400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Көлік түрлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту. Түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тақырыбы: «Көлік түрлері»

Мақсаты: Көлік түрлері туралы білім беру.

Білімділік: Су, ауа жер көліктер түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: Түсіндіру, әңгімелесу, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ-жауап.

Қолданылатын құрал: 

Техникалық құрал-жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.

Сөздік жұмыс: достық-дружба, көлік-транспорт, көлік түрлері-виды транспорта, жүргізуші-водитель,бағдаршам-светофор

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдерме балалар!

Балалар, бүгін біз сабағымызды көңілді өткіземіз.

Сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақты қайталап өтейік.

ІІ. Өткенді қайталау.

Балалар өткен сабағымызда «Үй жануарлары» деген тақырыпта түсінік алдық. Ал, енді балалар айтыңдаршы үй жануарларын кім біледі? Олар қалай дыбыстайды? Үй жануарлары қайда мекендейді?

Енді балалар бүгінгі жаңа тақырыбымызға назар аударайық!

Балалар кәзір күн суық, ал сендер мектепке немен, қандай көлік түрлерімен келесіңдер?

-Жеңіл көлікпен

-Автобуспен

Көлік дегеніміз не? Ол адамға не үшін қажет?

Сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? (балалардың жауабы)

Балалар олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын:

1. Төбесінде ебелек,

Ұшады өзі керемет (тікұшақ)

2. Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Лезде жеткізеді жерге қашық (көлік)

Балалар тақтадағы көліктерге назар аударайықшы, көліктер үшке бөлінеді:

Әуеде ұшатын көліктер-ұшақ, тікұшақ, зымыран

Суда жүзетін көліктер- кеме, қайық

Жер беті көліктері- автобус, жеңіл көлік, велосипед, поезд


СЛАЙД АРҚЫЛЫ КӨЛІКТЕРДІ КӨРСЕТУ

Өте жақсы, жарайсыңдар!


ІІІ. Жаңа тақырып: «Көлік түрлері»

Балалар, сендердің бүгінгі тақырыптарың көлік түрлері болғандықтан мен сендерге жолда жүру ережелері жайында түсінік берейін.

Бағдаршам туралы, бағдаршамның көздерін түсіндіріп, жолда жүру тәртібін айта кетейін.

«БАҒДАРШАМ» дегеніміз не?

Бағдаршам көшедегі көліктерге бағыт-бағдар беретін құрылғы. Көліктің көбеюіне байланысты бағдаршам ойлап табылды. Бағдаршамның үш көзі болады. Қызыл, сары, жасыл.

ҚЫЗЫЛ-ТОҚТА!

САРЫ-ДАЙЫНДАЛ!

ЖАСЫЛ-ЖҮР!

Балалар, сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме?

Өз бағытымыздағы қызыл түсте тоқтаймыз, сары түсте жүруге дайындалып тұрамыз, ал жасыл түсте жүреміз.

Бағдаршам жайлы түсіндік, білдік, енді бүгінгі жаңа тақырыбымызды жалғастырамыз.

Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа – сиырларды көлік қылған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік қылған екен.

Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер.

Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады.

Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.

Балалар, бүгінгі жаңа тақырыпқа сендер түсіндіндер ма?

Балалардың жауабы.

Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырайын:

Арқасында ауыл жур,

Ала тайым шауып жүр.

(автобус)

Қыл кеңірдек батыр,

Тау көтеріп жатыр.

(көтергіш кран)

Оңға да бұрады,

Солға да бұрады.

Тәртіп сақтап әрқашан,

Жолды нұсқап тұрады.

(бағдаршам)

ІV. Сергіту сәтті «Көлік»
Пойыз кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда,

Пойыз тоқтап қалады.

V.Жапсыру. «Жеңіл көлікті құрастыр»

Бүлдіршіндерге көліктің қиындылары таратылады.Балалар сол қиындыдан жеңіл көлікті құрастырып, желіммен жабыстырады.


Кәнеки балалар! Бүгін ойынымызды қызықты ойнауға «РОБОКОПОЛИ» келіпті. Бәріміз бірге ойнайық. Көңілімізді көтерейік.


Қимылды ойын: «Көліктерді орналастыр »

Оқушылар үш топқа бөлініп, әуе, су, жер көліктерін тақтада ілінген суреттерге қарап рет-ретімен орналастырып, бір-біртіндеп келіп тақтаға жапсыру.


VІ.Дамыту ойыны «Бұл қандай көліктер?»

Көліктердің қиылған суретін қиып балаларға тарату. Балалар оны дұрыс құрастырып, қандай көлік екенін анықтайды.


VІ. Қорытынды

Балалар біз бүгін не үйрендік? Қандай көлік түрлерімен таныстық?Жолда жүру ережесін не үшін сақтау керек?

Балалардың жауабы.

Үйде аға – әкеміз көлікпен жол жүруші болса не дейміз?

«Жолың болсын» дейміз

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Балалардың жауабы.

Балалар сендер бүгінгі оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңыздар.

Жарайсыңдар, балалар. Барлығыңыз жол ережесін сақтап, көліктермен аман – есен жүрейік. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Қош сау болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
18.10.2021
1398
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12