Материалдар / Ашық сабақ Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолдану.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолдану.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мамандығы: 07130600 - «Темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету». Пәні: Математика. Ашық сабақ Тақырыбы: Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2023
319
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ









САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ


Мамандығы: 07130600 - «Темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету».

Пәні: Математика.






Ашық сабақ


Тақырыбы: Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолдану.







Оқытушы: Изтилеуова А.Ш.

Курс: I













Шымкент 2022 жыл.

Пәні: Математика

Күні: 28.11.2022ж

Курсы: I курс

Сабақтың тақырыбы: Комбинаторика элементтері және оларды оқиғалардың ықтималдықтарын табуда қолданылуы.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері: Комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдық есептерін табу. Ықтималықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу.

Бағалау критерийлері: Комбинаторика формулаларын қолданып, ықтималдық есептерін табады. Ықтималықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептейді.

Оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер: Математика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, 1-2 бөлім, Алматы: «Мектеп», 2019ж. Кеспе, таратпа қағаздары. «Табан ізі» әдісі, «Сиқырлы қорапша» әдісі, «Мозайка» әдісі, жұптық, жеке тапсырмалар.


Сабақтың жоспары:

1. Сабақты ұйымдастыру (5 минут):

А) Студенттермен амандасу.

Ә) кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай студенттердің отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ студенттерді белгілеу.

Б) Студенттердің назарын сабаққа аудару.

«Табан ізі» әдісі бойынша өз тілектерімен сыныпқа ену.


Пойыз суреті бейнеленген карточка арқылы жұпқа бөлу.


2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі (20 минут):

Сұрақ-жауап: «Сиқырлы қорапша» әдісі

  1. Көпмүше деген не?

  2. Стандарт түрдегі көпмүше?

  3. Көпмүшенің дәрежесі деп нені айтады?

  4. Көпмүшелермен қандай амалдар орындауға болады?

  5. Симметриялы теңдеу дегеніміз не?

  6. Виет теоремасын айтып бер.

  7. Көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?

  8. Бірмүшенің дәрежесі дегеніміз не?

  9. Біртекті көпмүшеге мысал келтір.

  10. Симметриялы көпмүшеге мысал келтіріңдер.

  11. Пойыз Астанаға жүріп келе жатыр. Ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан 3 пойызды көрді. Астанаға қанша пойыз бара жатыр?

  12. Термометр 15 градусты көрсетіп тұр. Дәл осындай екі термометр неше градусты көрсетеді?

  13. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (жаңа тақырыпты болжау) / Практикалық, зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі (5 минут):

«Мозайка» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Мысал: Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің кез келгенінен екінші бір тілге аударма жасауға болатындай қанша сөздік шығару қажет?

Қазақша – орысша

Қазақша – ағылшынша

Орысша – қазақша

Орысша – ағылшынша

Ағылшынша – қазақша

Ағылшынша – орысша

Жауабы: 6 сөздік.

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (Практикалық, зертханалық жұмысты орындау кезеңі) (20 минут):

Анықтама. Шектелген жиынның элементтерінен қандай да бір ережелер бойынша әртүрлі комбинациялар құрастырылатын және олардың саны табылатын есептерді комбинаторикалық есептер деп атайды.

Комбинаторикалық есептерді қарастыратын математиканың бөлігі комбинаторика деп аталады.

Қосынды ережесі екі жиынды біріктіріп элементтер санын табуға мүмкіндік береді.

Мысал: Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің кез келгенінен екінші бір тілге аударма жасауға болатындай қаша сөздік шығару қажет? Жауабы: 6 сөздік.

Мысал: Егер санның жазылуындағы цифрлар қайталанбайтын болса, онда 5,6,7 цифрларын қолданып, қанша үш таңбалы сан жазуға болады? Жауабы: 6 үш таңбалы сан.

Сергіту сәті: Мұғалім тақ сан айтқанда студенттер бір рет секіреді, жұп сан айтқанда екі рет қол шапалақтайды.


5. Жаңа материалды бекіту кезеңі. (Практикалық, зертханалық жұмысты тапсыру кезеңі) (30 минут):

Бекіту тапсырмалары: жұптық, жеке орындайды.

Шымкент станциясы: №22.1, №22.2 есептерін ауызша шығару.

Тараз станциясы: №22.3- №22.9 есептерін тақтаға шығару.


Балқаш станциясы: Логикалық тапсырмалар.


Қарағанды станциясы: жеке тапсырма.

  1. Жауынды күндер саны 15, желді күндер саны 10, суық күндер 6, жауынды және желді күндер 3, желді және суық күндер 2, жауынды және суық күндер 4, желді, жауынды және суық күндер 2. Ауа райы қолайсыз күндердің саны қанша?


Астана станциясы:


  1. 80 ашықхаттың 40-ында қызғалдақ, 20-сында нәркес, 10-ында қызғалдақ пен серігүл, 5-еуінде нәркес пен серігүл, 5-еуінде қызғалдақ пен нәркес, 10-ында қызғалдақ, нәркес және серігүл бейнеленген. Серігүл бейнеленген ашықхаттартың саны қанша?

  2. 100 сыйлық жинағының 50-інде конфет, 45-інде жаңғақ, 35-інде мандарин, 20-сында конфет, жаңғақ, мандарин, 25-інде конфет және жаңғақ, 15-інде жаңғақ және мандарин болды. Конфет пен мандариннен тұратын сыйлықтың жинағы қанша?


6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (5 минут):

Бақылау сұрақтары:

1. №22.14

2. Квадриллион саны туралы іздену.

3.Қытай математикасы туралы мәлімет жинау


7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут):

Бағалау: әр студентті тапсырма орындағанына сәйкес ұпай беріледі.

Кері байланыс: Пойыз әдісі.



































 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!