Бекітемін: --------------
Оқу ісінің меңгерушісі Э.Н Раглакова
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 9
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Көркем әдебиет стилі
Сабақтың мақсаты: 1) көркем әдебиет стилінің тілдік құрылымы, қолданылуы, мақсаты мен тілдік құралдарын ұғындыру, көркем әдебиет туралы түсініктерін кеңейту; 2) тіл мәдениетін арттыру, логикалық ойлауын дамыту, іскерлік шеберліктерін дамыту; 3) елжандылыққа, өнерсүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: оқушыларда имандылық, адамгершілік-эстетикалық қасиеттер қалыптасады; ұлттық әдебиеттін құндылықтарын игеруге ұмтылады; салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды, ұлттық ерекшеліктерді тани біледі.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : ой қозғау, сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі : кеспе қағаздар, қосымша материалдар т.б
Пәнаралық байланыс : әдебиет, логика, тарих
Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу,оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Ауызекі сөйлеу стилі – қарым-қатынасты сипаттайды.
Көркем әдебиет стилі – оқиғаны образды түрде бейнелейді: сөзбен салынған сурет, кейіпкерлер іс-әрекеті, келбеті, мінезі, сөзі.
Ресми іс-қағаздар стилі – жазбаша қатынасты құрайды.
Публицистикалық стиль – газет-жұрнал, мақала
Ғылыми стиль – ізденісті ауызша және жазбаша суреттейді
Көркем әдебиет стилі - әдеби шығармалар арқылы бізге өте таныс стиль. Біз өзімізді еліктіріп әкеткен қызық кітаптардың жан дүниемізге қалай әсер еткенін еске түсірейікші. Кейіпкермен бірге қуанып немесе мұңайып, жылап та қалған кезіміз болды емес пе? Жазушы шығарманы әсерлі, көркем көріністер, бейнелер арқылы жандандыра отырып, оқырман жанына әсер етеді. Әр жазушы бірін-бірі қайталамайды. Әрқайсысының өзіндік сөз саптауы, бөлек стилі болады. Көркем әдебиет тілі эмоцияналды-экспрессивті болады.
Жаттығулар орындау.
38-жаттығу. Берілген жазушылар мен ақындардың тілін салыстырып, өз пікірлерін ортаға салу.
40-жаттығу. Тұрақты тіркестердің баламасын табу.
42-жаттығу. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Шығармашылық жұмыс.
№1.Әдебиеттің тектері: эпос, лирика, драма. Жанрлары: роман, повесть, поэма, әңгіме, очерк, ертегі, мысал, батырлар жыры, трагедия, комедия.
Ұсынылатын тақырыптар:
|
Комедия |
Сатира |
Трагедия |
|
«Мұғалімнен «өш» алу», «Шпаргалка», «Қазақ тілі сабағында» |
«Оның дәптері» немес «Менің дәптерім», «Бақылау жазғанда», «Екі алғанда», «Дискотекада», «Мен өтірік ауырдым» |
«Қауіпсіздік ережесін сақтамай...», «Мұз айдынындағы мұңлы жағдай...», «Екі алған күн» |
Талдау тапсырма. Мәтіннің стилін анықтап, бір сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.
Қазақ хандығының құрылуы
Алтын Орда ыдырағаннан кейін қазіргі Қазақстан аумағында Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан, Ноғай ордасы атты мемлекеттер пайда болды.
Қазақстанның орталық өңірін Әбілхайыр хан билеп тұрды. Ол өзбек және қазақ тайпаларының басшысы болатын. Соғысқұмар ханның қатал билігіне бағынғысы келмеген Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр ханға қарсы шықты. Қазақ тайпалары мен руларының көбі Керей мен Жәнібекті қолдады. Енді Керей мен Жәнібек өз алдына жеке хандық құруды ойлап, соңына ерген қазақ тайпаларымен Жетісу мен Моғолстан жеріне көшіп барады. Сол кезде Жетісуда билік жүргізген Есенбұға хан (1429-1462) Керей мен Жәнібекке Шу мен Қозыбасы аймағынан қоныс бөліп береді. Әбілхайырға наразы қазақтар Жәнібек пен Керей сұлтанның қасына көшіп келіп қосыла береді. Сұлтандар төңірегіне жиналған адамдар саны екі жүз мыңға жетеді. Сөйтіп, 1465 жылы Қазақ хандығының негізі қаланды.
№2. Әр алуан түстерді оқушыларға тарату. Сол түстерге байланысты ең бірінші ойлаған ойларын айту.
Пәнаралық байланыс. Поэзия минуты. Орыс ақыны А.С Пушкиннің өлеңін мәнерлеп оқу. А) Мұқият тындау. Ә) Шығарманы қазақша, қара сөзбен жазып шығу.
Кітаппен жұмыс.
50-жаттығу. Берілген үлгі бойынша өздерінің сүйікті кейіпкерлері туралы жазу.
Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.
№1. «Қыс».
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымыс тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар.
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
1.Асты сызылған сөздерге түсініктеме беріңдер.
2.Көркем-әдеби ерекшелігіне талдау жасаңдар
|
Кейіптеуге дәлел |
Экспрессивті сөздер |
Синоним сөздер |
Туынды сын есімдер |
Ритм беруші сөз тіркестері |
|
Келіп қалды, дем алысы, кәрі құда, әлек салды, бөркін киген, ажарланды, басын сіліксе |
Бұрқ-сарқ, соқыр, мылқау, долданғанда |
Домбығып үсік шалды |
Киімді, денелі, сақалды |
Ақ киім, ақ сақал, ақ қырау, аяз бен қар, қар жауды |
№2. «Қыс сипаты»
Қар жауды, көп жауды. Онан соң ышқына ұлып, долданып, жер-көкті асты-үстіне сапырып, жұлып жеп, жын қаққандай құтырынып, еліріп боран соқты. Қарды жалап-жайпап, сыпырып, қуыс-қуысқа үсті-үстіне тықпылап, нығырлады кеп, нығырлады кеп. Ертеңіне күн ашылды. Бірақ аспанды мұнар кіреукесі торлап тұрды. Күннің көзі жасаураған, шел басқан кәрі көздей өлеусіреп, қызымықтанып, жыртиып қана сәуле шашты. Жылуы жоқ жансыз сәуле. Иен даланы саршұнақ аяз жайлады, үскірік есті. Боран соңынан соққан үскірік солынан есті. Бет қаратпайды, жалап тұр, жалап тұр.

2.Көркем-әдеби ерекшелігіне талдау жасаңдар.
|
Антонимдер |
Экспрессивті сөздер |
Әсерлеу амалы |
Эпитет, теңеу |
Кейіптеу |
Образды сөйлемдер |
|
Жер-көк, асты-үсті, Оңынан-соңынан |
Жалап-жайпап, үсті-үстіне, қуыс-қуысқа |
Ритм беруші сөздер |
Күннің көзі, саршұнақ аяз, мұнар кіреукесі, шел басқан кәрі көздей |
Ұлып, долданып, сапырып, құтырынып, нығырланды кеп, жалап тұр |
Мәтін толығымен образды сөйлемдер ден құралған |
Білімді бекіту: Өтілген тақырып бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
-
Көркем әдебиет стилі дегеніміз не?
-
Оның қандай ерекшеліктері бар?
-
Болашақта жазушы, әдебиетші болғыларың келеме? Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
-
Көркем әдебиет саласында еңбегі зор қандай ақын-жазушыларды
білесіңдер?
Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 48-жаттығу бойынша: Бала кездеріңде нені білуге қызығушы едіңдер, қазір қандай мақсат көздейсіңдер? Сұрақ бойынша өз пікірлерін жазу.
49-жаттығу: Көркем әдебиетте аты әйгілі тағы қандай әйел патшаны білесіңдер? Қарамен жазылған сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
Қорытынды
Рефлексия кезеңі: - Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерңізге сүйене отырып өз бағаларыңызды беріңіздер.
Жасыл түс: Жаңа сабаққа көңілім толды.
Ақ түс: Бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті.
Қызыл түс: Сабақтан жаңа идеялар байқадым.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Көркем әдебиет стилі" 9 сынып қазақ тілі

шағым қалдыра аласыз