400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Командалық тактикалық әрекеттер" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
командалық ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығынан 20 сұрақ-жауап


1.Әбу Насыр Әл-Фарабидің шын есімі кім?

Жауабы: Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки


2.Әл-Фараби қай жылдар аралығында өмір сүрді?

Жауабы: 870 – 950 жылдар аралығында өмір сүрді.


3. Әл-Фараби кім?

Жауабы: Әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі


4. Әл-Фараби адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелеген еңбегі қалай аталады?

Жауабы: «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»


5. Әбу Насыр Әл-Фараби философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан қанша трактат жазып қалдырды?

Жауабы: 150-ге тарта трактат жазып қалдырды.


6. Әбу Наср Әл-Фарабидің Бағдатқа баруының қандай сыры бар?

Жауабы: Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған.

Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған.


7. Әл-Фарабидің пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы кім?

Жауабы: Грек философы Пифагор


8. Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойларына, адам мен қоғамның арақатынасына тоқталатын трактаты қалай аталады?

Жауабы: “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”)


9. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі қалай аталады?

Жауабы: “Вакуум туралы” деп аталады.


10. Әл-Фарабидің ойынша, жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт. Оларды санамалап айтып шығыңыз.

Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;

Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;

Сабақ процесінің алатын орны.


11. Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында қандай мәселелерге баса назар аударды?

Жауабы: Этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөлді.




12. «Фарабидің энциклопедиясы» ХІІ ғасырда арабшадан латын тіліне неше рет аударылған?

Жауабы: Екі рет аударылған.


13. Əл-Фараби өзінің қандай зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «əрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды?

Жауабы: «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде.


14. Фарабидің қандай еңбегінде: «Айналаңдағы табиғат дүниесін адамдық адал ниетпен зертте, онан тапқаныңды ақыл таразысына салып өлшеп ал, логиканың қисыны мен геометрияның айнымас дəлелдік үлгісіне сал. Осылардың сынынан өткен нəрсе шындық жолға апаратын нысана болмақ. Философия атты ақиқат табуға арналған ұлы ғылымға сол нысаналар алып барады», — дейді?

Жауабы: «Философияны үйрену үшін қажетті шарттар туралы рисала» деген еңбегінде


15. Фарабитанушы Ғалым Мухсин Маһдидің басшылығымен Бейрутта 2 рет жарыққа шыққан «Дін туралы кітап жəне өзге де мəтіндер» атты еңбегінде (араб тілінде) ұлы ғалым дүниетанымының мəн-мағынасын аша түсетін трактаты қалай аталады?

Жауабы: «Əбу Насыр əл-Фарабидің ұлы дұғасы» атты трактат


16. Əл-Фарабидің аса зор нəтижеге жеткен ғылымдарын атаңыз.

Жауабы: Астрономия мен геометрия


17. «Музыканың ұлы кітабы» деп аталатын еңбегі жарық көрген соң-ақ, Әл-Фарабиді дүние жүзінің барша ғалымдары қалай атады?

Жауабы: Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз».


18. «Музыканың ұлы кітабы» 1200 беттен тұратын бұл кітаптың екі томын француздың белгілі шығыстанушысы Р. Эрланже қай жылдары француз тіліне аударды?

Жауабы: 1930–1935 жж. француз тіліне аударған.


19. 941–942 жж. ғалым «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегін Бағдадта бастап, қай жылдары, қай қалада аяқтайды?

Жауабы: 942–943 жж. Шамда аяқтайды.


20. Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры белгілі ғалым Əбсаттар қажы Дербісəлі сонау Еуропа төрінен ұлтымызға тəн тарихи құжаттардың табылғанына байланысты хабарды жеткізе отырып, қандай ұсыныс жасады?

Жауабы: «Əбу Насыр əл-Фарабидің 150 беттен тұратын он трактаты ішіндегі керекті сөздердің асты қызыл сиямен сызылыпты. Мұны бабамыздың өзі сызды ма, мүмкін, кейіннен біреу белгіледі ме, білмеймін, зерттеу керек» — деген ұсыныс жасады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 ақпан
581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі