Ашық сабақ "Көркем әдебиет" Ересек топ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Көркем әдебиет" Ересек топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастыру оқу іс - әрекеті

Жылы 2017 күні

Ересек топ Тәрбиеші: Сейсова Ж.Б.

Білім беру саласы:.Қатынас    Ұйымдастырылған оқуіс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан ертегісі. Авторы: Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Мақсаты: Балаларға ертегіні оқып таныстыру.

Міндетті: Балалардың бір-біріне шыншылдыққа тәрбиелеу.     Балаларға ертегі мазмұнын түсініп, өз ойларын жеткізе білуге қамқор болуға дамыту. Ертегі арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру. Басты кейіпкерлердің мінез – құлқына баға бере отырып, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру.

Әдіс – тәсіл: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап

Сөздікжұмыс: қайырым, кәдеге жарармын.

Технология: Синквейн

Керектіқұралдар:Арыстан мен тышқанның суреті..

Бөлім

Іс әрекет бағыты

Есеп

Кіріспе бөлім

Қонақтармен амандасу.

-Балалар, сендерге жалғыз ойнаған ұнайды ма? 
-Неге? 
-Ал, кіммен біз ойнаймыз? 
-Дос дегенді қалай түсінесіңдер? 
-Дұрыс, бәріміз осылайша дос болып өмір сүреді екенбіз, бір-бірімізді ренжітпейміз.

Мен жаңа балабақшаға келе жатқанда  
Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды, адал дос екенсіңдер. 


Ғажайып сәт:

Топқа қонаққа ит келеді. Оның қолында кітап болады.

Балалармен амандасып, жолда кітап тауып алған айтады. Бірақ бұл кітапты оқи алмайтындығын балаларға айтады. Сөйтіп балалардан көмек сұрайды.

Балалар итке көмектесетіндерін айтады. Ал енді балалар ит көмектесейік. Мен кітапты оқимын сендер итпен тыңдап отырыңдар.


Негізгі бөлім

  • Балалар бұл қандай кітап?

  • Балалар сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

  • Балалар иттің әкелген қандай кітап екенін көріп алайық?

- Балалар кітаптың авторы Сұлтанмахмұт Торайғыров.

- ит әкелген ертегі. «Арыстан мен тышқан»

- Біз бүгін Арыстанмен тышқан ертегісімен танысамыз.

Полилингвальды компонент: Арыстан – лев - lion, тышқан – мышь - mouse.

Ал енді балалар ертегі оқимыз.

Ерте, ерте, ертеде, орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделін де ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіпті. 

Арыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:

-Тақсыр, мені өлтірмеңізші,бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні менде бір кәдеңізге жарармын-депті.

Арыстан оның сөзіне күліп,

Сен кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың-деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс   қуанып, «арыстан досым»-деп жүгіріп ойнап кете барыпты.

Күндердің күнін де арыстан жортып, ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағынатүсіп қалыпты.

- Тақсыр, мені өлтірмеңізші, бір жолға кешірекөріңіз. Бір күні мен де бір қызметіңізге жарармын, - депті.

Арыстан оның сөзіне күліп:
- Сен өзің кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың,- деп жаныашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс қуанып, «арыстан досым»,- деп, жүгіріп ойнап кете беріпті.
Күндердің күнінде арыстан жортып ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты.

Шарқұрып, тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:

- Лажың бар мА бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кепжіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:
- Мен кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің.

- Міне, сені бір ажалдан алып қалдым, - депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.

Сергітусәті

Орманға біз барамыз
Ағаштарды аралап
Арыстан болып ақырып,
Тышқанша біз жүреміз.

Сөздік жұмыс :

Қайырым- жақсылық жасау, көмек көрсету деген мағынаны білдіреді.

Ал кәдеге жарармын – бір кезде мен де жақсылық жасап, көмек беруім мүмкін деген мағынаны білдіреді.

- ертігінің авторы кім?

- қандай ертегімен таныстық?

- ертегіде басты кейіпкерлер кім?

Ал енді балалар арыстан мен тышқанға «Синквейн» технологиясы арқылы сипаттама жасайық.

Дидактикалық ойын. «Бұл қандай аң»

Ойын шарты : суретте бірнеше аңның суреті көп бөліктерге бөлініп қиылған. Балалар қиындылардан аңдардың денесін құрастыруы тиіс.


 Қорытынды бөлім

Балалар ертегі сендерге ұнады ма?

  • Ертегі авторы не туралы жазған?

  • Ертегіде қандай жануарлар кездесті?

Балалар ертегі ұнаған болса, сары түсті қолды, ұнамаған болса жасыл түсті қолды аламыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.00.2020
6702
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі