысалда ғана кездеседі»24, — дейді.
Қазақ зерттеушісі Ғ. Айдаров орхон жазба ескерткішінде жинақтық сан есім бар деп, оның жасалу жолын көрсеткен: «Жинақтық сан есім заттардың жиынтығын білдіріп, -агу, -егу: үчегу жұрнағы арқылы жасалады»,25 — дейді.
Жинақтық сан есімнің қазіргі түркі тілдеріндегі тағы бір ерекшелігі оньщ қанша санға тарауына байланысты. Қөпшілік түркі тілдерінде жинақгық сан бірден жетіге дейін болса, кейбір түркі тілдерінде татар, баш-құрт, құмық тілдерінде бірден онға дейін жинақтық сан есім жасалады. Сөйтіп, түркі тілдерінде жинақтық сан негізінен бірден онға дейінгі санға қатысты, бірден онға дейінгі сандар жинақтық санның жасалуына негіз болады. Ол — көне замандардан басталып, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан тілдік құбылыс.
Жинақтық санньщ өзі жасалған есептік саннан айырмасы — олардың зат есімнін, алдынан келіп, оны анықтаушы сөз ретінде тіркеспеуінде. Бұл қасиет басқа түркі тілдеріне де ортақ. Ал жинақтық сан есімдердіқ зат есіммен тіркеспеуі оның өзінін, заттық ұғымды білдіруімен, заттық мағынасымен байланысты Жинақтық зат есімнің жинақтық, заттық мәнін онын. түрленуі де растайды. Жинақтық сан есім зат есім сияқты түрленсді. Әсіресе тәуелдік, септік жалғауларымен жиі түрленеді, сөйлем-де де түрлі орында қолданыла береді. Мысалы: — Мектебінде ме? Парткомда ма? — Екеуінде де (Ғ. Мұстафин). Екеуі — айыпкер, біреуі — тергеуші тәрізді, мерейі үстем отыр (Ғ. Мұстафин). Үшеуін бірден жүргізіп, керегінде күшті бірінен-біріне ауыстырып отырмақ. — Мінгіз ана атқа екеуін де! — деп қастарындағы жігіттерге бұйрық етті (М. Әуезов). Екеуін қалпақтай түсірді де, менің дәуімді бас салып, аузын буып, ала жөнелді. Жа-мал екеуін де түсіне қойған жоқ (Ғ. Мұстафин). Екеуміз бірден тойтиғамыз жоқ па? (Ғ. Мұстафин). Маңыздана басып үшеуі де үйге қарай беттеді (Қ. Қайсенов).
Сабақ тақырыбы:Сан есімді қайталау
Сабақ мақсаты:Сан есім туралы оқушы ұғымын кеңейту,теориялық алған білімдерін мысалдар
арқылы терең меңгерту, есептік,реттік,дара,күрделі түрлеріне ажырату. Ой-өрісін
кеңейту. Танымын арттыра отырып жылдам ойлауға,пікірін жеткізе алуға, дұрыс
шешім қабылдай білуге бағыттау.Бірлікке,ұйымшылдыққа,жолдастыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
-
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу,өзгені тыңдауға үйренеді;
-
тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
-
сан есімді түрлеріне қарай ажырата біледі;
-
сауатты жаза біледі.
Көрнекілігі:суреттер,кесте, слайд, видеоролик.
Әдісі:Топтық жұмыс,жұптық жұмыс, ассоциация,ойындар.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі
1) Топқа бөліну.Сан есім тақырыбына байланысты 1,2,3-ке дейін санап үш топқа бөлінеді. 2)Психологиялық дайындық
-Мен, сен, ол, олар
Бәріміз де бір ұжым.
Мынау мектеп, бұл ұстаз
Қуанышты күн бүгін
Сабақ кезеңдерімен таныстыру.
1.Өткен шаққа саяхат
2.Осы шаққа саяхат
3.Келер шаққа саяхат
Үй тапсырмасын тексеру. Өткен шаққа саяхат.
Үйге берілген жаттығуды тексеру.
«Гүл сыйлау» ойыны. Оқушылар бір-біріне гүлді бере отырып өткен тақырыптар бойынша сұрақтар береді. Гүлді алған оқушы сұраққа жауап беріп, келесі балаға беруі тиіс.
Жаңа сабақ. Осы шаққа саяхат
«Мақалды толықтыр»
1)... тал кессең, ... тал ек. 3) ... рет өлшеп, ... рет кес.
2)Білекті .... жығады,білімді .... жығады. 4)Ер ... рет өледі, қорқақ ... рет өледі.
-Көп нүкте орнына қандай сөздер қойдық? Ендеше бүгінгі сабағымызда сан есім туралы білімдерімізді қайталаймыз.
54-жаттығу.Топтық жұмыс.Сандарды сөзге айналдырып,сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет. Сан есімдердің дара не күрделі екенін ажырат.
55-жаттығу.Топтық жұмыс. Әр топтың алдына кесте беріледі.
Тапсырма:Көп нүкте орнына тиісті сөз табының атын жаз. Кестені нақты мысалдармен толтыр.
. . . .
есептік
реттік
дара
күрделі
56-жаттығу. Жеке жұмыс.Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрау.
Жеті,бесінші, он екі.
Сергіту сәті. Көңілді музыкаға билеу.
57-жаттығу. Топтық жұмыс.Ребус шешу.Шыққан мақалдың мағынасын түсіндіру. Сөйлемдегі сан есімдердің қосындысын және айырмасын табу.Шыққан сан есімдерді түрлеріне қарай ажырату.
58-жаттығу. Жұптық жұмыс.Сан есімдерден қос сөздер жасау. Оның алдыңғы сөздерден қандай айырмашылығы болғанын айту.
Бес,он,отыз,қырық,бір,екі.
Бір,оныншы, отыз үш, алтау.
Қанша? Неше? Нешеу? Нешінші?
Рефлексия.
Сан есімге ассоциация құру
Заттың санын, ретін,мөлшерін білдіреді
дара
Сан есім
есептік
күрделі
реттік
Есептік сан есім жұрнақтары: -ыншы, -інші, -ншы,-нші
Үйге тапсырма беру. Келер шаққа саяхат.
1)59-жаттығу. 2) Сан есімдері бар мақал-мәтел жазып келу.
Бағалау. Уақытында бағалау әдісі арқылы бағаланады.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
(қайталау)
Сабақтың
мақсаты:
1. Білімділік:
Сан есімнен алған білімдерін пысықтау. Сан
есімді
сөйлем ішінен
тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге
үйрету.
Сауатты, таза жазуға дағдыландыру.
Цифрмен
берілген сан
есімдерді жазумен жаза білуге
үйрету.
2. Дамытушылық:
Сөз таптары туралы ой өрісті
дамыту.
3.Тәрбиелік:
Оқушыларды ұйымшылдыққа ,
ізденімпаздылыққа,
шығармашылықпен
жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: слайдтар,
тірек-сызбалар.
Сабақтың түрі:
қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі:
сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденіс
Пәнаралық
байланыс: Әдебиеттік оқу,
математика
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі
а) амандасу,
түгендеу
ә) сынып
тазалығына мән беру
б) оқушылардың
көңіл күйіне назар аудару
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау және оларды
бағалау.
ІІІ. Көркем
жазу. Сс әрпін жазу.
Сегіз қырлы,
бір сырлы.
IV. Жаңа
сабақ.
«Ассоцация»
құру
«Сөздің әрбір
дыбысынан сөз тудыру жұмысы» әрбір дыбысынан сан жазып
шығу.
тоқсан жеті
қырық
Түс сегіз Жас
сексен Қас сегіз
үш алты
алпыс
V. Оқулықпен
жұмыс.
1- жаттығу:
Сөздерді оқып сан есімдерді теріп
жазу.
3- жаттығу: Көп
нүктенің орнына сан есімдерді қойып
жаз.
Шығармашылық
жұмыс.
1.Бір ғасырда
... жыл бар.
Бір тәулікте
... сағат бар.
Бір жылда ...
ай бар.
Бір айда ...
күн бар.
Бір аптада ...
күн бар.
2. Сандарға
тиісті жалғауды жалғап сөзбен жазу, сөз құрамына
талдау.
Өрмекшінің 8
аяғы бар. Ат жарысында Жалғастың аты 1 келді. Сыныптан спорттық
жарысқа 7 оқушы қатысты. Асқар 5 үй, 16 пәтерде
тұрады.
3. Берілген сан
еімдер мен зат есімдерді байланыстырып
сыз.
Сан есімдер:
Зат есімдер:
Отыз екі
тіс
Он
орын
Үшінші
минут
Алпыс
ғасыр
Жиырма бірінші
саусақ
Сан есімге
байланысты мақалдарды жазып,
талдау.
Тоқсан ауыз
сөздің тобықтай түйіні бар.
Жүз теңгең
болғанша,
Жүз досың
болсын.
Бір тал кессең,
он тал ек.
Білекті бірді
жығады,
Білімді мыңды
жығады.
Жұмбақ.
Бес ін, бес
іннің аузы-бір ін (қолғап)
Өзі төрт
қанатты және алты аяқты,
Сөйтсе де тік
ұшақтың көшірмесі сияқты. (инелік)
Он көзі бар
өзінде,
Он цифр бар
көзінде.
Көзіне саусақ
саласың,
Жырақтан хабар
аласың. (телефон)
Жұмбақтардың
шешуін дыбыстық талдау жасау. (Әр қатарға бір
сөз)
VІ. Сабақты
бекіту:
Тест
тапсырмалары:
1. Сан есім
қандай сұраққа жауап береді?
а) қандай?
қанша? ә) не? нешінші? б) қанша?
неше?
2. Сан есімді
көрсетіңдер?
а) бес ә)
есептік б) белсенді
3. Сан есім
нешеге бөлінеді?
а) есептік,
реттік, қатарлық ә) қатарлық, кезектік б) есептік,
реттік
4. Сан есімді
көрсетіңдер:
а) бес, сана,
ұйықта ә) елу бес, жас, кәрі б) қырық, елу,
жүз
5. Берілген
сөздер қай сөз табына жатады? Екінші, бес, алпыс
алты
а) сын есім ә)
сан есім б) есімді
6. Жұмбақты
шешіңдер:
Басында таяғы
бар,
Төрт аяғы
бар,
Сегіз тұяғы
бар,
Иегінде сақалы
бар.
а) ешкі ә) қой
б) арқар
7. Көп нүктенің
орнына керекті сан есімді
жазыңдар.
Ер ... рет
өледі, қорқақ ....рет өледі.
а) бір, бесінші
ә) бір, мың б) бір, көп
8. Қате
жазылған санды белгіле:
а) онүш ә)
қырық бес б) жиырма
9. –інші
жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді?
а) алты ә) он
б) үш
10. Сан есім
дегеніміз не?
а) бір, бесінші
заттың қимылын білдіретін сөздер
ә) заттың санын
білдіретін сөздер
Семантикалық
картамен жұмыс.
Сан есім Дара
Күрделі Есептік Реттік Сан есім зат
есім
Екі
Бесінші
Он
бес
Елу
Жеті
Оныншы
Он
үй
VІІ. Үйге
тапсырма. 2- жаттығу, 28бет.
VІІІ.
Бағалау.
Қазақ тілі пәнінен "Сөз таптары туралы өткенді қайталау" тақырыбына сабақ жоспары
БИБЛИОТЕКА
МАТЕРИАЛОВ
|
Пәннің аты |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім |
|
|
|
|
Сабақтың атауы |
Сөз таптары туралы өткенді қайталау |
|
|
|
||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Сабақтың мақсаты: Сөз таптары туралы өткенді пысықтау. Зат есімнің, етістіктің, сын есімнің, сан есімнің сөйлемдегі қызметі, сұрақтары туралы қайталау. Оқушылардың сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа технологияны пайдалана отырып, білім сапасын арттыру. Оқушыларды дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету, сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Сабақтың түрі: дәстүрлі емес Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ- жауап, пікірлесу, әңгімелеу, көрнекілікпен жұмыс Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың формасы: сыныптағы сабақ Көрнекілік: суреттер, тапсырмалар, жұмбақтар, логикалық тапсырмалар, флипчарттар, ойындар |
|
|
|
||
|
Психологиялық ахуал |
а) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; ә) оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру; Психологиялық дайындық. Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық, Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық. Ерте, ерте, ертеде біз білмейтін «Сөз таптары» патшалығы болыпты. «Сөз таптары» патшалығының Зат есім, Етістік, Сан есім, Сын есім атты төрт ханзадасы болыпты. Патшалық сан қилы құпиялар мен жұмбақтарға, қызықты сырлар мен тапсырмаларға толы екен. Сол «Сөз таптары» патшалығын саяхаттай отырып, кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап, әр тапсырманың дұрыс шешімін таба білулеріңе тілектеспін. |
|
|
|
||
|
Қызығушылықты ояту ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Көктем» тақырыбына өлең құрастыру. (Сөз таптарын табу, сұрақ қою) ІІІ. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру сәті. Сызба бойынша жұмыс. |
Етістік |
Сын есім |
Сан есім |
|||
-
Ұқсастығы мен өзгешеліктерін ата.
ЕРЕЖЕ.
-
Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз.Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
-
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Сұрақтары: не істеді? не қылды? қайтті?
-
Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай? қай?
-
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сұрақтары: қанша? неше? нешінші?
ІV. Жаңа сабақты меңгерту
1. «Жасырынған сөзді тап» ойыны
а) Аппақ болып гүл тұрар, в) Ұшып жүрген гүл көрдім,
Жылына бір құлпырар. (Жеміс ағашы) Қонғанда ұстап үлгердім. (Көбелек)
ә) Жатты да жатты, г) Күн күледі,
Жылғаға тартты. (Қардың еруі) Жер түледі. (Көктем)
б) Ақ сиыр тұрып кетті, д) Қырға кілем жайылды. (Қызғалдақ)
Қара сиыр жатып қалды. (Қыс пен көктемнің ауысуы)
«Көрікті көктем» тақырыбына шағын әңгіме құрау.
Зат есімді табу, сұрақ қою, зат есімнің астын сызу.
V. Жаңа сабақ бойынша тапсырма орындау сәті.
2. «Жалғасын тап» ойыны. Мақалды толықтыру, етістікті табу, сұрақ қою.
Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң – менмендікке бастама.
Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Қарт кісіні қадірле,
Өзің де қарт боларсың.
Ана сүтін ақтамағанды,
Ешкім мақтамайды.
Ана туралы өлеңдер оқу.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Сергіту сәті
«Орнын тап» ойыны. Сөздердің орнын ауыстырып сөйлем құрау, сын есімдерді табу, сұрақ қою.
а) Көтерді, үйлер, биік, бой, қалада.
ә) Оқыды, Қайрат, кітап, қызықты.
б) Терді, бақшадан, Айгүл, алма, қызыл.
в) Бар, Айжанның, добы, ала.
Ой толғаныс
Ойлан, тап. Математикалық жұмбақтар шешу, сан есімді табу, сұрақ қою.
а) Бір топ бала тоғаннан, б) Алпыс ала қарға,
Жиырма бес балық ұстадық, Қырық қара қарға.
Бөліскенде оларды, Ұшады, қонады.
Тиді әркімге бес балық. (5 бала) Барлығын қоссаң, қанша болады? (100 қарға)
ә) Бес бұтақты шыршада, в) 13 түйе, 5 жылқы,
Бұтақ сайын алты алма. 7 сиыр, 5 ешкі.
Біреуін берсе Айдарға, 2 қоян, 3 түлкі,
Болды сонда қанша алма? (шыршада алма өспейді) Таба алмасаң бұл күлкі! (35)
Санамақтар айту.
1. Логикалық тапсырмалар.
-
Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
-
Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды?
-
Қоянға (көк), түлкіге (сары), аюға (қызыл) үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай?
-
Отбасында төрт бала бар. Қыздар қанша болса, ұлдар сонша. Отбасында қанша ұл, қанша қыз бала бар?
-
Екі сыныпта 50 орындық бар. Бір сыныптан 10 орындықты алып кеткенде, екі сыныптағы орындықтар саны бірдей болды. Бастапқыда әр сыныпта неше орындықтан болған?
-
Әжесі немерелеріне 10 сырға және 2 машина алды. Әжейдің неше немересі бар? Нешеуі ұл , нешеуі қыз ?
Үйге тапсырма
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Бастауыш сыныпта өткенді қайталау. Сөз таптары
admin 22-11-2014, 10:49 3 173 Қазақ тілі әдебиет / Модуль бойынша
Маңғыстау облысы, Мұнайлы
ауданы
қазақ тілі пәні мұғалімдері:
Алдабергенова Замира, Қыдырова Галия
(Кілті) 1-модуль 1-
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сыныпта өткенді қайталау. Сөз
таптары
(Оқушы үшін)
«Көпір тапсырмалары»
( Оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келу) 1.Сөз
табы дегеніміз не?
Жауабы : Сөздердің мағынасына, тұлғасына , жеке қызметіне қарай
бөлінетін топтары сөз таптары деп аталады.
2.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Жауабы : Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.
ІІ кезең:
Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар
Теориясы: «Білу»
(Кім? Не? Нені? Қандай? Қашан? Қайда? Қалай? Не істеді?) 1. Зат
есім деген не? Зат есімге мысал келтір.
Жауабы: Сөйлемдегі кім? не? кімдер?нелер? деген сұрақтарға жауап
беріп, заттың атын білдіретін сөздер.
Мысалы: Оқушы, мектеп, қалам, терезе.
Теориясы: «Түсіну»
(Неге? Себебі? Неліктен? Не үшін?) 2 . Неліктен мына сөздер
«Қандай?» сұрағына жауап береді ? Тәтті нан, кәрі кісі, тұнық су,
үлкен қала, қалың ел, қой көз.
Жауабы: Себебі заттың сынын, сипатын, мөлшерін, дәмін,сапасын
анықтап тұр.
Теориясы: «Талдау» (Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде?
Тақырыптың басты идеясын жаз деген болуы керек) 2. Венн диаграммасы
бойынша зат есім мен сын есімді салыстыр.
Зат есім ортақ қасиеттері сын есім
Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығар, анықтама бер. Мазмұнды
жүйеле, кесте, сызба, сөзжұмбақ, ребусты шеш сияқты т.б. сөздер
тапсырма шартында болу керек) 4.Сөз табы тақырыбы бойынша
үйренгендеріңді топтастырып жаз.
Практикасы:
«Қолдану»
(Қарапайым тапсырмалар) 5.Көп нүктенің орнына тиісті жіктік
жалғауын қойып жаз.
1.Бұл күйді алғаш мен тартқанмын.
2.Сен ақындар айтысына қатысасың.
3.Біз сабаққа бірге дайындаламыз.
6.Төмендегі кестеге зат есім мен сын есімге мысалдар жаз.
Зат есім Сын есім
Әжем бауырсақ пісірді.
Дүкенге бардым.
Доп тептім. Ащы айран.
Семіз жылқы.
Ұзын көше.
Практикасы:
«Баға беру»
(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)
7.Қазақ тіліндегі зат есімге қойылатын сұрақтар мен орыс тілінде
зат есімге қойылатын сұрақтарда айырмашылық бар ма? Сен қалай
ойлайсың?
Жауабы : Қазақ тілінде адамнан басқа зат атауларына «не?» сұрағы
қойылатын болса, орыс тілінде жан-жануарларға да «кім?»сұрағы
қойылады.
Теориясы: «Білу»
(Кім? Не? Нені? Қандай? Қашан? Қайда? Қалай? Не істеді?)
ІІІ кезең:
Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинаңдар.
І деңгей (5балл)
1.Етістік деген не ? Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?
Етістікке мысал жаз.
Жауабы: Заттың қимылы мен амалын, жай –күйін білдіріп, не істеді?
Не қылды? Деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы:
..........................................................................................................
.............................................................................................................

2. Тест. Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр
?
Кітап оқыдық.
А) Баяндауыш с) Толықтауыш е)Пысықтауыш
В)Бастауыш д)Анықтауыш
2.Күрделі етістіктер қатарын белгіле
А)Балтала ,ойлан,ақылдас.
В)Жұлқылады,тарсылдады,ойбайлады.
С)жүре бер, әуре- сарсанға түсті, әперді.
Д)Көңілден,ағар,үшеуле.
Е)Жаздыртты,оқытты.сөйлесті.
3.Дұрыс септелген есімдікті тап
А) ол с) кім е) сен
В) бұл д) бұдан
3.Дара сан есім мен күрделі сан есімнің әрқайсысына 3 мысал
келтір.
....................................................................................................................

(Қарапайым тапсырмалар)
4.Төменде берілген мысалдардан сөз таптарын тауып,зат есімді
бір,сын есім мен сан есімді ирек,етістікті екі сызықпен сыз.
Оқушылар сабаққа жақсы дайындалып келді.
-------------------------
Үш терек оқиғасы жайлы әңгіме естідім.
5.Көп нүктенің орнына керекті сөз таптарын қойып жаз.
Әкем жылқысын суарды. Болат қарқылдап күлді. Отызыншы тамыз
Конституция күні. Менің әжем өте шебер кісі.
ІІ деңгей: (5балл +4балл =9балл)
Теориясы: «Түсіну»
(Неге? Себебі? Неліктен? Не үшін?) 1.Не үшін үстеулер етістіктің
алдында келеді ? Мысалы : Ол бұрын келді.Сен бері отыр. Балаша
күлді.
Жауабы: Себебі үстеулер қимылдың, іс -әрекеттің әр түрлі белгісін
білдіреді .
Теориясы: «Талдау» (1.Салыстыр.
2. Айырмашылығы неде? 3.Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын
жаз деген болуы керек) 2.Төменде берілген мысалдардың қайсысы сын
есім,қайсысы үстеу? Салыстырып үстеуді бір бағанға, сын есімді бір
бағанға жаз.
Биік ағаш, өте биік, нәзік жан, тым нәзік, күшті дауыл, аса күшті,
білімді адам, орасан білімді .
Сын есім Үстеу
Биік өте
нәзік тым
күшті аса
білімді орасан
Практикасы:
«Қолдану»
(2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары
орындалады) 3.Берілген үстеулерді қатыстырып сөйлем құрастыр.Ерте,
кеш, жоғары, төмен, бұрын.
Сабақтың тақырыбы: Қозғалмалы
ойындар
4
сынып
Сабақтың
мақсаты:
1. Ептілік,
жылдамдық қабілеттерін
дамыту.
2. Оқушылардың
денсаулығын нығайту, қимыл - қозғалыс мәдениетін
қалыптастыру.
3. Салауатты
өмір салтын ұстануға және шыдамдылыққа, мақсатқа жете білуге
тәрбиелеу.
Керекті
құралдар: Доп, арқан, ысқырық,
кеглилер.
Дайындық
бөлімі
Сабақтың
барысы
Ұйымдастыру
кезеңі. Сабаққа әзірлену.
Сабақ
тақырыбымен таныстыру. Сабақ міндеттерімен
таныстыру.
Сапқа арналған
жаттығулары
Дене қыздыру
жаттығулары
Жүру
түрлері
Аяқтың
өкшесімен
Сыртқы
қырымен
Аяқтың
ұшымен
Жартылай, толық
отырып жүру
Жүгіру
Арнаулы жүгіру
жаттығулары.
Тынықтыру
жаттығулары
Орнында
жасалатын жаттығулар.
1. Б. Қ екі қол
белде
1 - 4 басты
оңға айналдыру
1 - 4 басты
солға айналдыру
2. Б. Қ екі қол
иық үстінде, аяқ иық кеңдігінде
алшақ
1 - 2 иықты
алға айналдыру
3 - 4 артқа
айналдыру
3. Б. Қ. екі
қол кеуде тұсында
1 - артқа
керілу
2 - оңға бұрыла
шынтақты жазу
3 - б.
қ.
4 - солға
бұрыла шынтақты жазу
4. Б. Қ. сол
қол белде, оң қол жоғары
1 - 3 солға
иілу
3 - 4 оңға
иілу
5. Б. Қ. аяқ иық кеңдігінде
алшақ
1 - оң қолдың
ұшын сол аяққа
2 - сол қолдың
ұшын оң аяққа
6. Б. Қ. екі
қол тізеде
1 - 2 тізені
оңға айналдыру
3 - 4 солға
айналдыру
Тынықтыру
жаттығулары
Негізгі бөлім
1. Оқушыларды 2 топқа бөлу, ойын түрлерімен
танысу.
2. «Күн мен
түн» ойының ойнау.
1 - ші топ -
күн, 2 - ші топ түн болады.
Мүғалім
жүргізуші болады, Мұғалімнің айтуымен оқушылар жаттығу орындайды,
күн деген кезде күндер қышып түндер қуады, түн деген кезде түндер
қашып күндер қуады, қай топ көп оқушы ұстайды сол жеңіске
жетеді.
2. «Арқан
тартыс» ойыны
Екі топ
арқанмен тартысады.
3. «Біреуі
артық» ойыны
Оқушылар бір
бірінің артына тұрып шеңбер жасап тұрады. Екі оқушы бір бірін қуып
жүріп екі оқушының артына тұрады, алдында тұрған оқушы қашады,
осылай кезектесіп алмасып
тұрады.
4 «Допты тез
бер» ойыны
Оқушылар
шеңбермен тұрып музыкамен бір біріне допты береді, мұғалім музыканы
тоқтатқан кезде доп қай ойыншыда болады сол ойыннан
шығады.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері
-
26.10.2015
-
0
-
0
-
10021
Қарағанды қаласы
Қазыбек би ауданы
№66 жалпы білім беретін орта мектебі
Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Мукашев Ж.С.
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын
жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері.
І. Кіріспе
Жас ұрпақтың жалпы дене қуатын дамыту үшін, үлкен өмірге, еңбек етуге, Отан қорғауға дайындау үшін, олардың мектепте оқыған кезеңдерінде мынандай негізгі міндеттерді орындауымыз керек:
- денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту және шынықтыру;
- негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету;
- жігер-күш, дене қасиеттерін дамыту, жеке және қоғамдық гигиена дағдыларына үйрету.
Барлық міндеттерді орындаудың негізгі амалы - дене тәрбиесі жаттығулары мен теориялық білім. Ол амалдар дене тәрбиесі сабағында, оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі-сауықтыру шараларында (сабаққа дейінгі гимнастика,ұзақ үзілістердегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары, сергектік сәттер) және сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады.
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.
Осы барлық міндеттерді дұрыс бағалау, ұйымдастыру, орындау үшін мақсатты түрде жақсы, шебер жоспарлай білу қажет. Дұрыс ойластырылған барлық жұмыстар келісілген жоспар, жүйелі, тиянақты жұмыс тудырады.
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады (Қосымша 1).
Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1. Ұйымдастыру жұмыстары.
2. Оқу жұмыстары.
3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары.
4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық - көпшілік жұмыстары.
5. Үгіт-насихат жұмыстары.
6. Дәрігерлік бақылау және тазалықты тексерулер.
7. Шаруашылық жұмыстары.
Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене тәрбиесі ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.
Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі ұжымы жұмысының мазмұны және оны ұйымдастыру. Бұрынғы кеңес заманында да, қазіргі егеменді ел, нарық экономикасы заманында да жалпы білім беру мектептерінде дене тәрбиесі ұжымдары жұмыс істеді, әлі де істеп жатыр. Дене тәрбиесі ұжымының мүшелері – мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы – мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін – дене тәрбиесі мұғалімдері.
Осы жерде заңды бір сұрақ тууы мүмкін. Неге дене мәдениетіне, дене тәрбиесі мен спортқа осынша мән беріледі? Неге мектепте математика, тарих ұжымдары жоқ? Бұл мәселенің маңыздылығы, денсаулыққа байланыстылығынан. «Басты байлық – денсаулық», «Тәні саудың-жаны сау» дейді дана халқымыз. Дене тәрбиесі мен спорттың негізгі міндеті адамдардың денсаулығын нығайту болып табылады. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының негізгі міндеті дене тәрбиесі мен спорттық жаттықтыру сабақтарына, жарыс, жорық, саяхаттарға, дене тәрбиесі-сауықтыру шараларына мұғалімдер мен оқушыларды көбірек қатыстыру. Оларды тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту. Тұрақты жаттығулар арқылы олардың денсаулық деңгейлерін жоғарылату Шығыс ғалымы Ибн Сина: «Тұрақты, жүйелі дене жаттығуларымен шұғылданған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді», -деген.
Дене тәрбиесі ұжымының денсаулықтан кейінгі екінші қажеттілігі жарыстарға қатысу мүмкіншіліктеріне байланысты. Өйткені мектеп жұмыстарының ең маңызды бір көрсеткіші – спорттық жарыстарда мектеп құрама командасының спорт түрлерінен мектептер арасындағы аудан, қала жарыстарында жүлделі орындар алуы. Жүлделі орындар алу үшін, мектеп ұжымы директордан бастап оқушыға дейін жұмыла тер төге жұмыс істеуі керек. Осы көрсетілген екі негізгі міндеттердің өзі дене тәрбиесі ұжымының маңыздылығын, жұмыс ауқымының кең екенін көрсетеді.
Дене тәрбиесі ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапкершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағалануы керек. Мектептің дене тәрбиесі ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет. Дене тәрбиесі мұғалімі дене тәрбиесі ұжымының барлық жұмыстарын жақсы білуі, құжаттарын сауатты дұрыс жүргізуі қажет. Сонда ғана мектептің дене тәрбиесі ұжымы жұмыс істейді, барлық мектеп мұғалімдері, оқушылар бұл жұмыстарға жұмыла атсалысады.
Дене тәрбиесі ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы – 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төрағаның орынбасары, хатшы сайланады. Дене тәрбиесі кеңесі жанынан бұқаралық дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құралады. Комиссия жұмысын басқару кеңес мүшелеріне жүктеледі.Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы. Бұқаралық дене тәрбиесі комиссиясы күн тәртібі ішіндегі сауықтыру шараларын (сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттері, ұзақ үзілістегі қозғалмалы ойындар мен дене жаттығулары), ұзартылған күн топтарындағы дене тәрбиесі сабақтарын, Президенттік сынама сынақтарын, Президенттік көпсайыс жарыстарын өткізу, дайындау жұмыстарына жауапты.
Спорт шаралары комиссиясы. Спорт шаралары комиссиясы мектепішілік жарыстарды ұйымдастыру, дене тәрбиесі мұғалімдеріне спорт секцияларындағы жаттығуларды жүргізуге көмектесу, аудандық, қалалық жарыстарға қатысатын сынып және мектеп құрама командаларын іріктеу, жоғары көрсеткіштер көрсеткен спортшылар кітабын, спорттық классификация нормаларын орындаған оқушыларды есепке алу құжаттарын толтыру жұмыстарына жауап береді.
Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы. Дене тәрбиесі белсенділерін дайындау комиссиясы мектепте және тұрғылықты жерлерде оқушылармен сауықтыру дене тәрбиесі, спорттық шаралар жұмыстарын ұйымдастыруға, қоғамдық спорт нұсқаушыларын, спорт төрешілерін, спорт ұйымдастырушыларын дайындау және бағыттау жұмыстарын жүргізеді.
Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясы. Дене тәрбиесін, спортты, туризмді насихаттау комиссиясының жұмыстары: спорт мерекелерін, қабырға газеттерін, қабырға стендтерін, мектеп радиосын, мектептегі әр түрлі көпшілік шаралар кезінде спортшылар көрсетілімдерін ұйымдастыру (спортшылар көрсетілімдері-әр түрлі спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшылар ел алдына шығып жарыс жаттығуларын көрсетеді. Ол өте әсерлі, ширақ, әдемі қимыл-қозғалыс түрінде жүргізілуі керек). Комиссия әр түрлі көрнекі материалдар жинау арқылы мектептің дене тәрбиесі бұрышын жасайды, спорт, сауықтыру дене тәрбиесі және салауатты өмір салты туралы лекциялар, әңгімелер өткізеді.
Шаруашылық жұмыстар комиссиясы. Шаруашылық жұмыстар комиссиясы спорт алаңдарын, стадиондарын салу, безендіру, стандарттық емес әр түрлі снарядтар жасау, спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс сақтау, жөндеу жұмыстарымен айналысады.
Мектеп дене тәрбиесі ұжымының кеңесі қажеттіліктері бойынша өз шешімдерімен басқа да комиссиялар құруына болады.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің құқығы:
- мектеп оқушыларының балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдануына ұсыныс қағаз береді;
- дене тәрбиесі және спорт мекемелеріне, мектеп дирекциясына мектептің спорт белсенділерін, спортшыларын марапаттау туралы ұсыныстар түсіреді;
- мектептің көпшілік жиындарында, спорт мерекелерінде спортшыларды, спорт төрешілерін, спорт нұсқаушыларын, спорт жұмыстарына еңбегі сіңген адамдарды марапаттау, бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарын береді;
- дене тәрбиесі ұжымының «Құрмет кітабына» дене тәрбиесі спорт жұмыстарының озаттарын жазады.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің құқығы:
- спорт түрлері секцияларында, жалпы дене дайындығы топтарында жаттығу, жарыстарға қатысу;
- дене тәрбиесі ұжымы кеңесіне сайлану, комиссия жұмыстарына қатысу;
- мектептің туристік, спорттық құрылыстарын, құрал-жабдықтарын пайдалану.
Дене тәрбиесі ұжымы мүшелерінің міндеттері:
- дене тәрбиесімен, спортпен тұрақты шұғылдануды және мектептегі білім алуды қатар ұштастыру;
- өзін тәрбие мен спорттық этика талаптарына сай ұстау;
- дене тәрбиесі ұжымының жұмыстарына белсенді қатысу, кеңестің шешімдерін орындау, ұжымның намысын қорғау, мәртебесін көтеру;
- өз жасына сай Президенттік сынама нормаларын тапсыруға дайындық, орындау;
- өзі айналысқан спорт түрінің жоспары бойынша жаттығу, разряд нормаларын орындау;
- мектептің барлық спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысу;
- мектептің спорт құрылыстарын, спорттық құрал-жабдықтарын, құрама командасының спорт киімдерін ұқыпты пайдалану, спорт құрылыстарына, құрал-жабдықтарды жөндеу жұмыстарына белсенді қатысу;
- дене тәрбиесін, спортты туризмді насихаттау;
- өз ағзасының дамуын бақылау және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, мектеп медбикесінің нұсқауларын орындау.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі тәртіп бұзған, үйде, достарының арасында, қоғамдық жерлерде, спорт жарыстарында өзін дұрыс ұстамаған, сабақ үлгерімі нашар дене тәрбиесі ұжымының мүшелеріне әр түрлі тәрбие шараларын қолданады. Ол шаралар: спорт секцияларындағы жаттығуларға уақытша қатыстырмау, спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру, мектептің, сыныптың құрама командасы мүшелерінен шығару.
Әр мектеп дене тәрбиесі ұжымының өз кеңесі бекіткен спорттық формасын тіктіруіне, эмблемасын жасатуына болады.
1.3 Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары
Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
2. Тоқсандық жоспар-кестесі.
3. Әр сабақтың жоспары.
4. Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген (21- кесте).
Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген (21, 22, 23, 24-кестелер).Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.
Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының оқу жылына тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.
Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (7-кесте):
2. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақ табандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;
- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;
- жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек сүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;
- оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;
- оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.
Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;
- оқушыларды ұйымдастыру, басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі белсенділерін дайындау.
2.2. Бастауыш сынып оқушылары дене дамуының морфофункционалдық және психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады. Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар 14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының 27%-ын алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады. Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге болады. Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп, денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді. Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы мәліметті 1-кестеден қараңыз (Қ. Дүйсембин, З. Алиакпарова, 2003).
1-кесте - Бала жүрегінің соғу жиілігі мен қанның систоликалық көлемі
|
Жасы |
Жүрегінің соғу жиілігі, рет/минут |
Қанның систоликалық көлемі, мл |
|
Жаңа туған |
120-168 |
2,5 |
|
1-2 ай |
132-171 |
- |
|
6 ай |
120-150 |
- |
|
1 жас |
103-150 |
10,0 |
|
2 жас |
96-135 |
10,2 |
|
5-6 жас |
83-119 |
20,6 |
|
Ер балалар |
||
|
8 жас |
50-93 |
25,0 |
|
10-12 жас |
53-86 |
33,4 |
|
15-16 |
50-77 |
41,4 |
|
Ересек |
55-75 |
60 ж/е одан көп |
|
Қыз балалар |
||
|
8 жас |
67-99 |
27,0 |
|
10-12 жас |
60-89 |
31,6 |
|
15-16 |
55-85 |
38,5 |
|
Ересек |
60-75 |
55-65 |
Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс.
Биiк қозғалыс белсендiлiгiнде қажеттiлiктi табиғи кiшi төменгi сыныптық жастың балалары үшiн болып көрiнедi. Қозғаушы функция, қозғалыс аппараттың морфологиялық структурлерiн әбден жетiлдiру олардың дамуына сезгiш бағытталған әсерiне кiшi төменгi сыныптық жасының балалары. Бұл жас дененiң ұзындығын бiр қалыпты өсудi бақылайды және оның массасының көбеюi. Бұлшық ет дамудың арқасында және сiңiр тән дұрыс келбеттi болып көрiнген омыртқаның кеуделiк қисықтығының шейнiн қалыптастыруда болады. Сiңiрлердiң бұлшық еттер, былайша елеулi икемдiлiгi қатысты әлсiз даму сонымен бiрге сколиозов тiрек-қимыл аппараттың өзгеруi, пайда болу себепшi бола алады және жалпақ табан.
Бұл жас белгiлейдi да және программалайтын ми қыртыстарының облыстарын жеткiлiксiз кемелдiлiк игеру сияқты бейнелеп көрсеткен еркiн қозғалыс бақылайтын, сол сияқты күрделi қозғаушы құрылыммен көп қозғалыстарды жаңғыртуда.
Балалар ағзасының функционалдық мүмкiндiктерiн көрсеткiштер дене тәрбиесiнiң тәжiрибесi үшiн жетекшi белгiлермен дене күш жүктемелердi таңдауда болып көрiнедi, организмға қозғаушы әрекеттер, әсерлердiң әдiстерiн құрылым.
Кiшi төменгi сыныптық жас көп күш-қуат қабiлеттердi даму үшiн ең қолайлы туралы қарағанда кiшi төменгi сыныптық жастың балаларын орташа функционалдық көрсеткiштер тыныштықта куәландырады болып көрiнедi және максимал жүктеменiң жанында
Кiшi мектеп оқушылары дене-күш жаттығулардың iстерiн жүргiзуде мұғалiм елiктеп, қозғаушы тапсырмаларды орындаудың процесiнде оның әрекетiн көшiрiп алуға тырбыңдайды. Тiлек қозғаушы әрекеттердi орындаудың себеп негiзiмен бұл ретте өз құрдастардан қолдан келмеп, мұғалiмнен мадақтауды алуға болып көрiнедi немесе жолдастар. Тән эмоционалды белсендiлiктi қатысты шапшаң ауысымның кiшi мектеп оқушылары үшiн және енжар күйге өткел. Байланған бала айлап-жылдап әсер ететiн биiк эмоционалды жүктеме (қорғау рефлексi) жүйке жүйесiнiң жоғарғы бөлiмдерiнiң орталық аймақтарындағы тоқтатудың процестерiн даму бағытталатын, ал ортақ физикалық жұмысқа қабiлеттiлiк екiншi төменгi деңгеймен.
Сонымен бiрге, оларларды жүктеменiң оңтайлы алмасуын таңдауда қажеттiлiктi алдын ала анықтайтын жүктемелерден кейiн тез қалпына келтiредi, және демалыс. Керек бiр түрлi қозғаушы әрекеттердi ұзақ, бiр қалыпты орындау, сонымен бiрге ұзақ эмоционалды кернеулер шарлап шығу.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабағын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктері
Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі, ұзаққа созылатын ойындар оларды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр түрлі, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы.
1-сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, зейіні тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына денені дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық ет күштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді,ұзаққа, биікке секіреді, алысқа лақтырады, күшті, әрі шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, қашыққа, жүгіргенде, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. (Өйткені 1,2-ші сыныпта ұлдар мен қыздардың дене тәрбиесі жаттығулары амалдары бірге, бөлуге келмейді). Қыздарға 3-ші сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар тобы табиғи қимыл-әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу т.с.с.
2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
3. Сынып төмен болған сайын табан бұлшық еттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3-4 сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.
5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген дұрыс.
Балалардың қимыл-әрекеттерді есте сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан ары қарай баяулай бастайды.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-санда ғана, қосымша түрде қолданамыз.Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсінуі үшін нақты не істейтінін, қалай істейтінін айту керек. Мысалы, ұстау, жетіп алу, допты ойыншыға тигізу және т.с.с. 2, 3 сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқа түрде 6-8 секунд уақытқа беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттерін шешеміз. Ол міндеттер: қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.
Елімізде қазіргі кездерде жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда дене тәрбиесі сабағын көбінесе сол сыныпқа сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. Ол мұғалімдер арнайы және жоғарғы оқу орындарында оқығанда дене тәрбиесі мен әдістемесі пәнінен дәрістер алды, сынақтар тапсырды. Сондықтан да ол мұғалімдер дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде көп ізденіп, дайындалып, мектептің дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, олардан үйреніп, сабақтарды мектеп бағдарламасы материалдарына сай жүргізуі керек. Ал дене тәрбиесі мұғалімдері келешек өздеріне келетін оқушылардың төрт жыл уақытын бос өткізуіне жол бергізбей, бастауыш сыныптардың оқушыларының оқу жоспарын қадағалап, көмектесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап әдістемелік сабақтар өткізіп отырулары керек.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің міндеті:
- бағдарлама бойынша сапалы, әдістемелік тұрғыдан дұрыс сабақ өткізу;
- дәрігерлік бақылауды дәрігерлермен бірге өткізу, бақылау қорытындысын жұмыста пайдалану;
- сабақ өткізу кезінде санитарлық-гигиеналық жағдай жасау;
- оқушылардың бәрі қолайлы спорт киім кигенін қадағалау;
- сыныптан тыс дене тәрбиесі жұмыстарына қатысу, оған барлық оқушыларды тарту;
- ата-аналар арасында тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спорттың маңызы туралы әңгіме өткізу;
- оқушылардың дене тәрбиесі көлеміндегі алған білімін тұрақты жетілдіру;
- балаларды дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты айналысуға қызығушылығын арттырып, ынтасын ояту;
- жоғарғы сыныптағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына, әдістемелік кеңестеріне қатысу.
Қорытынды:
Мектептің жылдық жоспарына сай, сабақты және іс-шараларды өткізу жыл маусымына қарай белгіленіп, тиісті сағаттарға бөлініп қарастырылған. Мұғалім сол жоспардың көлемінде жұмыс істеуі тиіс. Сабақтарды, және іс-шараларды өткізгенде оқушының мүмкіншілігіне қарай топ-топқа бөліп қарастырған жөн. Себебі әр оқушының дене бітіміне, денінің саулығына байланысты мүмкіншіліктері әр-түрлі болады. Сондықтан мұғалім оқушыны бағалау барысында осы мүмкіншіліктерін ескере отырып бағалаған дұрыс.
3. Глоссарий
Дене тәрбиесі – қозғалыс жүйесіндегі тәрбие түрі, арнайы дене шынықтыру білімін игеру, физикалық сананы тәрбиелеу.
Дене мәдениеті – қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі, дене тәрбиесінің жетістік бөлігі.
Саяхат – дене тәрбиесінің бағалы бөлігі, адамдардың табиғаттағы демалысы.
Гимнстика – денсаулықты нығайту мақсатында қолданылатын негізгі физикалық жаттығулар жүйесі.
Төзімділік – ағзаның белгілі бір уақытқа жұмыс жүктемесіне төзуі.
Күш – адамның сыртқы күш әсеріне төтеп беруі.
Жылдамдық – адамның белгілі бір әсерге аз уақыт жұмсауы.
Иілгіштік – адамның үлкен амплитудамен қозғалыс жасауы.
Шапшаңдық – адамның жаңа қозғалысты тез игеруі және бейімделуі.
Техника-тактикалық дайындық – бұл негізгі қозғалыс бейімдерін шығармашылық жағынан игеру.
Көкпар – ат үстіндегі ойын.
Аударыспақ – ат үстіндегі күрес.
Тоғыз-құмалақ – арифметикалық ойын.
Физикалық дайындық – дене тәрбиесінің жан жақты негізгі бөлімі.
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Алматы, 2012
М.И.Адамбеков., М.Ш.Тұяқбаева, Е.Қ. Уанбаев
Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі (Әдістемелік ұсыныстар ,2012 ж.)
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК
FacebookTwitterGoogle+OdnoklassnikiMail.RuVKWhatsApp
Басқа да жазбалар
-
Дене шынықтыру пәнінен 9 сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар
-
Футбол. Удар по катящемуся и низко летящему мячу внешней стороной ноги и подъемом ноги
Тақырыбы: «Қозғалмалы ойындар».
Сабақтың мақсаты:
1. Ептілік, жылдамдық қабілеттерін дамыту.
2. Оқушылардың денсаулығын нығайту, қимыл - қозғалыс мәдениетін
қалыптастыру.
3. Салауатты өмір салтын ұстануға және шыдамдылыққа, мақсатқа жете
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: көрсету, үйрету, жаттығу, қайталау.
Өтетін орны: спортзал.
Құрал-жабдықтар: секундомер, ысқырық, уақыт өлшеуіш, доптар. т.б.
Дайындық бөлімі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу.Сәлемдесу. Кезекшінің баяндамасы. Оқушыларды түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.Тақырыптың мақсатымен таныстырып өту. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Қауіпсіздік ережесін сақтау. Жүру бағытында орындалатын жаттығулар. Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар.
Жалпы дамыту жаттығулар:
Б.қ: қол белде,басымызды оңға және солға айландыру.
Б.қ: қолымызды иық үстіне қойып алдыға және артқа айландыру.
Б.қ: қолдар алдында отырамыз,қолдар белде тұрамыз.
Б.қ: секіру жаттығулары.
10-мин
5-8 рет
5-8 рет
5-8 рет
Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру.
Зейін қойып тыңдауларын бақылау.
Жеңіл жүгіріспен жүгіру.
Жаттығуларды дұрыстап орындау.
II
Негізгі бөлімі: Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақтың міндеттерімен таныстыру. Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл –әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды .
Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы
болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу,
лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты
барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Жарыс
элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға
өту тартымды, әсерлі сипат береді. Оқушыларды 2 топқа бөлу, ойын
түрлерімен танысу.
2. «Күн мен түн» ойының ойнау.
1 - ші топ - күн, 2 - ші топ түн болады.
Мүғалім жүргізуші болады, Мұғалімнің айтуымен оқушылар жаттығу
орындайды, күн деген кезде күндер қышып түндер қуады, түн деген
кезде түндер қашып күндер қуады, қай топ көп оқушы ұстайды сол
жеңіске жетеді.
2. «Арқан тартыс» ойыны
Екі топ арқанмен тартысады.
3. «Біреуі артық» ойыны
Оқушылар бір бірінің артына тұрып шеңбер жасап тұрады. Екі оқушы
бір бірін қуып жүріп екі оқушының артына тұрады, алдында тұрған
оқушы қашады, осылай кезектесіп алмасып тұрады.
4 «Кім жылдам» ойыны.
Оқушылар шеңбермен тұрып музыкамен бір біріне допты береді, мұғалім
музыканы тоқтатқан кезде доп қай ойыншыда болады сол ойыннан
шығады.
25-мин
Қауіпсіздік
ережелерін
сақтау.
Ойын кезінде қауіпсіздік
ережелерін
сақтау.
III
Қорытынды бөлімі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Денені бір қалыпқа келтіру.
Оқушыларды бағалау.
Жіберген қателерін айту.
Үйге тапсырма беру.
Ұлдар тартылу 4-рет.
Белді бүгіп жазу жат.
5-мин
Оқушылардың жіберген қателерін дұрыстау.
Сабақты аяқтау,
сау болыңдар!
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигуралар еліне саяхат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Геометриялық фигуралармен таныстыру және түсінік беру;
Дамытушылық: Геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету,есептеу қабілеттерін арттыру,дамыту;
Тәрбиелік: Ой-өрістерін,танымдық қабілеттерін дамыту,баулу.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар.
Пәнаралық байланыс: математика
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық: слайд
Білімнің тұңғиығын бойлайтұғын,
Тоқысаң жалықтыра қоймайтұғын.
Ғылымдар патшасы боп дараланып,
Математика-қызықты тоймайтұғын-
дегендей «Қызықты математика» сабағын бастайық.Олай болса,тапсырмалар
орындай отырып«Геометриялық фигуралар еліне»саяхат жасаймыз,таныса-
мыз,үйренеміз,меңгереміз.
3.«Ойлан, таны,біл» танымдық тапсырма
1.Геометрия деген сөз нені білдіреді? (Жер өлшемі)
2.Қағазбен жазу құралының түйісетін ізі қалай аталады? (Нүкте)
3.Екі жағынан нүктемен шектелген түзу сызықтың бөлігі (Кесінді)
4.Жазық бейнесі дөңгелек болып табылатын көлемді фигура (Шар)
5.Түзу сызық жүргізуге арналған қарапайым құрал (Сызғыш)
6.Барлық нүктесі ортасынан бірдей қашықтықта болатын тұйық сызық
қалай аталады? (Шеңбер)
4.«Ерте,ерте,ертеде»
Балалар , мен сендерге геометриялық фигуруалар туралы ертегі айтып беремін, мұқият тыңдаңдар.
Ерете,ерте,ертеде геометрия патшалығының фигуралар көшесінде сиқырлы геометриялық фигуралар тұрыпты.Күндердің күнінде олардың арасында дау болыпты.«Кім күшті?» деп бір-бірімен дауласады.
Шаршы айтады:-Мен ең күштімін,менің барлық қабырғаларым тең және мен барлық жерде мықтымын.
Оның сөзін Дөңгелек бұзып:-Бекерден бекер сөйлеме,кімге керек сенің тік бұрыштарың? Міне,мен ешқандай бұрышсызбын,дөңгелекпін,көңілдімін.Менде не басым,не аяғым жоқ.
Сөзге Үшбұрыш араласады:- Дауласпаңдар,барлығы біледі,үшбұрыштың күшті екенін.Біз орындарымызды ауытырып әр-түрлі бұрыштармен бірге бола аламыз.Мысалы:сүйір бұрышпен, доғал бұрышпен және шаршаның бұрыштары сияқты бірдей бола аламыз.Дау ұрысқа айналды.Барлығы бір-бірін тыңдамай у-шуға айналды.Тек қана Пирамида оларға қарап үндемей тұрды.Не болып жатқанын түсінбеген пирамида біраз тұрып сөзге кірісті:- Неге ұрысып жанжалдасасыңдар? Сендер барлықтарың жақсы фигураларсыңдар және адамдарға қажетсіңдер.Адамдар біздерді құрылыста пайдаланады.Әрбір үйде шаршы,дөңгелек,тік бұрышты және үшбұрыш тәрізді заттар бар.Біз туралы адамдар зерттейді,балалар да мектепте оқиды.Олар бізсіз еш нәрсе істей алмайды,біз оларға керекпіз.Адамдар бізді жақсы көреді.Фигуралар үндемей тұрып,өздерінің қателескендерін түсінді.Өмірде кімнің күшті немесе мықты екені маңызды емес,ең маңыздысы сен біреуге керексің,біреулер сенің көмегіңе мұқтаж.Осы кезден бастап геометриялық фигуралар өздерінің адамдарға қажет екенін түсінді
5.Геометриялық фигуралармен таныстыру,түсіндіру слайдпен.
6.Сұрақ-жауап сәті
1.Негізгі геометриялық фигура қалай аталады? Нүкте
2.Үшбұрыштың неше бұрышы бар? 3
3.Бұрыштарды атап бер.Доғал,сүйір,тік бұрыш
4.Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз? Р=а+в+с
5.Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Р=а+в+а+в
7.Сергіту сәті:
Кәне түзу тұрайық,
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық.
8.«Кім тапқыр?» логикалық тапсырмалар
1.Үстелдің 4 бұрышы бар.Егер бір бұрышын кесіп тастаса,неше бұрыш болады? 5
2.Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Үйде неше мысық отыр? 4 мысық
3.Шаршының сол жағында үшбұрыш,оң жағында дөңгелек орналасқан.Шаршы қай жерде? Ортасында
4.Бір жағынан нүктемен тұйықталған түзу сызық қалай аталады? Сәуле
9.«Ойлан тап» танымдық тапсырмалар
Слайдтағы тапсырмаларды дәптерге орындау.
10.Өздік жұмыс
Берілген тапсырманы дәптерге орындау
11.Сабақты бекіту.
Сұрақтарға баалалар жауап береді.
12.Білімдерін бағалау,марапаттау
Уроки 10-11
Тема: Времена года.
Цель: закрепление изученного во временах года, развитие техники чтения, взаимосвязанное обучение видам РД.
Оборудование: картинки учебника, сюжетные картины «Осенью», «Зимой», «Весной», «Летом». Предметные картинки, объединенные тематически.
Тип урока: комбинированный (II вариант).
План урока
I. Организационный этап. ,,,...,,.11. Работа над связным текстом.
III.Работа по усвоению словоформ и грамматических
конструкций.
IV.Работа над развитием продуктивной речи.
V. Этапы информации о домашнем задании.
Ход урока
I. Организационный этап.
Письмо под диктовку слогов с буквами ж-ш: жа-ша, жо-що, жу-шу, жи-иш, шка, шко, шку.
П. Работа над связным текстом.
Чтение предложений под картинками о зиме, о весне, о лете, об осени. Повторение времен года на материале плаката (с. 144). Чтение текста учащимися «Что лучше», выделяя голосом знаки препинания. Проверка понимания прочитанного текста по вопросам (с. 145).
III. Работа
над развитием продуктивной речи по теме
«Времена года». Составление рассказа по теме «Весна»
(упр. 4, с. 145).
IV.
Этапы информации о домашнем задании.
Упр. 5, б, с. 146.
Урок 12
Тема: Мамин праздник.
Цель: активизация в речи глаголов дарить-подарить, купить, слова праздник.
Оборудование: картинка учебника (с. 147). Тип урока: комбинированный (II вариант).
План урока
I. Организационный этап.
П. Работа над связным текстом.
III.Работа по
усвоению словоформ и грамматических

Письмо под диктовку слов с разделительным твердым знаком сел-съел, села-съела, сели-съели.
П. Работа над связным текстом.
Вступительное слово учителя о празднике 8 Марта. Чтение текста «Мамин праздник» учителем вслух. Словарная работа. Слова постатейного словаря объясняются путем перевода на казахский язык. Фонетическое упражнение (с. 148).
III. Работа над развитием продуктивной речи.
Чтение текста учащимися по абзацам, по предложениям (следует объяснить, что в словах праздник, с праздником буква д в середине пишется, но не произносится). Это непроизносимая согласная. Ответы учащихся на вопросы к тексту на с. 148. Составление предложений по схеме упр. 5 на с. 149. Выполнение упражнения 6, с. 149.
IV.
Этапы информации о домашнем задании.
Упр. 7, 8, с. 149.
СКОРО ЛЕТО
Урок 1
Тема: Летом в деревне.
Цель: развитие техники чтения, взаимосвязанное обучение видам РД, знакомство с количественными числительными 11-20.
Оборудование: плакат «Запомните!». Предметные картинки, изображающие диких и домашних животных.

* План урока
I. Организационный этап.
П. Работа над связным текстом.
сн: III- Работа по усвоению словоформ и грамматических конструкций.
IV. Работа над развитием продуктивной речи. Tg V. Этапы информации о домашнем задании.
Ход урока
■ £ I. Организационный этап.
Приветствие. Письмо слогов под диктовку открытых и закрытых слогов с буквой ч: ча, чо, чу, чи, че, чо, атч, отч, утч, ич, еч, ёч.
П. Работа над связным текстом.
Чтение текста учителем, озаглавливание его учащимися. Словарная работа. Слова постатейного словаря объясняются переводом на казахский язык. Чтение числительных на плакате, чтение текста учащимися. Ответы учащихся на вопросы к тексту.
III.
Работа над развитием продуктивной речи по теме
«Скоро лето».
В данным словам написать слова с противоположным значением (упр. 4, с. 157). Чтение стихотворения «Степь» сначала учителем, затем учащимися. Заучивание его наизусть. Пересказывание текста «Летом в деревне» по вопросам упр. 2, с. 156-157.
IV.
Этапы информации о домашнем задании.
Упр. 3, с. 157.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Кешкі дөң басында. Кеш. Мұхтар Әуезов және Әзілхан Нұршайықов

шағым қалдыра аласыз