Ашық сабақ "Көктемгі табиғат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Көктемгі табиғат"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жас мамандарға керекті деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1 сынып дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Көктемгі табиғат

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың күнделікті өмірден

байқағандарына сүйене отырып , табиғат туралы

білгендерін еске түсіру. Табиғатта болатын

өзгерістер жыл мезгілдерінің ауысуына

байланысты екендігін түсіндіру.

2.Оқушылардың көктем табиғаты туралы

білімдерін кеңейту;сөздік қорын молайту, ой-

өрісін дамыту

3. Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап,суреттермен

жұмыс,оқулық, дәптермен жұмыс

Сабақтың құралдары: көктем табиғатын бейнелейтін суреттер,

сең жүру көрінісі

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру



1. Мектепте кімдер істейді?

2. Саған қай пән көбірек ұнайды?

3. Қай баланың дене сымбаты бұзылған?





4. Қай бала дұрыс отыр?





Жаңа сабаққа дайындық

Табиғат ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

  • Бұл өлеңде не туралы айтылған? (табиғат)

  • Табиғат қандай болып бөлінеді? (өлі,тірі)

  • Табиғатта неше жыл мезгілі бар? Оларды ата.

  • Қазір жылдың қай мезгілі аяқталып келе жатыр?

  • Бірнеше күннен кейін қай жыл мезгілі басталады?Көктемнің айларын атайық.

- Балалар, бүгінгі сабақта біз табиғат туралы білімдерімізге сүйене отырып,көктемгі табиғат туралы білімімізді кеңейтеміз.

Жаңа сабақ

1.Көктем көрінісін бейнелейтін суреттер бойынша жұмыс.



- Көктемде ауа райы қалай өзгереді?

- Қар қандай өзгеріске түсті?

  • Қандай жерлердің қары тез ериді деп ойлайсың?

2. Оқулықпен жұмыс.Оқулықтағы сурет бойынша әңгіме жүргізу.Суреттегі бейнеленген көріністерді талдау.

3. Оқулықтағы мәтінді оқып,сұрақтарға жауап беру.

Көктем келісімен күн көзі жоғары көтеріле береді.Қар ериді.Күн өткен сайын ауа – райы жылына түседі. Аспан тап-таза көгілдір,оның бетінде ақша бұлттар қалқиды. Күн ұзарып, түн қысқарады.

Жыл құстары келе бастайды.



Ағаштар бүршік атып,жапырақ жаяды.



Сергіту сәті.

4. Жазылған жауаптардың тиістісін тауып,берілген сұрақтармен сызық арқылы қосу



- Көктемде ауа-райы қалай өзгереді?

- Көктемде қармен не болады?

- Күн мен түн не болады?

- Нелер келе бастайды?

- Өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?

- Құстар келе бастайды

- Ауа-райы жылынады

- Қар ериді

- Өсімдіктер бүршік жарып,жапырақ жаяды

- Күн ұзарып,түн қысқарады



Сергіту сәті. «Кім жалғастырады?»ойыны.

Сынып үш топқа бөлінеді.Мұғалім көктемге байланысты бір сөз айтады,оны топтпағы оқушы қайталайды да, әрі қарай өзі бір сөз айтады.Олардың айтқанын келесі оқушы қайталап,өзі тағы бір сөз қосады.Осылайша ойын жалғаса береді.Мәселен, бір оқушы «көктем» десе екінші «Көктемде күн », үшінші «Көктемде күн жылынды» деуі мүмкін.

5. Дәптермен жұмыс.

6. Сабақты бекіту:

- Көктемде қар неге ериді?

- Қысқы және көктемгі күн ұзақтығы бірдей ме?

- Көктемгі ауа-райының қысқы ауа-райынан қандай айырмашылығы бар?

7. Қорытынды: сабақта алған түсініктері жайында оқушыларды еркін сөйлету.

Жыл мезгілі

Өлі табиғат

Тірі табиғат

Көктем

қар ериді

ауа-райы жылынады

аспан таза

күн ұзарады

түн қысқарады

жыл құстары оралады

ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды

ең алғашқы гүлдер шығады

Көктем келісімен тірі табиғат пен өлі табиғатта көп өзгерістер болады.

Бәрі ұйқыдан оянатын сияқты. Осы өзгерістер жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты.

Бағалау: сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап,бағалау

Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндап, сұрақтарға жауап бер

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1471
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі