Материалдар / Ашық сабақ Көліктер тақырыбында.Ботақан ортаңғы топ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Көліктер тақырыбында.Ботақан ортаңғы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көлік түрлері туралы білім беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2020
2922
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мухтарова Роза

Маңғыстау облысы,Мұнайлы ауданы,Атамекен селосы

«№11 Шағала балабақшасы» МКҚК

«Ботақан» ортаңғы топ тәрбиеші


Көліктер

Білім беру саласы:Таным


Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану


МақсатыКөлік түрлері туралы білім беру.

Білімділік: Су, ауа, жер көліктері түрлерімен таныстыру, жолда жүру ережесі туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Әдептілікке, мейірімділікке, жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.


Әдіс – тәсіл: түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, сұрақ-жауап.


Қолданылатын құрал: Техникалық құрал-жабдықтар, көлік түрлері, бағдаршам, әр бір көліктер слайдпен көрсетіледі.


Сабақтың барысы:

  • Шаттық шеңбер:


Шеңбер болып тұрайық

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын алайық

Таза ауаны жұтайық

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік шоғын алайық,

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздер ме!

Тәрбиеші:Балалар,қазір қай мезгіл?

  • Балалар:Көктем.

  • Тәрбиеші: Көктем мезгілінде қанша ай бар? Олар қандай айлар?

  • Балалар: Наурыз, Сәуір, Мамыр.

  • Өте жақсы, жарайсыңдар!


Жаңа тақырып: «Көлік түрлері»

Балалар қазір экранда әртүрлі дыбыстар шығады,ненің дыбысы екенін анықтайтын боламыз.

Балалар тыңдайықшы дыбыс естілетін сияқты:ненің дыбысы екен?

Балалар ненің дыбысы екенін анықтайды.

Бүгінгі тақырыбымыз көліктер жайлы болады.Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Олай болса автобуспен «көліктер әлеміне»саяхатқа шығамыз.Автобуспен балабақшаға,ауруханаға,базарға және тағы басқа жерлерге баруға болады.

Автобуста үлкендерге орын береді,билет алады,жылауға,қатты сөйлеуге,күлуге болмайды.


Әңгіме: «Көліктер»

 Ал енді, балалар, осы көліктермен танысайық.

Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Ал біздің қазақ халқын алса ат, түйе мінген.

Қазіргі танда бұл көліктердің маңызы төмендеді. Қазір көліктің түрлері өте көп, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін көліктер.

Әуе көліктеріне ұшақ, тік ұшақ, зымыран, ал су көліктеріне кеме, қайық, жер көліктеріне машина, автобус, велосипед, мотоцикл т.б жатады. Жер көліктерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Олар жүк тасымалдаушы, жолаушы тасымалдаушы, ауыр және жеңіл машиналар. Бұл көліктердің бәрін арнайы маман иелері жүргізеді. Ұшақты – ұшқыш, машинаны – жүргізуші, кемелерді – кеме капитаны басқарады.Ұшақ аспан арқылы адам және жүк таситын әуе кемесі.

Жолаушыларды дүниенің кез келген жеріне жеткізіп салады.Зымырандар ұшатын орынды ғарыш айлағы деп атайды.Біздің Қазақстанда ғарыш айлағы Байқоңыр деген жерде орналасқан.Зымыранмен ғарышкерлер ұшады.Қазақстанда алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мусабаев.


Сергіту сәті «Көлік»
Көлік кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда,

Көлік тоқтап қалады.


Пойыз кетіп барады,

Жан – жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда,

Пойыз тоқтап қалады.

Ғажайып сәт:

Балалармен амандасып топқа жол полиция қызметкері кіріп келеді. Балалармен көңілді амандасып, өзін таныстырады

  • Балалар, сендердің бүгінгі тақырыптарың көлік түрлері болғандықтан мен сендерге жолда жүру ережелері жайында түсінік беруге келдім.

Бағдаршам туралы, бағдаршамның көздерін түсіндіреді, жолда жүру тәртібін үйретеді.

  • Балалар, сендерге бағдаршам ұнады ма және түсіндіңдер ме? Олай болса маған кім түсіндіріп береді?

Көркем: өз бағытымыздағы қызыл түсте тоқтаймыз, сары түсте жүруге дайындалып тұрамыз, ал жасыл түсте жүреміз.

  • Өте жақсы балалар, сендердің бағдаршам туралы түсінгендеріңізге өте қуаныштымын. Қош сау болыңдар, жолда аман – есен жүріңдер

  • Сау болыңыз, жолыңыз болсын!

Тәрбиеші: Бұл көліктердің пайдасы – адамның еңбегін жеңілдетеді, алысты жақындатады.

  • Балалар, бүгінгі жаңа тақырыпқа сендер түсіндіңдер ме?

  • Дидактикалық ойыны: «Сөйлемді жалғастыр»

Ойын:доппен ойнау

Мақсаты: балалардың сөздік қорын дамыту

Жеңіл көлікті жүргізуші жүргізеді.

Өрт сөндіруші,жедел жәрдем,ұшақ,пойыз,троллейбус.

  • Балалар, көліктердің қандай пайдасы бар?

  • Балалар өз пікірлерін айтады.

  • Ал зиянды жағын кім айтады?

  • Балалар пікірі.

  • Қоршаған ортаны қорғау үшін көшелерге не отырғызылады?

  • Балалар жауабы.

  • Көліктерде мәдениеттілікті, әдептілікті қалай жасаймыз?

  • Балалар жауабы

Тапсырмалар:Балалар екі топқа бөлінеді:Пойыздар тобы және ұшақтар.


1.Пойыздар тобы:вагондарды рет-ретімен орналастырады

2.Ұшақтар тобы:әр түрлі пішіндерден көліктер құрастырады.

Балалар енді өзіміздің балабақшамызға оралатын уақытымыз болды

Қорытынды:

-Көліктің қандай түрлері болады?

-Адамға көлік не үшін қажет?

-Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?

-Не құрастырдыңдар, балалар?

  • Бізге қонаққа кім келді?

  • Балалардың жауабы.

  • Балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар.

  • Жарайсыңдар, балалар! Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. Келген қонақтармен қоштасамыз. Қош сау болыңыздар!


Күтілетін нәтиже:


Нені үйренеді: машина түрлерінің айырмашылығын айтады. Жолда жүру ережесін үйренеді.


Қандай түсініктері игерді: көліктердің қолданылуы және адам өміріндегі тигізетін пайдасы жайлы түсінік болуы керек.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: жұмбақ шешіп, тақпақ айтады, сұраққа жауап беріп, көліктерді топтастыра алады.















МКҚК «№11 Шағала» балабақшасы.





Ашық сабақ

Тақырыбы: «Көліктер»

Ортаңғы :«Ботақан» тобы








Тәрбиеші:Мухтарова Р

Мұнайлы ауданы . 2019 жыл


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!