Материалдар / Ашық сабақ: "Көпсіту машинасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: "Көпсіту машинасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жабдық пәні бойынша көпсіту машинасының құрылымы түрлері жұмыс жасау принципі
Авторы:
28 Маусым 2024
261
1 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы

Сервис және жаңа технологиялар колледжі МКҚК


Бекітемін: Директордың ОІЖО ___________С.С.Нурмукашева



«Қаралды» ___________Ж.М.Жумалиева

оқу – әдістемелік жұмысы жөніндегі

директор орынбасары



Ашық сабақ

Тақырыбы: «Көпсіту машиналары»





Мамандығы: «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Біліктілігі: «Кондитер - безендіруші»

Курс: ІІ

Топ: 221




Оқытушы:

арнайы пән оқытушысы

Конысбаева Жадыра Адул - Ахметовна













2024 ж



Сервис және Жаңа Технологиялар колледжі

Тақырыбы: Көпсіту машинасы түрлері мен құрылымы

Модуль /пән атауы Механикалық жабдықтармен таныстыру

Дайындаған педагог Конысбаева Жадыра Абдул - Ахметовна

2024 жылғы " 6 " наурыз

1.Жалпы мәліметтер Курс, оқу жылы, топ ІІ курс, 221топ

Сабақ типі Жаңа сабақты меңгеру, Зерттеу сабағы

2. Мақсаты, міндеттер механикалық жабдықтардың негізгі техникалық сипаттамаларын, құрылымын, жұмыс жсау принципін оқу, ұғыну, оқу саласына деген танымдық қызығушылығын дамыту , кәсіби модульдегі оқыту нәтижесіне сай кәсіби дағдылар, ақпаратты басқару, өзін өзі басқару, ойлау, креативтілік дағдыларын қалыптастыру және өздігінен жұмыстануды дамыту, жұмысқа деген жауапкершілік сезімін тәрбиелеу

3. Күтілетін нәтиже:

-көпсіту машинасының түрлерін меңгереді

- көпсіту машинасының құрылымымен танысады

- көпсіту машинлараының техникалық көрсеткіштерімен танысады

-көпсіту машинасының жұмыс жасау принципін ұғынады

4. Қажетті ресурстар: зерттеу жұмысы нәтижесіндегі видео, сауалнама, әңгімелесу элементтері бар лекция, Г.Күзембаева, Қ.Күзембаев «Тамақтандыру кәсіпорындарының жабдықтары», Н.Кузьмина, Е.Жексенова «Кондитер цехы жабдықтары», АКТ, Power Point

5. Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды тізім бойынша тексеріп, белгілеу


ІІ.Білімді жаңарту (актуализация) – оқушыларды сабаққа, жаңа материалды қабылдауға дайындау, бұрын өткен тақырыптарды еске түсіріп, оқушылардың «жаңа» білімді ашуға қажетті дағдылары жаңартып, бұрыннан бар білімді «ояту» кезеңі, яғни «жаңа» білім алуға қызығушылықты ояту

1-тапсырма - Шоғырлану (концентрация)

Тақтада өткен механикалық жабдықтар (беріліс механизімі, ұн елеу, қатты және жұмсақ заттарды ұнтақтау, қамыр араласытру машиналары) бойынша машина суреттері беріледі. Оқушылар тақтадағы суреттерге бар ойын шоғырландырып, машиналарды есте сақтауы қажет. 2-3 минуттан соң суреттер алынып, оқушылар есте қалған машиналардың атауы мен маркасын қағаз бетіне түсіру қажет. Кейін тақтаға дұрыс жауабы шыгарылып, оқушылар озін – өзі бағалайды.













2- тапсырма – өткен сабақты қайталау мақсатында, тест тапсырмасы. Мұндай тапсырма орындау, сұрақты оқып, нұсқаларды салыстыра отырып, дұрыс жауап беріп, жоғарғы нәтиже көрсетуге мүмкүндік береді.

1.Механикалық жабдықтарға жатады?

А.Елегіш

В.Электрқазан

С.Электр таба

2.Жылулық жабдықтарға жатады?

А.Елегіш

В.Тоңазытқыш

С.Қуыру шкафы

3.МПМ-800-де металл қоспаларды бөліп алып тастайтын құрылғы?

А.Шойын тұғыр

В.Магнитті ұстағыш

С.Дежа

4.Қамыр илегіш машинаның жұмыс бөлшегі?

А.Арба

В.Басқыш

С.Z-түрлі қалақша

5.Елегіштің жұмыс бөлшегі?

А.Жүктегіш бункер

В.Сүзгілі барабан

С.Бұлғағыш

6.Қандай жабдық қамыр илеу үшін қолданылады?

А.МИМ-82

В.МВ-35М

С.ТММ-1М

7.Елегішке ұн салып тұратын қондырғы?

А.Рама

В.Конус

С.Шнек


8. Беріліс механизімінің қай түрі?


А.Тісті беріліс

В.Шынжырлы беріліс

С.Таспалы беріліс

9.Техологиялық жабдықтар неше түрге бөлінеді?

А.Бөлінбейді

В.3

С.4

10.Өнімдерді іріктеу, сұрыптау және бөгде қоспаларды ажырату процесін атқаратын машина?

А.ТММ-1М

В.МПМ-800

С.МИК-60

Оқу стратегиясы туралы сауалнама - Бұл сауалнама оқушылардың оқу стратегияларын айқындауға көмектеседі. «Көпсіту машинасының құрылымы, оның жұмыс жасау принципін ұғынып, меңгеру, алдағы өндірістік оқыту сабағында және кәсіптік мансап барысында көмегін тигізеді». Орындау төменде келтірілген алты тұжырымның әрқайсысын оқыңыз және:

Үзілді-кесілді қарсы болсаңыз ҮКҚ деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;

Қарсы болсаңыз Қ деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;

Білмесеңіз Б деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;

Келіссеңіз К деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз;

Толығымен келіссеңіз ТК деген бағанға құстұмсық белгісін қойыңыз.


ҮКҚ

Қ

Б

К

ТК







ІІІ. Жаңа сабақты баяндау –планетарлық миксер (көпсіту машинасы) туралы үш оқушыға зерттеу жұмысы беріледі. Әр оқушы таңдалған көпсіту машинасы түріне зерттеу жұмысын жүргеізіп техникалық көрсеткіштері, жұмыс жасау принципі, көпсіту машинасының құрылымы бойынша видео түсіреді. Үш зертеу жұмысынан соң оқытушы қысқаша салыстырмалы түрде анықтама береді және практикалық түрде көпсіту машинасының құрылымын таныстырады.

Жаңа сабақты баяндау барысында «ИНСЕРТ» немесе түртіп алу әдісін қолданатын боламыз, яғни тақырып барысында білетін мәлімет болса, жаңадан мәлімет алған болса, тақырып барсында білмеген жері болса және тақырып барысында сұрақ туындаса кестеге түртіп, толтырып отырады.

Білемін

Жаңа мәлімет

Білмеймін

Сұрақ туындады







Планетарлық араластырғыш - ингредиенттерді ыдыста мұқият араластыруға арналған технологиясы бар стационарлық араластырғыштың ерекше түрі. Бұған саптаманы бір уақытта көп бағытты айналдыру арқылы қол жеткізіледі. Процестің өзі айналмалы планетаның өз күнінің айналасындағы қозғалысына ұқсайды. Сондықтан атау - планетарлық араласу.

Алғашқы аспаздық планетарлық араластырғышты 1919 жылы KitchenAid инженерлері жасап шығарды. Модель H5 деп аталды. Ол жаңа технологияны енгізді: саптама бір бағытта, ал оның жетекі (жылжымалы тірек) қарама-қарсы бағытта айналды. Осылайша, ыдыста араласпаған жерлер қалмады. Бұл технология планеталардың айналуы деп аталды. Бастапқыда планетарлық қамыр араластырғыш тек коммерциялық ұйымдарда (қонақ үйлер мен мейрамханалар) қолданылды. 1922 жылы ғана үйде пайдалануға арналған H5 нұсқасы пайда болды.



П ланетарлық араластырғыштар үш кіші түрге бөлінеді:



  • Кәсіби (өндірістік). Олар негізінен кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылады. Мұндай араластырғыштың ыдысының көлемі 150 литрге дейін болуы мүмкін. Едендегі арнайы қысқыштар арқылы орнатылады.





  • Жартылай кәсіпқой. Олар негізінен HoReCa-да (қоғамдық тамақтандыру) пайдаланылады, бірақ сонымен бірге үйде қолданылады. Ыдыс 5 литрден аспайды. Олар үстелге орнатылады, сирек жағдайларда еденге орнату әдісі табылды.



  • Тұрмыстық. Үй шаруашылығында қолданылады. HoReCa-да жиі қолданылады. Ыдыстың көлемі 3 литрге дейін.




М В-35М деп аталатын бұлғау машинасы тұтастай қүйылған, іші қуыс корпустан түрады. Ол шойын тақтаға бұрандалармен бекітілген. Корпус ішінде электрқозғағыш , белдікті вариатор, тісті және планетарлық беріліс бар. Вариатор арнаулы шкивтерден және тегершіктен (маховик) тұрады. Жоғарғы жетекші шкивтің бір табаңшасы тіс тегерішке бекітілсе, екіншісі тегершік әсерімен ңозғалады. Маховикті жылжытып шкивтің табақшасының араларын өзгерту арқылы тік біліктің айналым жылдамдығын өзгертуге болады. Жетекші шкив, тістегеріш және тісті дөңгелек арңылы айналымаральң тісті берілістің білігіне беріледі.

Машинаның жұмыс істеу тәртібі.

Э лектрқозғағыш, сына белдікті вариатор мен планетарлық беріліс арқылы бұлғауышты тік біліктің бойымен және араластыру сыйымдылығының ішкі жағалауымен айналдырады.

МВ-6 машинасы аз көлемді әр түрлі кондитерлік қоспаларды (белокты, жүмыртқа уызын жэне қамыр түрлерін) шағын тамақтандырудың орындарында дайындауға арналған. Машина корпустан, оның ішіне орнатылған электрқозғағыштан, сына белдікті вариатордан, цилиндрлі, конусты редукторлардан жөне планетарлық берілістен тұрады. Машинаның жетегі корпустың жоғары жағында орналасқан. Электрқозғағыштың білігіне шкив бекітілген. Ол сына белдікті беріліс арқылы арасы жылжымалы шкивпен жалғасқан. Бүл шкив машинаның бұлғау білігіне бекітілген. Корпустың алдыңғы жағындағы кронштейнде бүлғау сыйымдылығы орнығады.

МВ-60 машинасы МВ-35М машинасынан араластыру сыйымдылығының өлшемімен және жетек құрылымымен ерекшеленеді. Жетектегі вариатордың орнына редуктор орнатылған. Жетек көтеру механизмі бар тік бұрышты тақтаға бекітілген.

Сұйық қоспаларды араластырып бұлғау жұмыс органдарының пәрменді әсер етуімен жүргізіледі. Араластырылатын заттардың түр-түріне қарай бұлғау машиналарының алуан түрі қолданылады. Олардың жұмыс органдарының түрлері де әр түрлі.



1,3,7,9,11,15 — сұйық бұлғауға арналған құрылымдар;

2,4,8,10,12,13,14,16 — қою қоспаларды араластыру құрылымдары;

5,6 — қатты қамыр араластыру құрылымдары





ІV. Жаңа сабақты бекіту - «жаңа» тақырып бойынша оқушылардың алған білімін тексеру кезеңі. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

1 – тапсырма. «Иә», «Жоқ», «Тұр» (физминутка)

Оқытушы тарапынан сабаққа қатысты сұрақ қойылады. Жауап қысқа түрде «иә» немесе «жоқ» болады. Егер сұрақтын жауабы «ия» болса, оқушылар орнынан тұрып жауабын білдіреді, егер сұрақтын жауабы «жоқ» болатын болса орнынан қозғалмайды, егер бірінші сұраққа «иә» деп жауап беріп тұрған болса орнына отыру арқылы жауабын білдіреді.

  1. Көпсіту машиналарының мақсаты сұйық немесе қою қоспаларды араластыру және ауамен қанықтыру. «иә»

  2. МВ-60 машинасы МВ-35М машинасынан араластыру сыйымдылығының өлшемімен ерекшеленеді. «иә»

  3. Планетарлық араластырғыштар төрт кіші түрге бөлінеді. «жоқ»

  4. Планетарлық араласу планеталардың өз күнінің айналасындағы қозғалысына ұқсайды. «иә»

  5. Алғашқы аспаздық планетарлық араластырғышты 2019 жылы шығарды «жоқ»





2 – тпасырма - Тұжырымдамалық карта

Ағаш тәріздес тармақтарды біріктіре отырып, жаңа сабақты баяндау барысында ми ақпаратты қалай сақтаса, сол ақпараттар арасында байланыс орнатылады. Бұл тапсырма барысында тақтаға ағаш бейнесінде тапсырма беріледі, оның негізі дінгегі жаңа тақырып болып, жан – жағына жапырақ күлтелеріне оқушылар өз тұжырымдамалырн айтып, жазады.















3 – тапсырма – Сәйкестендіру картасы

Оқушылардың жаңа сабақ бойынша есте сақтау қабілетінің көмегімен, өздігінен жауапкершілікпен жұмыстануды дамытады. Бұл жерде кетеде бұлғау жұмыс органының атауы мен түрлері беріледі, оқушылар атауына сай, бұлғау жұмыс органарын топтастыру қажет.

сұйық бұлғауға арналған құрылымдар

қою қоспаларды араластыру құрылымдары

қатты қамыр араластыру құрылымдары














4Shape1 Shape2 – тапсырма – Құрылымын табу. Көпсіту машинасының құрылымы атауларын көрсетіп жазу

Shape3



Shape4 Shape5



Shape6 Shape7

Shape8





V. «Желкенді кеме» әдісі бойынша бағалау критерийлеріне сүйеніп оқушылар рефлексия жасайды,өзін-өзі бағалайды

















VI.Сабақ басынан соңына дейін белсене қатысып, тапсырмаларды орындап отырған оқушылардың аты – жөнін атай отырып, алған тиісті бағаларын атап, журнал бетіне түсіру.

VII.Үй тапсырмасын беру. Салыстырмалы кесте толтыру

Машина түрі

Сыйымдалағы

Түрі

Құрылымы

МВ6




МВ35




МВ60












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!