Ашық сабақ конспектісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ конспектісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ересек топ балаларына арналған қарапайым математика ұғымдарын қалыптастыру конспектісі
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің «№13 балалар бақшасы» КМҚК

КГКП «Детский сад № 13» отдела образования города Рудного» Управления образования акимата Костанайской области







«Сиқырлы алтын сақа»













Дайындаған: Куватова Р.Ж қазақ тілі оқытушысы



Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности

Жасы бойынша топ/Возрастная группа: ересек топ/ старшая гр

Күні/Дата:

Тәрбиеші/Воспитатель: Куватова Р.Ж

Білім беру саласы/ Образовательная область: Таным

Бөлімі/Разделы: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы/Тема: «Сиқырлы алтын сақа»

Мақсаты: Балаларды дамыту ойындары арқылы асық терапияға деген қызығушылықтарын ояту. Сиқырлы іздер арқылы ертегі кейіпкерлерін кездестіріп, тапсырмаларды орындау арқылы танымын, білімдерін ынталандыру.

Білімділік: Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар жайлы түсініктерін асықтар арқылы тереңдету, геометриялық пішіндерді тануға, тапсырмалар арқылы ықпал ету;
Дамытушылық: Баланың логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту, зейінін, тез ойлауын, шапшаң есептеуге қызығушылықтарын ояту.
Тәрбиелік: Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.

Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, саяхат жасау.

Ресурстармен қамтамасыз ету: асықтар, қалташалар, баулар, теледидар арқылы көрсетілетін суреттер, жазба дыбыстар, қолдан жасалған алтын және күміс сақалар, асық пазласы, адам іздері, ағаштан жасалан қайықтар, үлестірмелі карточкалар.

Билингвалдық компонент: ертегі кейіпкерлері – герои из сказок, саяхат – путешествия, сиқырлы іздер – волшебные следы, асық терапиясы-асык терапия.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, шаттық шеңберін өткіземіз.

Біз ақылды баламыз,

Біз әдепті баламыз

Қонақтарды көргенде

Сәлеметсізерме деп, амандасып аламыз.

Ал енді орыс тілінде Здравствуйте деп амандасайық. Енді ағылшын тілінде НеІІо деп амандасайық.

Тәрбиеші балаларға қағаздың қиынды бөлігі тауып алып көрсетеді.

Ол не екенін бәрі қарастырады. Бұл не екенін білгілерің келсе, мен сендерге саяхатқа шығуды ұсынамын.

Балалар қуана келіседі.

Олай болса көзімізді жұмамыз, сиқырға қарай барамыз.

Қалай ойлайсыңдар қайда келіп қалдық.

Мына сиқырлы іздер бізді ертегілер еліне алып келді.

ІІ. Негізгі бөлімі

Теледидар экранынан Тазша бала сөйлейді.

Тазша бала: - Балалар, мен Тазша баламын. Мен жайлауда қойларымды бағып жүр едім, кенеттен жел соғып, боран болып, қойларымды жоғалтып алдым. Маған көмектерің керек.


Тәрбиеші: Балалар Тазша балаға көмектесемізбе?

Балалар: -иә.

Ол үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек.

1 ші тапсырма: «Асықтарды баудан өткізу»

Мақсаты: балалардың саусақ моторикасын дамыту, сандық реттігін және түстердің атауларын атауға ынталандыру.

Балалар үстел басына отырады. Тәрбиеші балаларға тапсырманы орындамас бұрын саусақ жаттығуларын жасауды ұсынады.

Саусақ жатығуы: «Отбасы»

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармақ –атам,

Балан үйрек- әжем,

Ортан терек – әкем,

Шылдыр шүмек – анам,

Кішкентай бөбек –мен!

Бір үйде біз бесеуміз.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Бесті беске қосқанда,

Болады бізде он саусақ.

Тапсырма шарты: Балаларға үлестірмелі карточкалар таратылады. Сол карточкаларға қарап, бауғы асықты өткізеді. Тапсырманы аяқтағаннан соң тізілген асықтарды санап шығады, түстерін атайды.

Тәрбиеші тапсрыманы қалай орындағандарын қадағалайды.

Тәрбиеші: - жарайсыңдар балалар! Бізге Тазша бала алғыс ретінде қиыңдының тағы бір бөлігін берді.

Әрі қарай саяхатқа аттанайық.

Көзімізді жұмамыз, сиқырға қарай барамыз! Сиқырлы іздер бізді қайда әкелді.

Экраннан мыстан кемпір шығады.

Мыстан кемпір: - Балалар мен тістерімді түсіріп алдым. Маған көмектесіңдерші, әйтпесе жолдарыңды сиқырлап тастаймын, балабақшаларыңа жете алмай қаласыңдар, - дейді Мыстан кемпір.

Тәрбиеші: балалар көмектесеміз бе?

Балалар: -иә көмектесеміз.

Ол үшін біз келесі тапсырманы орындауымыз керек.

2 тапсырма «Пішіндер қайығы»

Мақсаты: Балалардың сандар және пішіндер жайлы түсініктерін бекіту. Пішіндердің көлемін, түсін дұрыс атауға дағдыландыру.

Шарты: Балалар үстелде отырып, тапсырманы орындайды. Алдарында ағаштан жасалған қайықтар, онда түрлі пішіндер көрсетілген және асықтарды үлестірмелі карточкадағы суретке қарап орындаулыры қажет. Жұмыстарын орындаған балалар түстерді және асықтарды санайды.

Тәрбиеші: - жарайсыңдар, балалар! Біз тағы да сиқырымыздың бір бөлігін таптық. Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, ендеше кішкене серігіп алайық.

Сергіту сәті: «Қыс қызығы»


Ойын ойнап міне біз,

Қыс қызығын көреміз,

Шанаға да мінеміз,

Шаңғыны да тебеміз.

Конькиді де киеміз,

Шаршауды біз білмейміз!

Бір, екі, ұш, төрт,бес

Уан, тү, фри, фо, файф, сикс.

Ал енді тағы да саяхатқа аттанайық. Көзімізді жұмамыз, сиқырға қарай барамыз. Сиқырлы іздер бізді қайда әкелді. Экраннан Толағай шығады.

  • Балалар, мен алып күші бар Толағаймын! Мен тауларды көтеріп жүріп, адастым, шатастым, есімде түк жоқ, қайсы тауды ең бірінші көтергенімді білмей тұрмын. Маған көмектесіңдер, жарайма.

Тәрбиеші: балалар, Толағайға көмектесемізбе?

Балалар: - әрине, иә, көмектесеміз.

Ендеше біз тағы да тапсырманы орындаумыз керек.

3 тапсырма: «Есіңе сақта» ойыны.

Мақсаты: Балалардың зейіндерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: балалардың алдарында екі үлестірмелі карточкалар жатады. Бірінші карточкаларда асықтардың суреттері бар. Сол карточкадағы асықтардың торкөздерде орналасқан орындарын естеріне сақтап алулары қажет. Екінші карточкадағы торкөздер бос, сол бос торкөздерге асықтарды орналастырып шығулары керек. Бірінші карточканы жауып, асықтардың орналасқан орнын естеріне сақтап алып, екінші карточкаға орналастырады.

Асықтарды санап, түстерін атап шығады.

Тәрбиеші: жарайсыңдар, балалар! Міне тағы сиқырлы қағазыымыздың бір бөллігін бізге Толағай берді. Ол алғысын айтты. Ендеше біз оны құрастырып көрейік, қандай сиқыры бар екен, не шығады екен. Балалар тәрбиешімен бірге үстел үстіне төрт бөліктен тұратын пазлы құрастырады. Үлкен сақа келіп шығады. Балаларға тапсырмаларды орындағандары үшін, ертегі кейіпкерлеріне көмектескендері үшін алтын сақалар таратылады. Балалар қуанып, өз пікірлерін айтады.

Тәрбиеші балабақшаға оралуын ұсынады. Балалар қуана келіседі.

Көзімізді жұмамыз, балабақшаға ораламыз!

ІІІ. Қорытынды: Балалар саяхаттап қайда шықтық? Кімдерге көмектестік? Қандай тапсырмаларды орындадық?

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Рефлексия: Сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнаған болса, үстелде жатқан алтын сақаны үлкен алтын сақаға салыңдар. Ал егер саяхатымыз ауыр боп, шаршап қалған болсаңдар күміс асықтарды алып, үлен күміс саақаға салуларыңды сұраймын. Барлықтарыңа рахмет, қонақтармен қоштасайық.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2022
501
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі