400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Командалық ойындар құрастыру және өткізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал басқа мектептердегі ұстаздарға көмегін тигізеді. Жас мамандарға үлгі ретінде алуға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ

Күні: 15.01.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупова Алтынгуль Омаровна

Сынып: 7


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

25

0

Сабақ тақырыбы

Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.8.1 - түрлі қимыл-қозғалыс негіздерімен шарттастырылған рөлдерді қолдана білу

7.1.6.1 - түрлі қимыл-қозғалыс белсенділігін орындауды сынақтан өткізу кеезіндегі қауіп-қатерді білу және алдын алу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар: - әр түрлі физикалық жаттығуларда қозғалыстардың комбинацияларын құруды және қолдануды біледі; - әр түрлі физикалық жаттығуларда қозғалыс комбинациялар реттілігін құрастыра біледі.

Бағалау кр критерийлері

- қозғалыс комбинацияларын құрып қолдана алады;

- жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып

көрсете алады; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады.




Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады: Адамның денсаулығы мен физикалық жай-күйін жақсартуға дене белсенділігі қалай көмектесе алатынын.талқылай алады.

Пән лексикасы және терминология:

• ойын-шабуыл, артық жүк тиелген ойындар, бейімделген ойындар

• футбол доп, резиналы доп, түрлі-түсті ленталар, ысқырық

• dribbling, пас, жалтару, жүгіру, лақтыру, басып алу

• жол-жөнекей ұстау, белгілеу, құлпы

• шабуылдаушы, қорғаушы, қарсыласы

• ұпайлар, мақсаттары, қағидалары

• тактика, стратегия

• бірлескен жұмыс

• допты меңгеру, допты жоғалтып алу

• әзірлеу, жасау

• рөлдер: ойынды құрушысы, ұйымдастырушы, көшбасшы, төреші, технологиялық картаны құрушысы


Пәнаралық

байланыстар

Дене және денсаулық ғылымдарымен байланыс - қауіпсіздік, салмақ/ағым динамикасы. Информатика (интернеттен ақпарат іздеу), математика (кеңістік, бағыт және бұрыш), биология (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физика (жылдамдық, салмақ, энергия), психология (шағын топтарда жұмыс жасау) пәндерімен байланыс.

АКТ қолдану

дағдылары

Ғаламтордан ақпарат табу үшін ноутбуктерді пайдалану, сабақты видео құралдарға жазып алу.

Бастапқы білім


Оқушылар үй мен мектеп бағдарламасынан тыс, сондай-ақ алдыңғы бөлімдер мен сыныптарда алынған өздерінің негізгі қарым-қатынас дағдылары мен қозғалыс дағдыларын дамыта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин





















Сабақтың

ортасы

10 мин





10 мин













































10 мин

















Сабақтың

соңы

10 мин

(Б, К) Мұғалім оқушылармен амандасады.

Содан кейін ол оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады: - басқыншылық ойындарда ойын кеңістігінде қандай бағдарлау дағдылары қажет? - жылдамдық пен үйлесімдікті қалай дамытуға болады?

Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, түгендеу.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Саптық  жаттығулар, оңға, солға, артқа бұрылу.

Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

-Қолды жоғары  ұстап аяқ ұшымен жүру.

-Екі қол белде өкшемен жүру.

-Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.

-Бір қалыпты жеңіл жүгіру.

-Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.

-Алға қарай созылған  қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру.

-Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

-Екі қол тізеде толық отырып жүгіру.

-Отырып секіре жүру.

-Дем алу, дем шығару.

Жаңа тақырыпқа арналған таныстырылым тамашалау

Шығармашылық тапсырмаТапсырманың дескриптерлері:

- жылдамдық пен үйлесімдіктің арнайы жаттығулар кешенін құрастырып көрсете алады;

- жаттығуларды орындаған кезде аралық пен ара қашықтықты сақтайды;

- жаттығуларды орындаған кезде бірде бір төртбұрышты өткізбейді;

- жаттығуларды қатесіз орындайды.

Формативтік бағалау:

Мұғалім «бағдаршам» әдісін қолданады (әр түсті дөңгелек карточкалары): жасыл – тамаша, сары – жақсы, қызыл – қанағаттанарлық.

Сұраңыз: Бұл жаттығулар қандай физикалық қасиеттерді дамытады?



(Б, Ж, Ф)«Қарғалар және торғайлар» ойыны. Сынып екі командаға бөлінеді, бірі - "қарғалар", екіншісі - "торғайлар". Командалар волейбол алаңының ортаңғы сызығына арқаларымен бір-біріне тақалып жұптар құрады. Мұғалім бір команданың атауын атайды, мысалы "қарғалар!". Осы белгі бойынша "қарғалар" өз жағының волейбол алаңының бет сызығына карай жүгіреді, ал "торғайлар" бұрыла отырып оларды ұстап алуға тырысады. Ұсталған "қарғалар" қолдарын көтереді. Мұғалім ұсталған "қарғаларды" санап алып жазып қояды. Мұғалім 8-10 рет кезекпен командалардың атауларын атайды. Ойын барысында мұғалім команда атауларын кезек бойынша емес, 2 немесе 3 рет қатарынан бірдей атай алады. Сондықтан ойын алдында мүмкіндігінше оқушыларға ескерту жасау керек. Ойын ережесі:

- қуушылар тек өз жұптасын ұстайды; - ең көп қарсыластарын ұстаған команда жеңіске жетеді.

Практикалық тапсырма

Топтарға бөлініп, ептілік пен жылдамдық қасиеттерін дамытатын «Асық талас» ойынын ойнап, топпен бірлесе жұмыс жасаңыз. Оқушылардың таңдауы бойынша спорт ойынының элементтері бар командалық ойын құрастыру.

Тапсырманың дескриптерлері: - қауіпсіздік техникасын сақтайды; - ойын кеңістігінде бағдар жасай алады; - мұғалімнің командаларын мұқият тыңдайды; - қуушылар тек қана өз жұптастарын ұстайды.



Рефлексия.

Сабақтың соңында оқушылар стикерлерге жаңадан алған ақпаратты жазып өз пікірлерін білдіріп мүғалімге тапсырады.

Үй жұмысы: Ғаламтор арқылы үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың жиынтықтарын көріп талқылау. Үйлесімдікті дамытатын арнайы жаттығулардың кешенін құрастыру.


Үлкен бос кеңістік.























Ноутбуктер.

Ресурсқа сілтеме:

лестница скорости и координации

https://www.youtube.com/watch?v=kRUSqcP8SwkФайл: №2 карточка «жылдамдық және үйлесімдік сатысындағы арнайы жаттығулардың кешені. docx»























































Стикерлер, маркерлер, қаламсаптар.

Дифференциалды оқыту: - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? -кабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

- оқушыларға қолдау көрсету үшін барлық сыныппен көрген бейнероликтерді талдау, сұрақтар қою арқылы жоспарлап отырмын;

- аса қабілетті оқушыларға өздеріне арнайы жаттығулар кешенін құрастыруды және талдауды ұсынамын.


















- материалдың меңгерілуін бағалау сабақ бойы болады; - материалдың меңгерілуінің маңызды көрсеткіші – қимылды үйлестіру және ойын кеңістігінде бағдарлау.

- коллаборативті орта құру; - оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмаларды құрастыру; - қызмет түрлерін ауыстыру; - кеңес беру.

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
845
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі