Білім алушыларды
«Бөлгіш, Бөлінгіш,Бөлінді» әдісін пайдаланып 3 топка
бөлеміз
1-тапсырма /Ой қозғау әдісі/
Білім алушыларға компьютерлік желілер түсінігі, желілердің
қандай мақсатпен қолданылатыны туралы, желілердің жергілікті,
аймақтық, корпоративтік түрлері желілік ресурстар және желілермен
қалай жұмыс істеуге болатыны, компьютердегі желілік қорға қалай
шығуға боатыны туралы ақпарат беріледі.
Топтарға жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында материалдар
таратылады.
Оқушылар таратпа материалдарын оқи отырып
«Желі топологиясы»
типтерімен танысады. Материалдан алған
мәліметтерді оқулықтағы мәліметпен салыстырады.
1-топ
Топологияның үш негізгі типі бар:
-
«Жұлдызша»-топологиясы бар
желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе
концентратормен жалгастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер
арасында тікелей қосылу болмайды.
Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр
компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде
пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның
негізгі жетістігі мынады: компьютерлер мен концентратор арасындғы
жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей
береді.
«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі
жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл
желіні түгел істен шығарады.
2-топ
-
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағышардың соңғы нүктесі болмайтыны;
деректер берілетін біртұтас сақина құрған (міндетті түрде
шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір
нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің
басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық
уақытта бір бағытта қозғалады.
«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық
желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені
желінің бір жері істен шықса, бүкіл тоқтап
қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері –деректер
біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де,
ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік
береді.
3-топ
-
«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп
аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік
коспьютерлер «шинаға» тікелей қосылады.
«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі
бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы
бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай,
желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден
тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина»
желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері
әр желілік компьютерден өтеді.
Бұл
тапсырмада оқушылар 3 топтан бір адамнан шығып өздеріне берілген
«Желі топологиялары» бойынша Флипчарттағы суретке қарап басқа
топтарға түсінгендерін жеткізеді.
Сергіту сәті.
– күй
|