Ашық сабақ: "Көліктер"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: "Көліктер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі. Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты екен. Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы

«Әлеуметтік орта», «Таным»

Оқу пәнінің саласы

Жаратылыстану, құрастыру, математика

Оқыту мақсаты

Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

ҰОҚ мақсаты

Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру,  аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету.

Оқыту дағдылары

Балалар көліктер туралы түсіне отырып, атауларын дұрыс айта алады.

Күтілетін нәтижелері

Нені білді: Көлік түрлерін ажыратып, қызметін біледі.

Нені игерді: Барлық көліктер адамға қызмет етеді. Көліктің түрлерінің өзгеріп, көбейюі адамның қиялына, шығармашылығына байланысты  екен.

Меңгерді: Көліктердің сыртқы құрлысы мен қызметіне қарай ажыратады. Жолда жүру ережелерін сақтауды.

Ширату жаттығуы: - Балалар сендер күннен күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің  керек, солай  ма?(балалармен диалог құру, сұрақтар қою стратегиясы)

- Олай болса бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді бастайық.

Жылулық шеңбер

-Сәлем, саған алтын күн!
-Сәлем, саған көк аспан!
-Сәлем, саған жер ана!
-Сәлем, саған достарым!

Жарайсыңдар, балалар. Балалар орындарымызға машинамен барайық. Менің артыма тізбектеліп тұрындар. Балалар балабақшамызға келдік, орындарына отырыңдар.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көліктер»

  • Көлік қандай бөлшектерден тұрады? Көлік қаңқасы, есігі, терезесі, дөңгелегі (тақтаға көлік суреттін ілу)

ПЖО ойын: «Өз орнын табу» ойыны.

Мақсаты: балаларға суреттің айырмашылығын таба білуге, өз орнына қоя білуге және өз ойын айта білуге үйрету. Ақыл – ойларын дамыту.

Балалар, қазір сендермен көлік деген сөздің  төңірегінде әңгіме жүргіземіз, сұрақтарға жауап  беріп, жұмбақтар шешеміз.

- Көлік дегеніміз не? (әуе көлігі - ұшақ, жер көлігі - машина, су көлігі - кеме)

- Ол адамға неге қажет?

- Сендер балабақшаға қандай көлік түрлерімен  келесіңдер?

Ойын: «Өз орнын табу»

 - Балалар, мына суреттерге қараңдаршы.  Әр көлікті өз орындарына жабыстырып шықтық.

Сергіту сәті: ал, балалар орынымздан тұрып, сергіту сәтін бірігіп жасайық.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық,

Бір отырып, бір тұрып

Бір шынығып алайық.

Ал енді,  балалар,  бүгінгі құрылымдалған ойынымызды «Көлік құрастыру» құрастыру сабағымен жалғастырайық. Топтағы балаларды 3 - топқа  бөлемін.

1–топ «Ұшақ» тобы.

2-топ  «Кеме»  тобы.

3-топ  «Машина» тобы.

«Көлік құрастыру».

Қиылған дайын көлік суреттерін бір – біріне жалғап, құрастырады.

Ұжымдық  жұмыс.

   Геометриялық пішіндерден машина, ұшақ, кеме құрастырып,  түстерін және пішіндерін сұраймын. (Тіктөртбұрыш, төртбұрыш, шеңбер).

Қорытынды:

  • Көліктер шеңберден, тіктөртбұрыш, үшбұрыштан тұрады.

Еркін ойын «Лего ойыншықтарымен көлік құрастыру»

Мақсаты: оқушылар лего ойыншықтары арқылы, өз ойларынан, суретке қарап, көліктер құрасырады. Балалардың ойлау қабілеттері дамиды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көлік түрлерін ажыратады;

Түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды, көліктердің бөлшектерін ажыратады;

Қолданады: түрлі-түсті қағаздарды, суреттердің бөлшектерің пайдалана отырып, бөлшектерді таба алады.

Жарайсыңдар, балалар!

Осымен бүгінгі  іс- әрекетіміз аяқталды.  Балаларды мақтау-мадақтау.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.04.2022
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі