«Мектеп жасына дейінгі балалардың театр өнері арқылы
шығармашылықтарын қалыптастыру»
Қуанышбаева Бұлбұл
Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі ММ
«Айгөлек» балабақшасы МКҚК тәрбиешісі
«Театр-адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы,
сахна өнері-тіл жетпес құдыретті өмір шындығын білу,
яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес»
Ш. Айманов.
Білім берудің жаңа моделі педагог кадрлар мен педагогикалық қызмет тәсілдеріне, оқытудың инновациялық тәсілдерінің шеңберіндегі жұмысқа, білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз етуді өзгертуге, балалардың білім алудағы жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдері мен нысандарына айрықша талаптар қояды. Тәрбиешінің оқу үдерісіндегі орны мен рөліне, балаға деген жаңа көзқарасын қалыптастырусыз білімді сапалы өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, тәрбиешінің жаңа өзгерістердің мәнін, жаңа білім сапасының және жаңа білім нәтижелерінің мәнін өзі түсінгені маңызды.
Мектепке дейінгі балалық кезең – ойын кезеңінің сезімталдық кезеңі. Егер баланың осы кезеңі ойдағыдай өткен болса, ол болашақ өмірінде кез-келген жағдайларға тез бейімделгіш келеді. Ал бұл біздің болашақ балаларымыздың тәрбиесіндегі басты міндетіміз.
Елімізде мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы қолданысқа енгізілді. Осы бағдарлама талаптарында Коммуникация білім беру саласына Драма оқу қызметі енгізілді. Драма оқу қызметі театр өнерімен баланы балабақшадан таныстыруды көздейді. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру балабақшадан басталатыны белгілі. Ендеше, осы балабақшада қолданылатын театр түрлері: конусты, көлеңкелі, саусақ театры, қолғап театры және т. б.
Аталған театрлар ішінде өзімнің іс-тәжірибемде қуыршақ театрын кеңінен қолданамын. Қуыршақ театры- бала өміріндегі алғашқы театр болып табылады. Театр балалардың жан-жақты шығармашылық дамуына жақсы әсер ететін құрал. Ол баланың интеллектуалдық , моральдік эстетикалық дамуына әсер етеді. Куыршақпен көрсетілген сахналық қойылымдар балалар үшін қызық және түсінулеріне жеңіл. Әр бала ертегі желісін театр арқылы сомдау кезінде ертегі кейіпкерлеріне енеді, оларда достық , аяушылық, еңбекқорлық сияқты ұғымдар қалыптастырылады. Адам бойындағы жаман қасиеттерді өтірік айту, жалқаулық, мақтаншақтық сезімдерді ажырата білуге үйренеді. Театрландыру барысында бала өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Театрлық қызметтің дәстүрлі түрлерімен бірге (драмалау, қуыршақ қойылымдары) «Алжапқыштағы театр» секілді жаңашылдық қолдануға болады. Бұл дәстүрлі емес, әмбебап театр түрі, ол мектеп жасына дейінгі балалардың ұжымдық әрекетіне деген қалыпты көзқарасты түбегейлі өзгертеді.
Кез келген ертегіні тиімді
драмалау үшін бәрі маңызды: декорациялар мен оладың орналасуы,
қуыршақтар мен шымылдық, көрермендерге арналған орын – педагог
ұйымдастырушылық сәттерді шешуге уақыт жоғалтады. Тәрбиеші өзіне
«алжапқыштағы театрды» киіп, кез келген театр түрін қолдана отырып,
ертегіні драмалауды бірден бастай алады. Ал бұл алжапқышта
декорациялар жылдам ауыстыруға болады,декорация актерлермен бірге
жылжиды, тәрбиеші қуыршақтармен шебер қимылдар жасайды, ол
қимылдарын ым-ишаратпен, қимылымен, тілдік мәнерлілік құралдарымен
толықтырады. Мұндай театр балалардың қойылымға деген қызығушылығын,
сюжетті түсінуін қалыптастырады, актер мен көрерменнің өзара қарым
– қатынасына мүмкіндік береді.
Ертегі драмалау арқылы баланың байланыстырып сөйлеу тілін
қалыптастыру құралының бірі ретінде әр алуан жазық суреттерді:
иллюстрацияларды, дидактикалық картиналарды қолдану болып табылады.
«Алжапқыштағы театрда» жазық суреттер кеңінен
қолданылады.
Педагог «алжапқыштағы» театрлық қызмет барысында балаларды сауал қоюға, салыстыруға, әңгімелеуге жаттықтыру мүмкіндігіне ие болады, дидактикалық ойын барысында тілдік қатынасқа ынталандырады, ертегіден біртіндеп әңгімеге ауысуға, жаңа ертегі құрастыруға, көркем шығармадағы жақсылық пен зұлымдықты анықтауға машықтандырады.
Театрлық қызмет баланың бойындағы көптеген креативтік міндеттерді іске асыруға:
- Баланың іс – тәжірибелік және теоретикалық тәжірибесін байытуға, оған өзін өзі анықтауға мүмкіндік беруге;
Шығармашылық бастамашылдығын танытуға;
- Өз бетімен таңдау жасауға;
- Өз бетімен қорытынды жасауға;
- Тапсырманың мазмұны мен орындау нысандарын өзгертуге;
- Жаңа әсерлерге деген сұранысын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие үдерісінде театрлық қызметті жүйелі ұйымдастыру мынадай жетістіктерге қол жеткізеді:
-театрландырылған әрекетке оң қатынас танытады;
- таныс сюжеттер бойынша ертегілерді сахналай алады;
-театрландырылған өнердің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын меңгере біледі,
- жеке шығармашылық қабілеттерін танытады;
- режиссерлік әрекетке қызығушылық танытады;
- ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын меңгереді;
- өз ойын айта алады, басқалардың пікірін тыңдай біледі;
- әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалай алады.
Сонымен қатар, ересек жастағы әр бала «әртіс» тұрғысында беки түседі, қойылымның идеясына, кейіпкерге және өзіне өзіндік қарым-қатынасын ауызша емес құралдар кешенінің көмегімен, дауыс ырғағы және тілдік мәнері арқылы білдіру қабілеттері дамиды. Өзінің күшімен және басқа балалардың әрекеттерін ұйымдастыру арқылы өз ойларын қоса білу, іске асыру қабілеттері «режиссер-сценарист» тұрғысына қызығушылық танытады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Көліктер

шағым қалдыра аласыз